МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ 5
1.1 Компьютерлік технолгия ұғымы 5
1.2 Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары 5
1.3 Оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдану 11
2 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 16
2.1 Мектепте математика пәнін оқытуда АКТ-ды қолданудың тиімділігі 16
2.2 Математиканы педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолданып оқыту 23
2.3 Математика пәнін оқытуда қоланылатын ақпараттық технологиялар 32
3 МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ 42
3.1 Бағдарлама мазмұны 42
3.2 Құрылған сайтқа қысқаша шолу 43
3.3 Сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар 48
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55

КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып компьютерлік технологияны пайдалану саналады. Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістер, білім беру жүйесінің алдына студенттердің болашақтағы кәсіби іс-әрекеттерінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы даярлығын жетілдіру міндетін қойып отыр.
Жаңа заман мамандары меңгеруді қажет ететін білім, іскерлік - дағдының да аяса үздіксіз кеңейіп, мазмұны толықтырылуда. Бұл кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе білетін, кездескен проблеманың шешімін өздігінен дербес жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.
ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1]
Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздемесін қазақстандық ғалым Ж.А.Қараев ұсынғанын атап айтуға болады. Алайда, біріншіден, қарастырып отырған жұмыстар мазмұны он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технология мүмкіндіктеріне арналғандықтан (бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері төмен), екіншіден, бұл жұмыстарда интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуальды лабараториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан, үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттары да, тіптен мүмкіндіктері анықталмағандықтан.
Осыған байланысты қазіргі заман ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялар құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу процесіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: математиканы оқытуда компьютерлік технологияларды меңгерудің тиімділігін арттыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқушыларға математиканы оқыту кезінде компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесін құрастыру.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
:: оқушыларды оқытудағы компьютерлік технологияларды қолдану мәселесі бойынша ғылыми-практикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
:: математика сабағында компьютерлік технологияларды қолдану;
:: математиканы оқыту негізінде компьютерлік технологияларды қолдану бойынша әдістемесін құрастыру.
Зерттеу обьектісі: оқушыларды оқыту кезінде компьютерлік технологияларды қолдану және математика оқыту үрдісі болып табылады.
Зерттеу әдістері: ақпаратты талдау және жинау, практикалық әдістері.
Ғылыми жаңашылығы:
:: мектеп оқытушыларының ақпараттық мәдениетінің қазіргі қалыптасу жағдайының анықталуы;
:: пән бойынша білімі мол оқушыларды білім беруге қоятын талаптарының айқындалуы;
:: жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолданып, білім беруді дамыту, бiлiмнiң сапасын көтеру;
:: білім беру жүйесінде қазіргі салыстырмалы негізгі рөл ойнайтын, математиканы оқыту кезінде ақпараттық технологияларды қолдануын зерттеуі.
Дипломдық жұмыс құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, әдебиеттер мен қосымшалар тізімінен тұрады.

1КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ
1.1 Компьютерлік технолгия ұғымы

Компьютерлік технология ұғымы, жиырмасыншы ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың ерекше дамып, ғылыми-техникалық революцияның негізі қаланған кезеңде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым мен инженерлік, немесе арнайы пәндерден тұрады, шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға берудің, жасап шығаруды, компьютерленген жүйені функционалдау (іске қосу), олардың әлеуметтік тәжірибедегі әсері мен қолдану аясының негізі болып табылады[2].
Құжаттарында компьютерлік технология терминіне үлкен мағына берілген: ақпарат жинау, талдау мен өңдеу, оған қоса ақпаратты өңдеу құралдары, микропроцессорларды басқа да электрондық жүйелермен үйлестіре білу.
Компьютерлік технологияның тарихи даму жолына жасаған талдау, оның мынадай бағыттарда дамығанын көрсетеді . Компьютерлік технологияның дамып, жетілуін оның қай жерде, қалай қолданылуы мен бағытталуына қарай айқындауға болады. Ол ақпараттық технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты жаңарып отырады. Мысалы, графикалық редакторлауға жаңа түс, материал немесе жаңаша бояулардың әдістері енгізілсе, бұның өзі үлкен жаңалық болып есептеледі[3].
Компьютерлік технологияны былайша топтастыруға болады: көркем компьютерлік технология; инженерлік-компьютерлік технология; иллюстративті-компьютерлік технология, іс-құжаттық компьютерлік технология, когнитивті-компьютерлік технология және т.б.

1.2 Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары
Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары болып табылады:
1. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын іске асыру құралы ретінде;
2. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру білім берудің мазмұнын түрлері мен әдістерін жетілдіретін білім және оқыту құралы ретінде;
3. Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны танып білу құралы ретінде;
4. Оқу танымдық белсенділігін мәдениетін қалыптастыру мақсатында;
5. Мектептегі тәжірибелердің нәтижесін өңдеу үрдісін автоматтандыру үшін іздену-зерттеу жұмысының компьютерлік оқыту шағын ортасын жасыу;
6. Мектепте оқыту курсының негізінде оқыту объектісі ретінде;
7. Оқу үрдісі басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру.
Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген, өндірістен қол үзбей сырттай оқитын қызметкерлерге де қашықтықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып табылады. Компьютер оқу материалының берік мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Телекоммуникациялық құралдарын пайдалану оқу үрдісінде жаңа құбылыс болып табылады. Компьютерлік телекоммуникациялардың осы заманғы жүйесі физика бойынш өткізілетін, әр аймақ оқушылары қатыса алатын оқу жобаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді[4].
Мультимедиа-оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану: басылған оқу құралдары, аудио және видео жазбалар, компьютерлік оқу бағдарламары және т.б. Мультимедиа-компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді-мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Бірнеше ақпараттық технологияларды қолдануға арналған мультимедиа білім беру ісінде ең тиімді әдіс болып табылады. Мәселен, компьютер мен адамның арасындағы байланысты арттырады, дауыс шығару, бейне электрондық оқулықтар және оөу құралдары, энциклопедиялар, виртуальдық (компьютермен жасалған) әлем, бағдарламамен оқу және жаттығулар. Мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Мультимедиа технологиясы білім беру саласында ең керекті құралдардың біріне, әрі дербес компьютерді кеңінен қолдануға жол ашты. Қазіргі мультимедиа құралдары материалдары жағынан өте ақпараттық құрылымдар жасауға мүмкіндік береді. Мультимедиалық құралдардың дыбыстық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, акустика сабақтары бойынша қызғылықты бағдарламалар жасауға болады.
Қазіргі ақпарат көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жобаға қатынасушылар эксперименттер өткізіп, зерттеу нәтижелерімен алмасады, электрондық почта бойынша бірлескен талдау жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бірнеше жыл бойына экология саласында жүзеге асырылуда, бірақ оларды физиканы, информатиканы оқытуда пайдаланудың да келешегі мол. Қазіргі кезде АҚШ-та "Comunity of Explorers" (зерттеушілер қауымдастығы) жобасы жүзеге асырылу үстінде. Оған Калифорния мен Жаңа Англияның 27 мектебі қатынасуда. Жобаға қатынасушылар Science Explorer (ғылыми зерттеуші) және Relleb (релятивистік лаборатория) бағдарламаларының жәрдемімен биология, физика салалары бойынша зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ олардың интернет жүйесі бойынша ақпарат жіберуге, қабылдауға мүмкіндігі бар. Көптеген мектептердің мұғалімдері мен оқушылары ортақ мәселелерді бірлесе шешуге және зерттеу нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік алған. Олар ақпаратты мәтіндер, графиктер және сандық мәліметтер күйінде жөнелте алады. Сонымен, мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Әсіресе, CD-ROM қондырғысының көмегімен оқушы өзінің білім деңгейін қадағалауға мүмкіндік алды. Бұл қондырғы арқылы компакт дискіге жазылған ақпараттарды оқушы өткен тақырыптарға қайта келу алады. Мысалы, бір дискіге бірден бірнеше томдық мәтіндерді, жүздеген суреттерді көркем графикалық иллюстрацияларды, ондаған аудио-видео фрагменттерді еркін сыйғызып жаза алады.
Білім беру троекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдарының бірі-интернет болып табылады. Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиалық гипертекстер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушылырды оқу үрдісіне белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үрдісін басқаруды да жүзеге асырады. Дыбыс пен қиындық, образ бен тақырыптың интеграциясы мүмкіндіктері мол оқыту ортасын жасайды, бұл ортаның дамуымен қатар оқушылардың оқыту үрдісіне қатыстыру дәрежесі де өсе түседі. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі электрондық оқулықтар болып табылады. Электронндық оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстар мен тесттерді, яғни бір мезгілде білім беру мен бақылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлде-қайда жоғары болады. Электрондық оқулықтың мазмұнды-амалдық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады[5]. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдарымен толықтырылады. Электрондық оқулықтың мотивациялы-тұлғалық копоненті интерактивті жағдайдағы тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты. Электрондық оқулықтың бағалық-нәтижелік компоненті тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.
Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және де басқа да электрондық кітапханалар толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Қазіргі уақытта дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда электрондық оқулықтардың артықшылықтары туралы кқп айтылуда.
Электрондық оқулықтар арқылы:

* педагогикалық еңбекті автоматтандыру мен интенсификациялауға (оқыту жүйесін жоспарлауда, сабаққа дайындау барысында, оқу мақсатына сәйкес оқу материалын іріктеуде);
* оқытудың ойын түрлерін іске асыру (іскерлік, бақылау-тестілік,т.б.);
* оқушының ақыл-ойын, энергиясын шамалайтын экономикалық талаптарды қамтамасыз етуж
* имитациялық модельдеудің динамикалық нәтижелерін көркем түрде беру мен нақты объектілерді машиналы түрде имитациялау;
* хабардың мультимедиалық және гипертекстілік берілуін қолдану;
* оқушыныі жеке қабілетін ескеру және достық интерфейсті қалыптастыру арқылы жұмыста жағдай жасау;
* үлкен ақпараттық массивтердің сақталу қарапайымдылығы;
Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық почта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған. Электрондық почта-мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Электрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үрдісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушымен оқушымен кері байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы "диалог" шектеулі түрде іске асады, педагогикалық тиімділігі шектеулі болады. Алайда оқушылар модельді және телефонды каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электрондық почта консультацияның интенсивті үрдісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір пәнді игеруде кітапханаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ON LINE режимі белгілі бір секундтар мөлшерінде қажет оқу материалдарын, компьютерлік бағдарламаларды жалпы саны әлемде 125 млн. астам интернет жүйесінің нүктелері мен ірі ғылыми-педагогикалық орталықтардан GORNER, WWW, VERONIKA сияқты компьютерлік жүйелердің көмегімен жүзеге асырады.
электрондық почтаның дидактикалық қасиетін Е.С,Полат ішінара қарастырған. Бұл тәсілдік мұқият талдау жасау бөліктерге тән дидактикалық қасиеттерді және де оған телекоммуникацияны қосатын компьютерлік жүйелердің болу фактісіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Электрондық почта көмегімен виртуальдық оқу сыныптарын құрастыруға болады. Қазіргі кезде оқытудың виртуальды әдісін пайдалана отырып, физиканы үйренуге де мүмкіндік бар. Дүниежүзілік өрмек (Web) арқылы оқыту-бұл оқытудың жаңа виртуальды жолы. Виртуальды стенд-бұл оқу-практикалық (лабораториялық) стенд немесе оқу-квалификациялы шеберхана, оқушылардың теориялық білімін жетілдіруге арналған, компьютерлік бағдарламалар мен технологиялардың көмегімен белгілі бір бағыт бойынша тәжірибе жинау. Виртуальды стенд оқушыға өз білімін бақылауға, лабораториялық жұмыстарды орындауға кететін уақытты компьютердің көмегімен үнемдеуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту кезінде лабораториялық және практикалық сабақтар "қайсысын істеуге болады" деген ұстаныммен жүреді. Ал "істеуге болмайды" деген ұстанымдар оқушыға тек теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Бұл кезде лабораториялық жұмыстар қойылмайды, өйткені адамға, қоршаған ортаға зияны бар. Виртуальды стенд ешқандай қауіпті жағдайларды болдырмай "істеуге болмайды" деген ұстанымды түсіндіре алады.
Электрондық почта мұғалімнің оқуға дайындығы кезінде әріптестерінен кеңес алуға, ҒТР-сервер арқылы интернеттен материал іздеуге қолданылуы мүмкін. Қашықтықтан оқыту тыңдаушыларына қажетті оқу ақпаратын почтаның тәртібін қолдануға болады. Сонымен бірге, электрондық почта семинар өткізуде және классикалық "ауызша" схема бойынша ашық түрде мғалімнің сөзі, семинарға қатысушылардың сөзі және тақырып сұрақтарына, талқылау, мұғалімнің қорытынды сөзі қоданылуы мүмкін. Электрондық почтаны қолдану семинар-талқылау, семинар-өзара оқу схемасы бойынша өткізген семинар кезінде де нәтижелі болмақ[6]. Электрондық лекцияны өткізу үшін оны қолдану орынды, қашықтықтан оқыту технологиясымен оқытылатын электрондық почта арқылы лекцияның мәтіндері, ұсынылған әдебиеттерден үзінділер және т.б. электронды түрде алып жіберіледі. Білім беру троекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдарыныі бірі-интернет болып табылады. Интернет жүйесі дүниежүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мұның энциклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және жаңарып отырады. Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат жинайды, игереді. Оқушылар мен студенттердің бір тақырыпты әбден игеріп алғанынша оқуына мүмкіндігі бар, шектелмейді. Интернет жүйесінде, мысалы, "жіберу тізімі" тәртібін қолдану көмегімен, серверде қойылған бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушылар тобын бірге араласуына мүмкіндік береді. Берілген сервер-парақ үшін жіберу тізімі санының лицензиясымен рұқсат етілген жіберу (талқылау тобының) тізімінің әр түрлі саны аппаратураның мүмкіндігімен ғана шектеледі және өте үлкен болуы мүмкін. Компьютерде интернетке қосылған тұтынушының автоматты түрде электрондық почталық адресі тағайындалады. Құрылған оқу тобында жұмыстың жазылу тәсілдері және ережелері түсіндіріледі. Топ жұмысты бастайды. Оның әр қатысушысынан талқылау жұмысына жіберілген әрбір хабар, сервер-парақ топтың барлық қатысушыларына автоматты түрде жіберіледі. Оның бір қатысушысы, әрине, мұғалім болады. Әр түрлі серверлерді белсенді түрде қолдану бір жағынан оқу-шығармашылық үрдісті саны, қолданысы және танымдылығы жағынан да ақпараттың көлемі, қолданылуы және іздеу жолдары жағынан да бұрын белгісіз болып келген жаңалықтармен толықтыра түседі.
Оқытудың компьютерлік технологиялары оқу іс-әрекеттері мен амалдарын ескере отырып танымдық белсенділігінің барлық түрлерін қамтитындай мақсатта құрылу керек. Бұл оқыту үрдісінде компьютерді қолдануда ешқандай кемшілікті болдыртпайды. Компьютерлік технология оқушыларға білім беріп қана қоймай, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып, басқару қызметін де атқаруы керек.
Оқытудың компьютерлік технологиясы игерілетін объекті ретінде сәйкес білім мен дағды мазмұнына алдын-ала жасалған анализ негізінде құрылуы қажет.
Әр бағдарлама белгілі бір іс-әрекеттер мен амалдар ретінде берілген мазмұнды игеру үшін қолданысқа түсе алатын жағдайда жасалуы керек, аталған іс-әрекеттің жиынтығы оқу пәндерінің интеграциясына негіз болды.
Осы технологиямен жұмыс істей отырып, адам оларға үйреніп қана қоймай, бірталай пәндік материалдың қайта жасалуын жүзеге асыра отырып, бірге жұмыс істейді, сондай-ақ қойылған талаптар бойынша осы қайта құруларды бақылайды[7].
Компьютерлік технология оқушылар арасындағы, оқушы мен оқытушы арасындағы ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру құралы болп табылады, осы іс-әрекеттің келесі түрлерін қамтамасыз етеді:
* оқу тапсырмасын орындау кезінде оқушылардың іс-әрекеті мен амалдарын бақылау және және бағалау;
* оқу тапсырмасын орындау кезінде қатысушыларға іс-әрекеттер мен амалдарды бөліп беру;
* оқытушы таратқан объектіні қайта жасау схемеларын бірігп модельдеу;
* объектіні бейнелеу және бір оқушының орындаған тапсырмасының шешілу жолымен екінші оқушыны таныстыру.
Оқу белсенділігін ұйымдастырудың осы түрлері оқытушыға компьютерлік технологияны оқу белсенділігін (коллективтік) ұжымдық полилог ретінде, яғни оқу жағдайын қатысушылардың ынтымақтастығы мен өзара байланысын қамтамасыз ететін динамикалық модельденген коммуникативті-ұйымдасқан орта ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Компьютерлік жүйенің жекелеген түрлері оқу белсенділігінің жеке бөліктері құрылымы дәрежесін білу үшін қолданылуы қажет, сондай-ақ белгілі бір білім және дағды мазмұнын игеру нәтижесін бақылау және бағалау.
Оқу компьютерлік технологияны адам дамуының өмір жасы аспектілерін ескеруі тиіс; әр түрлі өмір жасына сәйкес мазмұн берудің алуан түрлі әдісі болу керек (кіші жастағы ойын түрлерінен бастап орта және жоғарғы мектеп жасындағы іздену және зерттеу шығармашылық түрлеріне дейін).
Оқытудың компьютерлік жүйесінің құрылуы оның әр түрлі оқу жағдайында қолданылу әдістерін кең түрде игеру тәсілі бойынша іске асуы қажет[8].
Сонымен, компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу әрекетінің мазмұнына жүргізілген талдау, сондай-ақ қазіргі теория мен практиканың жағдайын зерттеу төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру-оқу-таным іс-әрекетінің мотивациялық-тұлғалық, мазмұнды-амалдық, процессуалды-еріктік бөліктерін қамтитын бүтіндей жүйе болып табылады[9].
Виртуальды стенд, интернет жүйесі, электрондық оқу құралдары, мультимедиа және т.б. оқушының танымдық белсендігін қалыптастыратын, шығармашылық ізденіске баулитын оқыту ортасы ретінде қарастырылады;
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі әдістемелік құралы компьютерлік технологияның көмегімен жүзеге асырылатын оқу тапсырмалары болып табылады.
Оқытуды компьютерлендіру мәселесіне арналған зерттеулерде танымдық белсенділікті қалыптастыруды жеке жақтары ғана қарастырылады. Әрине, жаңа технологияға байланысты ашылып отырған аталмыш мүмкіндіктердің қайсысы болмасын оқытуда бұрыннан бар, қалыптасқан оқыту әдістерін жоққа шығармаса керек. Қайта сол әдістеме ғылымындағы түрлі амал-тәсілдерді толықтырып, жандандырып, түрлендіре отырып, білім сапасын көтеруге қызмет етеді[10]. Сондықтан, жаңа технология-электрондық оқу құралдары, түрлі компьютерлік бағдарлама-мағлұматтар, интернет-жұмыс істеудің ең тиімді жолы болумен қатар, өз бетінше үйренуге тілек білдірушілер үшін де мол мүмкіндіктер ашады. Біздің жүргізген зерттеуіміздің талдауы қазіргі уақытта білім берудің аясы кеңейіп, дидактикалық жаңа бағыттар пайда болып, оқыту мазмұны мен әдісі өзгеріп, байытылып жатқанда компьютерлік технологияны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың объективті мүмкіндігі болып табылатынын көрсетіп отыр.

1.3 Оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдану
Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке басына көп байланысты. Қажетті тетікті басып үйренген оқушы бір жағынан білімді игеріп жатса, екінші жағынан интеллектімен тіл табысып жататыны анық. Оқу процесінде дыбыс құралдарымен экранды қолдану оқу материалын тереңдетіп,оның мазмұнын байытады. Экранды және дыбыс құралдарын қолдану мұғалімнің оқу материалын түсіндіргенде уақытты дұрыс бөлуіне байланысты[11]. Техникалық құралдар көп жағдайда оқытудың көрнекілігін арттырып, оқушыларды сабаққа қызықтырады. Оқушылардың жұмысына жүйелі бақылау жасау процесін жеделдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімді көптеген қосымша жұмыстардан босатады. Осыған орай оқытудың қазіргі кезеңінде оқу - тәрбие процесінің техникалық көрнекілігін арттырудың бірқатар проблемалры бар. Ол - сабақта оқытудың техникалық құралдарының ролі мен орны, оларды ұтымды пайдалану.
Көптеген тәжірибелерге сүйене келіп, психологтар есту каналы бойынша хабардың - 10 проценті, ал көру каналы бойынша 25 проценті игерілетінін анықтаған. Егер екі каналмен бір мезгілде берілсе, онда хабардың 65 проценті игеріледі екен. Техникалық құралды пайдаланып өткізген сабақтар нәтижесі мұғалімнің кәсіптік даярлығына байланысты болатынын көрсетеді. Техникалық құралды пайдаланудың келесі сатысы - оны көрсетудің дәл уақытын белгілеу. Техникалық құралды сабақтың бас кезінде қолдану оқушылардың назарын бірден өзіне аударады да, олардың шаршауын 5-10 минутқа тездетеді. Ал оны сабақтың орта шенінде қолдану оқушылардың ынтасын арттырып, олар тез шаршамайтын болады. Сабақ соңында қолдану сабақтың мазмұндылығын арттырады. Техникалық құралмен жаңа материалды түсіндіру жан-жақты ізденуді қажет етеді. Бұл оқу материалының және сыныптың ерекшесі. Оны сабақта қолдануды жоспарлағанда төмендегі жағдайды ескерген жөн:
1. техникалық құралдар ішінен қажеттісін таңдау,қажеттісін таңдап алу;
2. құралдың сабақта көрсететін орнын айқындау;
3. құралмен істелетін методикалық жүйені ойластыру.
Техникалық құралды сабақта пайдалану оқушылардың таным қабілеттерін арттырып, қабылдауын жетілдіреді. Техникалық құралды ұзақ уақыт не 3-4 сабақ бойы қатар қолдану, оқушыларды жалықтырып жібереді. Сондықтан ондай құралдарды қолдану мезгілдері алдын-ала жоспарлануы тиіс. Сонымен қоса, бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект-субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы, топ басшысы, оқушылардың ынта-ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибиесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген[12].
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мақсатты нақты белгілеу шарты орын алуы тиіс. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. Ұжымның өздеріне тән ерекшеліктері мен есептесіп олардың бірлесіп жұмыс жасауға дайындық деңгейіне сай ұйымдастырылуы қажет. Бұл әдістің мақсаты мен міндеттерінің маңызы әдісті қандай мақсатта таңдағанын көз алдына еслестете білу керек [13].
Кейінгі кезде интерактивті әдіс өмірге етене кірді. Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру үшін көптеген әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Бұл оқушылар үшін өте қажет. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ақпараттық технологияның атқарар рөлі зор. Өмірдің талабы жаңа өнім дайындап шығару.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының әзірше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойыны үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің кұзіреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретеді. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі [14].
Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.
Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. түрлі - түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді;
2. әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым;
3. әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым - қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып - білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі;
4. компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;
5. оқушымен жекелей жұмысты іске асырады;
6. компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Компьютерлік технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін, енгізіп отыр. Яғни бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында, соның ішінде математика сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр.
Егер бұл технологияларды бұрынғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып қала береді. Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім "сақтаушысы" ретінде қарастырған жөн.
Сонда ғана мультимедиа жүйесі:
:: қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
:: тілді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
:: оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;
:: оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Сабақта келесі бағдарламаларды қолдануға болады:
1. тренажер - бағдарламалар;
2. бақылаушы - бағдарламалар;
3. тәлімгерлік бағдарламалар;
4. көрнекіліктер бағдарламалары;
5. ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар.
Тренажер - бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.
Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарылатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарылатады.
Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өңдейтін бағдарламалар.
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.
Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан ақпарат жинай алады.
Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып қолданып мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:
1. базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
2. жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
3. оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
4. мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;
5. дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек.
Әрине, бұл тақырып бір мақаламен толық ашылмайды. Сондықтан, математика сабағында ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану мәселесі аясында жұмыс істейтін қалалық шығармашылық топ құруға да болар еді[15].
ХХІ ғасыр - ақпарттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Қоғам дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Кез - келген мемлекеттің дамуы ақпарат мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамытып және дистанциялық (қашықтан) оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді. Интернет желісі мен электронды поштаның кеңеюі, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.
ҚР Білім туралы заңының 8 бабының 7-ші тармағында: Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған.
Қазақстан -- 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру [16].

2 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
2.1 Мектепте математика пәнін оқытуда АКТ-ды қолданудың тиімділігі

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі деп атап көрсетілген. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субьектілердің диалогтық жұмыс режимі. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технологиялар мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісіне танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады[17].
Мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта фундаменталдық пәндерді, соның ішінде математиканы да, оқытуды компьютерлендіру, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты - оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.
Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:
:: қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;
:: оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;
:: ақпараттық-әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылаудан автоматтандыру.
Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интелектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әр түрлі бөлімдерінің байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.
Қазіргі уақытта математика сабағында тек қана иллюстрация тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолданылуы қажет жаңа сабақты түсіндіуде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде және үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану; біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден обьективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп, білім мекемелерінен алынатын білім мен дағдылану деңгейлерін нақты түрде стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады [18].
Бұл процестің негізі мынада мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұлардың орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы негізгі мақсат оқушыға баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу.
Математика және информатика пәндеріне бірнеше кіріктірілген сабақтар жүргізуге болады. "Microsoft Office" пакетінің құрамындағы "MS Excel" бағдарламасын оқыту және қолдану әдістемесі құрылды. Бұл бағдарламаға ерекше көңіл аударудың негізгі себебі оның төмендегі ерекшеліктерімен анықталады:
:: "MS Excel" инструменталдық құралдары ерекше тиімді топтастырылып тақталарға жинақталған және әрқилы қимылдар орындауға мүмкіндік береді;
:: қуатты формулалар мен функциялар ақпараты бар;
:: алғашқы мәліметтердің өзгеруіне байланысты айнымалы шамаларды қайта есептеудің қауырт жұмысын автоматтандыруға таблицалық шамалар түрінде беруге мүмкіндік береді;
:: әртүрлі графиктер мен диаграммалар көмегімен мәліметтерді және олардың өзгерісін көркем, түсінікті түрде кескіндеуге береді.
"MS Excel" бағдарламасымен жұмыс істеу негіздері информатика пәні сабақтарында танысса, ал математика сабақтарында белгілі бір тақырыптарды оқыту барысында практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік тиімді шешімді қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыруға, оны тақырыптардан білім сапасы мен үлгерімдерінің жоғарлауына әсер етеді. Бұл тақырыптар:
:: арифметикалық (геометриялық) прогрессияның n-ші мүшесін және қосындысын табу;
:: квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу;
:: сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешу;
:: екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу;
:: интегралды есептеу.
Сонымен іс-тәжірибеде жүзеге асырылған ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру мақсатымен олардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін келесі тұжырымдарды қорытындылауға болады:
:: оқу үрдісінде компьютерді фрагментті түрде емес, үздіксіз қолдану қажет;
:: үлкен көлемді бағдарламалауды қажет ететін және жылдам ескіретін жеке компьютерлік бағдарламадан кетіп, белгілі бір математикалық пакеттерді қолдану, тек қана оларды жаңа әдістемелік мазмұнмен жабдықтап отыру қажет;
:: белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын бағдарламалық-әдістемелік демеудің болуы қажет;
:: компьютерлік практикум барысында мұғалім мен оқушының белсенді ролін қамтамасыз етеді;
:: инструменталдық ортаның рухани ескіруіне байланысты;
:: толықтырулар мен өзгертулерге икемді.
Кейінгі кездегі зерттеу жұмыстары математиканы оқытуда компьютерді қолданудың жемістілігін көрсетіп отыр. Зерттеулерде компьютер оқытушының көмекші құралы ретінде сабақтың тиімділігін арттыратыны дәлелденген. Сондай-ақ, компьютерден сабақты өткізу барысында әрбір оқушыға әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беруде, ал топтағы оқушылардың білім көрсеткіштерін есепке алып, бақылап отыруға толық мүмкіндік беретін тұстары қолданыс тапқан.
Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялармен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтарды жасау теорияларын және оларды іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудыруда. Электрондық оқулықтың ерекшелігі модульдікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Бұл оқулық - ғылыми-педагогикалық құрал[19].
Электрондық оқулықтың нәтижелігі мынада:
:: қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;
:: гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материал алады;
:: теориялық материалды өз бетімен оқып, үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
:: сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға көмектеседі;
:: сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;
:: емтихан дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.
Қазіргі таңда қолға алынып отырған компьютерлік оқу үрдісінде интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Бұл тақтаның тиімділігі мынада:
:: тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді;
:: қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;
:: әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік-іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
Оқытушы алдымен сыныптағы компьютерлерге пәні бойынша дәріс тақырыптары мен мазмұнын жеке тақырыпты игеруге қатысты зертханалық жұмыстарды тәжірибелік есептерді, оқушының білімін тексеруге арналған тестерді енгізіп қояды. Дербес компьютердегі дәріс мәтініне өзгертулер мен қосымша материалдарды қиындықсыз ендіруге болады. Оқушылар өзгерістерді дер кезінде біліп отырады.
Әрбір оқытушы өзінің пәнінен дәріс материалын, тәжірибелік сабағын, бақылау жұмысын, қорытынды тесті компьютерге енгізіп қоюының артықшылықтары бар. Бұл біріншіден, әр түрлі себеппен сабаққа келмей қалған оқушының өтілген материалды компьютерден оқып, ізденіс жасауына, білім алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, дербес компьютерді қолдану, оның графикалық мүмкіндігі оқушының пәнге деген қызығуын туғызады, әрі келесі сабақтарды меңгеруге жетерлік білімдері жинақталады. Үшіншіден, білім деңгейі әртүрлі оқушылардың жаңа сабаққа қатысты даярлығы шамаланады. Төртіншіден, оқушы компьютер арқылы сабақтың жалпы қисынды құрылымын біле отырып модульді тапсырмаларын орындауды алдын ала жоспарлай алады [20].
Сонымен, математиканы оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға байланысты төмендегідей тұжырымдарды қорытындылауға болады:
:: компьютер оқу үрдісін іскерлік тұрғыда ұйымдастырудың барынша адекватты техникалық құралы;
:: компьютер белсенді әріптес роліне еніп, оқушылардың іс-әрекет ынтасын арттыра түседі, даралап оқыту үрдісі жүзеге асады;
:: компьютер бағдарламалық математиканы оқыту үрдісінің тұтастығын бұзбастан оны оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруға жол ашады, керекті ақпаратты іздеуге байланысты тапсырмалар алады;
:: компьютер-оқушылар білімін бақылауды ұйымдастырудың теңдесіз құралы және жаңа ақпараттық технологияларды оқушыға сабақ барысында қолданудың мысалы бола алады;
:: компьютер жұмысының қалыптылығы оқушылардың оқу үрдісін, тереңірек түсінуге жағдай жасап, олардың логикасы мен ақыл-ойының деңгейін көтереді;
:: компьютердің күрделі бейнелерді сомдау мүмкіндігі жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде материалды оқып үйренуді барынша жақсартады;
:: компьютер оқу үрдісінде тың танымдық құралдар енгізеді.
Ақпараттық-коммунакативтік технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Молекулалык физика пәні
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану әдістемесі
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Пәндер