ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің бастауы
2. Археология ғылымындағы дамудың алтыншы кезеңі (1991ж)
3. Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер мен мәдениеттердің дамуы
III. Қорытынды
Кіріспе
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшы- лардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен колданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С. Ремезов жазған Сібірдің сызба кітабы жарық көрді. Онда географиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерткіштері туралы мәліметтер де келтірілген. Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г. Ф. Миллердің басқаруымен жасалған бірінші академиялық экспедицияның есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М. Ушаков жұмыс істеген еді. 1768 -- 1774 жылдары Еділ бойының Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса көрнекті ғалымдар П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рычков, X. Барданес қатысты. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақстанның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейе түсті. Геологтарды ежелгі кен орындары, мыс пен қалайы өңдеген жерлердің үйінділері, тас қашаған орындар, үңгірлер, жартас суреттері, көне суландыру жүйелері қызықтырған еді. Орталық Қазақстанның ескерткіштерін сипаттап берген, мұнда түрлі дәуірге жататын археологиялық ескерткіштерді кездестірген тау-кен ісінің инженері И. П. Шангин жазбалары да қызығушылық тудырады. ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай, негізінен, Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды.
1. Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің бастауы
Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар мен географтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырған. 1707 жылы жарық көрген С. Ремезовтің Сібір картасында қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштер туралы жазылған. 1733 жылы Г. Ф. Миллер бастаған бірінші академиялық экспедиция қазақ жерінде жұмыс істеді. 1774 жылғы жарық көрген П. И. Рычковтың Орынбор топографиясы атты еңбегінде ертедегі кеніштердің орны туралы мәліметтер бар. Бұл кездегі зерттеулер ғылыми негізде жүргізілмей, тек қана кездейсоқ табылған жәдігерлерді жинаумен айналысты. Ресейдегі археологиялық зерттеулердің кеңеюі Қазақстандағы көне ескерткіштерді ғылыми түрде зерттеуді қажет етті. Атақты қазақ ғалымы Ш. Уәлиханов өз қолжазбаларында ортағасырлық Талғар, Шеңгелді қалалары туралы кескіндеме қалдырған. Орыс шығыстанушысы В. Радлов Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді бірінші рет тарихи кезеңдерге бөлді. Оның еңбектері Қазақстан археологиясының дамуында үлкен қадам болды. 1867 жылы ресейлік Археологиялық комиссияның шешімімен орыс шығыстанушысы П. Лерх Түркістан өлкесін зерттеуге кірісті. Сауран, Сығанақ, Тараз қалаларының жоспарын картаға түсіріп, Жаңакент қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Ол ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалады. 1862 жылдан бастап В. Радлов Шығыс Қазақстан жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстандағы археологияның дамуына 1893-1894 жылдардағы белгілі ғалым В. Бартольдтың Орта Азияға барған ғылыми сапары негіз болды. Оның ғылыми еңбегі әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. 1895 жылы академик В. Бартольд Ташкент қаласында алғашқы археологтар үйірмесін ашты. Осы үйірме мүшелері В. Кларе мен А. Черкасов 1904 жылы Отырар қаласында қазба жұмыстарын жүргізді. 1920 жылы Түркістан мәдени ескерткіштерді қорғау және мұражайлар комитеті ашылды. Комитеттің негізгі міндеті тарих ғылымының үлкен бір саласы - археологияны дамытуды қолға алу болды. Сайран, Тараз қалаларында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, М. Массоның Түркістан туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.
2. Археология ғылымындағы дамудың алтыншы кезеңі (1991ж)
Археология ғылымындағы дамудың алтыншы кезеңін Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастауға болады. Бұл кездері ғылымға бір топ зерттеушілер келді. Олар М. К. Хабдуллина, К. М. Қарабаспақова, В. В. Варфоломеев, И. А. Кукушкин, Ж. Е. Смаилов, А. З. Бейсенов, М. С. Қасенов, Д. А. Талеев, М. Қожа, А. М. Досымбаева, З. Ш. Шарденова, Г. А. Терновая, Т. Мәмиев еді. Кеңес Одағының ыдырауы, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер қоғамда түрлі қарама-қайшылықтар тудырды. Бұрынғы идеологиялық шектеулердің алынып тасталуы, формациялық ұстанымнан бас тарту тарих методологиясына да әсерін тигізді. Сөйтіп, жаңа кезең бұрынғы идеологиялық ұстанымдарды қайта қарастыруымен сипатталынады, бір шетінен қоғамда этноцентристік сипаттағы тарихи мифтер де кеңінен белең ала бастаған еді. Археологияда да бұл жайттардың кейбірі орын алды, бірақ 1991 жылы бәрі өзгере қалды деу аңқаулық болар еді, өйткені академиялық дәлдіктің арқасында мәдени мұраны зерттеудегі археологиялық бағыт бұрынғысындай қала берді, ал ғылыми әдебиет төңірегіндегі тарихты қайта жазу керек деген сөз археологиялық ізденістерді шарпи қойған жоқ. Жаңа кезеңдегі аса ірі оқиғалардың бірі 1991 жылы Археология институтының ашылуы болып саналады. Көрнекті ғалым, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, академик Ә. Х. Марғұлан есімі берілген бұл Археология институты Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 28-тамыздағы №496 Қаулысымен және Қазақ КСР ҒА Төралқасының 1991 жылғы 6-қыркүйектегі №73 Қаулысымен Қазақ КСР ҒА Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Археологиялық зерттеу орталығының негізінде құрылған еді.
3. Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер мен мәдениеттердің дамуы.
Тарихшы-археологтар өздерінің зерттеу жүмыстарында, сол жазба деректерге сүйенеді. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі -- сақтар . Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б. з. б. VIII- IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендеген көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал тарих атасы Геродот сақтар тұралы өте жауынгер тайпа деп жазған. Оларды Спиридон “Азиялық скифтер” деп атаған. Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:
1. Тиграхауда сақтары - ол шошақ қалпақ киген сақтар;
2. Хаомаварға сақтары - жүзімнен (хаома - жүзім) сусын қайнатушылар;
3. Парадарая сақтары-теңіздің арғы жағында тұрушы деген ұғымды берген.
Тиграхауда сақтары қазіргі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Оған дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі - 70 см. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде домлар, аргиппейлер, исседондар т. б. деп те атайды. Хаомаварға сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда жүзім өсіріліп, оның суынан сусын жасайтығындығы ертеден белгілі болған. Олар деректерде массагеттер депте аталады. Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары тоналғандығына қарамастан, Қазақстан археологиясында үлкен жаңалық болып, ол “алтын обаның құпиясы” деп аталған. Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір тіршілігі, әдет-ғүрпы, салт-санасы туралы көптеген деректерді береді. Сақтар әшекей бүйымдар жасауда, нағыз зергер болған. Олар жай ғана зергер емес, олардың жасаған бұйымдары керемет сәнді, көзтартарлық әсем болумен қатар, оларда белгілі бір ұшқыр, киелі фантастикалық сезім немесе философиялық терең ой бейнеленеді. Егер Есік обасынан табылған алтын киімді адамның сәукелесіндегі көрініске қарасаң, зергер тек сәндік бұйымдардың жасаушы шебері ғана емес, ол өз заманының ойшыл суреткері - тамаша мүсінші, суретшісі. Сәукеленің ұшар басындағы қасқия қарап түрған арқардың мүсіні - келбеті бекер тұрған жоқ. Арқар өз үйірінің тыныштығын күзетіп жартастың ұшар басында тұрған сақшы-күзетші. Бұл көрініс сол кездегі, ру-тайпалардың бірін-бірі жаулап алу, бірін-бірі бағындырып алуға әрекет жасаған, тынымсыз, жаугершілік заман болған кез. Сондықтан да зергер суретші сәукелеге берген көріністе тіршілігінде өз тайпасының немесе өз руының тыныштығының күзетшісі, қолбасшысы болған адамға о дүниеде сондай болуына жалпы, мәңгі тыныштықтың болуын армандаған қиялы ойы сияқты. Бұл ойды алтыннан жасаған Алатау бейнесінің ағаштарында отырған құстар да қуаттайтын тәрізді. Сәукеленің маңдайындағы екі айғырдың алдыңғы аяқтарын көтеріп, бір-біріне айбат шегіп тұрғандығы да жоғарыда айтылғандай жаугершілік заманды бейнелеп тұр. Суретші сәукеледе өз заманының өмір құбылысының көрінісін толық бере білген. Тұтыну бұйымдарының арасында ағаштан жасалған астау, шөміш, тостағандардың пошымына ұқсас көзе ыдыстар көптеп кезігеді. Темірден, қоладан жасалған қазандар да өте көптеп кездеседі. Ескеретін бір жағдай, бұл кездегі табылған темір құралдарға жасалған анализдерге қарағанда, темір қорыту сапасы нашар болған. Дегенмен, қару-жарақтың арасында семсерлер жоғары сатыға көтерілмесе де, темір ұсталығы жандана бастаған. Сақ тайпаларының жерлеу салты олардың діни наным-сенімдерін толық көрсетеді. Діни нанымдардың арасында қола дәуірінен бері сақталып келе жатқан “о дүниеге сену”, “отқа табыну” сақталған. Темір дәуіріндегі жаңа ерекшелік аспан денелеріне, күнге табыну, тайпа немесе ру ақсақалдарына, олардың аруағына сийыну, “көсемдерге” сиыну сақтардың о дүниедегі өмірінде де, бұл дүниедегі өмірде болсын өте жоғары орын алған. Сақтардың барлық бұйымдары, тастағы суреттері де
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz