Ғұндар Саяси тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және Құқық институты

Реферат

Тақырыбы: Сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар тарихына қатысты жазба деректер, археологиялық ескерткіштері, оранлауы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы

Орындаған: Әбдіманат Серікбол
Тексерген: Акынова Айгерим

Жоспары:
1. Кіріспе: Сақтардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
2. Үйсіндердің жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
3. Қаңлылардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
4. Қорытынды: Ғұндардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.

Реферат
Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар тарихына қатысты жазба деректер, археологиялық ескерткіштері, оранлауы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы
Кіріспе: Сақтардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар сақ этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте - массагеттер мен даилер, солтүстікте - аргипеилер, шығыста - аримаспылар, орталық аудандарда - исседондар, батыста - савроматтар, оңтүстік-батыста - каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды азиаттық скифтер, парсылар құдіретті еркектер, Иран жазбалары жүйрік атты турлар деп атаған. Сақтарды Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептегендер - гректер
Сақтар туралы олар Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген деп жазған - СтрабонСақтар туралы киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас деп жазған - Герадот Герадот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені - Ағаш үйлерСақтардың негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығы Сақтар өмірінде аз өсірлетін мал түрі - ірі қараҚызылорда облысы жеріндегі б.з.б. IV- б.з.-дың XIII ғасырларына жататын ежелгі қалашық - Шырық-Рабат
Ертедегі темірді өндірудің қарапайым тәсілі - Пеш көрікпен Сақтар туралы Құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандықққа шалады деп жазған - СтрабонСақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты - б.з.б. 530ж.Томирис туралы Әйел болса да қорыққан деп жазған - Рим тарихшысы Помпей Трог Сақ жерінде Кирдің өлтірілгенін жазған - Герадот Дарий бастаған парсы әскерелері жорығының мерзімі - б.з.б. 519ж.Сақ малшысы Шырақ туралы суреттейтін герк тарихшысы - ПолиэнСақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі - б.з.б. 570-520жж.Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған - Томирис Сақтардың парсы әскері құрамында Марафон шайқасына қатысқан уақыты - б.з.б. 490ж.Б.з.б. IV ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген - МакедонскийГрек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған - сақ жауынгері СпитаА.Македонскийдің Сырдариядан өтіп сақтарға қалай щабуыл жасағаны туралы жазған - Арриан Сақтардың А.Македонскийға қарсы ерлік күресі туралы жазған - Арриан Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған - Рим тарихшысы Помпей ТоргҚызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны - Шірік-РабатШірік-Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы - ЦитаделҚыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы - Бәбіш-МолдаБ.з.б. VII ғасырдан бастап далалы аймақтарда пайда болған өнер - аңдық стильСақтарға Ираннан Өмір ағашы дейтін аңдық стильдегі бейне - арыстан бейнесіАңдық стиль пайда болған ғасыр - б.з.б. VIIғ.Іле өзенінің оң жағалауындағы сақ қорымы - БесшатырБесшатыр қорымындағы обалар жиынтығы - 71 обаБесшатыр обасының мерзімі - б.з.б. V-IV ғғ.Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы - Есік обасыЕсік обасынан табылған бұйымдар саны - 4мыңнан астамЕсік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат - күміс табақшаАнтропололтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы - 17-18Аң стилі дәстүрімен сақтар жорықтар кезінде танысқан ел - алдынғы Азия мен ИранСақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырп жасаған табыты - Соркофаг.

Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу: Жуантөбе, Түгіскен, Ұйғырақ, Қарашоқы, Берікқара, Есік. Қарғалы, Бесшатыр, Алтын-эмель-2, Қадірбай-2, Қызылауыл. Шығыс Қазақстан: Берел, Катон, Күрті, Маяэмир, Құлажорға, Бать, Шілікті, Бұқтырма, Жолқұдық, Чернореченск, Боброво, Ертіс, Мнотьевка. Солтүстік Қазақстан: Берлік-2, Покровка, Бектекіс, Карлуга, Каноткел, Боғанаты. Орталық Қазақстан: Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет, Жыланды. Батыс Қазақстан: Целинный 1, Сынтас, Бесоба, Нагорненский, Алебастрова 2, Лебедовка, Байте. Арал маңы: Шірік-Рабат, Баланды, Бобыш-мола.
Сақтардың орналасуы:
Сақтар-б.з.б 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен тайпа.Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар сақ этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандар ын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте - массагеттер мен даилер, солтүстікте - аргипеилер, шығыста - аримаспылар, орталық аудандарда - исседондар, батыста - савроматтар, оңтүстік-батыста - каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді.
Саяси тарихы:
ақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот ескі бір аңызды еске түсіреді. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол тері қапты қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып тұрып былай дейді: Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!. Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым -- салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек -- парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет -- сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өзімнің руластарымнан кегімді аламын деп мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардың көбі қырылып қалады. Б.з.д. IV ғасырдың басында Александр Македонскийдің(Ескендір Зұлқарнайын) басшылығымен македондық -- гректер Орта Азияға баса -- көктеп кірді. Оларға қарсы Орта Азия мен Қазақстан тайпалары табан тіресе қарсылық көрсетті. 3 жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық-гректердің Орта Азяның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындыруға шамасы келді, бірақ Сырдария сыртында өмір сүрген сақ тайпалары болса, өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Аңыздардың айтуынша Александр Македонскийдің өзі сақ жебесі тиіп жаралы болыпты. Александрдің бұйрығымен Сырдария жағасында Александрия Эсхата(шеткі Александрия) деген қала салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.д. III ғасырда селевкиттер көтерілісінен қиратылды. Сонымен қатар, сақтар өздерінің солтүтік, шығыс және батысындағы көршілерімен туыстық, саяси, шаруашылық қарым-қатынаста болды. Археологиялық қазба жұмыстары сақтардың ежелгі дүние өркениеттері - Ассирия, Бактрия, Хорезм, Қытай, Үндістанмен сауда және мәдени байланыстарының болғанын дәлелдейді.
Қоғамдық құрылысы
Алғашқы рулық қатынастардың ыдырауы процесі сақ қоғамында одан әрі жүрді. Жеке және отбасылық меншік шыға бастады. Үлкен патриархалдық отбасылар шағын туыс отбасыларға бөлшектенеді. Патриархалдық қатынастар одан әрі дамып, таптық құрылысқа өту процесі байқалды. Б.э.д. VII - III ғғ. сақ тайпалары одақтарға біріге бастады. Одақты сақ көсемдеріні кеңесі сайлаған патшалар билейді.Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлайды. Сақ қоғамы үш топқа бөлінді- әскерлер, абыздар, ру мүшелері (малшылар, егіншілер. Әр топтың өз түсі болды: әскерлер- қызыл, абыздар- ақ, ру мүшелері- сары және көк. Патша мен тайпа көсемдерін тек қана әскер тобынан сайлады. Адамзат қоғамының дамуының бұл кезеңін әскери демократия деп атайды. Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі таптың айырмашылықтарға ұласа бастайтын деңгейге жетті.
Үәсіндер жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде Усун-го (Үйсін мемлекеті) деп аталады.
Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.
Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан бастап кездеседі. Олар ат жақты, аққұбаша, сары шашты болып бейнеленеді.
Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі - Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы - Суяб, Құлан, Ақтөбе және тағы басқа қалалар.
Біздің заманымыздан бұрынғы 138 жылы ғұндарға қарсы одақ құру жөнінде Батыс өңірге келген Қытай елшісі Чжан Цянь Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері бір мың сегіз жүз сексен сегіз мың сегіз жүз жауынгерден құралған деп жазады. Үйсін мемлекеті шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген.
Қытай деректерінде Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі деп суреттейді. Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған.
Таптық қоғамда байлықты жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне - мал, қол өнер бұйымдары, тұрғын үй тағы басқалар, ал екіншісіне - жер, жатқызылады. Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның өзі, әсіресе, көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүлік теңсіздігінің дамуына себепші болды.
Үйсіндерде жекеменшіктің кеңінен тарауына байланысты бөлінбейтін байлық болып есептелетін жерді пайдалану ісінде де теңсіздік орын алды, тіпті оны мұрагерлік жолымен пайдалану да көрініс тапты. Менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер, менің жерім деген белгілі қағида орын алды. Бұл көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң - кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керек деген қағида үйсіндердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелегенін көрсетеді. Мысалы, бай үйсіндердің төрт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін шамамен 8-10 гектар жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар жайылым қажет екенін есептеп шығару қиын емес.
Сондықтан мұның өзі ежелгі үйсін қоғамында біздің заманымыздан бұрынғы І ғасырдан бастап малы көп байлардың шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталғанын айтуға негіз бола алады.
Чжан Цян үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді жеткізді.
Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Олар ғұндарға тәуелділікті мойындады. Кейін ғұндардан бөлініп, Қытаймен достық қарым-қатынас орнатады.
Үйсін мемлекетінің патшасын гуньмо деп атаған.
Біздің заманымыздан бұрынғы 53-інші жылы мемлекет екі бөлікке бөлінді: ұлы гуньмо және кіші гуньмо. Үлкен гуньмодан кейінгі мемлекеттік лауазым кіші гуньмо болды. Бұл бас уәзір еді. Одан кейінгі лауазым - тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Мемлекет әскері оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасшы басқарды. Әскери қолбасшылардың көмекшілері Дарту атағын алып отырды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер, діни басшылықты абыздар жүргізді.
Үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуіктерінде және сарай жанындағы басқа да лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хан империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды.
Біздің заманымыздан бесінші ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.
Қаңлылар:
Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысындағы Халықтардың ұлы қоныс аударуы нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында үлкен өзгерістер болды.Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде б.з.б. II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді.Ол қытай деректерінде Кангюй деп аталады. ХХ ғасырдың ортасына қарай Қаңлы мемлекетінің орналасу мәелелері жөнінде екі көзқарас орын алды.Бұл тарихи дәуірді зерттеген К. Ақышев, К. Байпақов Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақтар енген, орталығы Отырар болды деп көрсетеді. Ал қытай жылнамаларына сүйенген С.П. Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Ғұн мемлекеті
Ғұн державасының құрылуы этникалық және саяси тарихы
Ғұн державасы
Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы туралы
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Ежелгі ғұндар
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндардың шаруашылығы
Пәндер