Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Сөз зергері

  1. Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы . . . 5

1. 2 Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы . . . 9

ІІ тарау. Қазақ әйелінің көркем бейнесі

2. 1 Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы қазақ әйелінің тағдыры . . . 15

2. 2 «Ұлпан» - ана мәселесін көтерген көркем туынды . . . 20

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30

Кіріспе

Тақырыптың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихына өлшеусіз үлес қосқан ақын - жазушылар, драматургтер аз емес. ХХ ғасырда өмір сүрген атақты жазушы, сөз зергері Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылық мұрасы жөнінде жазылған зерттеу еңбектер мол. Солардың ішінде белгілі жазушы, драматург әрі әдебиет зерттеушісі Т. Ахтановтың «Ғабит Мүсірепов» [1] , әдебиетші әрі жазушы Х. Әдібаевтің «Талант. Талғам. Тағдыр» [2], әдебиетші С. Әшімханқызының «Мир Габита Мусрепова» [3], Р. Нұртазинаның «Ғ. Мүсіреповтің публицистикасы» [4], М. Бекбергеновтің «Ғабит Мүсіреповтің прозасы» [5], Б. Смановтың «Ғ. Мүсірепов шығармашылығын оқыту» [6], қазіргі қазақ сынының теоретигі Д. Ысқақұлының «Сырбаз суреткер» [7] , С. Жұмабековтің «Ғабит Мүсірепов» [8] атты кітаптары әрқайсысы жазушы, сөз өнерінің майталманы Ғ. Мүсірепов шығармашылығын танытудағы игілікті істер. Ғ. Мүсірепов шығармашылығын тану, зерттеу үрдісі жекелеген зерттеушілердің ғана емес, сонымен қатар үлкен ауқымды өтетін халықаралық конференциялардың деңгейінде де өтіп жатыр. Сондай конференциялардың нәтижесінде дүниеге келген «Ғабит Мүсірепов және әлемдік әдеби процесс» [9] және «Ғ. Мүсіреповтің көркемдік әлемі» [10] атты еңбектер жарық көрді.

Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, соның ішінде «Ұлпан» романын оқыту қазақ әдебиетінің тарихына қатысты жазылған оқулықтарды, монографиялық зерттеулердің бәрінде де үнемі айтылып, зерттеліп келеді. Атап айтқанда «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» [11], «Қазақ әдебиетінің тарихы» [12] (ІІІ том, 2-кітап), «Қазақ әдебиетінің тарихы» [13] (8 том. Кеңес дәуірі. 1941-1956) атты еңбектердің барлығында да Ғ. Мүсірепов жайында жазылған көлемді очерктер бар. Бұл айтылғандар өзге де сыншылардың, әдебиеттанушы ғалымдардың Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы жайында жазған еңбектерінің бәрін санамалап шығудың өзі мүмкін емес. Бұдан аңғаратынымыз жазушының өмірі, шығармашылық таланты сыншылдық суреткерлігі әр кез қызығушылық танытып отырған.

Ғабит Мүсірепов романдарының, соның ішінде «Ұлпан» романының көркемдік ерекшеліктері, жазушының образ жасау шеберліктері, тіпті тіл ерекшелігінің өзі де ешкімге ұқсамайтындай дара тұратыны жасырын емес. Осындай ерекше қасиеттерін шама-шарқымызға қарай ашып көрсетуге әрекет жасадық. Жазушы романдарының тарихи маңызы зор деп санаймыз, Қорытып айтқанда Ғабит Мүсірепов аса ірі ромнист, роман жанрындағы жетекші жазушы, осы сұрақтарға жауап іздеп, жұмыс жаздық. Бұл айтылған деректердің бәрі біздің зерттеу обьектіміздің маңыздылығы мен өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті . Біздің зерттеу жұмысымыздың алдында үлкен мақсат, міндеттер қойылды. Сан алуан қырымен, дәлірек айтқанда жазушылық, драматургтік, зерттеушілік қырымен қоса Ғ. Мүсірепов өзінің ұзақ, мағыналы ғұмырында қоғам қайраткері ретінде де қазақ халқына танымал тұлға болды. Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің мұндай дара қасиеттерінің бәрін бір ғана шағын зерттеу жұмысында айтып шығу мүмкін емес, сол себепті біз жазушының өмірі мен шығармашылық өнерін жете тани түсуді, сонымен қатар әйгілі жазушының сыншылық және әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін айқындап түсуді мақсат етіп алдымызға қойдық. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында бірнеше міндеттерді жүзеге асыруды қажет деп таптық:

Белгілі жазушы, әйгілі сөз зергері, кешегі кеңестік дәуірдегі қазақ тілінің шын мәніндегі жанашыры болған аяулы азамат Ғ. Мүсірепов жайында айтылған, жазылған зерттеулерді жан - жақты саралай, қорытындылай отырып, жазушының өмірбаяны жайында ой түйіп, пікір қорытуды жүзеге асырдық, бұл біздің бұл саладағы алғашқы ізденісіміз.

Зерттеу жұмысы барысында Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы қазақ әдебиеті тарихымен ұштастырыла, сабақтастырыла баяндалды, бұл да жұмысымыздың өзіндік дара сипатын айғақтай түседі.

Зерттеу жұмысының дерек көздері - ретінде ең алдымен жазушы Ғ. М. Мүсіреповтің өзінің төл кітаптары кеңінен пайдаланылды. Мысалы, жазушының әр жылдары жарық көрген таңдамалы шығармаларының үш томдық жинағы. Сондай - ақ жеке - жеке кітап болып жарық көрген кітаптарының мол пайдасы болды. Әсіресе Ғ. Мүсіреповтің тікелей зерттеушілік қырын танытатын кітаптары «Әдебиет кәсіп емес, өнер» [14] , «Уақыт іздері» [15] , «Заман және әдебиет» [16] , «Суреткер парызы» [17] т. б. кітаптардағы ғалым, әрі сыншы суреткерлердің сыншылдық ойлары кеңінен пайдаланылды, ой-пікірлерді дәлелдеуге септігін тигізіп отырды. Сонымен бірге Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған монографиялық кітаптар, жоғарыда аталған конференция материалдары, т. б. еңбектер де дерек көздері ретінде қолданылды, ол еңбектердің денін жоғарыдағы зерттелу деңгейінде айтып өткендіктен, қайталап жатуды артық санадық.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысы барысында тарих салыстырмалы әдіс, талдау, жинақтау және қорыту әдістері кеңінен қолданылды.

Ғылыми жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы мектеп оқулықтарында үзбей оқытылып келеді, сонымен бірге жоғары оқу орындарының бағдарламаларында да кеңінен оқытылып келеді, демек бұл жұмыстың теориялық тұжырымдары мен практикалық маңызы ерекше деп айтуға болады, себебі курс жұмысын орындау барысында айтылған түйінді ойлардың бәрі де осы бағдарламалық талаптарға сай Ғ. Мүсірепов шығармашылығын оқыту кезеңінде жүзеге асып жатады.

Ғылыми жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Сонымен бірге өзара байланысы сақталған екі тарауды қамтиды. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І тарау. СӨЗ ЗЕРГЕРІ

1. 1 Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ХХ ғасырда өмір сүрген ең көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы қаламынан туған көркем сөз өнері қазақ халқының рухани қазынасының қымбат мұралары. Мүсіреповтен қалған ұшан - теңіз еңбектердің бірі романдар, соның ішінде роман жанрыа айырықша үлес болып қосылатын «Ұлпан» романы атты еңбектері. Жалпы Ғ. Мүсіреповтің көркемдік әлемі өте бай, ол жайында белгілі ғалым, профессор, филология ғылымдарының докторы М. Хамзин былай деп ой сабақтайды: «Ғ. Мүсірепов өзіне ел - жұрты, қоғам, ғұмыр кешкен уақыты жүктеген ауыр міндетті абыроймен атқарып шықты. Яғни өз туындылары арқылы қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан таным - түйсігін, сұлулыққа құштарлығын қаламгер поэзиясына арқау ете алады. Қазақтың болмыс - бітіміндегі терең философия, ғаламат сұлу эстетика жазушыны асқаралы биіктерге көтере білді. Ал, Ғабит Мүсірепов ұлттық эстетиканың ғажайып тылсым иірімдерін өзінің өнерпаздық, көркемдік әлеміне арқау етеді» [18. 74] .

Иә, жазушы әлемі шексіз, оның бәріне бір зерттеу еңбегі көлемінде тоқталып, талдап шығу мүмкін емес.

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, қазақ көркем сөзінің үздік зергері. Жазушының әдебиеттің проза, драматургия саласымен қатар қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына да зор үлес қосқаны жұртшылыққа кеңінен мәлім.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра қалдырды. Ғабит Мүсірепов көзінің тірісінде-ақ аса дарындылығымен, талғампаздығымен, шығармашылық шеберлігімен туған халқының зор құрметіне бөленген болатын. Жазушының шын өмірі, әсіресе шығармашылық ғұмыры өзі мәңгілік ғұмырға кеткеннен кейін басталады. Сөз зергері атанған Ғ. Мүсіреповтің інжу-маржандай құлпырған көркем шығармалары қазір де оқырмандар жүрегіне жол тауып, ізгілік дәндерін себуде. Өмірдің құпия сырларына терең бойлатып, асқақ идеалдарды уағыздауда, жүректерге жалын, рухани қуат беріп, жарқын болашақтарға бастауда, эстетикалық ләззат құйып, адамдардың бақытты өмір сүруіне көмектесуде.

ХХ ғасырға қадам басқан қазақ әдебиетін Ғабит Мүсіреповсіз көзге елестету қиын. Ол ең алдымен, жазушы. Жазушының қаламынан шыққан «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне», ана тақырыбына жазған әңгімелері - қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл дүниелер. Атақты жазушының шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, арман-аңсары кемел көркемдікпен шебер бейнеленеді. Ол сөз өнерінің асқан шебері ретінде академик-жазушы атанды.

Ғабит Мүсірепов - дарынды драматург. Күні бүгінге дейін қазақ театрларының сахнасынан түспей келе жатқан «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», сияқты пьесалары қазақ драматургиясының классикалық озық үлгілерінен саналады. Сонымен қатар «Амангелді», «Болашаққа аманат» пьесалары да тарихи қайраткерлерді көркем сомдай білген кесек туындылардың қатарында екені сөзсіз дәледенген құбылыс.

Ғабит Мүсірепов - алмастай өткір алымды сыншы. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде өз шығармашылығында ол пікір білдірмеген жазушы жоқтың қасы деп айтуға болады. Ол көптеген күрделі мәселелерге дер кезінде ой ай айтып, пікір білдіріп отырды. Сыншы ғалым, зерттеуші Ғабит Мүсіреповтің ең басты сын-зерттеу еңбектері «Суреткер парызы», «Заман және әдебиет», «Күнделік» т. б. жинақтарында топталған.

Сонымен бірге әйгілі жазушы шебер аудармашы да. Ол М. Горькийдің, М. Шолоховтың, О. Генридің, А. Островскийдің, В. Шекспирдің, Мольердің т. б. шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті.

Ғабит Мүсірепов - көркем очерк жазудың да майталманы. Жазушы - «Аттың сыны», «Жапон әсерлері», «Кездесулер» сияқты тамаша очерктердің авторы. Ол сондай-ақ кино сценарий жазумен де көп айналысты. Атап айтқанда «Амангелді» (Б. Майлинмен, В. Ивановпен бірге), «Қыз Жібек» сияқты қазақ кино өнерінің алтын қорында қалған кинофильмдердің де сценариін жазған. [10. 56]

Ең бастысы, ол еліне абыройлы азамат болды. «Ақын болмасаң болма, азамат болу міндетің» деп ақын Некрасов айтқандай Ғабит Мүсірепов өз Отанына адал қызмет еткен, қазақ халқының жарқын болашағы үшін әдебиет майданында аянбай күресіп, сөз өнерінен биік рухани мұнара тұрғызған танымал жазушы. Ол бізге осы еңбектері үшін ғана қымбат.

Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы айту, ой қозғау әрқашанда жауапты, абыройлы іс болған. Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі талантты тұлғаның бірі, ССРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов «Мүсірепов болса қашанда таңдануға лайық тұлға!» [9. 86. ] деп айырықша бір сүйіспеншілікпен баға берген екен. Демек әдебиет, өнер, мәдениет қана емес, өмір майданында да «таңдануға лайық тұлға» Мүсірепов әлемін сөз еткенде мына жайттар еріксіз еске түседі, ол алыптар тобы жайындағы айтылатын қағидалар. Дәлірек айтқанда Ғабит Мүсірепов қаламынан туған «Алыптар тобы» деген тіркестің өмірге келіп, кәделі де заңды ұғым мен тіркеске айналып кеткеніне біршама уақыт болды. Міне, осынау «Алыптар тобы» тәрізді пішімі ықшам да сөзі сара, ойы терең де мағынасы мол, тапқыр да мазмұнға бай талай-талай сөздер мен ғажайып дәл ұғым пікірлердің, көбінесе, сұлу да оралымды келетін, барша көпшіліктің зерде-көкейіне ұялай кететін және көп алуан сыр сипатымен жылдар өткен сайын толыса құлпырып биіктей беретіндей, ауқым-өріс кеңейтіп, ұзартқан үстіне ұзарта түсетіндей ғажайып бір сиқыры мен жұмбағы бар.

Мұны автордың, яғни Ғабит Мүсіреповтің сөзімен айтсақ: «Тегінде, мен өзімді бақытты екенмін деп ойлаймын, өйткені, менің алдымдағы алыптар тобының жазушылық, азаматтық, адамгершілік, қоғамдық дәстүрлерінің өнегелерін көрдім. Солардың жақсы өнегелерін үйренуге, бойыма жинауға тырыстым. Ол мен үшін де қымбат мұра болып қалған сияқтанады. [16. 45]

Алыптар тобы деп Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтар тобын санаймын. Осылар бір мезгілде әдебиет майданында шарықтап шыққан, әр жерде болса да әрқайсысы революцияға үн қосқан, революциямен бірге көтерілген сол кездегі ең алғашқы үлкен топ - атақты жазушылардың, ойшылдардың мен шәкіртімін» - деген болатын. Бұл ой-толғаныс үзігі 1978 жылы 12 ақпандағы санында жарияланған. Кейіннен Ғабит Мүсіреповтің «Заман және әдебиет» кітабына [16. 224] енген «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласында жарияланды. Осы алыптар тобының қатарына Ғабиден Мұстафин мен Ғабит Мүсіреповтің өзі де сөз жоқ кірер еді.

Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің тууы мен қалыптасуы, дамуы жолында яғни оның жетпіс жылдан астам мерзімдегі кезең-кезеңге сараланатын әрі сабақтаса ұласып жататын ұзақ та үзілмес тарихи сапарының көшбасында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин мен Ғабит Мүсірепов секілді алыптар тобының - титандар шоғырының болғандығы мақтаныш тудыратын әрі тарихи, әрі ғылыми мәні зор, ғасырдан-ғасырға созылатын ұлағатты ақиқат екені қазірдің өзінде баршамызға аян болып келеді. Біз өзіміздің осы зерттеу еңбегімізде өзіміздің азаматтық тарихымыздағы, ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздегі осындай санаулы да құдіретті тұлғалардың бірі - ұлы суреткер Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық өнерін шама-шарқымызша арқау етіп, талдау обьектісі етеміз.

Ең алдымен көпке мәлім болса да жазушының өмір жолы мен шығармашылық өнері жайында қысқаша болса да тоқталып өткеннің артықтығы болмайды деп ойлаймыз. Осы ретте соңғы кезеңде атақты жазушының кейбір қырлары, дәлірек айтқанда өмірі мен шығармашылығы, сыншылық өнері жайында жазып жүрген ғалым, сын теориясының тағылымды зерттеушісі Дандай Ысқақовтың «Сырбаз суреткер» [7. ] деп аталатын еңбегіндегі дерек көздерінің көп көмегі тиді, демек осы дерек көздерін мейілінше тиімді пайдаланудың реті келді.

Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы 1902 жылдың 22 наурызында Солтүстік Қазақстан обл. Жамбыл ауд, «Жаңажол» ауылында дүниге келіп, 1985жылдың 31 желтоқсан күні Алматыда қайтыс болды. Ол кеңес дәуіріндегі әдебиетіміздің негізін салушылардың бірі, әдебиет зетгеуші, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ССР ҒА-ның акдемигі (1958ж), Социалистік Еңбек Ері (1974ж), Қаз ССР-нің халық жазушысы (1984ж) .

Туған ауылында хат танығаннан кейін 1916 ж. 2 кластық орыс мектебінде бір жыл оқып, жоғары басқыш орыс мектебінде 4 жыл оқып, оны 1921ж бітірді. Осы мектепте оған белгілі педагог, жазушы Бекет Өтетілеуов орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.

1923 жылы Орынбор рабфагына түсіп, 1926 жылы бітірді. Омбыдағы ауыл шарушылығы институтында 1 жыл оқып, 1927-1928 жылы Бурабай орман шарушылығы техникумында оқытушы болды. Ол баспа орындарында, Совет, партия мекмелерінде жауапты қызметкер болып жұмыс атқарды, *Қазақстан* баспасының директоры, *Қазақ әдебиеті*, *Социалистік Қазақстан* газетінің редакторы , Қазақстан жазушылар одағының 1-секретары болып қызмет істеді. [19. 354. ]

Ғабит Мүсірепов 1928 жылдан бастап кеңес, партия, баспасөз орындарында әртүрлі қызметтер атқарған. Қазақстан баспасының бас редакторы, Қазақ КССР Оқу комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, БК(б) П Қазақ өлкелік Комитетінің баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Орталық партия Комитетінің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы өнер істері басқармасының бастығы болып аса жауапты қызметтерде істеген. 1938 жылы ол «халық жауы» деп айыпталған Бейімбет Майлинге ара түскені үшін («Бейімбет жау болса, мен де жаумын» деген сөзі үшін) партиядан шығарылып, қызметтен босатылады. Содан 1955 жылы ғана Бейімбет Майлин ақталғаннан кейін ғана партия мүшелігіне қайта қабылданып, «Ара-Шмель» атты сатиралық журналдың бас редакторы болып тағайындалған. Ғабит Мүсірепов 1958-1966 жылдар аралығында екі дүркін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылары одағы басқармасының хатшысы болып сайланды. Ол сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі (1958 жылы), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстанның халық жазушысы (1984), бірнеше рет КСРО және Қазақ КСР Жоғары кеңесінің депутаттығына сайланған.

Біздің зерттеу жұмысымыздың бұл тараудағы тақырыбы «Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылық өнері» деп аталатын болғандықтан ұлы жазушының осы аталған қырларын, дара қасиеттерін толықтыра түсетін жайттарды одан әрі толықтыра түскенді жөн көрдік. Ендігі кезекте белгілі сыншы Сайлаубек Жұмабековтің 1989 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан «Ғабит Мүсірепов» [8. ] деп аталатын зерттеу кітабындағы қажетті деген материалдарды пайдаландық. Ескере кететін мәселе бұл жерде жоғарыда айтылған, көрсетілген мәселелерді емес, керісінше сол мәселелерді одан әрі толықтыру, жетілдіру, нақтылай түсу мақсаты көзделді. Аталған жайттардың бәрі де біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың сапасын көтере түсетіні сөзсіз. Есте болатын құбылыс сыншы С. Жұмабеков өз зерттеуінде талантты жазушының өмірбаян жолдары мен шығармашылық сапарын қатар өріп отырған екен, бұл өте тиімді тәсіл болғандықтан біз де құптап, өз зерттеуімізге тиімді дәйек еттік.

Ғабит Мүсірепов 1928-1938 жылдар аралығында баспа орындарында, совет, партия мекемелерінде сан түрлі жауапты қызметтер атқарды. Мәселен, «Қазақстан» баспасының директоры, т. б. қызметтер, олар жайында жоғарыда біршама айтылды.

Осы он жыл ішінде оның қаламынан: «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен» және т. б. әңгімелер; «Тулаған толқында», «Алғашқы адым» повестері; «Ана» циклындағы қысқа новеллалар; «Әдебиет айтысына», «Мен қалай жаза бастадым», «Мұхтардың хаты туралы», «Қазақстан» баспасының жайы», «КазАПП-тың бүгінгі міндеттері», «КазАПП жаңа дәуірде», «Социалшылдық құрылыс дәуірі - түрі ұлттық, мазмұны пролетариалдық көркем әдебиеттің өркендейтін дәуірі» және т. б. сын мақалалар туды.

1. 2 Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы

1934 жылы Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» драмасы бойынша қазақтың мемлекеттік драма театрында (қазіргі Абай атындағы опера және балет театры) спектакль қойылды. 1935 жылы жеке кітап болып шыққан драма кейіннен либероттоға айналып, 1956 жылы жазушының таңдамалы шығармалар жинағының үшінші томынан орын алды.

«Қыз Жібек» операсының 1000-ншы қойылымы республиканың әдеби-мәдени өмірінде үлкен оқиға ретінде 1968 жылы атап өтілді.

Ғабит Мүсірепов 1936 жылы Бейімбет Майлинмен, Всеволод Ивановпен бірлесіп «Амангелді» киносценарийін жазды. Қазақтың тұңғыш көркем фильмі экранға 1938 жылы шығып, көрермендер тарапынан аса жоғары баға алды.

«Қыз Жібек» операсы ұлттық музыкамыздың, «Амангелді» лентасы ұлттық кино өнеріміздің классикасынан саналып отырса, онда сөз жоқ, Ғабит Мүсіреповтің қомақты үлесі бар екенін көрсетеді.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған анна», «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
Ана тақырыбының жазылу тарихы
Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Ұлпан - тарихи бейне
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «Ана» тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz