АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
А) Археология ұғымы және қалыптасу тарихы.
Б) Археологиялық ескерткіштер.
В) Археологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері.
3.Қорытынды.

Кіріспе
АРХЕОЛОГИЯ - тарих ғылымының ежелгі дәуірі мен орта ғасырындағы адамзат қоғамының даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін мамандық.Бұл мамандықтың негізгі зерттеу нысандары: алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер, еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстар, керуен сарайлары мен әскери бекіністердің тұрмысы, үй-іші заттары, зираттар, обалар және т.б. АРХЕОЛОГИЯ - тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды. Негізгі назар аударатындары - еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, сән-салтанат бұйымдары, үй іші заттары, мекен-жай, қоныстардың орны, сарайлар мен бекіністердің қираған қалдықтары, зираттар т. б. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылми түсініктер беру үшін археология, геология, ботаника, зоология, этнография, антропология ғылымдарының мағлұматтарына сүйенеді.

НЕГІЗІ БӨЛІМ
А) АРХЕОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Археология - адамзаттың өткен тарихын заттай ескерткіштер арқылызерттейтін ғылым. Археология терминін ежелгі грек тілінде - архайос-ежелгі,логос-ғылым - деген мағынаны береді. Бұл терминді алғаш рет ежелгі грекфилософы Платон (427-347жж.) пайдаланған. ХҮІІІ ғасырда бұл терминді ежелгі өнер тарихы деген мағынада пайдаланған. Осы уақытқа дейін көптеген елдерде археология тарих ғылымдарына емес жаратылыстану ғылымдарына қосылады.Біздің елде (Бұрынғы Кеңес Одағы территориясында) археология тарихтың бір саласы болып саналады.
Археология - тарихтың жазуға дейінгі кезеңін зерттеуде үлкен рөлатқарады. Егер адамзат тарихы 2,5 млн. жылды құрайтын болса, жазуға дейінгі тарих адамзат тарихының 99,9 % құрайды. Сондықтан, адамзат тарихының көп бөлігі археологиялық деректер арқылы зерттеледі.Алғашқы археологиялық қазба жүргізу және деректерді түсіндіругеталпыныс ежелгі дәуірде басталған.Ежелгі рим ақыны және ойшылы Лукреций Кар (б.д.д. Іғ.) жазуға дейінгі тарихты тас, мыс және темір дәуірлеріне бөлген. Лукрецийдің дәуірлерге бөлуін археологтар қазір де пайдаланады. Орта ғасыр кезеңінде археология біржолата ұмытылған болатын.Археологияға жаңа көзқарас қайта өрлеу дәуірінде болды. ХҮ-ХҮІ ғасырларда Италияда көптеген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл қазба жұмыстарының басты мақсаты ежелгі грек және ежелгі рим ескерткіштерін, әшекейлерін, асыл заттарын табу болды. ХҮІІІ ғасырда Помпей және геркуланума қалаларында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.Археологиялық жұмыстардың қайта жандануы ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары басталды. Бірақ нағыз ғылыми зерттеулер тек лы Француз революциясынан кейін бастау алды.
Археология ғылым ретінде тек ХІХ ғасырда қалыптасты.Бұлкезде Қосөзен мен Египеттегі ежелгі өркениеттер табылған еді. 1836 жылы дат археологы Х.Томсен археологиялық материалдар бойынша адамзат тарихының алғашқы үш ғасыры (тас, қола, темір) туралы гипотеза айтты, оның гипотезасын Е.Ворсо ары қарай дамытты. Буше де Перт табылған тастарды еңбек құралдар екенін дәлелдеді. 1837 жылы француз археологы Э.Лартэ алғашқы тас құралдар жасаған адамдар мамонттар және басқа да қазба жұмыстары кезінде аталған жануардың замандасы болғанын анықтады.1869-1893 жж. белгілі француз зерттеушісі Г.Мортилье Томсеннің жәнеВорсоның хронологиялық жүйесін ары қарай дамытты. Ол тас құралдардыңалғашқы хронологиялық сызбасын (схемасын) жасады. Оның ғылыми айналымға енгізген терминдері (ашель, мустье және т.б.) әлі күнге дейін қолданылады.1865 жылы археолог және этнолог Д.Леббок тас ғасырын екі дәуірге: палеолит және неолитке бөлуді ұсынды. ХІХ ғасырдың аяғында француз археологы Э.Пьет олардың арасындағы өтпелі кезең мезолитті ашты.Қола және темір ғасырлары да ежелгі және кейінгі болып екі дәуірге бөлінді, ХІХ ғасырдың аяғында археологиялық жаңа термин Энеолит - мыс-тас ғасыры пайда болды. Ол тас ғасыры мен қола дәуірінің арасындағы өтпелі кезең.

Б) АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР.
Археологиялық ескерткіштерді шартты түрде топқа бөлсе болады.Олардың ішіндегі ірі екеуі - елді-мекендер және қабірлер болып табылады. Елді
мекендер бекініссіз (тұрақтар, ауылдар) және бекіністі (қала,қалашық) болып бөлінеді. Қалашық және ауыл деп қола және темір дәуірлерініңескерткіштерін атайды. Тұрақтар деп тас және қола дәуірлерінде адамдармекендеген жерлерді айтады.Қабірлердің негізгі екі түрі бар: мола басында белгілері бар(қорғандар, мегалиттер және т.б.) және топырақты қабірлер, яғни басында ешқандай белгілері жоқ. Ең күрделісі - мегалитті қабірлер (мегас - үлкен,литос - тас), яғни үлкен тастардан салынған қабірлер - дольмендер,менгирлер және т.б. Батыс Еуропа мен Россияның оңтүстігінде дольмендер(доль - стол, мен - тас) кең тараған.Үлкен тастардан жасалған қабірлер - пирамидалар. Пирамиданың ең үлкені - Хеопс пирамидасын салу үшін 6,5 млн. т. тас кеткен. Оның биіктігі - 140м.Бұрынғы Кеңес Одағы территориясындағы пирамидалар ағаштан және топырақтан жасалған. Олардан тек топырақты қорғандар сақталған.Қабірлер - өлген адамның жасын анықтайды, яғни сол дәуірдегі адамдардың орташа өмір сүру мерзімін, олардың өмір салтын, немен қоректенгенін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандар адамның сыртқы бейнесін,бойын, жыныстық айырмашылығын және тағы басқа белгілерін адам сүйектері толық табылмаса да анықтай алады. Кейде ұйықтан (болотадан) адамның шірімеген сүйектері табылады. Мысалы, 1984 жылы Линдоу-Мосс ұйығынан жасы жиырма-отыздағы, бойы - 167 см, сары сақал-мұртты, самай шашы бакенбардас (бакенбардасы) бар, тырнақтары алынған ер кісінің сүйегі табылған. Оның денесі 2500 жылдай балшықтың арасында жатып шірімеген. Оны арқанмен қылқындырып өлтіріп ұйыққа тастаған. Осындай табылымдар өткен өмір туралы көптеген мәліметтер береді.Қабірлер, әсіресе жерлеу рәсімдері өлген адамның руластарының діни көзқарастарын, сенімдерін, дүниеге көзқарасы туралы мағлұматтар береді.

В)АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
Типологиялық әдіс - бұл материалдарды әртүрлі әдіспен түрге бөлу болып табылады. Типологиялық әдіс артефактілердің барлық жиынтығын қамтиды, олархеологиялық ғылымның әдіснамасында орталық болып табылады. Типологиялық әдістің дамуы ХХ ғасырдың басына жатады. Және шведтің көрнекті археологы О. Монтелиус атымен байланысты. О.Монтелиус ерекше атап өтті заттардың түрлері (түрінің тұрақты сорттары) және олардың уақытша белгілері жабық (жабық) бойынша эволюциялық қатар түріндегі реттілік бір мезгілде көмілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аргеологиялық ескерткіштерді қорғау
Археология ғылымы
Археология ұғымы және археологияның қалыптасу тарихы
Археология ғылымына түсінік
Тарих ғылымдарының докторы
Археология ғылымы. Археологиялық ескерткіштер түрлері
Археологиялық зерттеулер
Археологиясындағы орны мен қызметі
Сарматтар мәдениетінің кезеңделу проблемасы
Ақтөбе облысындағы археологиялық ескерткіштер
Пәндер