Мұстафа Шоқай туралы зерттелген тарихи материалдарды сабақ барысында қолданысқа енгізу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Түркі әлеміндегі есімі жұмбақ -- Мұстафа ғылыми жоба
Авторы: Әбішева Күнсұлу ОП-19о оқу тобы
Ғылыми бағыты: тарих секциясы
Жетекшісі: Нұрпейісова Әлия
РЕКЛАМА

ПОЛУПРИЦЕПЫ ОТ РОССИЙСКОГО ПРОИЗВОДИТЕЛЯ В НАЛИЧИИ!
ПОЛУПРИЦЕПЫ ОТ РОССИЙСКОГО ПРОИЗВОДИТЕЛЯ В НАЛИЧИИ!
ПОЛУПРИЦЕПЫ ОТ РОССИЙСКОГО ПРОИЗВОДИТЕЛЯ В НАЛИЧИИ!
БОЛЬШЕ НА
CMZAP.RU

Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Текті қазақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 бет
2.1. Мұстафа елін сатты ма? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12 бет
2.2. Мұстафа әулетінің қуғынға ұшырауы ... ... ... ... .16бет

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23бет

РЕКЛАМА

АВИАЗАПРАВЩИКИ ТЗА-10 НА БАЗЕ МАЗ, КАМАЗ, УРАЛ
АВИАЗАПРАВЩИКИ ТЗА-10 НА БАЗЕ МАЗ, КАМАЗ, УРАЛ
БОЛЬШЕ НА
LENKOMTECH.RU

Пайдалынған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .24бет
Аннотация

(И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің Теміржол мамандықтары бөлімінің ОП-19о оқу тобының оқушысы Әбішева Күнсұлудың Түркі әлеміндегі есімі жұмбақ- Мұстафа тақырыбындағы ғылыми жобасы)
Қазақ халқы өзінің өткен өмір жолында талай-талай тар жол, тайғақ кешу кезеңдерін басынан өткерген. Тәуелсіздік пен теңдікке жету жолында ауырпалық пен азапқа, талай қиындық пен мехнатқа қабырғасы қайыса тұрып төтеп берді. Атап айтқанда, XVIII-XIX ғасырлардағы Сырым Датұлы, Исатай -- Махамбет, Кенесары - Наурызбай және басқа да өжет ұлдар бастаған ұлт азаттық қозғалыстары халқымызға жеңіс әкелмеді. Әйтсе де, тұтас халықтың еркін ел болуға деген ізгі ниеті мен талпынысын тұншықтыра алмады. Бұны дәлелдейтін ғылымда да көптеген дәлелдер жетерлік. Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында. Жұмыстың мақсаты: елім деп еңіреп өткен бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімін дамыту болып табылады.
РЕКЛАМА

ПОЖАРНОЕ ОБОРУДОВАНИЕ
ПОЖАРНОЕ ОБОРУДОВАНИЕ
БОЛЬШЕ НА
AST07.RU

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, өмірі жұмбаққа толы, бүгінгі ұрпақ біле бермейтін қалтарысы мен құпиясы көп, ұлт-азаттық күрес тарихындағы аса көрнекті тұлға -- Мұстафа Шоқай туралы ескерткіштер мен құнды деректерді іріктеп, тарихи шындыққа лайық тәлімдік мүмкіндіктерін анықтай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда мектеп қабырғасында - ақ рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Мұстафа Шоқай туралы тарихи, қоғамдық пікірлерді тарих және филология, педагогика ғылымдары тұрғысынан алғаш рет кіріктіре қарастырдық.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Өшпес-өлмес Мұстафа бейнесін қайта жаңғырту жөнінде тың деректер Облыстық Сыр бойы газетіне ұсынылды.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
# Мұстафа Шоқай туралы қоғамдық және тәлімдік тарихи көзқарастарға талдау жасалынды;
# Жинақталған мағлұматтардағы тәрбиелік мәселелердің бүгінгі күн тәрбие мақсаттарымен үндестігі айқындалды;
# Мұстафа Шоқай туралы мектепте оқытудың тиімді жолдары мен әдістері анықталды;
Жұмыстың орындалу әдістері: тарихи түпдеректермен танысу, жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау;
# тарихи, педагогикалық еңбектерді талдау, іріктеу, тұжырымдау.

Түркі әлеміндегі есімі жұмбақ - Мұстафа

Әбішева Күнсұлу
ғыл. жетекшісі:
И.Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық-
техникалық колледжінің
Теміржол мамандықтары
бөлімінің ОП-19о оқу тобының
оқушысы
секция: Тарих

Қазақ халқының өткен тарихына зер салсақ, оның бұрмаланбаған беттері кемде-кем. Сондықтан да болар, кей тарихи шындықты қиялдан ажыратып алу қиынға соғады. Кім батыр, кім сатқын? Кім халық үшін қам жеді, кім жеке басының пайдасын ойлады? Кім өз өмірін елі үшін қиды? Кім тарихи жолда шын қателесті, кім қасақана халқының қанын төкті? Иә, бұл сауалдарға жауап беру де оңай емес. Әділдігі сол, тарихта із қалдырған белгілі қайраткелердің қызметтерін, тіршіліктерін, іс-әрекеттерін олардың өмір сүрген уақытына, заманына, сол кездердегі тарихи кезеңдерге сай бағалау қажет. Уақытты өзгертуге қақымыз жоқ, оны таңдауға да болмайды. Тек әр адамның қилы-қилы кезеңде өз жолын таңдауға құқы бар.
Орта Азия мен Қазақстан халқының тағдыры кімді ойландырмады? Түрлі-түрлі партия мен топтардың билік үшін күрескені де рас. Қалай болғанда да шындығы сол. Қазақстан КСРО-ның бір республикасы болып шыға келді. Жеңіске жеткендер биледі, ал жеңілгендер жаппай жазаланды, қуғын-сүргінге ұшырады.
Мұстафа Шоқай солардың кебін киді, ерікіз туған жерін тастап,шет елге
кетті. Бірақ ол әдепкі тандаған өмірлік жолынан бас тартқан жоқ. Шетелде өткен жиырма жылдан астам ғұмырында туған елінің азаттығы үшін күресті. Оның айғағы- Батыс елдерінде бастырып шығарған кітаптары
мен журналдары, саяси-қоғамдық, публицистикалық мақалалары. Бұл еңбектерінде ол Кеңес үкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы отаршыл саясатын үздіксіз әшкерелеп, оған әділ бағасын беріп отырды.
Мұстафа Шоқайдың өмірі Түркістан халықтарының кеңес билігіне қарсы жүргізген демократиялық тарихының маңызды бір бөлігі болып табылады. Халқының өз тағдырын өзі белгілеу құқығын иелену барысында саясаткер болу Шоқайдың тағдырына жастық шағынан бастап-ақ жазылған секілді.
Студенттік жылдарының өзінде ол саясаттың бел ортасында жүрді. Петербург университетінің заң факультетінде оқып жүргенде Ресей мемлекеттік Думасының жұмысына қатысты. Мұсылман депутаттардың Түркістан мәселелерін Думаның күн тәртібіне енгізуінде маңызды рөл атқарды.
Нацистермен ынтымақтасудан бас тартып, опат болған Шоқайға кеңестердің сатқын ретінде ат қойып, айдар тағып, ұзақ жылдар үгіт-насихат жүргізуі тағдырдың тәлкегі болды.
Кеңестік кезеңде жаппай жүргізілген осы үгіт-насихаттың әсері соңғы жылдарға дейін жалғасты. КСРО-ның соңғы кезеңінде барлық шындықтын бетін ашуға жариялылық саясатының арқасында Қазақстан тарихына қатысты мәселелер қайта қаралды. Кеңестік идеялогияны әділетсіз түрде айыптап, тыйым салған қазақ зиялыларының барлығы 1989 ж ақталды. Олардың арасында Алашорда ұлттық қозғалысының жетекші қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Дулат және А.Байтұсынов болды. Бірақ Шоқайдың да нақақтан-нақақ халық жауы деп жарияланып, тыйым салынғанын тілге тиек етіп, мәселе көтеруге бастапқыда ешкім батылдық таныта алмады.
Қазақтың соңғы шыңдығы болып табылатын Шоқай тағдырының қилы беті өзге ақтандақтар ашылғаннан бір жыл өткеннен кейін ғана күн тәртібіне енгізілді. Оның халық жауы емес, нағыз халық қаhарманы екені айтылды. 1991 ж тәуелсіздігін жариялағаннан соң Қазақстанның тәуелсіздік символына айналды.
Шоқайды қазақ тарихының көрнекті тұлғаларынан Кенесары Қасымовпен салыстыруға болады. Белгілі болғанындай, Кенесары патшалық Ресей 1822 жылы таратқан Қазақ хандығын қайтадан жандандыру үшін күрескен көрнекті тарихи тұлға. Осы орайда патша әскелеріне қарсы белгілі бір уақытқа дейін табандылық көрсетті. Тіпті хан болып та сайланды. Бірақ, Кенесары мақсатына жете алмай опат болды. Солай болса да, Кенесары патшалық дәуірдегі ең маңызды ұлт-азаттық қозғалысын басқарғаны үшін тәуелсіздік күресінің жарқын символы болды. Зерттеушілер Кенесары туралы тарихи зерттеулер мен әдеби шығармалар жазып, жас ұрпақтың бойында азаттық күресінің рухын асқақтатуға күш жұмсады. Осы тәрізді Шоқайдың да Түркістандағы Кеңес билігіне қарсы жүргізген еңбегі еленіп, оның мұрасын жарыққа шығару, ескерткіш орнатып, қоғамдық орындарға атын беру, тарихи тұлғасына құрмет көрсету іс-қимылдары жалғасуда. Кенесарының кеңес дәуіріндегі ұлт-азаттық рухты бейнелеген тұлғасы сияқты Шоқайда Қазақстанның тәуелсіздігінің мәңгілік екенін бейнелейтін ұлттық тұлға. Мұстафа Шоқайдың өнегелі еңбегімен Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы мазмұны тереңдей түсері анық.
Ұсыныс:
# Мұстафа Шоқай туралы зерттелген тарихи материалдарды сабақ барысында қолданысқа енгізу.

Мұстафаның руы - Қыпшақ. Жалпы Сыр өңірін мекендеген қыпшақтар беске бөлінеді: олар- Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарбалық. Оның ішінде Торыдан Шашты, Шаштыдан Бошай, Бошайдан Арыс, Арыстан Қалдау, Қалдаудан Кілт, Кілттен Жанай, Жанайдан Темір, Темірден Қуатбай, Қуатбайдан Торғай, Торғайдан Шоқай, Шоқайдан Мұстафа туады.
Мұстафаның ұлы атасы Торғай Сыр өңірінде өте беделді, еліне айтқанын тыңдата алатын сыйлы кісі болған. Айтушылардың бізге жеткен әңгімесінен Әмударияның бойындағы Жұмық бидің қызы Баршагүлден туған Торғай өз заманының озық ойлы, парасаты мен пайымы мол, аузы дуалы, ел арасындағы үлкен бедел иесі болғандығын аңғарады.
Ал, Сары қыпшақтан шыққан Жұмақ, би Хиуа ханның ең жақын туысқаны болатын. Атақты бидің жиені боп саналатын Торғай екі әйел алған кісі. Оның бірінші әйелі -- Жайсаңнан төрт ұл: Шоқай ( азан шақырып қойған аты- Шоқмұхаммед), Қалмұхаммед, Әліш (Әлмұхаммед), Оспан дүниеге келеді, екінші әйелі - Тәжігүлден екі ер бала, бір қыз болған. Ер балалары жастай өліп, ұрпақ қалмаған. Одан кейінгі қыз алпысыншы жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-ның депутаты болған, Социалистік Еңбек ері, атақты шопан Айша Меңлібаеваның үлкен шешесі.
Халқының қалаулы, еліне елеулі болған Торғай Сыр бойында датқа деген құрметті атақты иеленген төрт кісінің бірі. Олар: Торғай (Торы қыпшақ), Тұрсынбай (Досан қыпшақ), Балаби (Бұлтың қыпшақ), Досбол (Көзей қыпшақ). Торғайдың тұсында Сыр өңірін Қоқан хандығы билеген. Даткалар дербес билік иелері. Олар басқарған елдер басқаларға қарағанда алым-салықты кем төлеген, датқалар күнделікті күйбең тірліктен жоғары тұрған ел басшылары.
Мұстафаның өз әкесі Шоқай ( Шоқмұхаммед- Торғай датқаның ең үлкен ұлы) 1916 жылы сексен жасында дүние салған. Демек, ол кісі 1836 жылы дүниеге келген. Кезінде би атанған, он екі жыл болыс болып, ел басқарған Шоқай бидің асы 1917 жылдың тамыз айында берілген. Бірақ, ол кісінің қашан болыс болғаны, қандай істерге араласқаны туралы нақты деректер жоқтың қасы.
Мұстафа 1890 жылы 7 қаңтарда қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірінші мамыр (қазіргі Мұстафа Шоқай атында) кеңшарының Әулие тораңғыл (Наршоқы деп те аталады) деген жерінде дүниеге кенлген. Ол Шоқайдан туған үш баланың (Сыздық, Мұстафа, Нұртаза) ортаншысы. Олармен аталас ұл балалардан соң дүниеге келген Әтіркүл және Фатима есімді екі қыз бар.
Мұстафа жастайынан өзін қоршаған дүние сырын меңгеруге деген құштарлығымен, естіген әңгімелерін есінде сақтау қабілетіменен ерекшеленген. Оқуға зерек жас алты жасында әкесінің інісі Әліш салдырған бастауыш білім беретін діни мектептің табалдырығын аттайды.
Алты жасар Мұстафа төрт жылдық мектепті екі жылда үздік бітіріпті. Ол шәкірттердің ішіндегі ең бірінші болып әптиектен құранға шыққан екен. Оның зеректігін білген молданың айтуымен Шоқай атамыз баласына тіл көзден сақтасын деп үкі таққан бөрік кигізген көрінеді.
Ауылдағы бастауыш білім беретін діни мектепті үздік бітірген Мұстафаның оқуын одан әрі жалғастыруына Әліштің көп көмегі тиген. Мұстафаның болашағынан көп үміт күткен ол ел ақсақалдарының айтуымен інісін одан әрі оқытудың өзінің азаматтық әрі ағалық парызы санаған. Сол мақсаттың жетегімен жасы сегізге қараған шағында ауыл мектебін екі жылда тәмамдаған алғыр жасты Ташкент қаласындағы гимназияда оқытуды ойға алады.
Гимназияға Мұстафаны алғаш апарған жылы оқуға орналастыра алмайды. Гимназиядағы патша шенеуніктері Мұстафаны бұратана ұлт өкілі санап, әрі оның ыс тілін білмейтіндігін сылтауратып, оқуға қабылдаудан бас тартады. Інісін гимназияға алдыра алмағанына қаты өкініп, ондағы мұғалімдерден беті қайтқан Әліш баланы ауылға алып кеткісі келеді. Оған бала көнбейді, өлсе де қайтпайтынын, биыл түспесе, ендігі жылы түсетінін айтып, жылап-еңіреп отырып алады.
Үмітсіз шайтан демекші, алған бетінен, қайтпайтын қайсар Мұстафа оқуға алынбағанына мойымайды, қайта жігерін жани түседі. Ташкент қаласында қалып, орысша үйренгісі келетінін айтады. Заман ағымының бірте - бірте өзгеріп, билік басындағы орыс тілін білмейтіндердің ығыстырылып, орыс тілін біліетіндердің наны жүре бастағанын аңғарған Әліш інім орыс тілін білсе, тілмаш болса да қалам ұшымен нанын тауып жер деген оймен Ташкенде қалып, оқытушы жалдап, Мұстафаға бір қыс бойы орыс тілінен дәріс алғызады. Зерек жас бірнеше айда басқа тілді де бір кісідей үйреніп шығады. Келер жылы гимназияға қайта барады. Тағы да жолы болмайды. Гимназия басшылары оқушылар жасақталып қойды, оқу басталып кетті деп қара аспанды жаудырып маңайлатпай қойды.
Бұл күндері есіл-дерті оқу боп жүген Мұстафа күнде таңертен шыттай киініп, гимназияға барып оның ашық тұрған терезесінің түбінде тұрып дәріс тындап тұрады. Оны ондағы мұғалімдер де байқайды. Бір күні бір мұғалім терезенің алдында тұған Мұстафаны шақырып алып, сынап көрейін деп бір-екі сауал қойса, қара бала орысша сайрай жөнеледі. Мұғалім аң-таң. Бала өткен сабақтардың бәрін жақсы меңгерген. Содан сол кісінің көмегімен оқуға қабылданды.
Өкінішке орай; жас желектей өсіп келе жатқан, келешекте халқының қамын ойлайтын үлкен саясаткер болар қазақтың қара баласына әкелік жанашырлық танытып, оны оқуға алдыртуға себепші болған сол бір ізгі ниетті орыс зиялысының есімі біз үшін жұмбақ.
Гимназияда өте жақсы оқыған Мұстафа мұнда да ұстаздарын алғырлығымен тәнті етті. Оқып жүріп, түрлі қоғамдық қызметтерге де белсене араласады. Гимназияда дәріс алып жүріп, шығыс тілдерін үйренуге, Шығыстың тарихы мен мәдениетін білуге құмартады. Түрік, парсы тілдерін жете меңгеруге шындап ден қоя бастайды.
Мұстафаның дүниетанымдық қабілеті өте-мөте күшті болған. Оның өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігі гимназияда оқып жүргеннен бастап-ақ оянған. Ол туралы мына бір естеліктен білуге болады:
Екінші бір хатында Мария Яковлевна (Мұстафаның зайыбы) сегіз жасар Мұстафа Ташкенттегі орыс гимназиясының алғашқа класында оқып жүрген кезінде ,- дейді жазушы Хамза Абдуллин. Петербордан үлкен бір поп келіп, гимназия алаңында шәкірттермен кездесу жасағанын жазды. Осы кездесудің алдында кішкентай Мұстафа сол гимназияда оқитын он шақты қазақ баласын жинап алып: Поппен амандасқанда кім де кім шоқынса, ол мұсылман емес, ондайларға арамызда орын жоқ болуы керек,- деп үрейлі уағыз айтады. Балалар: Жоқ, Мұстафа, біз ешуақытта да шоқынбаймыз, біз кәпір емес, мұсылманбыз! -- деп ант ішеді.
Сөйтіп, Ресей дінінің өкілі келеді. Гимназияның бастығы балалардың барлығын алаңға шығарып, тәртіппен тізіп қояды. Поп тізілген балалардың бір шетінен бастап амандасып, екінші шетіне қарай ақырын жылжып отырады. Сонда әрбір бала, поп өзіне жақын келгенде оң қолымен екі иығы мен маңдайын сипап, шоқынып салем беуге тиісті. Қазақ балаларының қатарына келгенде Мұстафаның сол жағында тұрған бір қазақ баласы шоқынып қалады. Сол кезде Мұстафа бір тас алып әлгі баланың маңдайынан періп жібергенде, ол өкіріп, жерге сылқ ете түседі. Гимназияның директоры жаман сасады. Бұл не сұмдық? деп поп директорға қарайды. Директор: Бұның не? деп Мұстафаға ақырады. Сонда Мұстафа: Мына мұсылман туған иттің баласы бір секундтың ішінде шоқынып, кәпір болып кетті ғой! Сол үшін жазаладым! деп жауап беріпті.
Осы бір естеліктен жас Мұстафаның бар болмыс бітімі, оның өмірге деген көзқарасының қалай қалыптасып келе жатқаны аңғарылғандай. Мұстафа гимназияны үздік алтын медальмен бітіріп шығады.Оқуын одан әрі жалғастыруға бел буады. Ал ағасы Әліш елде лауазымды қызмет істеу үшін осы білімінің жеткілікті екенін айтқанымен інісі ол білімді місе тұтпайтынын білдіреді. Жатпай-тұрмай жоғарғы оқу орнынга түсу үшін өз бетінше дайындала бастайды.
Мұстафаның одан әрі оқуына ат салысқан Әліш патша үкіметіне інісі арқылы қайта-қайта хат жаздырып, кедей шаруаның баласы ретінде оқуына арнайы қаржы бөлдіреді. Оның одан әрі оқуына Ташкент гимназиясындағы ұстаздарының да көп көмегі тиеді. Елінде абыройлы, атақты Шоқай би де баласының оқығаның құптап, оны қаржыдан тарықтымауды өз мойнына алады. Мұстафаның алғырлығы мен зеректігіне тәнті болып, оның келешегінен үлкен үміт артқан ауылдастары мен аталас ағайындары да орталай жылу жинап, ақшалай жәрдем көрсетеді. Білім нәрімен мейіі қанғанша сусындауды аңсаған жас ағасымен бірге Петерборды бетке алып жолға шығады. Әліш ағасының да еңбегі қайтып, талапты жас Петербордағы императорлық университеттің заң факультетіне оқуға түседі.
Мұстафа университетін оқып жүрегенде де қоғамдық қызметтің қайнаған ортасында жүрді. Табиғатында дарынды әрі еңбексүйгіш ол қайбір істі қолына алса да мүлтіксіз атқарып, шығатын. Сол кездегі түркі елдерін отарлаушы Ресейдің астанасы болып табылатын Петерборға хиуалық және хорезмдік хан ордасының өкілдері келгенде олармен қоян-қолтық араласып, тілмаштық қызмет атқаратын. Келген кісілердің өтініштері мен мұң-мұқтаждарын хатқа түсіріп, патша шенеуніктеріне жеткізетін. Осы қызметі арқылы оның есімі патша сарайының төңірегіндегілерге де жете таныла бастады.
Студент кезінде түрлі қоғамдық қызметтермен қатар ағылшын, француз, неміс тілдерін мақсат тұтады. Өзінің тәржімашылық жұмыспен айналасуын одан әрі жалғастырады.Зиялы қауыммен тонның ішкі бауындай араласып, білімділігі мен алғырлығының арқасында үлкен бедел мен абыройға бөленеді.
Петербор қауымындағы көрнекі тұлғаға айнала бастаған Мұстафа, ғылыми мәселелермен катар саясатқа да ден қоя бастайды. Әсіресе, оны ұлттық сипаттағы азаттық жолындағы күрес, халқына тәуелсіздік әкелу мәселелері қызықтырды.
Петерборда оқып жүрген кезінде қазақтың оқымысты азаматтарымен жақын араласады. Ұлт теңдігі мен тәуелсіздігі туралы мәселелер төңірегінде А.Байтұсынов, Ә. Бөкейханов (IV мемлекеттік Думанын сол кездегі мүшесі), С.Лапин, Махмуд-Ходжа Вехбуди, Мунесары секілді азаматтармен ниеттес әрі пікірлес болды. Олар бірге бас қосқан жиындарда Ресей отарлығында тұншыққан түкі тектес мұсылман халықтарының болашағы, кандастарын отарлық езгіден алып шығу жолдары туралы мәселелерді жиі талқылайтын, Ресейдегі сол кездегі партиялардың бағдарламаларына талдау жасап, пікір таластыратын.
Мұстафаның саясаткер ретінде көрінуі- 1912 жылы. Сол жылғы қазан айында түркі-балқан соғысы бұрқ ете қалды. Оған саясаткерлер мерзімді басылым беттерінде өз ойларын білдіріп жатты. Пікірталасқа Мұстафа да қатысып, жазықсыз құрбан болған қандас бауырларына жаны ашитындығын, патшалық Ресей саясатының отарлық бағыт ұстанғаның айтып, ол саясатты қолдамайтының сездіртті.
Мұстафаның студент шағындағы елеулі оқиғаларының бірі- оның 1914 жылдан бастап IV-Мемлекеттік Думаның мүшесі Әлихан Бөкейханов басқарған Мұсылмандар фракциясында хатшылық қызмет атқаруы. Бұл дүние астан-кестен болып жатқан шақ еді. Осы жылы 19 шілде де (1 тамызда) бірінші дүниежүзілік соғыстың алауы бірнеше мемлекетті шарпып өтті. Антанта одағындағы Ресей Германиямен соғыс бастады. Бір миллиардтан астам халқы бар 38 елді шапыған алапат шайқасқа 74 миллионға жуық адам қатысты.
Патшалық Ресейдің 1916 жылғы көтеріліске жауап ретінде күш жұмсаушылық әрекеті оның қырып-жоюға бағытталған саясатында өзінің ең биік шыңына дейін жетті. Осындай зорлық-зомбылық қолданудан Түркістан халқын қорғап қалу үшін тиісті тәсілдер іздестіру мен шаралар қолдану мәселесінде жас Мұстафа Шоқай өте үлкен әрі табысты роль атқарды.
Ел мүддесін ойлаған жалын жүректі жас саясаткер халқының басына қиын-қыстау күн туып, туған даласының аспаның қара бұлт торлағанда жаным-арымның садағасы деп шыбын жанын шүберекке түйіп озбырлыққа қарсы күреске шықты. Ғасырлар бойы халқын жаншып, еңсесін көтертпей езіп келген отарлық бұғауды быт-шыт қып үзуге әрекеттенді.Мұстафаның бұл ойын қолдаушылар да табылды. Олар Үлкен Түркістан одағын құруға кірісті.
Мұстафа Петербор университетін бітіре сала (кейбір деректерге Мұстафа университетті 1917 жылы бітірген деп жансақ жазылып жүр) 1916 жылы Қазан қаласына келіп, Түркістан бірлестігі деп аталатын құпия ұйым ашқан,- деп жазады Хамза Абдуллин,-Бұл ұйымның әуелгі басшылары бес кісіден тұрады: екі татар, екі қазақ және бір башқұрт. Екі татардың біреуі кім екенін ұмыттым, екіншісі- Сұлтанғалиев. Екі қазақтың бірі- Мұстафа Шоқайұлы, екіншісі- Мұхаммеджан Тынышбайұлы. Ал, башқұртқа келетін болсақ ол профессор Зәки Уәли. Ұйым мүшелері бір ауыздан өздерінің көсемі ретінде Мұстафаны тандайды. Бұл ұйымның іс-жұмысы патшалық Ресейдің қырағы көзінен тысқары, құпия жүргізіледі. Омбы қаласының бір банкісінде бұлардың сақталған қаржысы да болған...
Ресей тарихында 1917 жыл мемлекеттік төңкерісте жылы болып өтті. Петерборда ақпан айының соңғы күндерінде басталған халықтың толқуы ақыры қарулы көтеріліске ұласып, екінші Николай патшаны өз еркімен тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Сөйтіп, Ресейде қос үкімет: Уақытша өкімет және жұмысшы-солдат депутаттарының Кеңесі құрылды. Оның бірі буржуазиялық, екіншісі-жұмысшы табының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады да, екі үкіметтің екеуі де мәселе түркі мұсылмандарына тәуелсіздік беруге келіп тірелгенде жұмған ауыздарын ашпастан қалды. Олардың жүргізген саясаты көңілінен шықпаған Мұстафа қос үкімет басшыларына ренжіп, олардан бір жолата түңілді. Олар мұсылмандар қауымына дербес автономия береді деген сенімін жойды. Төңкерістен кейін Ресейдегі монархияны құлатсақ, барлық езілген ұлт автономиялық тәуелсіздік алады деп көпірген орыс саясаткерлері өкімет билігін қолдарына тиісімен бұрынғы берген уәделерін ұмытып кетті.
Түрік мұсылмандарының тәуелсіздік жаршысы іспетті болған үнқағаз маңына қазақтың сол кездегі ірі саяси қайраткелері мен зиялы қауым өкілдері тығыз топтаса түсті. Олардың қатарындағы А.Байтұсынов, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев секілді азаттық ансаған арыстар үні айқын естілетін. Олар кең байтақ қазақ даласын ұзаққа созылған мәңгүрттік ұйқыдан оятып, мұсылман қауымын бір тудың астына біріктіруді армандаған нағыз ұлт жанашырлары еді.
Сол жылы Мұстафаның ауылындағы туған - туысқандары 1916 жылы сексен жасында дүние салған Шоқай бидің асын беруге дайындалып жатты. Шоқай дүниеден өткен соң келіндері атасына арнап ұзақ жоқтау жыр шығарған.
Ауыл қариялары Шоқайдың ортаншы ұлы- Мұстафадан келешекте ел қамын ойлайтын үлкен жүректі азамат шығатына сенген. Оның болашағына үміт күтіп, оқуға алғытр жастың қайда жүрсе аман жүруіне тілектестік білдіріп, оны тіл мен көздің сұғынан сақтай көр деп аллаға мінәжат ететін болған. Бірде ауыл ақсақалдарының сондай бір игі тілек мінәжаты үстінде ойға батып отырған Шоқай би:
# халқым-ау, тілегің де, ниетің де дұрыс-ау, бірақ кәрі жүрегі түскі білімдер Мұстафаның рахатын көру сендердің пешенелеріңе жазылмаған шығар деп қорқа береді.,- деген екен дейді.
Ол ксінің бізге дейін жеткен осы бір сөзіне өмірден көрген түйгені мол, заман ағымын пайымдағыш ақсақал өз баласының болашағын ішкі түйсігімен сезді ме екен дегенде ой келеді.
Қоқан қаласында 1917 жылғы 27 қарашада құрылған автономиялық үкіметтің басшылығына Мұхаммеджан Тынышбаев, мүшелігіне Мұстафа Шоқай сайланады.
Екі ғасырдай дербес мемлекет болу хұқынан айырылып қалған қазақ халқы патша тағынан түскенде Ресейдің қол астындағы халықта бостандық алады, енді өз алдымызға ел боламыз деген тәтті қиялға берілді. Сол арманды жүзеге асыру қазақ зиялылары Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Шоқайұлы, М.Тынышбайұлы, Х.Ғаббасұлы, Ж. Досмұхамбетұлы, Х.Досмұхамбетұлы 1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша үкіметі құлатылғаннан кейін сәуір айында Орынборда тұңғыш қазақ сиезін шақырды. Оған Ақмола, Семей, Сырдария облысарынан, Бөкей ордасынан, Қазан мен Уфадан , Орынбордан бас аяғы үш жүздей адам қатысты. Онда облыстық және уездік Қазақ комитеттері құрылып, Жалпы қазақ сиезі өткізілсін деген қаулы қабылдады.
Бірінші жалпы қазақ сиезі Орынбор қаласында,1917 жылғы шілденің 21-26 күндері өткізілді. Онда қаралған он төрт мәселенің бірі- қазақтың саяси партиясын құру еді. Сиезде партияның атын Алаш деп атауға ұйғарым жасалды. Партияның бағдарламасын жасау және қазақ автономиясын құру мәселесіне даярлық жұмысының жоспары белгіленді.
Екінші жалпы қазақ-қырғыз сиезі 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынбор қаласында өткізілді. Оған Түркістан автономиясының министі Мұстафа Шоқайұлы да қатысып, Түркістан автономиясы туралы баяндама жасады.
Алайда, Кеңес өкіметінің Қарулы Күштері қыспаққа алған Түркістан автономиясының өмірі ұзаққа бармады.Автономия 1918 жылғы қаңтар айының аяқ кезінде большевиктердің Қоқан қаласын алуына байланысты өмір сүруін тоқтатып, оның басшылары балапан басына, тұрымдай тұсына кетіп, бас сауғалауға мәжбүр болады.

Ел тәуелсіздігі, бас азаттығы үшін күрескен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары санаулы еді. Олардың санаулы болса да, атқармақ шаруалары асқақ, биік болатын. Бірақ, өкінішке қарай, ол мақсаттарға басталмай жатып балта шабылды. Айтулы азаматтар айдаһарқоғамның аузында кетті. Мұстафа Шоқай да сол құрбандардың бірі еді... Әділеттілік үстемдік құратын кез келеді, бірақ, ол 50 жылға кешігіп жетеді деген халық батыры Бауыржан Момышұлының сөзі бар-ды. Мұстафа ақиқатының айтылар күні де енді ғана туғандай. Бүгін де алаштың ардақты ұлы - Мұстафа Шоқайдың Еуропада жерленген сүйегін елге әкелу туралы пікірлер айтылып жүр. Қалай десек те, бізге ұлағаты мол ұлы тұлғаның өмірлік ұстанымы мен ұрпақ алдындағы ұмытылмас ерлігі - құнды.
Мұстафа Шоқайдың бүкіл түркі ха - лықтарының басын біріктіретін бір мемлекет құрғысы келгенін тарихтан білеміз. Ол бейбіт саясатты қолдады. Бүкіл іс-әрекеті, өмір жолы оның бейбіт те азат азамат болғанын көрсетеді. Халқын да сондай кейіпте көргісі келді. Шындығында, қазақтар сол кезде түркі халықтарының ішінде жетекші рөлге ие болатын. Бірақ, ол осы жетекшілігін сол кезде Мұстафа армандағандай пайдаға асыра алмады. Бәлкім, сол кездегі саяси жағдай осы арнамен кеткенде қазақ одан кейінгі жылдардағы неше түрлі зобалаңдардан аман қалар ма еді, кім біледі?
1916 жылы мұсылман саясаткерлерімен Қазан қаласында бірлесіп құрған Түркістан бірлестігі құпия ұйымының Омбы қалалық банкісіндегі қаржысын алу үшін жасырын түрде Сібірге келеді. Сол сапарында банк қызметкелерінің көрсетуімен Сібірде аласұрған Колчак әскерінің қолына түседі. Оны олар Ресей империясының қас жауы ретінде абақтыға отырғызып, өлім жазасына кеседі.
Әйтсе де олардан құтылудың ойда-жоқта сәті түседі. Колчак баскесерлері қамалған адамдарды Шадринск қаласының түрмесіне апара жатқанда, тұтқындар жол-жөнекей өздері қамалған пойыз вагондарын қиратып, бет-бетіне қашып кетеді. Солармен бірге Мұстафа да бостандыққа шығып, туған жерге қайта оралады.
-- Мұстафа ағамызды ең соңғы рет көген кісі шешеміздің жеңгесі, Асан деген кісінің зайыбы екен, -дейді Әбдікәрім Аманқұлұлы. - Ол кісі ашаршылық жылдары бала-шағасын асырау үшін Ақтөбе возалына барып, жолаушыларға талқан сатып, ақша табады екен. Сөйтіп жүріп, ойда жоқта Мұстафаны жолықтырады.
Әбекеңнің айтуы бойынша оқиға былай суреттеледі.
...Қоңыр күз, Жағадай вокзал. Ашаршылықтан есілі-қарсылы жосып жүрген халық, Күздің өкпек желінің өтінде етегі елпі, жеңіл желпі талқан сатып тұрған жұпыны киінген әйел. Пойыздар бірінен соң бірі ағылып өтіп жатыр.
Кезекті пойыз келіп тоқтағанда, одан өзбектің ала тақиясы мен желбегей шапанын киген екі кісі түсіп, талқан сатып тұрған әйелдің жанына келеді. Сауданың қызығына түскен әйел алғашыпда қасына кімдердің келіп тұрғанына онша назар аудармайды. Бір кезде ала тақиялы бірі:
# Апа-ау , шыныменен-ақ танымадыңыз ба, мен Мұстафамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында
Алаш қозғалысының зерттелуі
Мұстафа Шоқай және тұтас Түркістан идеясы
Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі
Зерттеу жұмысының әдісі
Өлкетану деректерін жинақтау
Мұстафа Шоқай өмірі туралы
Алаштың аруағы
Жалау Мыңбаев - қоғам қайраткері
Пәндер