Мұстафа Шоқайдың ұлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .1 бет

Негізгі бөлім

1. Мұстафа туған
топырақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
бет
2. Ұлы күрескер
Мұстафа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
бет
3. Жалған
жала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .. 7 бет
4. Зерделі
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .. 9 бет

Қорытынды

1) Мұстафаға
құрмет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 10 бет

Ұсыныс: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 11 бет

Пайдаланылған
әдебиеттер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12 бет

Аннотация: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13 бет

Елбасы Н.Назарбаев: "Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді
дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің
жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан
халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық
түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған
адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала
бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар
мақтанышы болып келген”, дейді.
Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл
перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек
және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің
стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. Сыр бойынан шыққан елінің
бостандығы мен тәуелсіздігі жолында бойындағы бар күш-жігерін жұмсаған ірі
тұлғаның мұрасын зерттеп зерделеу ұлы мұрат болып қала бермек. Менің
Мұстафа Шоқай жайындағы білімімді толықтырып, тың деректермен танысуыма
ықпал жасаған ұстазымның сенімін ақтау мақсатында өзіндік ізденіс жасап,
тарихи құжаттар мен жәдігерлердің сырына қаныға түсіп, келешекте тарихшы
мамандығын иеленіп, осы алға қойған мақсатымды дамыта түссем деген ойдамын.

ХХ ғасырдың өзінде елім деп еңіреген қазақтың біртуар ұлдары
саусақпен санаулы, бірақ азда болса істеген -ісі, жасаған -жақсылығы сондай
биік, баға жетпес құнды дүние екені баршаға аян. Сол зиялы қауымның бел
ортасында жүріп жалғыз қазақ халқының емес, түркі елінің бірлігін,
егемендігін аңсаған,түркі халықтарын біріктіріп,Түркістан жобасын жасаған
қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай-Түркістан халықтары тарихында бүтін бір
кезеңді қамтыған ерекше ұлы тұлға. Мұстафа Шоқай Қызылорда облысының
Сұлутөбе ауылында 1890 жылы желтоқсанда дүниеге келген.
Мұстафа қазақтардың қыпшақ руына жататын текті отбасының ұрпағы.Қоқан
хандығында жоғары шенді әскер болған атасы Торғай Датқа Қуатбайұлы Қыпшақ
ішіндегі Шашты руының биі еді.1872 жылы қайтыс болған Торғай Датқа туралы
мағлұматтар тапшы.Бірақ оның Қоқан хандығының жоғары лауазымды қызметіне
сай жан-жақты білім иесі,орыс тілімен қатар араб және парсы тілдерін жетік
меңгерген сауатты адам болғаны байқалады. Діндар Датқа екі рет қажылыққа да
барып қайтады.Торғай Датқаның Шоқай, Қалымбет,Әліш және Осман атты төрт
ұлы болады.Мұстафа Шоқайдың ұлы. Мұстафа өз кітабында Торғай датқаның бір
ерлігін келтіреді. Хиуаның ханы Торғайдың сүмбіле сұлу, жүйрік атына
қызығып, тартып әкетеді. Батыр Хиуа ханына жалғыз өзі барып, бүкіл жұрттың
көзінше хан сарайынан атты мініп алып кеткен екен. Сонда хан қарап тұрып:
Тимеңдер оған, тиюге болмайды, - деп батпаған дейді. Осы ерлігі ел
арасында аңыз болып кеткен. Торғайдың ержүрек, ештеңеден қайтпайтын мәрт
мінезі Шоқайда да болған, Шоқайдан Мұстафаға сіңген.Патшалық Ресей
әкімдерінің нұсқауымен дайындалған Сырдария аймағының беделді азаматтары
туралы альбомда Торғай Датқа мен Шоқайдың суреттерінің орын алуы олардың
беделді болғандығын көрсетеді.Айналасындағыларға көмектесуді ұнататын Шоқай
ақылды іс-әрекеттері орынды пікірі және байсалды мінезімен халық арасында
зор беделге ие болды.Халық өз ішіндегі дау -дамайларға да төрелік етуге
келгенде, әділ де сенімді деп тапқан Шоқайға жүгінді.Сондықтан халық оған
би атағын беріп, Шоқай би деп атап кетті.
Шоқай би қарапайым тіршілік кешті.Ешқандай ресми қызмет атқармаған Шоқай
би табан ет, маңдай терімен күн көрді. Мұстафаның нағашы жұрты да текті
болғанға ұқсайды.
Анасы Бақты әйгілі әскербасылардың бірінің ұрпағы оның әкесі өзбек
хандарына қарсы ұрыстарда аса үлкен ерлік көрсетіп, қазақ батырлары
санатына кірген. Ал түркістанды патша әскерлері жаулап ала бастаған кезде
ол отаршылдармен күреске шыққан. Сол кезде Мұстафаның болашақ анасы осы
соғыстарға қатынасып, әкесіне жәрдем етеді. Атқа мініп шөл далада дұшпан
әскерлерінің жолын барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып,
дастандар жырлаған. Ана тілінде сауатын ашып, әкесі сияқты араб әліппесінде
оқу-жазуды да білген.Бақты -Шоқай бидің тоқалы еді.Шоқай би бәйбішеден бала
сүймеді.Сондықтан екінші рет Бақтыға үйленген болуы керек.Шоқайдың Бақтыдан
үш ұл,екі қызы болды.Мұстафа үйдегі төртінші бала болды.Мұстафаны үйдегілер
еркелетіп өсірді.Мұстафаға туған анасы мен қатар бәйбіше де ерекше
ықыласпен мейірім көрсетті.
Мария Шоқайдың айтуына қарағанда, Мұстафа өле-өлгенше сол асыраған
анасына деген кіршіксіз махаббатынан айныған емес. Үлкен ағасы Сыздық
Мұстафадан 15 жас үлкен,інісінің Ұрпақтары қазір Қызылорда облысында
тұрады. Шоқай1912 жылы қайтыс болған.
Жасынан зерек Мұстафа әкесі, туыстары жайлы көрген-білгенін есіне
сақтайды. Оның айтуынша, елдегі саяси оқиғалар Шоқай әулетіне де әсерін
тигізген. Мысалы, екі рет Шоқайдың кірпіштен соғылған үйін жергілікті орыс
үкіметі мен мұжықтар мектеп үшін алып қояды, тіпті егістігін де тартып
алады. Біріқ оларға ашық қарсылық білдіре алмай, өз наразылығын ішінде
сақтайды.
Отаршылдықтың өктемдігін, әділетсіздігін Мұстафа жас шағынан бастап-ақ
сезіп өседі. Бұл жағдай кішкентайынан баланың еркесі болып, бұла өскен
Мұстафаның санасында терең із қалдырады.
Мұстафа алғаш білімін анасы Бақтыдан алады.Бұдан кейін Мұстафа ауыл
балаларымен бірге ауылдағы түрік имамынан дәріс алды.Бұл дәрістер Исламның
негіздерін қамтыған діни сабақтар еді.Мұстафа ауыл балаларымен
салыстырғанда осы дәрістерді және құранды үнемі үздік оқыды.Діни біліммен
қатар Мұстафа музыкадан да сабақ алды.Бес жасында домбыра тартып,ән салатын
еді.Мұнда да оның алғашқы мұғалімдері -отбасы мүшелері болды.
Алғашқы кезде ол ауыл мектебінде оқыған, кейін Қызылордадағы мектепке
қанағаттана қоймаған әкесі Мұстафаны Ташкенттегі ер балалар гимназиясына
береді. Мұмкін Мұстафа жай ғана, оқыған көп қазақтың бірі болып қалар ма
еді, кім біледі? Бірақ Мұстафаның тағдырына, өжет болып өсуіне,
революциялық жолға түсуіне шағын ғана бір оқиға әсер еткен.
Мұстафа ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітіреді. Бұл 1910 жылы
болған оқиға. Бірақ гимназияда оған бермекші алтын медальды генерал
Самсонов бергізбей, оны күміс медальға ұсынылған орыс баласына жазады. 20
жасар Мұстафа медальды алмайтынын айтады да, әлгі орыс оқушысы Зепреметов
күміс медальды ғана алады, бұларды гимназия директоры Граменицкий де
қолдайды. Отаршылдықтың бұл өрескел көрінісі тек жергілікті жастар емес,
орыс жастарының да қарсылығын туғызады. Көпшіліктің есінде қалған бұл
оқиғаның оңы мен солын тани бастаған Мұстафаға қандай әсер еткенін аңғаруға
болады.
Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының қалыптасуы және
қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске қатысып шыңдалуы оның
Перерборда өткізген жылдарына тұс келеді.
Мұстафа 1910 жылы гимназия бітіргенге дейін – ақ жерлестерінің көп
арыз – шағымдарын жызысып, олардың жоғын жоқтап, жоғарыда айтылған генерал
Самсоновтың алдына да талай барған болатын. Генерал іске тыңғылықты, орысша
сауатты қазақ жігітін өз кеңсесіне тілші етіп алмақшы болады, бірақ
Мұстафа одан бас тартып, Петербор университетінің заң факультетіне түсуді
көздейді. Ол факультетке белгіленген стипендия тек орыс баласына берілуі
тиіс еді. Сондықтан Мұстафа Қазақ татарларына берілетін стипендиядан
үміттенеді. 1912 жылы Айқап журналының 13-санында Мұстафа туралы мынандай
сөздер жазылыпты: Осы күнде Петербург университетіне 1910 жылдан бермен
қарай Сырдария облысының Перовский уезінің Гродековский болысының Шашты
Қыпшақ руынан Мұстафа Шоқаев деген жігіт оқып жатыр. Бұл жігіт Перовский
уезінде жоғары жерден оқыған бірінші қазақ болса керек . Бұл хабарлардан
мақтаныш сезіммен жазылғаны байқалады.
1914 жылы Ә.Бөкейхановтын ұсынысымен ІҮ Мемлекеттік Думадағы Мұсылман
Фракциясының хатшысы қызметіне тағайындау Мұстафаның алғашқы жүктелген
қоғамдық жұмысы болды.
Мұстафа1917 жылы 28 қарашада өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 4-ші
съезінің төралқасына басшылық етеді.Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан
(Қоқан ) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына
сайланады,және Уақытша Үкіметтің Сыртқы істер министрі болады.Сондай-ақ
1917 жылы „Ұлы Түркістан „газетінің редакциясына кіріп, қазақ тілінде
шығатын „Бірлік туы„ газетінің редакторы болды. Оған қоса 1917 жылы шілдеде
Орынборда өткен І Бүкілқазақтық Құрылтайдан соң құрылған „Алаш„
партиясынада мүше болды.
Кеңестік кезеңде тарихшылар Түркістан республикасы деген сөзді
айтпауға тырысты.
Түркістан республикасының тарихы-бар болғаны 62 күн. Ең алдымен ол
Ташкентте құрылды. Бұған жұмысшылар, шаруалар, солдаттар, әртүрлі ұлт
өкілдері қатысты. Жан-жақтан келген делегаттар бір ауыздан Түркістан
республикасын жариялады. Оның шын мәнінде халықтық сипат алғанына бір мысал
келтірейін.
Ашхабаттан, Жетісудан, Ферғана мен Қоқан жақтан соғысып жатқан
солдаттар, қазақ-орыстар, Бұхарадан немістер эшалон-эшалон болып кентке
төгіле бастаған. Барлық составтардың маңдайына Түркістан республикасы
жасасын! деген ұрандар жазылған. Осы қозғалыстан шошып кеткен орталық
Петербург пен Мәскеу, бірнеше рет Лениннің өзі бастап, Сталин қостап,
Мұстафаға ұсыныс жасайды.
Түркістан республикасын құрғанына қарсы емеспіз, қолдаймыз. Бірақ сен
бізді мойында, Кеңес өкіметін мойында, дейді. Бұған Мұстафа көнбейді.
1918 жылы қаңтарда Мұстафа құрған Қоқандағы Мұсылман автономиясына қарсы
қанды қырғын ұйымдастырылып,Қоқан қаласын большевиктер басып алуына
байланысты шетелге кетуге мәжбүр болады.
Бұдан кейінгі Мұстафаның көрген қиыншылықтары да бір адамның басына
жетерлік.Ол оқиғалар Мария Яковлевнаның естелігінде егжей-тегжей
баяндалады.Мұстафа Шоқай 1918 жылдың көктемінде Ташкентте Мария Яковлевна
Горинамен мұсылман рәсімі бойынша некелеседі.Оның Ташкенттен аман шығуы да
Марияның арқасы.
Мұстафа 1919 жылы көктемде Кавказға барады.Сол кезде тәуелсіз Грузияда
жүріп,туған елінің тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырады.Өзінің көптеген
мақалаларын „ Еркін таулықтар„ , „Тарихи кезеңде „ атты журналдарда
жариялаған.Большевиктердің Грузияға кіруіне байланысты Мұстафа 1921 жылдың
ақпан айында кемемен Түркияға кетті.Бірақ Түркияда көп аялдай алмастан
Францияға кетуге мәжбүр болды. Парижде ол 1927 жыдың маусым айына дейін
Ыстамбұлда шығып тұрған „Жаңа Түркістан „журналына атсалысып,аса құнды
мақалалар жазды.М.Шоқай 1929 жылдың желтоқсан айында өзі Парижде тұрғанымен
Берлинде әйгілі „Жас Түркістан „ журналын шығара бастайды.Солуақыттан
бастап, 1939 жылдың тамыз айына дейін117 саны жарық көрген сол журналдарда
М.Шоқайдың қыруар тақырыпта жазылған,әлі де құндылығынжоймаған көптеген
мақалалары басталады.Ол мақалаларын тікелей өз атымен және бүркеніш
аттармен де жазады. „Жас Түркістанның„алдына қойған міндетін „Біздің жол„
атты кіріспе мақаласында Мұстафа Шоқай: „Егер біз халқымыздың ұлттық
тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән -мағынасын сол күйінде күшін
әлсіретпей „Жас Түркістан „ беттерінде бере алсақ, онда бәріміз үшін
қасиетті және аса ауыр жауапкершілін артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген
болар едік„-деген оймен білдірді.
Мұстафа Шоқай ұлт шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік билікке
қаншалықты қарсы болса, әлемде тек бір ғана ұлттың үстемдігін қайталайтын
фашизмге де соншалықты қарсы екенін қаймықпай, ресми түрде мәлімдеді.
Өйткені, жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман адамдар
болатынын айтатынын ол, барлық ұлттардың терезесі тең дарежеде өмір сүруін
қалайтын еді. Сонымен қатар, ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария
Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейілінше мейірімді және соғыс атаулыға
қарсы екені сипатталып жазылған.
Фашистік лагердегі көптеген тұтқындар Мұстафа Шоқайдың жәрдемі арқасында
ғана аман қалған. Әйгілі тарихшы Баймырза Хайт Мария ханымның осы сөздерін
айна қатесіз қайталаған.
Ал, сонда соғыс атаулыға, қан төгуге және адамзатқа төніп келе жатқан
алапат ауру-фашизмге қарсы болған Мұстафа Шоқай, расында, регион құруға ат
салысып, қару кезенген бе еді? Мұстафа Шоқайдың регионын ресми құрушысы
Уәли Қаюмға деген көзқарасы қандай еді? Фашисттер жаулап алғанда Парижде
болған Мұстафа Шоқайға сол кездері Берлинде тұратын және гестапоға жұмыс
жасайтын Уәли Қаюм келіп, әңгімелеседі. Алайда шақырылмаған қонақты
жақтырмай, әңгімеден мейлінше тартыншақтаған Шоқай Қаюмды, тіпті, шайға да
шақырмастан шығарып салды. Бұл-Шоқай мен Қаюмның алғашқы кездесуі еді.
Өйткені, бір хат жазғаны болмаса, Уәли Қаюм Берлинде тұрғанына қарамастан
осы қалада шығатын „Яш Түркістан„ журналымен, оның бас редақторы Шоқаймен
және басқа да түркістандық шәкірттерімен араласпайтын еді. Осы оқиғадан екі
аптадан кейін, яғни 1940 жылы сәуір айында тағы келген Уәли Қаюм бұл жолы
Шоқайды Берлинге шақырады. Бұл жолы да қонағына ыңғай бермеген Шоқай, тек
ықтият үшін әйгілі түрколог, профессор Герхард фон Мендемен хат алысқаннан
кейін ғана ықтиярсыз болғандықтан, Берлинге баруға бел байлады. Берлинге
Кеңестер Одағы, оның әскери қуаты сияқты сұрақтар сұраған қызметкерлерге
өзінің тек Түркістан аймағының жай-күйімен ғана таныс екенін, өзге
жайттардан хабары жоқ екенін айтып, жауап берді.
Мұстафаның легион құруға қатысы бар ма? Деген сұраққа жауап іздесек
Мұстафа Шоқай 1941 жылдың 27 желтоқсанында қайтыс болса,лигионды құру
жұмысы 1942 жылдың көктемінде басталды.Оның Түркістан легионын құруға
тікелей қатысы жоқ.Шығыс минстрлігі түркістандықтар ішіндегі ірі тұлға
Мұстафа Шоқайды түркі тектес тұтқындардың арасында жүргізілетін үгіт-
насихат жұмысында пайдалануүшін алып келеді,алайда Шоқайдың лагерьлерді
аралаған кездегі көңіл -күйі бұл мақсатқа сай келмей қалады М.Шоқайдың
фашитттік билікке бүйрегі бұрмайтынын, онымен байланысқысы келмейтінін және
арада жүрген Уәли Қаюмды жақтырмайтынын айқын аңғаруға болады. ІІ-
дүниежүзілік соғыс басталған күні М.Шоқай қатты дегбірі қашып,
мазасызданады. Оны сол күні фашистер Ножандағы үйінен тұтқындап алып
кетеді.немістер алыпи кеткен мұстафа Шоқайға радио арқылы түркістандықтарға
үн қату ұсынады.
Тұтқындар лагерде үш апта болған соң, үйіне екі күн рұхсат берген
немістер оны Берлинге қайта алып кетеді. Өмір ағымының ыңғайында кете
барған Мұстафа Шоқай, Берлинде жүрген кезінде тіпті, есірік фашист офицері
тарапынан көше ортасында соққыға жығылады. Бұдан кейінгі өмірі аумалы-
төкпелі жағдайда өткен М.Шоқай тұтқындар лагеріне жіберіледі.
Отандастарының қасіретті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезеңіндегі және шетелге мұғажыр болып кеткенге дейінгі қоғамдық-саяси қызметі
Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
М.Шоқай—түрік әлемінің ХХ ғасырдағы демократиялық қозғалысының негізін салушысы
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі
М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы
Мұстафа Шоқай қоғамдық саяси қызметі. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Пәндер