Эмбрионды реципиентке қондыру
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы КАФЕДРАСЫ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Эмбриондарды көшіріп-қондыру әдістері және жұмыс этаптары
Орындаған: Ерік Анель
Тексерген: Тургумбеков Асет Абдымаратович
Алматы 2021
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Эмбрионды көшіріп-қондырудың маңызы.
2.2. Эмбриондарды көшіріп-қондыру жұмысының орындалуы.
2.3.Жануарларды эмбриондарды алуға дайындау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Эмбриондарды трансплантациялау арқылы бір сиырдан бұқаларды іріктеу үшін ұрпақтардың қажетті санын алуға болады; осылайша бұқалардың аналары арасында селекциялық қысымды 20 және одан да көп есе арттыруға мүмкіндік жасалады. Алынған ұрпақтар өздерінің асыл тұқымды және өнімді қасиеттері бойынша гетерогенді; ұрпақтардың бір бөлігі өзінің көрнекті ата-аналарына қарағанда артықшылыққа ие. Сондықтан эмбриондарды трансплантациялау міндеттерінің бірі-олардың арасынан таңдау және одан да жоғары сапалы ұрпақтарды көбейту мақсатында көрнекті ата-аналардың ұрпақтарын көбейту. Осылайша, эмбриондарды трансплантациялау бірқатар ұрпақтарда малды жақсарту үшін жеделдетілген селекциялық процестің жүйелі биотехнологиялық әдісі болып табылады.
Бір сиырдан шыққан ұрпақтар санын көбейтудің негізгі мүмкіндігі жұмыртқаны өндірудің үлкен әлеуетіне байланысты, бұл әрқашан ұрпақ алу мүмкіндігінен едәуір үлкен. Эмбриондарды трансплантациялау арқылы ең жақсы жануарлардан ұрпақтардың көбеюінің биологиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға қол жеткізіледі.
Трансплантацияның әсері көбінесе сиырларды донор және реципиент ретінде дұрыс таңдаумен анықталады: донор ретінде ең жақсы, ал реципиент ретінде - селекциялық белгісі бойынша ең нашар сиырлар пайдаланылады.
Айырмашылықтардың төмендеуіне қарай, мысалы, донорлар мен реципиенттердің сүт шығынында олардың ұрпақтарының сапасындағы айырмашылықтар да төмендейді; донор мен реципиент арасындағы сападағы айырмашылықтар неғұрлым жоғары болса, трансплантация әдісін қолдану соғұрлым орынды болады. Сондықтан трансплантация әдісі өнімділігі жоғары сиырларды донор ретінде пайдалануға негізделген. Эмбрионның донор сиырларын ұрықтандыру үшін ұрпақтарының сапасы бойынша ең жақсы бұқалардың ұрығы пайдаланылады.
Эмбрионды көшіп-қондыру жұмысы XIX ғасырдың аяғында үй қояндарына жасаудан басталды (Хипп, 1890) Кейінгі жылдары бұл әдісті қойларға
(А. И. ЛОПЫРИН), шошқаларға (А. В. Квасницский), ал 1960-1970 жылдары ірі қараға қолдана бастады. Әсіресе, Кембридж университетінің ғалымдары бұл салада көп еңбек сіңірді. Тышқанның эмбрионын морула кезінде екіге бөліп салып, егіз төл алады, ал 1973 жылы алғаш рет мұз етіп қатырылған эмбрионды ерітінді салып, одан кәдімгідей бұзау алады. Канада мен АҚШ-та тек 1979 жылы 30 мың трансплантат-бұзау алынса, ТМД мемлекеттерінде 1983-1992 жылдары 6,5 мың бұзауды трансплантациялау арқылы алды, 1983 жылы Парижде, Испания, Франция, ФРГ, Швейцария, Дания. Голландия, Великобритания елдерінің өкілдері жиналып эмбрионды көшіп-қондыру жөнінде Еуропалық бірлестік құру жөнінде келісті.
II.Негізгі бөлім
2.1. Эмбрионды көшіріп-қондырудың маңызы
Эмбрионды көшіріп-қондыру (трансплантациялау) мал басын өз төлінен өсіруді қарқындатудың бірден-бір тиімді биотехникалық әдісі. Бұл әдістің мәні жаңадан буаз болған малдың (донордың) жатырындағы эмбрионды шығарып алып, басқа бір күйілген малдың (реципиенттің) жатырына апарып салуда. трансплантациялау Қолдан ұрықтандыру жұмысы негізінен аталық малды тиімді пайдалануды көздейді. Ал эмбрионды көшіпқондыру жұмысы аса құнды аналық малдан көбірек төл алуды мақсат етіп қояды.
Ғалымдардың айтуынша, бір сиырдан 500-ге жуық бұзау алуға болады. Ал кәдімгі қолдан ұрықтандыру, немесе табиғи қашыру әдісімен 8-10 бұзаудан артық ала алмас едік. Эмбрионды көшіп-қондыру буаздықтың физиологиясын және патологиясын терең зерттеуге мүмкіндік береді, сол арқылы аналық малдың жатырында неше төл өсіп-дами алатынын болжауға болады, іштегі төлдің организміндегі физиологиялық процестердің ауытқуларын біліп-оқытуға мүмкіндік береді.
Мұз болып қатырылған эмбрионды алыс елдерден тасымалдау арқылы дүниежүзілік генофонды мейлінше толығынан пайдалануға болады, одан алынған төлді сол жердің жағдайына бейімдеп акклиматизациядан өткізіп әуре болудың қажеті жоқ. Тағы бір айта кететін жай, эмбрионды шығарып алып мұз етіп қатыру арқылы жер бетінен мүлдем құрып бара жатқан жануарлардың тұқымын сақтап қалуға, тіпті көбейтуге болады.
2.2. Эмбриондарды көшіріп-қондыру жұмысының орындалуы
Эмбриондарды көшіріп-қондыру жұмысының орындалу реті: Донор мен реципиент малды таңдау. Донордың ұрық безінде суперовуляция туғызу, донорды ұрықтандыру. Донордың жатырынан эмбрионды шайып шығарып алу. Эмбриондардың сапасын бағалау, эмбрионды сақтау. Донордың жыныстық цикліне, реципиенттің жыныстық циклін сәйкестендіру. Эмбрионды реципиенттің жатырына апарып салу. Эмбрионды көшіріп-қондыру жұмысы екі жолмен іске асырылады: хирургиялық жолмен (ұсақ малдар үшін) операциясыз жолмен (ірі қарада )
Донор 1 мен реципиентті таңдау. Донорды таңдау аса жауапты жұмыс, өйткені кез келген мал сапалы, өміршең эмбрион бере алмайды. Асылтұқымды мал Донорға қойылатын талаптардың ең бастысы Жоғары өнімді мал (экстерьері, массасы, сүттілігі, сүттің майлылығы, саулықтардың жүнінің сапасы) Малдәрігерлік тұрғыдан қарағанда мыналарға ешқандай күмән болмау керек: Жұқпалы Жыныс Денсаулығ аурулардан органдары Желінінде ында таза болуы нда керек Донордың жасы 3-4 бұзауланған (саулық болса, 3-4 қоздаған) сиыр, соңғы төлдеу ешқандай қиындықсыз өтіп, жыныстық циклі өз уақытысында, белгілі ырғықпен өтіп жатқан мал болғаны дұрыс. Алғашқы кезде донордың саны 2-3 есе көп болады, кейіннен, гормональді препараттарды қолданғанда, суперовуляцияға бейімі бар сиырларды ғана іріктеп қалдырады. Реципиенттер үшін оның асылтұқымды, құнды мал болуы шарт емес, тек қондырған эмбрионды өсіріп-жетілдіре алса болғаны. Ол үшін: реципиенттің ешқандай ауруы жоқ; денсаулығы таза, әсіресе жыныс органдары аман; жыныстық циклі біркелкі бір ырғақпен өте жоғары деңгейде өтіп жүрген мал болғаны дұрыс. Реципиент ретінде организмі физиологиялық тұрғыдан жетілген салмағы 320-350 кг. Құнажындардан бастап, 5-6 жастағы сиырға дейінгі малды ала беруге болады. Бір донорға 6-8 реципиент дайындайды. Донорлардың да, реципиенттің де бағыу-күтімі жақсы болуы керек. Суперовуляция 2 туғызу және донорды ұрықтандыру.
Суперовуляция - деп малдың ұрық безінде бір мезгілде бірнеше ондаған фолликульдердің дамып-жетіліп, жарылып, аналық ұрық клеткаларының бөлініп шығуын айтады. Бүгінгі таңда суперовуляцияны тек горманальді препараттарды қолдану арқылы ғана іске асырып жүр, әсіресе буаз биенің қанындағы гонадотропиндер (ГСЖК) тиімді. ГСЖК биенің қанында буаздықтың 60-90 күндері өте көп болады. Бұл препаратты Шымкент қаласындағы Республикалық зертханада жасайды. ГСЖК-ні сиырларға бір рет қана 2,5-3 мың МЕ шамасында тері астына салады, саулыққа 100 МЕ жетеді. Қайталап салған кезде бұл препараттың зиянды әсері болуы мүмкін. Препаратты малға (донорға) жыныс циклінің ортасына 8-15 күндері салған дұрыс, содан кейін 48 сағат өткен соң эстрофанның 2 мл-ін жібереді. Мұндай өңдеуден өткен мал 2 күннен кейін-ақ күйлейді, жыныс циклінің барлық феномені жақсы көрінеді. ФРГ-гормоны граффолон пролозан гравогормон Суперовуляция туғызу үшін фоллигон мынадай фоллитропин препараттарда қолданылады: Бұл препараттардың құрамында фолликул қоздырушы және лютеиндеуші гормондар бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы әсер ету мерзімінің ұзақтығында. Бұл препараттар мал организмінде тез күшін жоятын болғандықтан тәулігіне 2 реттен 3-4 күн бойы қолданылады. Күйлеген малды ұрықтандыру үшін құнды, асылтұқымды белгілі аталық малдың шәуетін қоланады. Аралығы 10-12 сағаттан келтіріп, күйлеген сиырды күйі қайтқанша 3 рет ұрықтандырады, шәуеттің мөлшерін әрбір ұрықтандырған сайын 2 есеге дейін көбейтеді. Мұз етіп қатырылған шәуетті қолданғанда, оның еріткеннен кейінгі белсендігі 4 балдан төмен болмауы керек және шәуеттің бір рет жіберілетін мөлшерінде тірі спермиялардың саны 50 млн-нан кем болмағаны дұрыс. Эмбрионды 3 шайып шығарып алу. Эмбрионды сиырдың жатырынан ұрықтандырғаннан кейін 7-күндері шайып шығарып алады, негізінен операция жасамай хирургиясыз жолмен алады. Бұл әдіс арзанға түседі, оңай алынады және донорды бірнеше рет қайталап пайдалануға мүмкіндік береді, арнайы операция жасайтын бөлмені, құрал саймандарды қажет етпейді, сиырдың тұрған орнында іске асыра береді. Жұмысқа кіріспей тұрып малдың тік ішегін нәжістен босатады, жатырдың және ұрық безінің жағдайын тексеріп көріп шығады, ұрық безіндегі сары денелерді санайды (суперовуляцияның деңгейін біледі), малдың сарпайын, жамбасын, құйрығын жуып тазалап дезинфекциялайды. Малдың күшенуін тоқтату үшін эпидуральді анестазия жасайды. Эмбрионды шайып шығару үшін негізінен Фолей катетрі қолданылады, оның ішіне жіңішке мандрен салып, ректоцервикальді әдіспен жатыр мойнына, одан әрі тармағына дейін өткізеді. Енді катетер ішіндегі мандренді шығарып тастаймыз да, оның сыртқы арнасы арқылы 10-15 мл ауа үрлейміз. Сонда катетердің ұшындағы баллон ауаға толып, керіліп жатыр тармағын толық бекітеді де, ішіне құйылған сұйықтың және эмбрионның сыртқа төгіліп, ысырап болуына жол бермейді. Катетерді осылай орнатқаннан кейін, сол арқылы жатыр ішіне Дюльбек сұйығын 40-60 мл шамасында бірнеше рет құйып, бірнеше рет қайта сорып шығарады, жалпы мөлшері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz