Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тарих және құқық Институты

РЕФЕРАТ

Пәні: Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы

Тақырыбы: Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттер: араб, парсы деректері бойынша.

Орындаған: Әбдіманатұлы Серікбол

Қабылдаған: Акынова Айгерим Пернебекқызы

Алматы 2022ж.

Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттер: араб, парсы деректері бойынша.

Кіріспе

Бүгінгі қазақ халқының тарихы сонау сақ, ғұн, үйсіндерден бастау алатынын бәріміз білеміз. Соның ішінде қазақ халқының тарихы ертедегі көшпелі түркі мемлекеттеріменде тығыз байланысты. Мұны бізге сол кезден бізге жеткен тарихи ескерткіштер мен сол кездегі адамдардың жазып қалдырған зеріттеулері арқылы білеміз. Бүгінде мұндай деректер мен зеріттеулердің маңызы жоғары, өйткені ол біздің жерімізде өмір сүрген ежелгі мемлекеттердің тарихынан сыр шертеді, нақтырақ айтсақ біздің түп тарихымызды көрсетеді. Сол себепті біз оларды біліп қана қоймай сақтап қалуымыз да керек. Көшпелі мемлекеттер тарихы, соның ішінде Бірінші түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты және Қарлұқ қағанаттар тарихы көптеген деректерде көрініс тапқан. Ең алдымен бұл әр түрлі кезде Орта Азияға келген саяхатшылардың, саудагерлердің, елшілердің, миссионерлердің жазып қалдырған жазбалары. Демек, түркі қағанаттары туралы негізгі деректер түрік, қытай, грек, парсы және араб тілінде жазылған шығармалар еді. Бүгінде бұлардың басым көпшілігі ағылшын, орыс және қазақ тілдеріне аударылған.

Негізгі бөлім

Түрік қағанатының дерек қорында IX-XVII ғасырлардағы араб, парсы және түрік әдебиеті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір құнды материалдар бар. Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси шекарасынан тыс жаткан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен тайпалар туралы акпарат жинауға құлшындырды. Арабтардың орта ғасырларындағы тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпа-ларынан сыртқы қауіпсіздікті камтамасыз ету кажеттігімен де байланысты бодды. Орталық Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалар туралы көптеген мәліметтер классикалық араб-парсы деректерінде көптеп кездеседі. Мәселен, әл-Балазури (IX ғ. ) мен ат-Табари еңбектері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өмір сүрген халықтар туралы мәлімет береді. Тарихшы әл-Балазуридің еңбегі «Мемлекеттерді жаулап алу кітабы» («Китаб футух әл-бұлдан») осы заманға қысқартылған көшірмелері ғана жеткен. Автор географиялық аймақтарға арналған шығармадағы әрбір тарауда хронологиялық жүйеге сүйенеді. Еңбектің соңғы тарауларының бірі арабтардың Хорасан мен Мауереннахрға жасаған шапқыншылығына арналған. Онда Тараз түбіндегі Атлах шайқасы туралы да баяндалған. Сондай-ақ бұл еңбекте түргештердің арабтарға қарсы күресі сияқты маңызды деректер бар. Әл-Джахиз «Түркілердің қадір-қасиеті» («Манакиб әл-атрак») еңбегінде Араб халифатына қатысты 915 жылға дейінгі мәліметтер молынан қамтылған. Сол сияқты Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан туралы деректер бере отырып, түркі тайпаларының ислам дінінің енуіне, арабтардың жаулап алуына қарсы күресіне, халық көтерілістеріне, соғдылардың Жетісуға қоныс аударуына, Жетісу түркілерінің этнографиясы және олардың қалалары жайындағы мәліметтерге жан-жақты тоқталады. Әл-Джахиз «Рисала ила-л Фатх ибн Хакан фи манакиб джунд әл-халифа ва-фада ил ал-атрак» («Халиф әскерінің мақтауға тұрарлық ерекшелігі мен түркілердің жағымды қылықтары туралы әл-Фатх ибн Хаканға мәлімдеме») шығармасын халиф әл-Мутасим кезінде жазылған болатын. Әл-Джахиздің еңбегі өзара байланысты үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде түркілерді араб қолбасшыларының қолдап, әскерге алуын сынға алады. Екінші бөлімінде әскердегі әртүрлілікті, ал үшінші бөлімде түріктерді хорасандықтармен салыстырады. Әл-Джахиздің шығармасында түркілердің заңдарына баса көңіл бөліп, олардың жеткілікті түрде дамығандығы туралы ақпарат береді. Түркі қағанатында «төре» деген атпен белгілі болған заңның кең қолданыста болғаны атап өтіледі. Сол сияқты IX ғасырда пайда болған географиялық шығармалардың бірі «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» («Китаб әл-масалик вал-мамлик» әкімшілік-географиялық анықтамалық. Авторы Ибн Хордадбех сауда жолдары, түрлі мекен-жайлар арасындағы қашықтықты, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Жібек жолы бойындағы қалалар мен елді мекендерді сипаттады. Бұл еңбек халифаттың пошта қызметінің мұрағатына негізделген. Ғалымдардың пайымдауынша аталған деректегі мәліметтер шамамен VIII ғасырға жатқызылады. Сонымен қатар, мазмұны жағынан Ибн Хордадбектің еңбегіне жақын болып келетін тарихшы-географ әл-Якубидің шығармасы «Мемлекеттер кітабы» («Китаб әл булдан») . Аталған шығарма авторы барынша нақты ақпарат беруге тырысқан. Мұнда оғыздар, қарлұқтар, қимақтар т. б. мемлекеттігі туралы құнды мәліметтер қалдырған. Араб халифатының солтүстікте, солтүстік-шығыста территориясының кеңеюі дала көшпелілерімен шекаралас аймақта тоқтап қалды. Араб халифатының әскерінде әскерге машықтанған түркілердің пайда болуы туралы мәліметтер хадистерде кездесе бастады. Аталған факт араб зиялыларының түркілерге деген қызығушылығын туғызды. Сондықта да арабтардың жазбаларында Ұлы дала түкілері туралы мәлімет көптеп кездесе бастады. Араб саяхатшысы Салам ат-Таржуманның ІХ ғасырда жазған еңбегінде түркі ортағасырлық түркі тайпаларының орналасуы туралы ақпарат алуымызға болады. Салам ат-Таржуман Кавказ арқылы, хазарлардың жерін басып өтіп, Қазақстанның территориясын батыстан шығысқа қарай басып өтті. Қайтар жолында Шығыс Түркістан, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Хорасан және Ирак территориялары арқылы өткен болатын. Салам ат-Таржуман әл-Харабтан шығып түркілердің азғыш тайпа ханының ордасына келіп тоқтады. Ғылыми еңбектер бойынша азғыш тайпасы Алтай таулары мен Балқаш көлі аралығында қоныстанды. Осы азғыш тайпасы ханының ордасының жанында Салам ат-Таржуман іздеп келген «темір қорған» орналасты деп сипаттайды. Арабтардың «темір қорған» дегені Алтай таулары болуы мүмкін деген көзқарас бар, алайда көпшілік ғалымдардың пікірінше Салам ат-Таржуман Қытайдың Ұлы қорғанына барған көрінеді. Себебі, қайтар жолы Шығыс Түркістан арқылы Ұлы Жібек жолымен Барсхан, Тараз, Исфиджаб, Самарқанд, Бұқара, Термаз, Нишапур, Самарраға қарай жүрді. Араб географиялық әдебиетінің жаңа кезеңі мұсылман аймақтарының Арабиядан бастап Мәуереннахрға дейінгі территорияны қамтитын шығармалардың пайда болуымен байланысты еді. Соның ішінде түпнұсқа туындылардың айнымас элементі географиялық карталар болды. Осындай классикалық география мектебінің өкілі, көптеген ғылым салалары бойынша еңбектердің авторы Әбу Зайд Ахмад ибн Сахл әл-Балхи (шамамен 850-934 жж) . Оның шығармасын кейінгі замандасы әл-Истахри еңбектерінде кеңінен қолданып, ал ол болса, ибн Хаукальдің (Х ғ. ) географиялық еңбегіне негіз болды. Алайда әл-Балхи ұсынған карта этнонимикалық детальдарға қанық болып келеді. Сол сияқты, Ертіс, Сырдария, Еділ бойындағы ортағасырлық мемлекеттер орталықтарына апаратын сауда жолдары мен тармақтары автор тарапынан аса мұқият сипатталады. Атап өтетіні осы еңбекте Қазақстан тарихи географиясын қалыптастырудың алғы шарты болып келетін топонимдер көптеп кездеседі. Жалпылай келгенде, әл-Балхидің картографиялық мәліметтері Қазақстан тарихы, Қазақстанның тарихи географиясы, жалпы Орталық Азия тарихы мен тарихи географиясы бойынша құнды мағлұмат береді. Ибн Хаукалдың географиялық картасында Мәуереннахр аймағында Шаш (Сырдария) өзенінің алқабында ортағасырлық қалалар бейнеленген. Картаға сәйкес Сырдария өзенінің төменгі ағысында батысында Сүткент, Васидж, Жент, Йаникент, Хавара қалалары, шығысында Фараб, Кедер, Шавгар (Түркістан), Сабран қалалары орналасқан. Ең қызығы ортағасырлық автор Фараб қаласының, аймақтың емес, нақты локализациясын ұсынады. Дөңгелек географиялық картада әл-Хазар (Каспий теңізіне сәйкес) мен Хорезм (Арал теңізі) бассейіні ерекшеленген. Мәуереннахрдан солтүстікте қарлұқтар, ал Арал теңізінен солтүстікте оғыздар орналасқан. Ортағасырлық деректерге талдау жасау негізінде ортағасырлық авторлардың кейінгі легі Ибн Хаукал, әл-Идриси, Закарийа әл-Казнави, Ибн әл-Варди еңбектерін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары
«Мәдени мұра» бағдарламасы
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Адамзат тарихының күре тамыры – мәдениет
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қытайтану (синология) жайлы
ҚХР (тарихы және қазіргі заман) Экономикасы
Қытай тарихнамасы
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz