Шартты сөйлемдер формаларының жасалуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . 3
Кіріспе . . . . . . 3: 1 Лингвистика саласында шартты сөйлемдердің құрылымына сипаттама . . . 5
:
Кіріспе . . . . . . 3: 1. 1 Ағылшын тіліндегі шартты райдың сипаттамасы мен формалары. . 5
:
Кіріспе . . . . . . 3: 1. 2 Шартты сөйлемдер формаларының жасалуы . . . 12
:
Кіріспе . . . . . . 3: 1. 3 Ағылшын тіліндегі шартты сөйлемдердің типтері . . . 14
:
Кіріспе . . . . . . 3:
:
Кіріспе . . . . . . 3: 2 Ағылшын тіліндегі шартты сөйлемдердің құрылымы . . . 20
:
Кіріспе . . . . . . 3:
  1. Шартты рай мен оның формаларының маңызы мен құрылуы, қолданылуы . . . 20
:
Кіріспе . . . . . . 3:
  1. Ағылшын тіліндегі шартты сөйлемдердің көркем шығармаларда қолданылуы . . . 32
:
Кіріспе . . . . . . 3:
  1. У. C. Moэмның «Тһe Мoon and Sixpence» poмaнындaғы шартты сөйлемдерді талдау . . . . . . ………. 49
:
Кіріспе . . . . . . 3: Қорытынды57
:
Кіріспе . . . . . . 3: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . 59
:

Кіріспе

Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз.

Жалпы тіл білімінде тілдік жүйе бірліктерінің мағынасын, қызметін (функциясын) сипаттайтын дәстүрлі (құрылымдық) грамматиканың негізгі зерттеу нысаны грамматикалық формалардың мағыналары мен қызметін айқындау. Ол «формадан мағынаға қарайғы» бағытты басшылыққа алады, яғни бұл бағыттағы грамматика тілдік бірліктердің өзіндік заңдылықтарын сипаттауда тиімді тәсіл ретінде қолданылып келеді. Алайда бұл бағыттағы тіл жүйесі бір-бірімен байланысып жатқан тіл бірліктерінің тұтастығын толық ашып бере алмайды, негізгі мақсаты бір форманың грамматикалық сипатын анықтау.

Сондықтан адамзат баласының дыбыстық тілді жұмсауындағы тетіктердің «іске қосылу» үдерісі ашылмай қалып отырды. Осы жағдайды ескерген ғалымдар тілдік категорияларды білдіретін әрі олардың ортақ инвариантты мағыналарының негізінде бірігетін әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктер кешені ретінде зерттеу қажеттігін ойластырды. Бұл зерттеу әдісі ғылымға «мағынадан тұлғаға қарай» немесе функционалдық бағыт деген атаумен енді.

Оның негізгі принципі - тіл бірліктерінің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Алайда бұл зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері қолданылмай қалды.

Себебі кез келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматикалық парадигмаға түскен тұтастық болып табылады.

Шартты сөйлемдермен жұмыс істеген кездегі негізгі қиындықтар оларды әртүрлі шақтық формалардың сөйлемдерінде қолдана алмаудан көрінеді.

Біз шартты сөйлемдерді оның ағылшын тілі жүйесіндегі негізгі арналымын анықтап барып қарастырамыз.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі ағылшын тілі жүйесіндегі шартты сөйлемдердің мәселесі неғұрлым күрделі әрі қым-қиғаштардың бірі болып табылады. Дегенмен, грамматикалық конструкцияларда рай формаларын дұрыс қолдана білуді игеру оқушының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: шартты сөйлемдер, олардың жасалуын және грамматикалық конструкцияларда қолданылуын қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-ағылшын тіліндегі шартты райдың түрлері мен формаларын қарастыру

-шартты райдың және оның формаларының маңызы мен қолданылуын зерттеу

- У. C. Moэмның «Тһe Мoon and Sixpence» poмaнындaғы шартты сөйлемдерді талдау.

Зерттеу жұмысының нысаны: У. C. Moэмның «Тһe Мoon and Sixpence» poмaнындaғы шартты сөйлемдердің қолданысы.

Зерттеу жұмысының пәні болып шартты құрылымдарды сипаттау болып табылады, олардың ортақ мүмкіншілігін беретін, бәрінен бұрын, мағыналық ерекшелігі, және олардың типологиялық, ресми бақыланатын айырмашылықтары.

Зерттеу жұмысының әдіс - тәсілдері: Дипломдық жұмысты жазу барысында ағылшын тіліндегі шартты сөйлемдерді қолдану әдістері туралы жазылған еңбектерді және мақалаларды оқып талдау, сараптау, статистикалық әдіспен қарастыру және жинақтау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Әр түрлі стильді мәтіндерде шартты сөйлемдердің қолдану әдістерінің ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Ағылшын мәтінінде шартты сөйлемдердің қолдану тәсілдерін көрсетілуімен анықталады. Сонымен қатар У. C. Moэмның «Тһe Мoon and Sixpence» poмaнындaғы шартты сөйлемдердің талдануы. Бұл жұмыста шартты сөйлемдердің экспрессивті құралдарының суреттемесі көрсетілген.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысының нәтижелері мен дерек көздерін ағылшын тілінің практикалық және теориялық грамматика сабақтарында, сонымен қатар ағылшын тілінің жазбаша және ауызша практика сабақтарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, теориялық және практикалық бөлімдер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 Лингвистика саласында шартты сөйлемдердің құрылымына сипаттама
1 Лингвистика саласында шартты сөйлемдердің құрылымына сипаттама: 1. 1 Ағылшын тіліндегі шартты райдың сипаттамасы мен формалары

Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен, органикалық бірлікте емес. Сол себептен әр халықтың тілі әр басқа. Әр тіл өзінің ішкі дамуына сәйкес әр алуан өзгеріске түсіп, тілдің грамматикалық құрылысы қалыптасады. Сөз және сөздің грамматикалық құрылымы туралы анықтама беру үшін, басқа тілдерде қолданылатын кейбір грамматикалық терминдерді қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет.

Сөздердің грамматикалық құрылымын қарастырмас бұрын, «сөз» дегеніміз не және ол қандай тұлғаларға бөлінеді деген мәселеге тоқталады. Сөзге анықтама берудің әртүрлілігі қай ғалымның қандай тілді зерттеп, қай тұрғыдан айтқан пікіріне байланысты әртүрлі болып келе береді.

Сол сияқты түркі тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалар ішінде де айырмашылықтар кездесіп отырады. Оған Н. А. Баскаков (1963), Э. В. Севортян (1971) берген анықтамаларды, сондай-ақ белгілі қазақ ғалымы Н. Сауранбаев дәлелдемелерін келтіруге болады.

Тілші-ғалым Ы. Мамановтың сөз, морфема туралы пікірі жоғарыда айтылған анықтамалардан басқаша. «Қазіргі қазақ тілі» еңбегі мен «Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік» атты мақаласында түбір сөз бен түбір морфеманың өзіндік айырмашылықтарын ғылыми негізде сипаттап көрсетеді [2, 6-8 б. ] .

Белгілі лингвист ғалымдардың «морфема тілде дербес қолданылмайтын, тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі» дейтін анықтаманың флективті тілдерге бірдей ортақ қағида екендігіне назар аударады.

Орыс тілі - флектив (жүйелі) тіл, ал қазақ тілі - аглютинативтік (жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді.

Ы. Е. Мамановтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді, орыс тілінің үлгісімен механикалық түрде, морфемаға жатқызу дұрыс емес. Орыс тілінде түбір сөз (корень) дербес сөз емес, ол - «сөз мұқылы» ғана. Орыс тілінде сөз бөлшектеріне бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер ғана. Олар грамматикалық формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір сөздер тәрізді өзінің бастапқы қалпын сақтайды. Бірақ бұлар зат есімнің мужской родын білдіретін грамматикалық форма болып саналады. Ал, қазақ тіліндегі түбір сөздер грамматикалық форма емес, олар сөз таптарының форма тудырушы қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді [1, 8 б. ] .

Грамматикалық құбылыстар жөнінде пікір алалығы түркі тілдерін зерттеушілер арасында жиі кездеседі. Осымен байланысты форма тудырушы қосымшалар мен жалғауларға берілген түсініктемелер әлі де жеткіліксіз бе деген ойға саяды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес, тілдің аглютинативті табиғатына сүйенген ғалым Ы. Е. Маманов сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады деп есептейді.

Тіл тарихында рай категориясы көне дәуірден бері қолданылып, дамып отырған. Түркі тілдерінің тарихын зерттеуші ғалымдар еңбегінде рай қосымшалары сандық жағынан да, мағыналық жағынан да бай болғандығы айтылады. Қазіргі түркі тілдері материалдары негізінде пікір айтқан авторлардың да рай қосымшаларының саны туралы пікірлері де бірізді бола бермейді. Бірақ қазақ тілін зерттеуші ғалымдар арасында мұндай пікір алалығы жоқ десе де болады. Дегенмен А. Байтұрсыновтың «Тіл құралында» райдың әдеттегі үш түрінен тыс бірнешеуі көрсетіледі. 1954 жылы жарияланған академиялық грамматикада райдың бес түрі (бұйрық, шартты, ашық, тұйық, қалау) берілсе, кейінгі кезде жарық көрген оқулықтарда тұйық рай деп аталатын «у» формалы етістіктерді қимыл атауы немесе қимыл есімі деп атап, жеке категория ретінде бөліп қарайды.

Етістік рай - мазмұны мен формасы жағынан аса бай категория. Өйткені ол шақ формаларымен де, есімше, көсемше, қимылдың өту сипатын білдіретін формалармен де т. б. байланысты болады [11, 312 б. ] .

. . . Темпоралдылық - функционалды-семантикалық категория. Ол белгілі бір категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық өрістерден көрінеді. Яғни функционалды-семантикалық категория мен функционалды-семантикалық өріс бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі - потенциалдық жағы, екіншісі - соның сөйлеу актісіндегі берілуі (реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты. А. В. Бондарко осы екі ұғымды потенциалдық және нәтижелік аспектілерімен байланысты қарастырады .

Семантикалық функциялардың актуалдануының бірнеше жолдары бар. Олар: 1) таза грамматикалық тәсіл арқылы; 2) лексикалық құралдар немесе сөзжасамдық құралдар арқылы; 3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы. Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар 4) морфологиялық ктегориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет атқаруы арқылы да жүзеге асады.

Рай категориясы мен модальділік категориясының қатыстылығы, жоғарыда айтылғандай, В. В. Виноградовтың есімімен тығыз байланысты. Модальділік мағыналар функционалды грамматикада модаль сөздер, модаль мағынасындағы сөз тіркестері (қыстырма сөздер), етістіктер, предикативтілік, модаль мәнді есімдер, интонация, рай түрлері арқылы беріледі.

Ы. Мамановта функционалды-семантикалық категория принциптеріне сәйкес, райды объектілі, субъектілі тұрғыдан мағыналық жағынан топтауы, модальділіктің - етістіктер, предикативтілік, модаль сөздер арқылы берілетіндігіне тоқталғандығы функционалды грамматиканы түсінгендігін дәлелдейді.

Етістік рай - мазмұны мен формасы жағынан аса бай категория. Өйткені ол шақ формаларымен де, есімше, көсемше, қимылдың өту сипатын білдіретін формалармен де т. б. байланысты болады [11, 312 б. ] .

Темпоралдылық - функционалды-семантикалық категория. Ол белгілі бір категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық өрістерден көрінеді. Яғни функционалды-семантикалық категория мен функционалды-семантикалық өріс бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі - потенциалдық жағы, екіншісі - соның сөйлеу актісіндегі берілуі (реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты. А. В. Бондарко осы екі ұғымды потенциалдық және нәтижелік аспектілерімен байланысты қарастырады [14] .

Семантикалық функциялардың актуалдануының бірнеше жолдары бар. Олар: 1) таза грамматикалық тәсіл арқылы; 2) лексикалық құралдар немесе сөзжасамдық құралдар арқылы; 3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы. Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар 4) морфологиялық ктегориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет атқаруы арқылы да жүзеге асады.

Рай категориясы - модальдік ( рай ) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі. [1]

Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория.

Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, . . .

Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. [3]

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.

Мысалы:
Мен
бар-са-м
(бар-ды-м)
Біз
бар-са-қ
(бар-ды-қ)
Мысалы::
Мен: Сен
бар-са-м: бар-са-ң
(бар-ды-м): (бар-ды-ң)
Біз: Сендер
бар-са-қ: бар-са-ңдар
(бар-ды-қ): (бар-ды-ңдар)
Мысалы::
Мен: Сіз
бар-са-м: бар-са-ңыз
(бар-ды-м): (бар-ды-ңыз)
Біз: Сіздер
бар-са-қ: бар-са-ңыздар
(бар-ды-қ): (бар-ды-ңыздар)
Мысалы::
Мен: Ол
бар-са-м: бар-са
(бар-ды-м): (бар-ды)
Біз: Олар
бар-са-қ: бар-са
(бар-ды-қ): (бар-ды)

И. А. Грузинская шартты рай - the Subjunctive - тілек, ұсыныс, болжау, күмін немесе жалғандықты білдіреді[18] . Шартты райда ашық рай формаларынан ерекшеленетін жалғыз ғана етістік, бұл be етістігі. Осы шақта барлық жақтар үшін оның формасы were деп атап көрсетеді .

Present

I be
We be
I be: You be
We be: You be
I be: He, she, it be
We be: They be

Past

I were
We were
I were: You were
We were: You were
I were: He, she, it were
We were: They were

Шартты райдағы барлық етістіктер ашық райдан тек осы шақтың 3-ші жақтағы жекеше түріндегі -s жалғауының жоқтығымен ерекшеленеді:

Шартты райды білдіру үшін ағылшын тілінде should, would, may, might+инфинитив етістерімен бірге аналитикалық формалар қолданылады:

He ordered that he should come. I wish you would know it well.

They went there where they might see the film. Speak to her so that she may keep quieter.

Шартты райда жалғандықты білдіру үшін былайша айтқан уақытты шегеру (Shifting of Tenses) деп аталатын, яғни осы шақтың орнына өткен шақтың формасы немесе өткен шақтың орнына жетілдірілген өткен шақтың формасы (Past Perfect) қолданылады деп көрсетеді:

I have
We have
I have: You have
We have: You have
I have: He, she, it have
We have: They have
I ask
We ask
I ask: You ask
We ask: You ask
I ask: He, she, it ask
We ask: They ask

I wish I had the book.

Менде мына кітап болса ғой, (бірақ ол менде жоқ) . (15)

И. А. Грузинскаяның пікіріне сүйене отырып, төл сөзден төлеу сөзге аударған кезде шартты рай үшін шақ өзгермейтіндігін айтуға болады[18, 11б. ] :

Direct Speech
Reported Speech
Direct Speech:

“If I were you, I would apologize, “ he said.

“It is time they moved to a new house, “ she said.

Reported Speech:

He said that if he were me, he would apologize.

She said that it was time they moved to a new house.

М. А. Васильева ағылшын тілінде шартты райды синтетикалық (көмекші knew етістігінсіз - мысал 3) және аналитикалық (should, would+go көмекші етістіктерімен - мысалдар 1, 2, 3) формалары бар екендігін атап көрсетеді. Аналитикалық формаларға сондай-ақ may (might) етістігі де жатуы мүмкін, өйткені ол жекелеген жағдайларда өзінің лексикалық маңызын жояды және ол кезде орыс тіліне аударылмайды (мысал 2) [8, 11б. ] . Автордың айтуынша аталған формалар орыс тіліне әдетте орыс тіліндегі өткен шақтағы етістіктің формасымен және бағыныңқы сөйлемге енгізетін сондай-ақ (тек) /что (чтобы) / жалғаулығымен жиі бірігіп кететін, еді /бы/ демеулік шылауымен сәйкес келетін шартты раймен аударылады.

Ағылшын тілінде, М. А. Васильеваның пайымдауынша, шартты райдағы шақтық қатынастар қарапайым және перфектілік формаларды қарама-қарсы қоюдан көрінеді[8, 16б. ] :

Should go-should have gone

Went-had gone

Т. М. Новицкая мен Н. Д. Кучиннің пікірлеріне сүйене отырып, қазіргі ағылшын тілінде, авторлардың айтуынша, ашық райдың, be, have қоса алғандағы, Present Indefinite формаларынан жекеше түрдің үшінші жағында барлық етістіктер инфинитивтің өзгермейтін формасын to-сыз сақтап қалатындығымен ерекшеленетін шартты райдың көне ағылшын синтетикалық формаларының қалдықтарын сақтап қалатындығын атап өтуге болады[4, 15б. ] :

So be it! - Солай бола берсін!

It is desirable that this method be introduced at once. - Бұл әдістің тек тез арада енгізілгені дұрыс болар еді.

It’s necessary that he correct his mistakes. - Ол өз қателіктерін түзетуі қажет.

Қазіргі ғылыми және көпшілік әдебиеттегі ағылшын тілінде, авторлар пайымдағандай, шартты райдың көне формалары ашық райдың қарапайым формаларымен көбірек алмастырылады, тіпті негізгі сөйлемнің етістігі-баяндауыш арқылы білдірілген әрекеттің алдындағы әрекетті білдіру керек болса, Past Perfect етістігіне омоним болып келетін шартты рай формасында тұрады. (1)

They spoke though they had seen it with their own eyes.

Олар мұны өз көздерімен көргендей етіп сөйледі.

Орыс тіліне қарама-қарсы ағылшын тіліндегі жалғандықтың модальділігі былайша айтылатын төрт жанама раймен: шартты І, шартты ІІ, болжамды және шартты I .

I шартты райдың, орысша шартты рай сияқты, уақыттан тыс сипаты бар. Ол не жақ категориясын, не түр (жекеше, көпше) категориясын білдірмейді. Негізі сема ретінде І шартты райдың «болжамдық», «бұл құбылыстың шындығына сенімсіздік» семалары бар; бірақ сонымен бір мезгілде нақты шындықта орны бар нәрсеге ешқандай қарсылықты білдірмейді.

II шартты райдың негізгі ретінде «шынайы емес» семасы бар, онда ол «шынайылық» семасы бар индикативтің формаларымен бірге полярлық орын алады. І шарттыға қарағанда, негізі «шынай sемес» семасына «осы шақ», немесе «келер шақ», немесе «өткен шақ» семасы қосылады, соның салдарынан ІІ шарттыда осы шақтың формалары ерекшеленеді. Болжалды райда, атауы көрсетіп тұрғандай, негізгі ретінде «болжам» бар. Осылайша, бұл райдың ешқандай грамматикалық категориясы жоқ. Орыс тілінде бұл райға шартты райдың формасы сәйкес келеді.

Осы мәселеге қатысты ғалымдардың әр қилы пікірлеріне талдау жасағаннан соң, біз, ағылшын тіліндегі шартты рай орыс тіліндегі сиықты тілек, ұсыныс, болжам, күмән немесе шынайылық еместігі (жалғандықты) білдіреді деп атап көрсете аламыз.

Тілдік модалділік жайлы сөз болғанда ең алдымен осы категорияны білдірудің бір жолы болып саналатын рай категориясының маңыздылығы айтылады. Рай категориясы әлемнің көптеген тілдерінде модалділік функционалды-семантикалық тұтастығының парадигмаға түскен морфологиялық көрсеткіші есебінде түсіндіріледі.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлы етістік райының он бес түрін көрсетеді: тұйық, билік, ашық, шартты, ереуіл, реніш, қалау, сенімді, сенімсіз, болжал, мұң, көніс, қайрау, азалы, теріс [2. 23] . Біздің ойымызша, ғалым жекелеген модалділік мағыналарды реңктеріне қарай жіктеп, оларды рай категориясы ретінде қарастырған. Біз ғалымның рай түрлерін көрсетуде негізінен олардың мазмұнына көңіл аударғанын аңғарамыз. Ал мұның өзі функционалды грамматиканың негізгі зерттеу әдісінің бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
Қазақ және ағылшын тілдерінде бұйрық мәнінің білдірілуі
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz