Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Май ауданы

Көктөбе орта жалпы білім беретін мектебі

Мектептің педагогикалық кеңесімен бекітілген

30. 08. 2009 жыл

Көктөбе орта жалпы білім беретін мектебінің

АҚПАРАТТАНДЫРУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

2009/2010 - 2011/2012 оқу жылдарына арналған

2009

МАЗМҰНЫ

1Кіріспе3

2Мектеп жұмысының негізгі бөлімдерін ақпараттандыру4

2. 1Білім мен тәрбие беру жүйесін ақпараттандыру4

2. 2Ғылыми әдістемелікжұмыс жүйесін ақпараттандыру5

2. 3 Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпараттандыру 6

2. 4Кітапхананың жұмыс жүйесін ақпараттандыру7

2. 5Телекоммуникабельдік инфрақұрылымды жетілдіру . . . 8

2. 6Қызметкерлердің ақпараттық сауаттылығын арттыру . . . 8

2. 7Ақпараттық білім беру орталығын құру 9

2. 8 Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту 10

3 Ақпараттандыру жұмыстарын басқару 10

  1. Кіріспе

Көктөбе орта жалпы білім беретін мектебінің 2009-2010 - 2011-2012 жылдарға арналған ақпараттандыру бағдарламасы мектептегі ақпараттандыру жұмысының мақсаттарын, міндеттерін, бағыттарын, нәтижелерін анықтайтын жүйені ұсынып, ақпараттандыру арқылы білім сапасын арттыруға арналған мақсаттарға жету жұмысын ұйымдастырады.

Бағдарламаны әзірлеу барысында мектептің әдістемелік кеңесінің, кәсіподақ комитетінің, мектеп кеңесінің шешімдері қаралып есепке алынды.

Бағдарламаны әзірлеуде төмендегі құжаттар негіз болды:

  1. Қазақстан Республикасының 11. 01. 2007 жылғы №217-3 «Ақпараттандыру туралы» заңы.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі №492 «Қазақстан Республикасында ортақ ақпараттық кеңістікті жетілдіру» шешімі.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы №995 шешімімен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасы.
  4. Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 мамырдағы №19 «Батыс Қазақстан облысының ортақ ақпараттық-коммуникациялық басқару жүйесі» шешімі.
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының электрондық құжатайналым ережесін бекіту туралы» шешімі.
  6. Батыс Қазақстан облысы маслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4-31 шешімімен бекітілген 2008 - 2010 жылдарда «Батыс Қазақстан облысының ортақ ақпараттық-коммуникациялық басқару жүйесін жетілдіру» бағдарламасы.
  7. Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 бұйрығымен бекітілген «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы».

Ақпараттандырудың мақсаттары мен міндеттері

Көктөбе орта жалпы білім беретін мектебін ақпараттандыру ісі мектептің барлық жұмысын нәтижелі білім беруге бағыттаушы болып келеді. Мектеп «Білім беруді ақпараттандыру арқылы білім сапасын арттыру» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанып келеді. Себебі қазіргі таңда мектеп қызметкерлерінің сапалы білім беруінің, оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстармен айналысу деңгейінің жоғарлауы мектептің ақпараттандырылу деңгейіне сай болмақ.

Бағдарламаның басты мақсаты: мектепті ақпараттандыру жұмысын жүйелеу.

Алдыңғы «Ақпараттандыру бағдарламасының» барлық дерлік бағытты жұмыстары уақытымен жүргізілді. Жаңа бағдарлама басталған жұмыстардың негізгі бағыттарын сақтай отырып мақсатты жалғастырылуына негіз болады.

Бағдарлама төмендегі негізгі бағыттар бойынша ақпараттандыруды жетілдіруге негізделген:

1. Білім мен тәрбие жүйесін ақпараттандыру

2. Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру

3. Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпараттандыру

4. Кітапхананың жұмыс жүйесін ақпараттандыру

5. Компьютерлік желі ресурстарын кеңейту

6. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту

7. Ақпараттық білім беру орталығын құру

Мектептің осы «Ақпараттандыру бағдарламасына» сай әр әдістемелік бірлестігі, әр ұйымы өз жұмыс жоспарын құрып, тереңдетілген түрде жан-жақты жұмыстануы керек.

  1. Мектеп жұмысының негізгі бөлімдерін ақпараттандыруБілім мен тәрбие беру жүйесін ақпараттандыру

Ақпараттандыру бағдарламасын білім беру үрдісінде іске асыру үшін төмендегідей бағыттағы жұмыстар жүргізіледі:

  • жаңа ақпараттық технологияларды игертуге арналған ғылыми - әдістемелік және оқу әдістемелік нұсқаулар әзірлеп енгізу;
  • компьютерлік білім беру үшін технологиялық база жасақтап енгізу;
  • компьютерлік білім берудің тиімді тәсілдерін жасақтап енгізу;
  • қажетті көрнекілік құралдар мен электрондық оқулықтар әзірлеу.

Білім беру үрдісін ақпараттандырудың негізгі міндеттері:

  1. жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісіне кеңінен енгізу;
  2. электрондық оқу материалдарын әзірлеу;
  3. АКТ-ны қолдану арқылы білім беру әдістері мен түрлерін жетілдіру;
  4. білім беру үрдісінде ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;

Бұл міндеттерді орындау үшін:

  • мұғалім мамандардың біліктілігін арттыруға жағдайлар жасау;
  • білім беру үрдісіне компьютерлік қолдау көрсету үшін мектептің ғылыми-әдістемелік, оқу әдістемелік және технологиялық базасын нығайту;
  • мектеп сайтын құрып қажетті бағдарламалармен, білім беру үрдісін жетілдіруге арналған ақпараттармен толықтырып отыру;
  • электрондық білім беру базасын құру және толықтыру (тесттер жинағы, білім сапасының көрсеткіштерінің жинағы, флипчарттар, көрнекіліктер жинағы, денсаулық көрсеткіштері, т. с. с) ;
  • мектеп кеңесінде электрондық оқулықтар, сарамандық жұмыстар, тестілеу материалдарын жасақтап, ақпараттық құрылғыларды қолдану әдістемелерін жасақтап жұмыстанатын мұғалімдерге қолдау көрсету бағдарламасын жасақтау;
  • оқушылардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына, өз бетінше білім алуына көмек көрсететін ақпараттық жүйе жасақтау;
  • әдістемелік кабинеттерді қажетті оқу құралдарымен жасақтау.

Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі АКТ-ны кең ауқымды қолдану болмақ.

  1. Ғылыми әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру

Ғылыми әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру келесі бағыттарда жүргізіледі:

  1. мұғалімдерді мамандық шеберліктерін арттыру жұмыстарына АКТ мүмкіндіктерін қолдануға үйрету;
  2. әдістемелік бөлмелерді, жұмыс кабинеттерін ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету;
  3. компьютерлік технологияларды қолданып теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу шеңберін кеңейту.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

  1. Мектеп ішінде «Ақпараттық коммуникациялық құрылғыларды қолдану шеберлігін арттыру» әдістемелік орталығын құру.
  2. Мектеп сайтын құрып, төмендегідей бөлімдерді енгізіп жұмыстандыру:жобалар сайысы; мектеп тарихы, жетістіктері; нормативті құжаттар; әдістемелік бірлестіктердің жинақ базасы (ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, практикумдар жинақтарынан) ; мектеп оқушыларының ғылыми шығармашылық жұмыстарының жинағы; мектеп кітапханасының жұмысы.
  3. Интернет арқылы ғылыми ақпараттарға іздеу салып әдістемелік бірлестіктерді жоспарланған сайыстар мен форумдар туралы хабардар етіп отыру.
  4. Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің ғылыми шығармашылық жұмыстармен шұғылдану деңгейінің рейтингісін жүргізіп отыру.
  5. Ғылыми жұмыстармен айналысатын мұғалімдер мен оқушылардың деректер базасын жасақтау.

Атқарылатын іс шаралар жоспары

№:
Іс шаралар: Іс шаралар
Өткізу уақыты: Өткізу уақыты
Қажетті ресурстар: Қажетті ресурстар
№: 1
Іс шаралар: Мектеп сайтын құрып, оның жобалар сайысы, мектеп тарихы, жетістіктері, нормативті құжаттар, әдістемелік бірлестіктердің жинақ базасы, мектеп оқушыларының ғылыми шығармашылық жұмыстарының жинағы, мектеп кітапханасы бөлімдері бойынша жұмыс жасауын ұйымдастыру
Өткізу уақыты: 2009-2010
Қажетті ресурстар: Интернет желісі
№: 2
Іс шаралар: Ғылыми зерттеу жұмыстарының сайыстары туралы ақпараттарды жинақтап әдістемелік бірлестіктермен шығармашылық топтарға жеткізіп отыру.
Өткізу уақыты: 2009-2012
Қажетті ресурстар: Интернет желісі
№: 3
Іс шаралар: Ғылыми ізденіс топтарының деректер базасын құрып, жұмыс жасау мониторингісін жүргізу
Өткізу уақыты: 2009-2012
Қажетті ресурстар: Компьютер
  1. Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпараттандыру

Ұйымдастыру мен басқару жүйесін ақпараттандыру - мектеп жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі әдістері мен түрлерін жетілдіруге, барлық деңгейдегі жұмыстарды басқаруды бір жүйеге алып келеді.

Ұйымдастыру мен басқару жүйесін жетілдіру үшін:

  1. басқару қызметкерлерін ақпараттық технологияларды қолдануға үйрету;
  2. білім беруді ақпараттандырудың, ұйымдастыру-басқару және нормативті деректер базасын құру (мектептің жұмыс жоспарын, әдістемелік бірлестіктердің, ұйымдардың жұмыс жоспарларын, пән мұғалімдердің күнтізбелік жұмыстарының жоспарларының жинағы) ;
  3. әр әдістемелік бірлестіктерді, ұйымдарды өз деңгейіндегі жұмыстарды атқаруға және шешім шығаруға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру;
  4. Мониторинг жүргізіп отыру (мектептің оқу-тәрбие үрдісінің жүргізілу деңгейін, білім сапасы мен оқушылар, мұғалімдер жұмыстарының рейтингісінің көрінісі) қажет.

Құжат алмастыру жүйесін құру

Мектепішіндегі құжаттардың алмасу деңгейін, жоғары органдардың тапсырмаларын орындау және есеп беру жүйесін арттыру мақсатында құрылатын жүйенің мақсаты:

  • мектептегі іс шаралардың біртұтас көрініс беруі;
  • барлық бірлестіктердің бірлесе жұмыстануы;
  • адами, коммуникациялық, техникалық ресурстарды тиімді қолданылуы.

Бұл мақсаттарды орындау барысындағы қолжетімділік:

  • құжаттар мен есептердің әзірлігі туралы ақпарат алу;
  • тапсырмалардың уақытылы орындалуын бақылау.

Құжатайналымды енгізу тиімділігі:

  • Мектепішінде бір орыннан екінші орынға құжат тасымалдау жүрісін азайту;
  • Жұмыс сапасын арттыруда уақыт үнемдеу.

Мектеп қызметкерлерінің жүктемелерін есептеу жүйесін енгізу

Мектептің білім беру жүйесінің жылдық жүктеме есебін шығарып, оны қызметкерлер арасында жоспарлы да мақсатты бөлу жауапты қызмет болып табылады. Бұл жұмысты атқаруда оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері мен іс жүргізуші алдына төмендегідей мақсаттар қойылады:

  • Мектептің класс комплекттерінің есебін алып, енгізу, өңдеу және дер кезінде тапсыру;
  • Мектептің класс комплекттеріне қарап нормативті құжаттарға сай жалпы жүктемелерді есептеп, мектеп қызметкерлерінің арасына жүктемелер бөлу (жүктемелерді тең бөле отырып әр мұғалімнің мектеп жұмысында алатын орны, яғни оның әкмшілік жұмыспен, қоғамдық жұмыспен, тереңдетіп оқытумен, ғылыми жұмыспен, шығармашылық жұмыспен жұмыстануы есепке алынады) ;
  • Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қозғалысын есепке алып, реттеп отыру;
  • әр мұғалімнің апталық жүктемесі көрсетілетін тарификациялық бетті толтыру;
  • сабақтар кестесін, қызметкерлердің жұмыс кестесін жасау.

Атқарылатын іс шаралар жоспары

Іс шаралар
Өткізу уақыты
Қажетті ресурстар
№:
Іс шаралар: Құжаталмасу жүйесін құру
Өткізу уақыты: 2009 жыл
Қажетті ресурстар: коммуникациялық, техникалық
№:
Іс шаралар: Мектеп жұмысын басқаруды жүйелендіру
Өткізу уақыты: 2009-2012жж
Қажетті ресурстар:
№:
Іс шаралар: Мектеп қызметкерлерінің жүктемелерін есептеу жүйесін енгізу
Өткізу уақыты: 2009 ж
Қажетті ресурстар: Компьютер
№:
Іс шаралар: Санитарлық талаптарға сай сабақтар кестесі мен жұмыс кестелерін құру
Өткізу уақыты: 2009-2012жж.
Қажетті ресурстар:
  1. Мектеп кітапханасының жұмыс жүйесін ақпараттандыру

Қазіргі таңда кітапхана жұмысын ақпараттандыру сапалы білім берудегі ең негізгі сала болып табылады. Қажетті ақпараттарды қайдан қалай алуға болатынын, ақпарат аумағының көлемін, тиімділігін, сапасын білу үшін кітапхана жұмысына төмендегідей міндеттер қойылады:

  • электрондық каталог жасау;
  • электрондық оқулықтардың, сайттардың тізбесін жасақтау;
  • кітапхана қызметін қолданушылардың электрондық деректер базасын жасақтау;
  • оқу құралдарын беру процесін автоматтандыру;
  • мектеп сайтының «мектеп кітапханасы» бөліміне кітапханаға түскен жаңа құралдар мен мұғалімдердің әдістемелік нұсқаулары, жаңалықтар туралы ақпараттар енгізіп отыру;
  • кітапхана жұмысы туралы ақпараттар мен жетістіктері туралы ақпараттар мен бейне фильмдер жинақтау;
  • мектеп кітапханасын ақпараттандырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасақтап, бекіту.

Атқарылатын іс шаралар жоспары

Іс шаралар
Өткізу уақыты
Қажетті ресурстар
№:
Іс шаралар: оқу құралдарын беру процесін автоматтандыру
Өткізу уақыты: 2009 ж.
Қажетті ресурстар: компьютер
№:
Іс шаралар: Оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету
Өткізу уақыты: 2009-2012 жж.
Қажетті ресурстар:
№:
Іс шаралар: Мәтіндік электрондық жинақтар құрастыру
Өткізу уақыты: 2009, 2010
Қажетті ресурстар:
№:
Іс шаралар: Мектеп кітапханасын ақпараттандырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасақтап, бекіту
Өткізу уақыты: 2009 ж.
Қажетті ресурстар:
  1. Мектептің телекоммуникабельдік инфрақұрылымын жетілдіру

Мектептің телекоммуникабельдік инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру ақпаратты алу, жетілдіру, өңдеу және есеп берудің тиімді де ауқымды жолдарын кеңейту болып табылады. Бұл жұмысты жандандыру мақсатында төмендегідей жұмыстар жоспарланады:

  • Мектепке орнатылған интерактивті тақталардың барлығын дерлік интернеттік желімен қамтамасыз ету;
  • Мектеп ішіндегі барлық компьютер арасында жергілікті желі арқылы байланыс орнату;
  • Аудан көлеміндегі аймақтық байланысқа қосылу;
  • Информатика кабинетін компьютерлермен жабдықтау;
  • Компьютерлермен жабдықталған кабинеттерді терезелеріне жалюзи мен кондиционерлермен жабдықтау;
  • IP-телефонии байланысын орнатуға сұраныс жасау. Қызметкерлердің ақпараттық сауаттылығын арттыру

Мектептің мұғалім мамандарының, әкімшілік-басқару, оқыту және практикалық жұмыс жасауда көмекші қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру мектепті ақпараттандырудың негізгі талабының бірі. Бұл істі жүзеге асыру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілуі шарт:

  • Уақытылы облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру институтының тақырыпты курстар өткізу жоспарына сай мамандардың білім жетілдіру курстарынан өтіп отыруына жағдай жасау;
  • Мектеп мұғалімдерінің білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізіп, тиімді қолдануларына және нәтижелерін сараптап отыруларын қадағалау, озық іс тәжірибелерді тарату;
  • Мектепішілік «Ақпараттық коммуникациялық құрылғыларды тиімді қолдану шеберлігін арттыру» тобының жұмысын жүйелеп, мектеп қызметкерлеріне компьютерлік техникаларды тиімді қолдану шеберлігін арттыруға бағытталған семинар - практикумдарды ұйымдастырып өткізу; (жылына екі рет. Қараша, наурыз айларында)
  • Мектеп мұғалімдері мен оқушыларының мультимедия, гипертекст, Интернет желісін, Activstudio мүмкіндіктерін, қосалқы құрылғыларды (принтер, сканер, факсмодем, GLX, Activote құрылғыларын) тиімді қолдана білуге үйрету;
  • Мектеп қызметкерлерінің қарапайым Microsoft Officce 2007 қолданбалы бағдарламасын қолдану шеңберлігін кеңейту мақсатында қосымша сағаттар ұйымдастыру (жылына екі рет. Тамыз, қаңтар айларында) ;
  • Мектеп оқушыларына 5 сыныптан бастап қосымша сағаттар өткізу арқылы ақпарат алмасып, Интернет желісін шолу тәжірибелерін арттыру. Ақпараттық білім беру орталығын құру

Көктөбе орта жалпы білім беретін мектебінің жұмыстану аймағына мектеп мұражайы, мектеп жанындағы интернет, мектепке дейінгі даярлық мекемелері, мектептен тыс ұйымдар мен коррекциялық мектеп енеді. Сонымен қатар мектеп ішінде мектепалды даярлық топтармен, коррекциялық сыныппен, үйден оқыту, пәндерді тереңдетіп оқыту, бағдарлы білім беру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Осылармен жүйелі үздіксіз оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы ақпараттық білім беру орталығын құру қажеттілігі туындайды. Орталық алдына оқушылар мен мұғалімдерді ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру;
  • Ғылыми-практикалық конференциялар, пәндік олимпиадалар, сайыстар өткізу;
  • Оқушылармен сабақтан тыс кезде қосымша факультатив сағаттарын өткізу арқылы бағдарлы және жан жақты тереңдетілген білім беру;
  • Интернет арқылы сырттай білім беру ресурстарын қолдануға жағдай туғызу. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту

Ақпараттандыру бағдарламасының барлық бөлімдерінің орындалуының маңызы мектептің материалдық - техникалық базасының жетілуіне байланысты.

Бұл орайда мектеп алдында келесі міндеттер тұр:

  • Мектептің информатика кабинетіндегі және басқа салаларындағы компьютерлік техникаларды ауыстыру және тағы бір мультимедия кабинетімен жабдықтау;
  • Мектеп ішіндегі компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру және Интернеттік байланыс орнату;
  • Мектеп әкімшілігі қызметкерлерінің кабинеттерін желіге қосылған компьютерлермен жабдықтау;
  • Мектептегі бар бағдарламаларға жаңартулар орнату және қажетті бағдарламаларға сұраныстар жасау (Dr. Web немесе Касперский вирусқа қарсы бағдарламаларға, Photoshop, Corel Draw, Turbo Pascal, Visual Basic, Microsoft Office 2007 лицензиялы бағдарламаларымен жабдықтауға) ;
  • Мектеп мұғалімдерінің қолданып жүрген әдіс тәсілдерін, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тарату мақсатында электрондық жасақтамалар әзірлеу;
  • IP - телефония байланыс желісін орнатуға қажетті құралдарға сұраныс жасау (модемдер, шлюздер) ;
  1. Ақпараттандыру жұмыстарын басқару

Мектептің ақпараттандыру жұмысының бағдарламаға сай жүйелі жүргізілуін бақылау мақсатында «ақпараттандыруды бақылау кеңесі» (АБК) құрылып, әр бағытқа жауапты мүшелер тағайындалып, жұмыстың жүргізілу нәтижесі мектептің АБК кеңесінің отырыстарында талқыланады.

АБК кеңесінің мүшелері:

  • Мектеп директоры-Кеңес төрағасы;
  • Оқу ісінің меңгерушісі - төраға орынбасары;
  • Әдістемелік бірлестік жетекшілері (12 мүше) ;
  • Оқушылар комитетінің мүшесі;
  • Ата-аналар комитетінің мүшесі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
Қазақстандағы білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Компьютер - оқыту обьектісі
Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУ
Компьютерлік технологияның түрлері
Мектептің оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz