Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Бате Ержалын

ҚОНАҚ ҮЙ МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B090200 - «ТУРИЗМ»

Көкшетау, 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Туризм, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

«»

күні қолы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ҚОНАҚ ҮЙ МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ»

5В090200- «ТУРИЗМ» білім беру бағдарламасы бойынша

Орындады Бате Е.

Ғылыми жетекшісі

ғылыми дәрежесі, лауазымы Абишева Г. О.

Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
:
КІРІСПЕ:
3:
: 1
КІРІСПЕ: ҚОНАҚ ҮЙ, МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ: Қонақ үй, мейрамхана бизнесі - туризм индустриясының негізгі компоненттері ретінде
3: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қонақ үй, мейрамхана бизнесін дамытудың әлемдік тәжірибесі
3: 9
: 1. 3
КІРІСПЕ: Қонақ үй шаруашылығы мен мейрамхана бизнесінің жаһандық даму тенденциялары
3: 15
:
КІРІСПЕ:
3:
: 2
КІРІСПЕ: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН БАҒАЛАУ (RIXOS BOROVOE HOTEL МЫСАЛЫНДА)
3: 19
: 2. 1
КІРІСПЕ: «Rixos Borovoe Hotel» қонақ үй-мейрамхана кешеніне сипаттама
3: 19
: 2. 2
КІРІСПЕ: «Rixos Borovoe Hotel» қонақ үй-мейрамхана кешенінің даму қарқынын бағалау
3: 25
: 2. 3
КІРІСПЕ: Ақмола облысындағы қонақ үй және мейрамхана бизнесі саласындағы проблемалар
3: 29
:
КІРІСПЕ:
3:
: 3
КІРІСПЕ: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ, МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
3: 34
: 3. 1
КІРІСПЕ: Қазақстандық қонақ үй-мейрамхана сервисінің әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстар
3: 34
: 3. 2
КІРІСПЕ: Ақмола облысының қонақ үй және мейрамхана бизнесін жетілдірудің заманауи әдістері мен бағыттары
3: 40
: 3. 3
КІРІСПЕ: Ақмола облысында қонақ үй, мейрамхана бизнесінің дамуын жетілдіру жолдары
3: 43
:
КІРІСПЕ:
3:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 47
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 49
:
КІРІСПЕ:
3:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы бес жылда Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесі белсенді дамып келеді. Жеке шағын қонақ үйлердің саны артып келеді. Алайда, отандық қонақ үй қызметі мен қызмет көрсету сапасы әлі де орташа деңгейде. Сондықтан біз көптеген қонақ үйлерді беделді бәсекелестер қатарынан көре алмаймыз, өйткені республикадағы қонақ үйлердің басым бөлігінің санаты жоқ. Қазіргі уақытта қонақ үй кәсіпорындарының көпшілігі орта сегментке бағытталған.

Қонақ үй саласы мен мейрамхана саласы туризм саласындағы ең басты орынды иелетентін обьектілер. Сондықтан да кез келген туристік жолдаманы не болмаса туристік пакетті қалыптастыру барысында қонақ үйлер мен тамақтану орындары ең басты орынды иеленеді.

Сондықтан да қонақ үйлер мен мейрамханалар заманауи стандарттарға сәйкес келу керек. Бұл жағынан елімізде мәселелер жоқ емес бар. Көбінесе жоғары деңгейлі мейрамханалар мен қонақ үйлерге назар бөліне беріп, орта деңгейлі обьектілер назардан тыс қалып жатады, не болмаса тіптен жабылып та жатады.

Сол себепті қонақ үй мен мейрамханалардың бүгінгі таңдағы туризм саласы үшін өзектілігін ескере отырып, қалыптасу мен дамуын бақылау, жаңаша әдістерін қарастыру қажеттілігі туады.

Зерттеу мақсаты. Қазақстандағы және Ақмола облысындағы қонақ үй мейрамханалардың дамуындағы жаңаша жолдарды ұсыну болып табылады.

Зерттеу міндеттері.

-қонақ үй мейрамхана бизнесінің қалыптасуынының теориясын қарастыру;

-Ақмола облысындағы қонақ үй және мейрамхана бизнесінің қызметін талдау және даму қарқынын бағалау;

-Ақмола облысында қонақ үй, мейрамхана бизнесін дамытудың жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі. Ақмола облысы аумағындағы қонақ үй мен мейрамхана кешендерінің заманауи дамуының алғышарттары болып табылады.

Зерттеу пәні. Қонақ үй және мейрамхана бизнесінінің облыстағы қызмет көрсету саласындағы алатын орны мен қарқыны.

Мәселені зерттеу деңгейі. Туризм саласының маңызды обьектілерінің бірі болып саналатын қонақ үй мен мейрамханалардың дамуы туралы ақпараттар баршылық. Көптеген ғалымдар қонақ үй мен мейрамхана саласының қалыптасуына байланысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Солардың қатарына Быстров С. А. [4], Гуляев В. Г. [1], Күзембаева Г. К. [2], Мауленов А. [2], Мышьякова Н. М. [6], Солдатенков Д. [5], Федцов В. Г. [3] . сияқты тұлғалардың еңбектерін жатқызуға болады. Олардан басқа да ғалымдар да осы саладағы обьектілердің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары туралы сипаттап кеткен.

Мысал ретінде Күзембаева Г. К. [2], А. Мауленовтың [2] мейрамханасервисі мен қонақ үй туралы еңбектерінде толығымен қонақ үй мен мейрамханалардың қалыптасу сатысы мен көрсетілетін қызметтердің классификациясы, бүгінгі таңдағы даму қарқыны туралы мәліметтер берілген.

Зерттеу әдістері.

Дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеу әдістерінің келесйдей түрлері қолданылды: аналитикалық, экономикалық-математикалық, статистикалық, ақпараттық, бағалау, салыстырмалы, сыни бағалау.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы мен ғылыми жаңалығы. Жұмысты жазу барысында автормен бақылау, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде проблемалар анықталды. Сол мәселелердің алдын алу мақсатында және Ақмола облысындағы қонақ үй мен мейрамханалардың даму қарқынын жақсарту бағытында ұсыныстар жасалды. Берілген ұсыныстар қонақ үй мен мейрамхана саласында заманауи технологияларды қолдануды және жаңашылдылықты талап етеді. Олардың қатарына «Keyless Entries», «Биометриялық технологиялар», «Виртуалды бөлмелерді» жатқызуға болады. Бұл жаңашылдылықтардың Ақмола облысындағы қонақ үй және мейрамхана саласында қолданылуы үлкен оң өзгерістерге алып келетіні сөзсіз.

Дипломдық жұмысты жазудың тәжірибе базасы болып Ақмола облысындағы қонақ үй және мейрамхана бизнесінің даму тенденциясы табылады.

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымы 15 суреттен, 4 кестеден, қолданылған әдебиеттер тізімінен және үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде, қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің дамуының теориясы мен алғышарттары берілген. Сонымен қатар, туризм индустриясының негізгі компоненттері болып табылатын бұл обьект3лерге толықтай сипаттама беріліп, әлемдік тәжірибесі мен даму тенденциялары туралы ақпараттар берілген.

Екінші бөлімде Ақмола облысындағы қонақ үй жіне мейрамхана бизнесіне толықтай анализ жүргізілді. Соның ішінде бүгінгі таңдағы сұранысқа ие қонақ кешені болып табылатын «Rixos Borovoe Hotel» қонақ үй-мейрамхана кешеніне толығымен сипаттама жасалып, сонымен қатар Ақмола облысындағы қонақ үй мейрамхана саласындағы проблемалары туралы сөз қозғалды.

Үшінші бөлімде Ақмола облысындағы қонақ үй және мейрамхана саласын дамыту жолдары туралы ақпараттар берілді. Соның ішінде Қазақстандық қонақ үй-мейрамхана сервисінің әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстар жасалды, Ақмола облысының қонақ үй және мейрамхана бизнесін жетілдірудің заманауи әдістері мен бағыттары қарастырылып, дамуын ары қарай жетілдіру жолдары туралы ұсыныстар берілді. Берілген ұсыныстар тікелей қонақ үй және мейрамхана саласында заманауи жаңа технологияларды қолданумен тікелей байланысты болды. Болашақта Ақмола облысында қызмет көрсету саласында берілген ұсыныстарды қолдану оңтайлы өзгерістерге алып келетініне нақты сенемін.

1. ҚОНАҚ ҮЙ, МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қонақ үй, мейрамхана бизнесі - туризм индустриясының негізгі компоненттері ретінде

Бүгінгі таңда туризм саласы жыл сайын үлкен сұранысты иеленіп, ел шекарасына кеңінен етек жайып келе жатқан саланың бірі. Мемлекет тарапынан да туризмді дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Мұның өзі көңілге жылу ұялатар жайттардың бірі.

Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік. Соның ішінде, ауылшаруашылығы, экономика, транспорт, қызмет көрсету, тамақтану және тағы да басқа көптеген салалармен тығыз байланысты. Туризм саласын экономикалық көзқарас ретінде қарастыратын болсақ, мемлекеттің экономикасына оң әсер ететін факторлық өзгерістерді байқауға болады, сонығ ішінде:

-бюджеттегі түсімнің шетел валютасымен көбеюіне мүмкіндік береді. Мұның өзі елдің экономикасының бір деңгейге көтеріліп, даму мүмкіншілігін арттыруға оң әсер етеді.

-бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі болып табылатын жұмыспен қамту мәселесін шешуге де туризм саласының да әсері бар. Яғни елде туризмді дамытуға бағдарланған кешендер саны неғұрлым көбейген сайын, елдегі жұмыссыздың пайызы да соғұрлым азая түседі дегенді білдіреді. Жалпы, интернет ресурстардағы ақпараттарға сүйенсек, ДТҰ және Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалау критерийлеріне сәйкес, әлем бойынша әрбір 5-9 жұмыс орны туризм саласына тиесілі екенін айқындаған. Мұның өзі туризм саласының қаншалықты өзекті сала екенінің айқын дәлелі болмақ.

-ел территориясындағы туристік обьектілер санының көбеюіне мүмкіндік береді.

Туризм саласы тікелей және жанама түрде экономиканың 32 саласына, мемлекеттің мақсатты бағытталған экономикалық аудандарына да әсер етеді. Осылайша, туризм саласы экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда мультипликаторлық сипатты иеленетін сала болып табылады.

Туризм - бұл қарқынды дамып келе жатқан сала, дегенмен басқа салалар сияқты мемлекеттік қолдау белгілі принциптерге сәйкес жүргізіледі [1] .

Туризм саласында туристік кластер, туризм индустриясы ұғымы жиі кездеседі. Туризм индустриясы бұл туризм саласын дамытуға бағытталған обьектілер мен қызмет көрсетулердің жиынтығы болып табылады. Соның ішінде мағызды орынды қонақ үй шаруашылығы мен мейрамхана бизнесі иеленеді. Өйткені кез келген демалушы қызмет көрсетудің осы категориясысыз толыққанды қызмет көрсету үрдісімен қанағаттана алмайды.

Олардың әр қайсысын жеке-жеке, сонымен қатар кешен ретінде бірге де қарастыруға болады.

Қонақ үй шаруашылығы өзіндік сипаттарына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді, солардың ішінде отель, мотель, хостель, жатақхана, апартаменттер, туристік приюттер және басқа да орналастыру обьектілерін жатқызуға болады [2] .

Жалпы, қонақ үй бұл келуші қонақтарды қарсы алып, түнеп шығуына мүмкіндік беретін арнайы қызмет көрсету кешенімен қамсыздандырылған мекеме болып табылады. Қонақ үйге келуші қонақтардың мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін, соның ішінде көбіне сұранысқа ие болып табылатындары, іскери, спорттық, демалу, сауда, оқу, емдік, рекреациялық, сауықтыру, діни мақсаттар болып табылады [3] .

Қонақ үй саласын жеке алып қарастыратын болсақ, бұл сала экономикалық көзқарас ретінде қарастыруға келетін түсінік болып табылады.

Келушілерге түнеу орны болып табылатын орналастыру обьектілері туризм индустриясының негізі болып табылады (1-сурет) .

[ Ескерту: сурет автормен құрастырылған ]

1-сурет. - Туристердің орналастыру орындарының стандарттық жіктемесі

Қонақ үйлер келесідей ерекшеліктерді иеленеді:

-нөмірлер қорынан тұрады;

-қонақтарға әртүрлі қонақ үй қызметтерін ұсынады;

-қызмет көрсету деңгейлеріне қарай бірнеше класстарға және жәктемелерге бөленіде;

-арнайы мамандандырылған мекемелердің жіктемесіне енбейді.

Бүгінгі таңда «Қонақ үй» терминдерімен бірге «Отель» термині де бірге қолданыста [4] . Бұл түсінік қонақжайлықтың жоғары деңгейлі ауурасын қалыптастырып, сапалы қызмет көрсетудің әртүрлі спектрларын қарастырады.

Жалпы, статистикалық мәліметтерге көз жүгіртетін болсақ, әлем бойынша қонақ үй бизнесіндегі обьектілердің орта есеппен алғандағы 75% тікелей туризм саласымен байланысты екен. Мұның өзі тек туризм саласы арқылы да қонақ үй бизнесіндегі обьектілер табыс көзін тауып отырғанының айқын дәлелі болмақ.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден қонақ үй шаруашылығы туризм индустриясының ең негізгі компоненттерінің бірі екеніне айқын көз жеткізуге болады.

Өйткені кез келген демалу не болмаса емдік, іскери тағы да басқа мақсаттарды көздеп келген тұлға, міндетті түрде түнеу орнына деген мұқтаждықты иеленетін болады. Сонымен қатар туризм ұғымының ДТҰ -ның берген анықтамасына сәйкес, туризм дегеніміз тұлғаның өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде негізгі мақсаты пайда табумен байланысты емес 24 сағаттар 1 жылға дейінгі аралықта, негізгі қызметі рекрациялық айналысулармен, демалу, емделу мақсаттарымен байланысты сала. Яғни турист тұлғасын иеленуші адам өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде міндетті түрде кемінде бір күн түнеуі міндетті. Сондықтан да орналастыру орындары, яғни қонақ үйлер туризм индустриясының ең негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.

Орналастыру орындарымен бірге туризм индустриясында маңызды орынды, туристердің тамаққа деген физиологиялық қажеттеліктерін қанағаттандыруға бағытталған, тамақтандыру қызметтері иеленеді. Туризм индустриясы үшін тамақтану орындарының келесі типтері сипатты:

-мейрамхана;

-кафе;

-бар.

Мейрамхана - қонақтарға тағамдар мен сусындардың, кондитерлік заттардың, соның ішінде ерекше және күрделі дайындалатын тағамдардың кең ассортиментін ұсынатын тамақтандыру орны [5] болып табылады.

Мейрамханасы басқа тамақтаны орындарынан ерекшелеп тұратын негізгі белгілері бар [5] : мекеменің ерекше дизайны, ұсынылатын тағамдардың кең ассортименті, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі, қызмет көрсетудің қосымша түрлері ұсынылады, жоғары білікті персоналдың болуы, арнайы өзіндік стильдегі формаларының болуымен ерекшеленеді.

Қызмет көрсету деңгейіне сәйкес бірнеше топтарға да бөлінеді. Жалпы, қонақ үй, мейрамхана бизнесі туризм индустриясының ажырамас бөлшегі болып табылады. Бұл терминдердің шығу тарихына да аздап тоқталып кетсем.

Бүгінгі бізге жеткен қонақ үйлер 2000 жылдық тарихты иеленеді. Ең алғаш қонақ күтуге арналған үйлер Ежелгі Греция мен Римде пайда болған. Таверна және хоспитумдар ретінде қонақ күтуге арналған мекемелер бүгінгі таңдағы қонақ үйлердің көптеген сипаттамасын иеленген [6] . Бұл орындар ең алдымен саудагерлер, танымал тұлғалар жалпы, ел кезушілерге арналған олардың түнеуіне бағдарланған орын болып есептелінген.

Қонақ үй бизнесінің пайда болуы мен қалыптасуын төрт негізгі кезеңге бөлуге болады [6] :

1) XIX ғасырдың басына дейін. - қонақ үй ісінің тарихы-бірінші кезең;

2) XIX ғасырдың басы-ХХ ғасырдың басы. - қонақ үй қызметтері саласындағы әртүрлі кәсіпорындардың пайда болуы-екінші кезең;

3) XX ғ. басы - XX ғ. ортасы - сервис саласындағы кәсіпорындар санының өсуі, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру - үшінші кезең;

4) ХХ ғ. ортасынан бастап осы уақытқа дейін - қонақжайлылық индустриясын қалыптастыру-төртінші кезең.

Алғашқы пайда болған қонақ үйлер екі қабатты болып келген, бірінші қабатында, келген қонақтар демалып, рухани дамуына бағдарланса, екінші қабатында жатын бөлмелер орналасқан.

Мейрамхананың пайда болу тарихы 1765 жылдан астау алады. Мейрамхана типтес тамақтану орнының пайда болуы француздық Буланже есімімен тікелей байланысты. Алғашқы мейрамхана Париж қаласында пайда болды. Бастапқы уақытта көптеген шектеулер болғанымен, 1786 жылы француз жоғары билігімен тамақтану орындарының яғни мейрамханалардың жұмысы 23 cағатқа дейін ұзартылды.

Жалпы, туризм индустриясын қонақ үй, мейрамхана бизннесісіз елестету мүмкін емес. Сондықтан да, елдегі туризм индустриясының деңгейін көтеру үшін ең алдымен оның құрамына кіретін компоненттерін дамытуға көңіл бөлу қажет деп ой түйгім келеді.

  1. Қонақ үй, мейрамхана бизнесін дамытудың әлемдік тәжірибесі

Қонақ үй бизнесі қазіргі әлемдік экономикада маңызды орын алады. Кем дегенде, соңғы үш онжылдықта ол ең қарқынды дамып келе жатқан және өте тиімді экономикалық қызмет түрлеріне қатысты болды.

Қонақ үй шаруашылығын ұлттық деңгейде дамыту, әсіресе оны халықаралық қонақ үй бизнесіне қосу арқылы әлемнің көптеген елдерінде үлкен маңызға ие, өйткені бұл ұлттық экономиканың басқа салаларына оң әсер ете отырып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады [7] . Туризм негізгі табыс көзі болып табылатын бірқатар елдерде қонақ үй бизнесі мемлекеттік бюджетке валюталық түсімдерді тартушы маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар, бір елдегі қонақ үй бизнесінің қызметі оның халықаралық инвестициялық капиталға қол жеткізуіне және әлемдік экономикаға терең интеграциялануына ықпал етеді.

Jones Lang LaSalle атты қонақ үй индустриясын бақылаумен айналысатын компанияның ақпараттарына сәйкес, әлем бойынша қонақ үй шаруашылығына құйылған инвестиция көлемі 130 млрд евроға жетеді. Бұл көрсеткіш өткен жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 35% - ға артық, яғни мұнадғы инвестиция көлемі 88 млрд. евроны құраған. Сонымен қатар аталмыш компанияның зерттеу жұмыстары барысында, сұрастырылған респонденттердің шамамен 25% - ы жаңа қонақ үйлер салу жоспарлары бар екендігі туралы мәлімдеген [8] .

JLL қонақ үйлер жүйесінің басқарушысы Артур де Хаастаның айтуынша, қонақ үй саласы инвестиция салымы үшін өте тартымды әрі пайда орта болып табылады. Дегенмен де бұл істің табысты не болмаса табысты болмауының деңгейі ұсыныс пен сұраныс қатынасының сәйкес келуіне тікелей байланысты.

Бүгінде Америка Құрама Штаттары қонақ үй бизнесіне инвестиция салудың ең белсенді нарықтағы ордасы болып табылады, дегенмен де инвесторлардың назары біртіндеп Еуропаға ауысу үстінде. Мұның өзі қонақ үй бизнесіне деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанының айқын дәлелі болмақ.

XIX ғасырдағы қонақ үй бизнесіндегі үлкен үдеріс АҚШ-тың қонақжайлылық жүйесін әлемдік деңгейде бірінші орынға шығарды. Осы уақыттағы техникалық жаңалықтар - лифт, сумен жабдықтау, ванна, жуынатын бөлмелердің қонақ үйде алғаш қолданыс тапты. Америкалықтар тек жоғары сапалы қымбат қонақ үйлердің еуропалық құрылыс жүйесіне кепілдік бере алмады [9] . Бұдан басқа қонақ үй саласында арнайы мамандандырылған персоналдарды даярлайтын оқу орындары да ашыла бастады.

АҚШ қонақ үй бизнесіне қатысты үлкен жаңалықтарға толы, сонымен қатар қонақ үйлерді заманауи жабдықтаудың отаны болып табылады.

ХХ ғасырдың басында әлемге әйгілі американдық қонақ үй «Статлер» бөлмелерді заманауи жабдықтау жиынтығын құрды. Сол сияқты қонақ үйлерде орталықтандырылған жылу жүйелерінің орнатылуы, лифт, ванналардың орын алуы осы американдықтардан бастау алған және де алғашқы әлемдегі ең биік 6 қабатты қонақ үй де осы АҚШ-та тұрғызылған. Сондықтан да қонақ үй бизнесіндегі шетелдік тәжірибені қарастыру барысында осы саладағы үлкен тәжірибелі мемлекет ретінде АҚШ-ты қарастырған жөн деп ойлаймын [9] .

Американдық кәсіпкер Конрад Хилтон қонақ үй бизнесін қол жетпейтін биіктікке көтеру арқылы тарихқа енді, өйткені ол «бес жұлдызды қонақ үй» ұғымын енгізді.

Компанияның корпоративті ұраны: «жоғары стандартты сапалы қызмет көрсету элиталық сән - салтанаттың кепілі» - оның қонақүйлеріне әр түрлі клиенттерді тартады-тәжі бар адамдардан, бизнес көшбасшыларынан және мәдениет пен шоу-бизнес жұлдыздарынан бастап орта тапқа жататын қарапайым жұптарға дейін.

Американдық журналистер жазғандай, Конрад Хилтон бүгінгі таңда қызмет көрсету индустриясының алыбы ретінде орын алған.

Американдық қонақ үйлердің ең негізгі ерекшелігі заманауи технологияларды қонақ үй бизнесінде жетік қолдана білуінде. Сонымен қатар қонақ үйлерді тізбектелген жүйе ретінде дамытуында болып табылады.

Жалпы, әлем бойынша қонақ үй бизнесінің даму қарқынын қарастырар болсақ нені байқар едік? Деген сұрақ туындайды.

2019 жылы зерттеу компаниясының қонақ үй саласында жүргізген зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында халықаралық брондау платформаларының, бедбанктердің және әлем бойынша қонақ үйлердің даму тенденциясы бойынша ақпараттар базасы қолданылды.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта әлемде 1 073 500 орналастыру орны бар екенін анықтады, олардың 402 933 «жұлдыздар» тағайындалған қонақ үйлер (2-сурет) .

[ Ескерту: сурет автормен құрастырылған ]

2-сурет . - «жұлдыз» белгісі бар қонақ үйлердің әлем бойынша аймақтық үлестері

Жоғарыда берілген мәліметтерге сәйкес, әлемдегі жұлдыздық белгісі бойынша осындай объектілердің жартысынан көбі (50, 7%) Еуропада, 23, 2% - Азияда, 12, 9% - Солтүстік Америкада, 6% - орталық және Оңтүстік Америкада және Кариб теңізінде, 3, 8% - Африкада, 3, 3% - Австралия мен Океания елдерінде орналасқан. Яғни жұлдыздық белгісі бойынша қонақ үйлердің басым бөлігі Еуропада орналасқанына анық көз жеткізуге болады.

Жалпы, қонақ үй саласындағы мекемелердің әлеуеттік көрсеткіші жұлдыздық белгімен өлшенетіні бәріне аян. Оның әрине өзіндік халықаралық деңгейдегі талаптары мен стандарттары бар (3-сурет) .

[ Ескерту: сурет автормен құрастырылған ]

3-сурет. - Әлем бойынша «жұлдыз» белгісін иеленетін қонақ үйлердің үлесі

Жоғарыда берілген суретке сәйкес, әлем бойынша қонақ үйлердің категориясы негізінде үш жұлдызды қонақ үйлер үлесі көп екенін байқауға болады. Бұл категориядағы қонақ үйлер баға қойлайлығымен және қызмет көрсетудің де жоғары сапасымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қонақ үйлердің бұл категориясы басқаларының арасындағы «алтын ортасы» болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Туризм менеджменті
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz