ТУРИСТІК МАРШРУТТАР ЖӘНЕ ТУРИСТІК ЖОРЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ


ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
М. И. Иргебаев, Н. С. Дускаева, Б. З. Зауренбеков,
Д. Н. Жүнісбек, М. Ахметкарим
СПОРТТЫҚ ТУРИЗМНІҢ
ТЕХНИКАСЫ МЕН
ТАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
М. И. Иргебаев, Н. С. Дускаева, Б. З. Зауренбеков,
Д. Н. Жүнісбек, М. Ахметкарим
СПОРТТЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕХНИКАСЫ
МЕН ТАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Оқу құралы
Алматы, 2019
ӘОЖ 379. 5(075)
КБЖ 75. 81я7
С-74
Басылымға Қазақ спорт және туриз академиясының ғылыми
кеңесінің шешімімен ұсынылған
(5 желтоқсан 2019 жыл Мо 4 хаттама)
Рецензенттер: В. Н. Вуколов педагогика ғылымының докторы, профессор.
Д. Р. Абдыкадырова педагогика ғылымының кандидаты,
профессор.
Ж. И. Жунусбеков педагогика ғылымының кандидаты,
профессор.
С-74 М. И. Иргебаев, Н. С. Дускаева, Б. З. Зауренбеков, Д. Н. Жүнісбек,
М. Ахметкарим. Спорттык туризмнің техникасы мен тактикасының
негіздері. Оқу құралы: / М. И. Иргебаев, Н. С. Дускаева,
Б. З. Зауренбеков, Д. Н. Жүнісбек, М. Ахметкарим - Алматы: ҚазСТА,
2019. - 184 6.
ІВМ 978-601-7964-36-8
Бұл оқу құралында туризмнің белсенді түрлерінің сипаттамасы,
техникасы мен тактикасының негізгі түсініктері, спорттық саяхаттардың
халықаралық жіктеу жүйесі көрсетілген. Спорттық туристік жорықта
қолданылатын құрал-жабдықтар, тамақтану және сулы-тұзды тепе-теңдік,
сондай ақ, жорық кезінде тап болуы мүмкін қауіптер, жарақаттану мен соған
қарсы қауіпсіздік шаралары, туристің моральдық-психологиялық
дайындығы мәселелері) қаралады. Оқу құралы студенттерге,
магистранттарға, ЖОО және колледж оқытушыларына арналған.
ӘОЖ 379. 5 (075)
КБЖ 75. 81я7
І8ВМ 978-601-7964-36-8 ОҚазақ спорт және туризм академиясы, 2019
СиИргебаев М. И., Дускаева Н. С., Зауренбеков Б. З.,
Жүнісбек Д. Н., Ахметкарим М. 2019
КІРІСПЕ
Қазіргі туризмге баулу саласында жүргізген зерттеулердің
қортындысы бойынша, адам уақыт пен кеңістікте қозғалысын мөлшері он
мың жыл бұрын бастағанын дәлелдейді. Соның ішінде мақсатты
саяхаттардың материалдық емес жағы, материалдық жағынан бұрын пайда
болған, олар неғұрлым күрделі, алдыңғы шепте және адамзат үшін мәңгі
болашағы бар. Адамның өмір салтының дәл осы қажеттілігі ғылымда
белсенді деп аталатын туризм түрі қалыптасты.
Белсенді деп, маршрутта қозғалу тәсілі туристің өз дене күшін
жұмсауын талап ететін сипаттағы туристік саяхат түрлері аталады. Белсенді
туризмге спорттық саяхаттардың алуан түрлері жатады: жаяу, шаңғы,
таудағы, судағы (қозғалтқышы жоқ жүзу құралдарды пайдаланатын),
велосипедті және басқалар, немесе бернешеуін әр телімде кезек пайдалануы
да мүмкін. Көлікті қолданатын жоспарлы туристік саяхаттарға көп жағдайда
белсенді бөлімдерін қосады. Соңғы 20-22 жылда, шетелдік туристік
топтарды қабылдайтын қазақстандық туристік фирмалар осындай турларды
жиі ұсынады.
Мамандардың ойынша, спорттық туризмнің спорттық шыңдалу
қызметі табиғи кедергілерді бағындыруды, яғни адамның жергілікті жерде
қауіпсіз жүруі үшін қажетті толық білім, дағды және икем кешенін
жетілдіру және күрделі жер бедерін өтуге қажетті физикалық дайындығын
жетілдіру.
Белсенді саяхаттарды Қазақстанның туристік индустриясында
кеңмасштабты пайдаланудың жаһандық сондай ақ, аймақтық Мағынасы бар.
өйткені белсенді туристік жорықтарда туризмнің әлемдік әлеуметтік
құбылыс ретінде барлық қызметтері: танымдық, әлеуметтік-
коммуникативтік, спорттық, эстетикалық, эмоционалды-психологиялық,
сауықтыру, шығармашылық, кей жағдайларда - қажылық қызметі де
3
атқарылады. Белсенді туризмнің жаһандық мағынасы осыда. Қазақстанның
туристік-рекреациялық ресурстарының барлық көлемінің негізгі бөлігін
табиғи ресурстар құрайды. Оның ішінде, табиғи туристік-рекреациялық
ресурстарының көп бөлігін экономикалық мақсатта, белсенді туристік
саяхаттарды насихаттау арқылы пайдалануға болады. Міне, Қазақстанның
туристік индустриясындағы белсенді туризмнің аймақтық мағынасы осыда.
Қазақстан Республикасының туристік ресурстарына (ТР) жүргізілген
сараптама бойынша, Қазақстан территориясында белсенді туристік
саяхаттарға қажетті алуан түрлі ТР бар. Осы ресурстардың көп бөлігі
біріншіден тау және су туризмін дамытуға әлеуеті мол. Оған - Орталық,
Солтүстік, Батыс Тянь-Шань, Алтай және Жетісу Алатауының Қазақстан
Республикасының территориясына жататын бөліктері кіреді.
Қазақстандық туристік фирмалар әлі күнге дейін, республика
территориясында отандық және шетелдік туристер үшін белсенді туристік
саяхаттарды ұйымдастыру саласында нашар жұмыс істейді. Алайда
қазақстандық туристік-рекреациялық ресурстарын жақын және алыс шетел
мемлекеттері пайдаланады.
Қазақстандық туристік фирмалардың өз жұмысында белсенді
саяхаттарды нашар қолдануында көптеген себептер бар. Оның ішінде
туризмнің осы бағытында интеллектуалдық және кадрлық тапшылығы
айқын көрінеді. Белсенді туристік саяхатты ұйымдастыру, салмақты
ғылыми жобаларды және қызмет көрсететін топты жоғары кәсіби деңгейде
даярлауды қажет етеді. Белсенді қозғалыста өтетін саяхаттарда, қызмет
көрсетудің деңгейіне тек қана қызмет көрсету сапасы емес, сонымен қатар
туристердің денсаулығыда тәуелді. Сондықтан да, қызмет көрсету топтарын
білмейтін адамдардан құру, қиын жағдайларға соғуы мүмкін.
Белсенді саяхаттарды тиімді ұйымдастыру спорттық туризмнің дамуы
белгілі бір деңгейге жетпей мүмкін емес. «Турист» журналында басылған
мәліметтерге сүйенсек 1974-1980 жылдары «Туризмнен КСРО спорт
4
шебері» атағын шамамен 400 адам алған. Туристік әдебиетте; спорттық
туризмге сұраныс білдірген 22 ірі орталықтардың ішінде, Алматы да бар.
Кеңестік одақтың құлдырауы спорттық туризмнің дамуына кері әсерін
тигізді. 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы спорттық туристік
топтардың саны 20%, 23 мыңнан 19 мыңға қысқарды. Ал 1992 жылдан
бастап одан да күрт төмендей бастады. Соның зардабын әлі күнге дейін
көріп келеміз.
Оның бірден бір басты себебі білікті мамандардың тапшылығы. Өткен
ғасырдың 90-шы жылдары мамандар жақсы өмір іздеп көбі басқа салаға
ауысса, кейбіреулері жақын және алыс шетелге кетіп қалды. Үңірейіп
қалған сол орынды осы күнге дейін толтыру мүмкін болмай тұр.
Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақтың ұлттық педагогика
университеті және «Тұран» университеті сияқты жоғары оқу орындарында
«Белсенді. туризм менеджері» мамандарын даярлау жұмысы
жүргізілгенімен, қазіргі туризм нарығындағы сұранысқа ол жеткіліксіз. Бұл
мәселенің бірден-бір себебі -- жалақының төмендігі. Туристік фирмалардың
төлейтін бастапқы жалақысы, өмір сүру қажеттілігіне жеткіліксіз, ал ЖОО
жаңа тамамдаған маман, өз бетімен өмірлік жолын тауып кету үшін
қосымша табыс іздеуге мәжбүр. Сондықтан олар басқа табыс көздерін іздеп,
басқа салаға кетіп қалады. Осы мәселені шешу жолы - ол, туризм саласын
мемлекеттің қарауына алғаны жөн.
1 БӨЛІМ. ТУРИЗМНІҢ БЕЛСЕНДІ ТҮРЛЕРІНІҢ
СИПАТТАМАСЫ
Адамзаттың ұйымдастырылған демалуының барлық түрлерінен,
соңғы уақытта туризм үлкен маңызға ие болуда. Адам қызметінің рухани
және әсіресе физикалық жақтарын жан-жақты дамытуға бағытталған
белсенді демалыстың осы түрінің әмбебап сипаты оған барлық жастағы
адамдардың кең қызығушылығын тудырады.
Ел халқының тұрақты тұратын жерінен тыс қысқа мерзімді және ұзақ
демалуға үздіксіз өсіп келе жатқан қажеттілігі демалысты ұйымдастыру
үшін жарамды аумақтарды бөлу және жайластыру; түнеу орындарын құру;
тұрақты тұратын жерінен тыс жерде халыққа қызмет көрсету саласын
дамыту; рекреациялық көші-қонға байланысты адам ағынын қалыптастыру
мақсатында көлік желісін ұйымдастыру және тасымалдарды ұстау; оны
қанағаттандыру үшін қажетті ресурстарды молайту және қорғауды
ұйымдастыру қажеттілігін айқындайды.
Туризмнің белсенді түріне көбіне жорық кезінде туристің өзінің
дене қуатына мол талап қоятын түрлері жатады. Мысалы: тау, жаяу,
шаңғымен, суда жүзу, велосипед т. б. түрлері, сонымен қатар аралас түрі де
болады. Автобус, поезд, теплоходтарды да пайдалана отырып жасалады.
Белгілі бір орынға жеткен соң, бір жерде бірнеше күнге созылатын
белсенді емес түрі де болады.
Спорттық туризм ұғымы - белгілі маршрутта әртүрлі қиындықтарды
жеңе отырып жасалатын жорықты білдіреді. Сондай ақ, туризм әдісі
бойынша жарыстарға т. б. туризм түрлерінен жарыстарға қатысып,
желілерде жүріп өту әдісін жетілдіріп, туристердің шеберлігін көтеріп
отырады. Жол қауіпсіздігінің алуан түрлі тәсілдерін қолдану ережелерін
жасайды. 1949-шы жылы спорт туризмі жеке түр ретінде, бұрынғы
кеңестер одағында «Бірыңғай бүкілодақтық спорттық жіктелуге»
6
еңгізілді. Спорттық санаттар мен туризм шебері атағы - қатысқан
жорықтарының санына және оның күрделілік дәрежесіне, сондай-ақ,
жорықтарға жетекшілік ету тәжірибесіне байланысты беріледі.
Жорықтың күрделілік дәрежесі - туристік маршруттардың
қиындық дәрежесіне қарай анықталады. Яғни топтық турдың жасақталу
тәртібі топтың мүшелерімен жетекшілерінің міндеті мен құқықтары,
құжаттардың реттелуі, туристік желіні айқындап дайындау, туристік
жорықты өткізу ережелері. Басында спорттық туризмнің төрт түрі болды:
жаяу, суда, шаңғы және велосипед. Уақыт ете келе оған тау туризмі,
моторлы туризм қосылды. 1969 жылдың соңына қарай спорттық
туризмнің бұқаралық сипатталған түрі - жаяу, су, тау, шаңғы түрі
болса, соның ішінде басқаларынан гөрі ырғақты дамығаны тау және су
туризмі болды.
Спорттық туризмге тән басты ерекшелік - неғұрлым ұзақ,
неғұрлым қиын маршруттағы жорықтарды ұдайы жетілдіріп отыру. Ол
әрине туристерден үнемі дене қуатын, техникасы мен тактикасын
шыңдап отыруды талап етеді. Ол туристерді табиғи қиындықтардың
бұрын белгісіз түрлерімен кездескенде, жаңа құрал- жабдықтар жасап,
оны жетілдіре беруге бастап отырады.
Спорттық туристік жорықтарға қойылатын талаптар, маршруттың
күрделілік дәрежесіне (КД) қарай үш топқа бөлінеді: арақашықтығына,
жұмсалған уақытқа және техникалық күрделілігіне қарай. Сипатына
қарай жолда кездесетін бөгеттердің саны, қиындығымен өлшенеді.
Жаяу, тау, шаңғы, су, жорықтарының маршруттары 6 к. д. -не,
велосипед, автокөлік, моторлы және спелео (үңгір) жорықтары 5 к. д. -
не бөлінеді. 1 к. д. қарапайым маршрутты көрсетеді, ал 5-ші, немесе 6-
шы к. д. күрделі жорық маршрутын көрсетеді. К. д. маршрутты
эталонмен салыстыру арқылы белгіленеді. Эталон - жорықтар
жіктелуінде берілген. Туризм жіктелуіндегі мерзім шамасы - турға
7
қатысатын шағын топтың толық дайындықтан өту мерзімі арқылы
белгіленеді. Маршруттың қашықтығы -- аталған маршрутқа сынақ
тапсыруға белгіленгев ең шағын қашықтық. Жорықтың қашықтығы мен
белгіленген уақыты маршруттың біліктілік комиссиясының (МБК)
шешімімен өзгеруі мүмкін. Мысалы: маршруттың өзгеруіне байланысты
ұзақтығы өзгеруі болмаса табиғи бөгеттердің санымен қиындығы
артуы, немесе ауа райы қолайсыздығына орай, маршрутты зерттеп,
зерделеу мерзімі де ұзартылуы мүмкін. Нормативтік мерзімге демалыс
күндері кірмейді, және ол демалыс күндері маршрут мерзімінің 20%
аспау керек. Маршрут мерзімін қысқартуға өте ерекше жағдайда ғана
жол беріледі және ол нормативтік мерзімнің 25% аспауға тиісті.
Маршруттың негізгі бөлігі - сызықты немесе шеңберлі болады,
қашықтығы барлық қашықтықтың 75% аспағаны жөн, және өте
күрделі бөгеттер жағдайында алынған к. д. бойынша. Шеңберлі
маршрут қашықтығының жүріп өткен жолы толық есептеледі де
сызықты маршруттың бір бағыты ғана алынады.
Кез келген к. д. маршруттың техникалық күрделілігін, туризмнің әр
түріне тән белгіленген шамалармен мөлшерленеді. Аталған к. д. -
қиындықтардан өтудің техникалық қиындығы, бөгеттердің сипатында
белгіленген ауданның жіктелілік күрделілігінен төмен болмауы тиіс.
Бөгеттер сипаттамасына орай маршруттық біліктілік комиссиясы (МБК)
- оған қатысушы туристердің техникалық шеберлігінің дәрежесін
анықтайды. Оны анықтау кезінде, аталған аймақтан өтудің толық
қауіпсіздігі ескеріледі.
Туризмнің тау маршрутын жіктеуде бағыттың қиындығын
айқындайтын асулар саны есепке алынады. Тау жорығын қиындата
түсетін жағдайда асулар санын азайтады. 6 к. д. жорық оған жатпайды.
Жорыққа қатысушылардың тәжірибесі мен біліктілігін ескеріп
МБК келісімімен, маршрутты қиындата түсетін асулар саны көбейуі де
8
мүмкін. 1989 жылдан бастап маршрут құрамына биік тау шыңдарына
көтерілу ендіріле бастады. Маршруттағы мұндай элементтер саны
(қиындығы - асулар қиындығынан ауыр емес) екіден аспағаны жөн. Тау
шыңдарына көтерілу шамасы МБК ұйғаруымен қысқартылуы да мүмкін.
Спелео саяхат маршруттарын бағалауда - жорықтың сипатын анықтайтын
үңгірлер саны ескеріледі. Егер әр жорық мезгілінде өтетін үңгірлер
ұзақтығы 1, 2 к. д. болса.
Туризм түріне қарай, жорықтардың күрделілік дәрежесі және
еліміздің негізгі туристік аудандары белгіленген. Шағын мерзімді, 1-ші
күрделілік дәрежеден төмен жорықтар - дәрежесіз жорық деп саналады.
Дәрежелі және дәрежесіз жорықтарда жоғары дәрежеге тән жерлер
кездесуі әбден мүмкін.
Мұндай жағдайға тап болған туристер тәжірибесі, қажет талаптарға
сәйкес келетіндей болғаны жөн. Туриске қабылдау кезінде, аталған
қиындықтардан өтуі ескерілгенмен, турист спортшы біліктілігімен спорт
санатын тағайындауда есепке алынбайды.
Қиындықтар күрделілігі, көрсеткіштер классификациясы
әртүрлі жорықтарда кездесетін бөгеттермен қиындықтар шамасына
қарай сипатталады. Мысалы: батпақ, құм, өткел, асу, орман, қар,
мұздық, су, үңгірлер т. б. Туристік жорықтың қозғалыс белсенділігін
көтеру үшін менеджер, спорттық туризмнің барлық түрлерінің жалпы
сипаттамасын, ерекшеліктерін толық білуі керек.
Авто-моторландырылған туризм -- автомобиль, мотоцикл және
мопедпен өткізілетін саяхаттар. Климаттық себептерге қатыссыз, жолда
әртүрлі табиғи аумақтан өтетін, елді мекендерден аулақтау, дене қуатын
салыстырмалы түрде аздау шығындап, негізгі күш авто-мото көлігіне
түсетін жорықты туризмнің белсенді түріне жатқызады. Бұл жорық үшін
желінің көп бөлігін қамтитын жолдар болуы керек. Автожорығында
басты кедергілер - бетінде қатты төсеніші жоқ батпақ, тас, қар, құм
9
бөгеттері көп жолдармен тау асулары саналады. Спорттық авто-мото
туризмі бірыңғай спорттық квалификацияға және жорықты өткізу
ережесіне сүйенеді. Спорттық авто-мото туризмі - ұзақтығы, қашық-
тығы және жорық күрделілігіне қарай алты дәрежелі күрделілікке бөлінеді.
Велосипед туризмі - велосипедпен өткізілетін жорықпен
саяхат. Велотуризм әр жастағы адамдарға қиын емес. Онымен жәй
жолдарда, соқпақтарда жүре беруге болады. Дене қуатына түсетін
салмақта аса ауыр емес. Велосипедпен терең жыралардан, шөл даладан,
тасы көп тау соқпақтарынан, әртүрлі борпылдақ, шөгінділерден де
оңай өтіп кетуге болады. Жүріс қарқыны, жол жағдайы, бөгеттер, ауа
райы құбылыстарына қарай велотуристер күніне 40-120 шақырымдай жол
жүре алады. Велосипед жорығына қажет құралдардың барлығы түгелдей
велосипедке бекітіледі. Экологиялық жағынан велотуризм ең тазаның
бірі болып саналады.
Су туризмі - өзендер, көлдер, теңіздер және су қоймаларында
туристік қайықтармен, мұхиттарда кемелермен (лайнер) өткізілетін
туризм түрі. Су туризмі -- сауықтыру. дене шынықтыру, көңілді демалыс
ұйымдастырудың бірден-бір тиімді жолы болып есептеледі. Туризм-
нің бұл түрі адамдардың жас шамасына қарамай, көпшілігіне
қолайлы және оған әркімнің мүмкіндігі бар. Оған, меншік қайықтар
мен құрастырмалы байдаркалардың көптігі, туристік кемелер молшы-
лығы жағымды ықпал етеді. Ең қарапайым су жорығында, турист жақсы
жүзе білуі, бүлінген қайықпен байдарканы тез, әрі оңай жөндей білуі,
тамақтары мен киімдерін су болмайтындай етіп, әдемілеп жинап сақтай
білуі, қайыққа дұрыс отырып, түсіп, шыға білуі, ескек есуге, басқара
білуге, жағалауға дұрыс келіп, одан шығып кетуді дұрыс орындауы шарт.
Сондай ақ, ол су жолында кездесетін бөгеттермен қиындықтардың тілін
біліп, кез болғанда одан құтылу амалдарын дұрыс, әрі жылдам колдана
білуге міндетті. Олай болмағанда денесіне әртүрлі жарақаттар алып,
10
тіпті суға батып кетуі де мүмкін. Өзін-өзі және топты қорғаудың әдістерін
жан-жақты игеріп, суға батқанда көрсетілетін алғашқы көмекке дайын
болуы шарт. Туристің шеберлігі мен жан-жақты білімділігі аса ауыр
жағдайларға тап болғанда ғана емес, аса қауіпті жерлерден өту кезінде де
қажет. Сақтандыру шараларының мақсаты-апатқа тап болғандарға
жылдам, әрі сауатты көмек көрсету. Қираған кемедегілерді барынша тез
жағаға шығару.
Тау шаңғысы туризмі - табиғи биік таулы шатқалдан сырғанау
және қолдан жасалған арнайы тау жолында өтетін екі топқа бөлінеді.
Тау шаңғысы спортынан тау шаңғысы туризмінің айырмашылығы,
төмен сырғанау кезінде уақыт есептелмейді. Тау шаңғы туризмі қолайлы,
құлама бұрышы 259, ұзындығы бірнеше жүз метрден, бірнеше шақырымға
жететін, бетінде 30 см. кем емес қар жабындысы бар орын таңдалады. Тау
шаңғы турисінің жеке құралдарынан басқа - автоматты түрде аяққа
бекітетін және құлаған кезде өздігінен ағытылып кететін шаңғы,
таяғы, бәтіңкесі, костюмдері, бас киімі, көзәйнек кіреді.
Тау шаңғы туризміне - тау шаңғысымен жасалатын тау
жорығы да жатады. Ондай жорықтар, оған қатысушылардан белгілі
мөлшерде техникалық дайындығы мен қатар дағдыларды да талап етеді.
Ат туризмі- атқа мініп немесе жеңіл арбаға жегіп алу тәсілін
пайдаланады. Ат туризмі, әсіресе атқа мініп жасалатын саяхаттар
денсаулыққа және денені шынықтыру үшін өте пайдалы. Атқа мінген
адамның барлық бұлшық еттерінің қызметі, сағатына 4, 5-5 ҡм
жылдамдықпен жаяу жүрген адамнан кем болмайды. Ат жорық
кезінде, жаяу жүретін кездері де кездесіп отыруы мүмкін. Атпен саяхат
жасаған кезде ертоқымға артуға қолайсыз жүктер - арбаға, шаналарға
тиелуі немесе арнайы жабдықталған атқа артылады. Ат туризмі база-
ларында туристерді саяхатқа дайындау кезінде, атқа мініп жүруді, атты
жорыққа дайындауды, оны күтуді, қажет құрал-жабдықтарды пайда-
11
лануға үйретеді. Бұл іс-әрекет ашық алаңда, немесе 40х60 м қоршаулы
алаңда, ұзаққа созылатын жорықтарға дайындық далалық жағдайда
жүргізіледі. Оның бағдарламасына жаттығу жорықтары енгізіледі.
Негізгі жорыққа дайындық кезінде сыннан сүрінбей өткендер
жіберіледі. Атқа мініп өтетін жорық жолдары алуан түрлі болуы мүмкін.
Орманда, тау соқпақтарында, жолсыз жерлерде, далада, былқылдақ
шалғында, өзенмен көл жағасында да жүруге тура келуі де ғажап емес.
Тау туризмі - көбінесе қиын жолдармен (шаншылған тік құлама,
мұздық асу), таудан тауға өту арқылы өткізіле беретін түрі. Тау туризміне
тән жағдайлар: атмосфералық қысымның төмендігі, күн сәулесінің
радиациясы, биіктікте денеге өте жоғары жүктеме әсер етеді, әртүрлі
құралдарды және қозғалыс әдістерін пайдалана отырып, кездескен
қиындықтарды жеңу. Ол үшін әрине қауіпсіздік ережелерін, бағыттан
өтудің арнайы тәсілдерін де ұмытуға болмайды. Тау жорығының ең
басты табиғи кедергісі - асулар болып есептеледі. Асулардың саны мен
күрделілік дәрежесі маршруттың және жорықтың ауырлығы мен
қиындығын көрсетеді.
Таудағы аса қауіпті жерлер - құлама құздар мен шатқалдар (оларда -
сусып сырғанап кету, құлап түсуден зақымдар болады) . Оған қоса қар
көшкіні, тас құлауы, сел, қар астындағы үлкен жарықтар, найзағай, жел,
жауын-шашын, тұман, күн радиациясының артып кетуі. Гаудағы табиғи
жағдайлар, таудағы жорық тәсілін белгілеп отырады. Биік тау жағ-
дайына калыптасу, жол дорбаны мүмкіндігінше ең төмен шегіне дейін
жеңілдету, аса қиын жерлерден көбінесе таңертеңгі уақыттарда өту, бұл
кездерде өзендерде су аз, қар көшкіні, тас құлау мүмкіндігі аз. Себебі-
бұл кезде, күн жер бетін қыздыра қоймайды. Яғни, бұл кезде қауіпті
құбылыстар, қайғылы оқиғалар мүмкіндігі өте төмен болады. Тау
саяхаты кезінде қауіпсіздік шаралары тәсілдеріне мыналар жатады:
құлама құз шатқалдан өтетін жолды белгілеу, түнде конуға лайықты,
12
қаупі аз орынды таңдап алу, жолдың көрінбейтін, белгісіз бөлігін
міндетті түрде барлап алу, қиын жерлерден өту әдісінің бірнеше
нұскасын қарастыру. тиімдісін таңдап алу, топ тұрған жерден, көрінетін
аралықты толық барлап, жүруге дайындау қажет. Ол үшін -- жолды барлау
және оны дайындау, әдетте қонатын жерден кешкі тамаққа дейін немесе
таңертең негізгі топ жолға шығарға дейін жасалады. Қазіргі
заманның тау туризмінің даму деңгейі - дені сау, әртүрлі жастағы
адамдарға қиын емес жорықтар жасай беруге қиындық келтірмейді. Тау
жорығы үшін қолайлы мерзім - маусым айының ортасынан, қыркүйек
айы толық деп есептеледі. 199! жылға дейін туризмнің спорттық түрін
КСРО туризм федерациясының арнайы комиссиясы басқарды. Оның
құрамына Қазақстан туризм федерациясы да кіретін. Соңғы кездерде
туристік жорықтарды белгілейтін барлық құжаттар Қазақстанның өкілетті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz