Әбдірахман - Шұғаның сүйген жігіті
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бірінші тарау
Б.Майлин прозасының тақырыптары мен көркемдік
сипаты ... ... ... ... ... ...8
Екінші тарау
Бейімбет шығармаларындағы заман
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Үшінші тарау
Шұғаның белгісі повесінің идеясы мен көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 24
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ
әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік
белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург
Бейімбет Майли – өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын
туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: Маңдайына түскен шашын сұқ
саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді,- деседі. Сондықтан
да кемел қаламгердің қыршын жаста – қырықтың төртіне жетер-жетпесте дүние
салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай.
Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар
болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы,
Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін
шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі
де әлгі байдың қозы-лағын бағьш, соңынан ат-арбасына делбеші болады.
Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен
анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып
өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір
тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан
қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.
Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты
бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімінен сабақ алады. Содан кейін
16–18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің
медресесінде оқиды. Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап қалмай, 1913-1914
жылдары Троицкідегі Уазифа (Міндет) мектебін бітірген соң, 1914 жылы
Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар
Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов (бертінде – 90-жылдардың басында қайтыс
болған) дәріс беретін. Әйгілі башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш пен Мағжан
Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған. Медреседе шығьш тұрған Садақ
атты қолжазба журналдың 1914 жылы 3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы –
Шұғаның белгісі хиқаяты жарияланады. Проза жанры қазақта енді ғана тәй-
тәй тұра бастаған кезде жиырма жасар жігіттің бірден осыншалық көркем,
әсерлі хикаят жазуы зиялы қауымды таң-тамаша қалдырады. Бұл хикаят өзінің
барша асыл қасиеттерімен осы күнге дейін тамсандырьш келе жатқан татымды
туынды болып қалып қойды. Бейімбет сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың
классикалық әдебиетімен танысады. Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын
аяқтай алмайды. Емделу жағдайымен Троицкіге барады (1915 ж.), ондағы
"Айқап" журналына өлеңдер бастырып, журналдың шығарушылары: Мұқамеджан
Сералинмен, өте дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. Ауылында
мұғалім болып жүрген кезінде қазақ жастарын майдандағы қара жұмысқа алу
туралы 1916 жылғы аты шулы патша жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде,
Бейімбет Майлин ұлт-азаттық көтерілісін жақтап, азаматтарды атқа қонуға
шақырған өлеңдер жазады.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің поэзия, проза, драматургия
жанрларында өнімді еңбек етіп, ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен
жаңаруларды, әлеуметтік өмірдің қайшылықтары мен күрделі оқиғаларын шындық
болмысымен суреттей білген Бейімбет (Бимағамбет) Жармағанбетұлы Майлин 1894
жылы Торғай өңірінде Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келген.
Әкесінен екі жасында жетім қалған Бейімбет шешесі Гүлғизар мен әжесі
Бойдастың тәрбиесінде өскен.
Ауыл молдасынан сауатын ашқан Бейімбет 1910 жылы Әбдірахман
Арғынбаевтыңмедресесінен дәріс алған. 1913 – 1914 жылдары Троицкідегі
Уазифа мектебінен, одан кейін Уфа қаласындағы Ғалия медресесінен білім
алған. Ғалия медресесінде татар халқының жазушылары Ғалымжан
Ибрагимовпен, Мәжит Ғафуримен танысқан, олардан тәлім-тәрбие алған.
Медреседе шығатын Садақ қолжазба журналында алғашқы көлемді
туындысы Шұғаның белгісі жарияланған. 1916 – 1921 жылдары ауылда
мұғалімдік қызметатқара жүріп, ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбына Қанды
тұман, Съезд, Әкесінен хат, Садақбайға, Қанды кек деген
шығармаларын жазған.
Бейімбет Майлин 1923 – 1937 жылдары аса өнімді еңбек етіп, елуге
тарта кітап пен жинақ жариялаған.
Бейімбет Майлиннің әдеби шығармашылық мұрасын төмендегідей топтап
көрсетуге болады.
Поэзиялық Прозалық шығармалары Драмалық шығармалары
шығармалары
Мұқтаждық Шұғаның белгісі Шұға, Жалбыр
Мал, Қарынға Сары ала тон, Біздің жігіттер
Байлыққа, Ажар Сексен сом Майдан,
Қанды тұман Шапайдың хаты Амангелді
Кедей, Қойшы Айранбай, Егеубай Талтаңбайдың
Қараша үй, ҚанайКеңес ағасы – тәртібі
Ақсуаттың жанында Кәмила Шаншар молда
Шал мен қыз Раушан – коммунист Ауыл мектебі
Мырқымбай Қара шелек Неке қияр
Рәзия қыз, Ұлу Күлтай болыс Көзілдірік
Қашқан келіншек, Арыстанбайдың Мұқышы,
Байдың қызы, т.б. Азамат Азаматыч т.б.
Бейімбет Майлиннің ақындық шығармашылық жолы 1912 жылдан басталған.
Ақынның Мұқтаждық, Мал, Байлыққа, Қарынға өлеңдерінде кедейлердің
ауыр халі, мұқтаждығы көрсетіліп, қоғамдағы әділетсіздіктер сыналса, Қанды
тұман, Қанды кек шығармалары 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілісі кезіндегі аласап ыранды суреттеуге арналған. Кедей,
Жауыз кім?, Қысқы түнде, Қараша үй, Қойшы шығармаларыауылдағы
таптық теңсіздіктер зардабын көрсеткен. Мырқымбай топ тама өлеңдеріндежаңа
заманға сай кедейдің санасында туған өзгерістерді бейнелеген. Қыздың
сәлемі, Қашқан келіншек, Ақсуаттың жанында, Аужар, Рәзия қыз,
Маржаншығармаларында әйел теңсіздігі сөз болса, Шал мен қыз, Азат
әйел, Ғазиза, Ажарөлеңдерінде азаттыққа қолы жеткен жастар
жайы жырланған. Құбақан, Көзілдірікөлеңдерінде адам бойындағы жағымсыз
қылықтарды сықақ еткен. Бүгін, Құтты болсын мейрамың, Кедейге, Ұлы
күн өлеңдерінде кедейлердің қуанышына ортақтастығын білдіріп, олардың жаңа
қадамын қуана құптаған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Б.Майлиннің ерекше көп
жырлаған тақырыбы – әйел теңдігі мәселесі. Бұл тақырыпқа арнаған өлең-
поэмалары: Қыздың сәлемі, Қашқан келіншек, Ақсуаттың жанында,
Рәзия, Маржан, Зәйкүл, Байдың қызы, Шал мен қыз, Азат әйел,
Ғазиза, Тең әйел, Ажар. Ал Қанай, Кемпірдің
ертегісі поэмалары 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысының
шындығын суреттеуге арналған. Сонымен бірге ақынныңбалаларға арнаған Хан
күйеуі және Өтірікке бәйге деген поэмалары бар.
Б.Майлин шығармашылығының ең тартымды да көркем саласы прозалық
шығармаларының тұңғышы – әйел теңсіздігі тақырыбын ерекше ашып көрсеткен,
қысқа-қысқа он үш тараудан тұратын Шұғаның белгісі повесі. Повестің
тақырыбы – жастардың бас бостандығы, әйел теңсіздігі. Шығарманың
кейіпкерлері:
Шұға – негізгі кейіпкер. Төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен қыз.
Аққұба, талдырмаш, көзі де қап-қара, өзі де үріп ауызға салғандай еді.
Әбдірахман – Шұғаның сүйген жігіті. Уәдеге берік, табанды, сүйгеніне адал,
білімді, мінезге бай азамат. Әбдірахман школды бітіргенде, дабысы жер
жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек.
Есімбек – Шұғаның әкесі, бай. Әбдірахман кедей болғандықтан,
қызымен қосылуға қарсы болып, Әбдірахманға жала жабады, түрмеге отырғызады.
Айнабай – бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып тұтандырып жүретін
қызылкөз бәле.
Күлзипа – Айнабайдың қызы – жасы 17-лер шамасында. Орта бойлы, қара сұрлау,
тік қабақ, сұстаныңқырап тұратын қыз.
Құрман – Есімбектің құдасы.
Зәйкүл – Шұғаның жеңгесі.
Қасымжан – оқиғаны баяндаушы әңгімеші жігіт.
Шұғаның белгісі повесі – жастардың теңдікті, еркіндікті аңсап,
әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын
реалистікпен бейнелеген көркем туынды.
Б.Майлин прозасының тақырыптары мен көркемдік сипаты
Б.Майлиннің Кедей теңдігі, Айранбай, Сексен сом, Шапайдың
хаты, Сары ала тон әңгімелерінде кедейлердің өсу жолын көрсетсе, Күлтай
болыс, Кеңес ағасы – Кәмила, Раушан –
коммунист шығармаларында кедейлерд ің тұрмыс-тіршілігіндегі, ой-санасындағы
өзгерістерді әйелдер бейнесі арқылы жеткізген. Ұлболсын, Қызыл әскердің
үйі, Қара шелек, Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры, Көктеректің
бауырында, Арыстанбайдың Мұқышы, Колхоз қорасында, Он бес
үй шығармаларында кедейлер өміріндегі шаруалардың ұжымдық шаруашылыққа
бірігуі кезіндегі оқиғалар сөз болған.Қанды кек, Өлім
тырнағында әңгімелерінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі меназамат
соғысы жылдарының оқиғасы, таптық күрестің барысы суреттелген.
Жазушы Азамат Азаматыч романында, Раушан – коммунист повесінде қазақ
кедейлері қатарынан оқыған адамдардың шыға бастауын көрсеткен [1,36].
Б.Майлин қазақ әдебиетіндегі драматургия саласында да қарқынды
еңбек еткен. Ауыл мектебі, Шаншар молда, Неке қияр, Көзілдірік,
Талтаңбайдың тәртібі, Шұға, Жалбыр, Біздің жігіттер, Майдан,
Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған Амангелдіпьесаларында поэзиялық, прозалық
шығармаларындағы тақырыптарды тереңдете түскен. Жазушының ең көрнекті де
көлемді, таптық тартысқа құрылған драмалық шығармасы
–Майдан. Шығарманың әдеби маңызын Қазақстан жазушыларының бірінші
съезіндесөйлеген сөзінде М.Әуезов: Драмалық ірі серпіннің басы [2,13], –
деп өте жоғары бағалаған. Пьесаның негізгі кейіпкерлері:
Досан – кеңес тәрбиесін алған, колхоз құрылысына белсене қатысушы.
Зәуре – кеңес заманында сауатын ашқан, қоғамдық қызмет атқарушы қазақ
әйелі.
Пүліш – Досанның әйелі. Тап жауларының үгітіне еріп, колхозға қарсы
әрекеттер жүргізген.
Әліш – Зәуренің күйеуі. Тап жауларының сөзіне еріп, Зәуренің жұмысына
кедергі жасаған.
Бекболат бай, оның бәйбішесі Мамық, байдың сыбайластары Көдебай,
Демесін, Әбді, Есен– колхоз құрылысына қарсы үгіт, өсек таратып, елді
колхоздан үркітіп отырған.
Б.Майлиннің Майдан пьесасы терең драмалық
тартысқа құрылған, қоғамның шытырман шындығын өткір суреттеген көркем
туынды.
Қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу, даму кезеңдеріне өзінің поэзиясымен
де, прозасымен де, драмасымен де қомақты үлес қосқан қарымды қаламгер
Бейімбет Майлин 1937 жылы сталиндік репрессияға ұшырып, жазықсыз мерт
болған.
Проза жанрындағы тұңғыш туындысы –Шұғаның белгісі хикаятын
Б.Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста Садақ атты қолжазба журналда
жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ
прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез– 1914-1915
жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін
ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт
талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс.
Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе – әйел теңсіздігі, бірін-
бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік
теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы – аяулы Шұға
сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы
тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей,
олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып,
Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған
нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған
Әбдірахман сүйікті ғашығы – Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың
қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз
жасын көл етеді...
Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған
ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын
тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай
айналған десеңізші!
Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: Біз елден шыққанда
күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды
тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып,
жылы шырайлы нұрын шаша бастады. Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені
әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.
Әрі қарай біз дегеннің бірі – автор, екіншісі – отыз-қырықтың
шамасындағы жер ортасы адам – Қасымжан деген сиректеу сақал-мұрты бар,
қара бұжыр кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де
біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін
қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының жүргіштеу... жортақтау
болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік
танытады...
Жел артымыздан еді деген де алдағы әңгіме қызығына асықтырғандай
әсер етеді.
Ал әншейін ғана: Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам дей
салғаны да әлденендей бір қызық оқиғадан дәмелендіре түседі. Әне, сол
Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам сөзді бастап та жіберді:
Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... онда
бірдәурен...иә... бұл елдің күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы барып,
тамызға дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де Шұғаның белгісі атанды,
бұрын Тарғыл өгіз сойған деуші едік. ... Есімбек сол Өгіз сойғанның ең
шұрайлы жеріне қонушы еді ... Ортан қолдай төрт ұлы болды—шетінен қасқыр.
Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды, Шұға десе,
Шұға! Шұға, өй, шіркіннің өзі келбетті-ақ еді...
Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі де сондай
тартымдыәрі көп мағыналы.
- Мынау аттан түсіп жатқан кім?—деді Шұға.
- Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен.
Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім:
- Әбдірахман ғой, — дедім.
- Әбдірахманың кім?
- Қазақбайдың баласы.
- Иә, әлгі учителъ баласы ма?
- Иә.
- Жап-жас жігіт екен ғой, — деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп
кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан
Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді...
Бұл шағын үзіндіден Шұға қыздың сергек сезімталдығы мен есті дегдарлығын
сыртынан естуі бар жігітті көргендегі сәл таңырқаныспен жарыса жан
түкпірінде пайда болған ынта ұшқынын, ендігі оқиғаның бәрі осы ұшқыннан
өрбитінін аңдап, жалғасына ынтыға түсеміз.
Шынында да, ендігі жерде Шұға мен Әбдірахман арасындағы
сүйіспеншілік оқиғасы бірте-бірте трагедиялық сипат алып, бүкіл хикаяттың
отты өзегін құрайды. Шұғаның да, Әбдірахманның да оқырманды қатты
сүйіндіріп, ынтықтыратын сыр-сипаттары нәзік те терең ашылады.
Шұға — сертіне берік, сезімі мөлдір, махаббатын өміріндей қастерлеген нұрлы
сана иесі. Ол өмір талқысын көріп, шынықпаған, өктем, зорлықшылдармен қалай
күресудің жолын да білмейді, сондықтан ызасы мен наразылығы ішкі күйігіне
айналған. Әкесінің Әбдірахманды айдаудан босатқанын естіген кездегі қатты
сырқат Шұға мен Қасымжан арасындағы мына диалогті оқып көрелікші.
- Жайың қалай, тәуірмісің?—дедім.
— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды,.. —
Тәуір емеспін. Тәуір болуды
тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына
тығылған орамалымен көзін сүртті.
— Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен...
—... Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.
— Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің
дертім жаныма батқан соң аяп отыр.
Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген
үміт отының сөнгені деп санайтынын аңғарамыз. Жазушы шеберлігінен туған осы
түйсік бізді алдамағанына көп ұзамай көзіміз жетеді.
Біз ауылға жеткенде, Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты
байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін
деп, аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенде, бір салт атты
шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып, кейін жүріп кетті. Не айтқанын
есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады... Жүгіре
басып жандарына келгенімде: Құдай рақымет етсін!., деп беттерін сипап,
бата қылысты. Мен аң-таң болдым, Айтбай маған қарап:
Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, — деді. Суық суды төбемнен құйып
жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым... Жиылған жұрттың бәрі
де бастарын шайқасты:
Өй, Шұға десе,Шұға еді-ау!..—десті.
Ал енді осы Шұғаның үзілер алдында Әбдірахманды шақырып қалдырған арыздасу
хатын оқып көрейікші:
... Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!..
Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты
оқып, Әбдірахманмен бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге
біздің көз алдымызда алтын арайға бөленген асыл Шұғаның нұрлы бейнесі
биіктей, асқақтай береді.
Біз онымен іштей күбірлеп қоштаса тұрып, алғаш рет қалай
кездескенімізді есімізге түсіреміз:
Шұға десе, Шұға, өй, шіркінің өзі де келбетті-ақ еді... Аққұба,
талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай
болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес.
Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін!
Көкірегімізде тағы да бір жатталып қалған сурет бар еді ғой... Апырмай
адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың көгілдіріндей, осы
аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі
ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан бөрік өзі
сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрды.
Ал осы ару Шұғаның әсем үні, тәтті лебізі қандай еді? Асыл текті
нәрсе әманда аз, сирек болады емес пе. Артық сөзге жоқ асыл зат жан еді-ау.
Аузынан шыққан сол аз ғана лебізі көкейімізде ұялап қалған. Әбдірахманды
алғаш көргенде-ақ Шұға жүрек түбінде бүлк еткен бір ыстық толқынды жасыра
алмай: Жап-жас жігіт екен ғой, - десе, айдалып бара жатқан Әбдірахманға
жолдан кездесіп қалғанда: Қош, қалқам, калқам! - деп, кемсеңдеп, жылап
отыра кететіні бар еді-ау. Ақырғы демі таусыларда, Әбдірахман жаным
шығарда: Шұғам! - деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден
армансыз өтер ем, - дейді. Осы үш үзік лебіз Шұға бейнесін даралай,
ажарлай түседі, мұндай аз сөзді, ыстық сезімді, терең мәнді мәнер тек
Шұғаға ғана лайық, Шұғаға ғана жарасатындай. Дүниеден озған аяулы жан
туралы, бір күрсініп алып, біз де енді: Өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-
ау!.. - дейміз.
Хикаянның басты қаһармандарының бірі – Әбдірахман бейнесі де ескі
қазақ ауылынан шыққан көзі ашық, көңілді сәулелі оқыған жастардың келбетін
танытады.
Шұғаның белгісі – жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік
әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма
[3,27].
Біріне-бірі себеп, бірінің-бірі салдары болып жымдасып келген
оқиғаларының шынайылығы мен тартымдылығы, шұрайлы да суретті тілінің
сиқырлы мәнерлілігі, әсіресе махаббат бостандығын аңсап әлеуметтік
теңсіздікке қарсы шыққан Шұға мен Әбдірахман бейнелерінің айырықша
сүйкімділігі мен сәулеттілігі, сондықтан да олардың тағдыр-талайының
трагедиялық әсерлілігі хикаяны көркемдік-эстетикалық деңгейі ең биік
туындылар қатарына қосады.
Шұғаның белгісі – қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының
бірі. Бейімбет Майлин – қазақ әңгіме жанрының атасы - деуге болады
[4,68].
Повестегі бас кейіпкер – Шұғаның бейнесі әртүрлі іс-әрекеттің даму
барысында айқындалады. Кейіпкер арқылы тағдырына ата-анасын да емес,
бауырларын да емес, өзін қоршаған әлеуметті де емес, тек қана ата салтын
кінәлап, шарасыздыққа, өлімге барып тірелген қыз тағдырының өкініші, арманы
көрсетіледі. Суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды, оған аяушылық
сезім білдіреді. Қиянат көрген, өмірден түңілген қаһарманына жаны ашиды. Ал
басқа кейіпкерлерге пайда болған тұсында мінездеме беріп кетеді[5,64], –
дейді ұстаз Әбубәкірова.
Әңгімеде келтірілгендей Шұға образы былайша суреттеледі: Ажары қандай

Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, біртүрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл
күнде ондай қыз қайда. Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма,
білмейсің, ешкіге құсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... Ия... Осы
күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға
танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала
айтқанда, Құдай сана берсін десейші...
Белгілі ғалым, қытайтанушы ақын Дүкен Мәсімханұлының сөзімен
айтқанда қазақтың көркем прозасы әлі қалыптасып үлгермеген уақытта, жаңа,
еуропалық үлгідегі проза жанрын салған жерден мұндай үлкен көркемдік
деңгейде көрсету тек Бейімбет сынды хас таланттың ғана қолынан
келеді[6,85].
Мұнда кейіпкер образдары біртіндеп, оқиға желісі бойынша, басынан
өткен істердің арқасында анықталып, көрініп отырады. Махаббатқа деген
адалық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба
салт-дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған. Жазушы Шұғаның ажарлығымен қоса
мінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көрсетеді. Өз заманының
қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді. Әрине, бұл көпке күйе
жағу емес. Ал Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің
оқыған он қызына бергісіз еді деу арқылы Шұғаның зеректігінен,
білімпаздығынан хабар береді.
Әр қаламгер өз заманының, өз дәуірінің үлкенді-кішілі мәселелеріне
сергек қарап, жіті құлақ түріп, жазған шығармаларында сол мәселеге өз
көзқарасын білдіріп отыруы заңды құбылыс. Алайда, бұл екінің бірінің
қолынан келе бермесі тағы да ақиқат. Ой мен ниет дұрыс болғанымен оның
жүзеге асырылуы, әрине, әрқалай. Біз білетін жазушы Бейімбет өз дәуірінің
көзі мен құлағы бола алған десек, бұл сөзіміз шындық аулынан алшақ кете
қоймас.
Б.Майлин шығармаларындағы кеңінен орын алған тақырып – әйел теңдігі.
Кеңес өкіметіне дейін де, тіпті, кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында
да қазақ мұсылман әйелдерінің өз сүйгеніне бара алмай, еркінен тыс дүниеге
сатылып кете беретін жағдайлары кеңінен орын алғаны белгілі. Он екіде бір
гүлі ашылмаған жас қыздар елуден, тіпті, алпыстан асқан ересек еркектерге
тоқалдыққа барып жатты. Бармасына болмады. Көнбесіне амалы жоқ-ты. Міне,
осы тақырып – Б.Майлин дүниелерінен берік орын алып, көркем тілмен жан-
жақты көрсетілді.
Зейнештің серті деген әңгімесінде әуелі Асылбек деген еркекке
алданып, енді болмағанда соған тиіп кете бармақшы қыздың (он бес жасар) аяқ
жағында ес жинап, қой, мұным болмас, өз абыройым үшін күресейін деп сотқа
арыз беруі, сот мүшелерінің бұл ісін қолдауы іспетті жағдайлар бірінен соң
бірі тізбектеледі. Мұндай өз намысын өзі қорғап, жоғарыдан әділдік іздеу
секілді істер – қазақ даласында некен-саяқ. Жазушы жаңа дәуірмен бірге
қазақ қыздарының сана-сезімінің ояна түсіп, өз тағдырын өздері ойлай алатын
дәрежеге көтеріле алғанын айтпақ болған.
Қайнаға өтірік айтады әңгімесіндегі ауыл қыз-қырқындарының жаңа заманға
ұмтылып, оқу-білім алуға өз еркімен бас қоюы тағы да уақыттың соны лебін
байқата алады. Осы шығармадағы Биқасап қатынның қатындар оқуды қайтеді
деген қайнаға сөзіне қарсы шығып:
– Қайнаға бекер айтады, біз оқымаймыз деп ешкімге сөз бергеміз жоқ!
Оқытушы болса неге оқымайық! Мына қатындардың бәрі де оқимыз деп отыр... –
деп сөйлеуі психологиялық өзгерістерді байқата түскендей. Осы бір кішкене
өмір суреті арқылы қаламгер қатындардың санасындағы сілкіністі, өзгеше
тіршілікке ұмтылысты барынша дәл аңғартқан. Және жәй ғана аңғарту емес, сол
күнгі отырыста еркектер жеңіліп, әйелдер жеңіске жеткенін көрсетіп береді.
Бұл тұста жазушы әңгімесін екіжақты түсінуге де болатындай. Алдымен,
Кеңес өкіметі талабына сай қазақ әйелдерінің еңсе көтеруі, ерлермен
терезесі тең болуға ұмтылуы, өз арын өзі қорғап, өз сөзін өзі сөйлей
бастауы секілді жалпыға тән жаңалықтардың бой көрсеткені. Сосынғы ой –
жазушы жаңа өкімет атын малданып, қазақ әйелдерінің тым еркінсуі,
тайраңдауы, ойына не келсе, соны айтуға бейімделе бастауы, қысқасы, елдегі
бұрыннан қалыптасқан ізгі тәртіптердің бұзылуын ащына жеткізуі. Өзіңіз
ойлаңыз, суреткер қай жағына басымдық береді? Осы әңгімелерді жазудағы
алтын діңгек – асыл ой қайсы?
Милицияға жұмысқа тұрған Құрымбай серінің (Құрымбайдың
жігітшілігі) ендігі бар арманы – ел аралап, қай үйде сұлу, пішінді,
тартымды қыз болса, соларды әурелеп, өмірді сүргісі-ақ келеді. Бірақ, қай
ауылды араласа да, істің сәті түспейді. Не қыз шешесімен жатады, не болмаса
көрші үйге кетіп қалады. Әйтеуір, реті келе қоймайды.
Кезекті бір ауылға жол түсіп, Құрымбай бастап, Кебекбай атқосшы қостап,
қона жататын кезді жазушы әдемі үйлестіріп, мейлінше шыншыл етіп суреттей
алған. Бұл үйде Нұржан шал мен бәйбішесі Меруерт бар. Алайда, Құрымбай үшін
олар қызық емес. Екі көзі – сұлу қыздары Күләшта. Арманы да, аңсары да сол.
Түн болады. Төсек салынады.
Құрымбай енді түн төсегінде қарап жатсынба қызға ысырылып жақындайды.
Онысы елден таса, жұрттан жасырын әрекет те емес. Тіпті, ауылнайдың өзі де
осыған тілеуқор. Алайда, жасынан ерке, еркін өскен қыз – осы Күләш. Ақылы
да барынша толысқан қыз. Ол Құрымбайды балағаттап, тулап, айқайға басып, у-
шу жасамайды. Тек қыз ақылына салып:
– Мен тілемеймін, – дейді.
– Сіз менің сөзіме түсінбей жатырсыз. Мені елдегі жабайы жігіттің бірі деп
ойлайсыз. Оныңыз қате, – деп, Құрымбай қыз жүрегін жаулай түсіп: мен іс
адамымын, мен әйел затын теңгеруге қарсы емеспін... деп соғады. Қыз оны осы
сөзінен ұстайды.
– Жұмыс адамысыз ғой, ұйқыңыздан қалмаңыз, барып жата қойыңыз, – деп Күләш
жігітті сөзбен матап тастайды.
Жігіт жеңілді. Өз ісінің әбес екенін түсінді. Кері қайтты. Ауылнайдың:
– Іс бітті ме? – деген сауалына:
– Болмады, – деп күрсіне жауап береді.
Ең қызығы – ертеңіне үй малын есепке алып жатқанда, ауылдағы
дәулетті Кәрім, Дәуіт дегендерді тізімге жазбай, Нұржанның (Күләштың әкесі)
екі-үш қойына шұқшияды.
Жол жүрейін деп жатқан кезде Күләш Құрымбаймен бетпе-бет кездесіп
қалады. Қыз:
– Түндегіге ашуландыңыз білем, – дейді.
– Жоқ, ашуланған жоқпын.
– Ашуланбасаңыз, айып алуыңыздың жөні қалай?
– Қайдағы айып?
– Айып емей немене, байлардың жүздеген қойын көрмей, біздің үйдің екі қойын
жазып кетіп отырсыздар, төрелігіңді былай қоялық, мұның тіпті жігітшілігіңе
лайық емес қой, – деп, қыз жігітті ұялтады.
Арбаға отырып, елден ұзап бара жатқан Құрымбай ну, маладец қыз екен, әттең
оқымай қор болған екен дейді.
Әңгіменің соңында ауданнан салық қағазы келгенде, дәулетті
Дәуіттің 15 қойына да салық салынғаны белгілі болады. Әкесінен осы жайлы
естігенде, шәй құйып отырып Күләш та іштей: қалай да жігіт екен, жарады
деп риза пішін байқатады. Осы әңгімені егжей-тегжейлі баяндап отырған
себебіміз – мұндай ауыл қызының санасының өсіп, ер жігіттермен терезесі тең
болып сөз-уәжден жеңілмей, еркін сөйлесуі өте нанымды әрі тартымды
суреттелгенін ашып айта кету еді. Әдетте, біз теңдік туралы сөз қозғағанда
қыздың еркекті беттен алып, аузына не келсе, соны сөйлеуі деп ұғамыз. Ол,
тіпті де, дұрыс емес. Тең болу деген – ерлер мен әйелдердің ақылының таразы
басына түсуі деп ұғу қажет. Егер, әйел ақылды болса, еркекті парасат-
пайымымен-ақ өзіне табындырады.
Біздіңше, Күләш – сондай бейне. Ол тіпті төсек үстінде жатып та
ынтығып, үздігіп ұмтылған сері жігітті сөзімен тоқтатты. Тіпті, оны
айтасыз, сол Құрымбайға ақыр соңында өз базынасын да орындатты.
Күлшара жеңгей әңгімесінде бәйбіше-тоқал мәселесі қозғалады. Бірақ,
мұндағы оқиға басқа әңгімелерден өзгеше. Күлшараның Бақа қайнысы
(Жексенбай) араға түсіп, күйеуі өлген жас жесірді тоқал болуға көндіреді.
Өзіне емес, әрине. Ана Күлшара жеңгесінің байына, яғни, ағасына...
Сондағы Күлшараның айтатыны:
– Байым алмаймын десе, мен зорлап алдырдым...
Әңгімені оқу барысында түсінгеніміз-әлгі алаяқ Жексенбай тоқал алып
беретіні үшін Күлшараның үйінен бір сиыр, әкімдердің аузын алуға деп тағы
50 сом жымқырған.
Ең соңында тоқал мен бәйбіше арасында айқай-шу шығып, көзі көгерген
тоқал ауылнайға шағым түсіріп жатады.
Қазақ даласында ежелден келе жатқан бәйбіше-тоқал мәселесі болса да,
мұнда өзі келіссе де бәрібір екі әйелдің басы бір қазанға сыймайтынын
ұғындырғандай болады. Мұның арғы жағында тағы да махаббат, сүйіспеншілік
деген асыл сезімдер қылаң береді. Ондай сезімдер жұмыр басты пенде үшін
қашанда аса қымбат қазына екендігін паш етеді.
Өз дәуірінің тамыршысындай болған Бейімбет Майлиннің әйел теңдігі
тақырыбын қозғайтын ең сүйекті шығармасы – Раушан-коммунист деген повесі.
Біз бүгінгі заманда даурыға айтып, мінбелерден көтеріліп, қайта-қайта тілге
тиек етіп жүрген гендерлік саясат шаруасын Бейімбет жазушы сол ХХ
ғасырдың бас кезінде-ақ көтеріп, көркем дүниесі арқылы оқырманына ой сала
білгені байқалады [7,36]. Сол замандарда, әрине, Раушандар аса көп болған
жоқ. Раушан – азшылық. Алайда, заман ондай белсенді, өткір, өз пікірін
дәлелдеп шыға алатын білімді қыздарды да сахнаға шығарды.
Раушан-коммунист қазіргі кезде кейбір сыншылар айтып-жазып жүргендей, тек
қызыл саясатты жырлаған, коммунистік режимді көрсетуге арналған көркем
туынды емес. Оның астарына тереңдей үңіле білген кісі жазушының жасырын
емеурінен байқай алады. Мұнда қазақ әйелінің еркіндікке ұмтылуы, өз абыройы
мен беделін қорғау жолындағы талпынысы, қысқасы, қоғамдағы әйел адамдардың
да өз орны бар екенін ашық та айқын суреттеген. Әрине, шығарма сол
кезеңдерде жазылғандықтан да ара-тұра саясатқа жығыла сөйлеу, кей
тұстарында әйел қараңғылығы һәм еркектердің зорлық-зомбылығы сияқты
көріністер де қылаң беріп отырады. Ал, тұтастай алғанда – Раушан-
коммунист айтары бар сүбелі шығарма. Жазушының бұл туындысы туралы аз
жазылған жоқ. Әйтсе де, талдап-таратып айтылар тұстары да жетерлік.
Бейімбет шығармаларындағы заман бейнесі
Б.Майлиннің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz