Бір тілдегі мәтінді екінші тілдегі мәтінмен ауыстыратын тілдік операция
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Газет мақалалардағы балама түрлерін аудару
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. АУДАРМА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Аударма ұғымы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Аударма түрлері. Аударма барысында газет мәтіннің аударылу өзгешеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. ГАЗЕТ МӘТІНІНДЕГІ БАЛАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
2.1. Газет мәтінің аударудың негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.2. Газет мәтініндегі балама аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Газет мәтіндерін аудару тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
КІРІСПЕ
Тіл білімінің аударма саласы да кез келген халықтың рухани дүниетанымымен, болмысымен байланысып жатады. Өйткені аударма процесі бір тілдегі тілдік бірліктерді екінші тілге тәржімалап қою ғана емес, сол бірінші аударатын тілді тұтынушы ұлттың тіліндегі әлем бейнесін екінші аударылатын тілді қолданатын халықтың тілі арқылы жарыққа шығару болып табылады. Аударманың қай саласы болсын (көркем аударма, ілеспе аударма, ғылыми аударма, жарнама) аталған ұстанымды басшылыққа алғанда ғана таза шығармашылық туынды дүниеге келеді деп ойлаймыз.
Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Ұлттар, халықтар, мемлекеттер арасындағы рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси, экономикалық-сауда қарым-қатынастарының ең қажетті құралы, дәнекері болған аударма жұмысы бұрын да зор рөл атқарған және қазір де солай. Шын мәнісінде осыншама рөлі мен маңызы бар және өмір тынысының барлық жақтарын қамтитын іс-әрекеттің өзіндік теориялық негізі, ғылыми дәйек-тірегі болуға тиіс. Яғни, аударма теориясының міндеті - шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұжырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі - түпнұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы. Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді. Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын, яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қатарына қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады. Көріп отырғанымыздай аударма жасау үстінде балама сөздерді табу - әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді екен. Демек, балама сөздерді орынды пайдалану мәселесі болашақ жас аудармашыларға қойылар талап болуы тиіс. Қазақ елінің мәдени даму екершеліктеріне қарай аудармада түрлі әдіс орын алғаны белгілі. Әдебиет тоериясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма. Біріншісі - еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан туады. Аудармадағы екінші әдіс - сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады, түпнұсқадан пышақ жүзіндей ауытқымайтын кемшіліктер осыдан туады. Сөйтіп, басқа халық өкілдері жаза басудан қаймығып, жеке сөздерді, тіпті, нүктесін қисайтпай түсіруді күйттеп кетеді. Аударманың үшінші тәсілі - балама (адекват) аударма. Бұл - ең қиын түрі. Мұны екі тілді жетік білумен қатар, сол түпнұсқаның жан-жүрегін, ішкі сырын сарқа түсінетіндер қолданады. Оның үстіне аударманың бұл тәсіліне автордың стилін, жазу мәнерін, тіл мүсінін қалтқысыз, жете ұғынатындар ғана барады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я.Рецкер болды. Оның айтуы бойынша балама дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік, ал, зерттеуші-ғалым А.Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар. Дегенмен, А.Алдашева балама теориясы туралы Я.Рецкердің айтқан тұжырымдамасынан оның баламалық ұғымдарын дәл басып, тани қоймағандығын баса айтады. Ол: балама аударма үдерісінің катализаторы, бұның әсіресе ауызша аудару үдерісі кезінде рөлі жоғары, өйткені сөздіктерде көрсеткен балама аудармашының санасына алдымен түседі де, контекстің мағынасын тез түсінуге ықпал етеді деп есептейді. Бірақ ғалым екітілді сөздіктер де дәл баламаны бере алмайтынын мойындай отырып, эквивалент дегендерге географиялық атауларды, жалқы есімдерді, терминдерді жатқызу керек деп санайды; ал басқа сөздер, сөз тіркестері баламалы сәйкестік деп танылуы тиіс; сондықтан толық балама, ішінара балама, абсолютті балама, шамалас балама типтес түрлерді ажырату қажет деген тұжырымдарға келеді. Әрине, Я.Рецкердің еңбегі баламалылық туралы алғаш рет сөз қозғалған зерттеу болғандықтан, ондағы пікірлердің болжау-пайымдау бағытында екендігін де ескерген жөн. Балама (эквивалент) - екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы. Ұғым, түсінік, құбылыс, іс-әрекет атауларының сөздікте берілетін варианттарын тіларалық синоним деп те атайтын реттер бар. Бұндай пікір В.Виноградовтың, В.Комиссаровтың, Л.Бархударовтың еңбектерінде айтылады. (2, 43). Қазақ аударматану ғылымында аударма саласының терминдеріне қатысты А.Қ.Жұмабекова, Г.А.Жұмашева зерттеу жүргізген. Қазақ көркем аударматануында эквивалент ұғымы -- балама ұғымымен түсіндіріледі. Яғни, аудармашы түпнұсқадағы мәтіннің әрбір сөзіне аударатын тілдегі сөздерден мәндес сөз тауып бере алмаса, онда мәтіндер арасында идентификация жойылады. Балама аударма - жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің жай ғана теңбе-тең түсуі ғана емес, сондай-ақ, мағыналық жақтан, оқырманға әсер ету жағынан, тіпті дыбыстардың үндесуі жағынан, стиль жағынан да түпнұсқамен сайма-сай келетін аударма болуға тиіс. Балама аударма жасау үшін түпнұсқаның жан-жүрегін, ішкі сырын, авторды сарқа түсіну қажеттілігі сияқты талаптардың орындалуы қажет. Жоғарыда көріп отырғанымыздай баламалық мәселесі әлі де зерттеуді қажет ететін тақырып. Біз де осы тақырып төнірегінде зерттеу жұмысын жүргізіп көрдік. Зерттеу жұмысымыз кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынлған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. АУДАРМА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Аударма ұғымы туралы жалпы түсінік
Аударма процесі - ұлт пен ұлттың тілдік, әлеуметтік, саяси-экономикалық қатынастарына әсер ететін күрделі де жан-жақты сала. Оның қызметін саралай келе, төмендегіше анықтама беруге болады:
Аударма сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін: ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу саналады. Аударма процесі (оның нәтижесі) қостілділік жағдайында, яғни бұл қатынас үрдісінде екі тілдің қатысуы негізінде, демек тіларалық жағдайда өтеді. Сондықтан аударманы ауызша немесе жазбаша мәтінді тіларалық қайта құрастыру немесе трансформациялау деп анықтауға болады. Сонымен бірге
аударма бір тілде айтылған ойларды (сезімдер мен эмоция) басқа тілдік құралдармен жеткізу барысында айқындалады немесе бір тілдегі (негізгі тілдегі) материалды басқа тілдегі (аударма тілі) баламалық мәтіндік материалмен ауыстыру болып табылады. Осылайша аударма процесі қостілділік жағдайының шартындағы психолингвистикалық қызметтің күрделі түрі саналады.
Аударма - тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. Сәйкестіктегі және толық құндылықтағы аударма түпнұсқаның ерекшелігі мен мазмұнын дәл және толық түрде жеткізумен бірге, оның тілдік түрлерін барлық құрылымдық ерекшеліктерімен, стилімен, лексика және грамматикасымен қоса есептегенде, аударма жасалатын тілдің мінсіз үйлесімділігімен тиянақталады.
- Қандай да бір мәтінді немесе ауызша сөйленген сөздерді басқа тілдік құралдармен жеткізу.
- Бір тілден екінші тілге аударылған мәтін (немесе ауызша сөйленген сөз).
- Аудармашы қызметінің нәтижесі - мәтін.
- Бір тілде айтылған ойларды (сезімдер, эмоциялар) басқа тілдік құралдармен жеткізу процесі.
- Бір тілде күні бұрын баяндалған сөз мағыналарын басқа тілдік құралдармен беру.
- Аталған сөз сөйлеу шығармасында мазмұндалған ақпаратты басқа тілдік құралдармен жеткізу.
- Соған сәйкес келетін құралдармен толық құнды ақпарат беру.
- Аталған тілде ұсынылған ауызша немесе жазбаша мәтінді басқа тілде (ауызша немесе жазбаша) тіларалық қатынаста қайта тудыру және трансформациялау.
- Бір тілдегі мәтіндік материалды (негізгі түпнұсқа тіл) басқа тілдегі баламалы мәтіндік материалмен (аударма тілінде) ауыстыру.
- Сөйлеу тілі коммуникациясының қостілділік жағдайында өту процесі.
- Коммуникация қызметін ұлғайтатын сөйлеу қызметінің түрі. Бұл негізгі сөзбен қабылдап пайдаланатын кодтар бір-біріне сайма-сай келмеген жағдайда мәліметтерді жеткізу мақсатында жасалады.
- Бір тілде жасалынған мәтінді басқа бір тілде қайта жасап шығару - ақпаратты қайта өңдеу процесі.
- Белгілі бір өнер шығармасында мазмұндалған әртүрлі ақпаратты жеткізу барысында соған сай бейнелеу құралдарын іздестіру, сонымен бірге бастапқысына түр бойынша (ішкі және сыртқы) мейлінше толық сәйкестіктегі жаңа мәтінді табу ерекшелігі. Бұл әсіресе, көркем мәтінге қажетті жағдай.
- Бастапқы мәтін мазмұны мен түрін толық сақтау кезіндегі басқа тілдің құралдарымен бір тілге келіп түскен ақпараттарды жеткізетін қос тілділік жағдайындағы сөйлеу тіліндегі қатынас процесі.
- Тіларалық коммуникация үшін қажетті мәліметтерді жеткізу мен қабылдауға бағытталған сөйлеу тілінің қызметі.
- Түпнұсқада бейнеленген шындықты қайта жасап шығу.
- Сәйкестік мағыналық инварианты арқылы белгіленеді.
Инвариант - тілдік бірлік құрылымы.
- Аударма тек түпнұсқада бейнеленгеннің бәрін жеткізіп қана қоймауы тиіс, сондай-ақ ол онда қалай бейнеленгенін көркемдігімен жеткізуі тиіс.
- Салыстырмалы семантикалық зерттеулер және т.б. үшін, жайшылықта қос тілді лексикография үшін, екі немесе бірнеше тілдің және олардың бірліктерінің арасындағы семантикалық сәйкестікті іздестіру мақсатындағы салыстыру жасау.
- Бір тілдегі мәтінді екінші тілдегі мәтінмен ауыстыратын тілдік операция. Аударманы бір тілдегі (негізгі тілдегі) баламалық мәтіндік материалмен ауыстыру ретінде де айқындауға болады.
- Аударма - негізгі тілдегі мәтінді аударма тілінде балама жасауға негізделетін мәтінді өңдеу және вербализациялау процесі, яғни мүмкіндікке орай түпнұсқаны мазмұндау мен стилистикалық мағынасын жеткізу.
- Аударма тіларалық және халықаралық коммуникацияның бір жақты бағытталған екі желілі процесі ретінде анықталуы мүмкін. Мұнда осыған сай мақсатты түрдегі талдау негізінде бастапқы мәтіннен соң бірінші не басқа тілдік және мәдени ортада ауыстыратын қайталама мәтін (метатекст) жасалады.
- Ешқандай өзгертуге мүмкіндік бермейтін түпнұсқаны толық құндылықта ауыстыру.
- Қостілділік жағдайында ақпаратты қайта өңдеу процесі.
- Бір тілде айтылған ойды басқа бір тіл құралдарымен қайталап жеткізу.
- Сөз сөйлеу коммуникациясының әралуан түрінің бірі болып танылады, осының барысында мәтін талқыланады және жасалып шығады.
- Аударма - сөз сөйлеу қызметінің бір түрі. Оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
- Тілдік дәнекер түрі, қоғамдық негізде белгіленген, бұл барынша мүмкіндік мөлшерінде жанама түрдегі қос тілді коммуникацияны тұтастылығымен, тиімділігімен және қатынастағы табиғилығымен кәдімгі бір тілді коммуникацияға жақындату болып табылады.
- Аударма - халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін процестердің бірі.
- Белгілердің бір жүйесінен екінші жүйесіне ауысу.
- Аудармашының аударылатын тіл мәтінін қабылдауынан бастап аударма тілін жасауға дейінгі қызметі.
- Ақпаратты жеткізу жолымен жүзеге асырылатын коммуникация актісі (ауызша және жазбаша). Яғни бір тілдегі ақпаратты жеткізуші арқылы екінші тілдегі адамға жолдауы, басқаша айтқанда, қос тілді коммуникация актісі.
- Сөз немесе оның грамматикалық құрылымы және түпнұсқа тілінің басқа құралдары аударылмайды, түпнұсқаның мазмұны, ойы аударылады. Ойды айқын жеткізуге бірнеше дұрыс аударма нұсқалары жасалады.
- Қандай да бір мәтінді немесе ауызша сөйленген сөзді мазмұны мен түр бірлігін сақтау негізінде басқа тілдің құралдарымен қайта жасап шығу.
Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С.Бархударов аударма дегеніміз - бір тілдің сөйлеу (тілдік емес!) шығармашылығын, мазмұн межесін (план выражения), яғни мағынасын өзгеріссіз (!) екінші тілдің сөйлеу шығармашылығына айналдыру процесі деп атайды. Яғни ғалымның мұнда аудармаға қойып отырған ең басты талабы - мағынаны өзгеріссіз беру болса керек және жалпы алғанда бұған ешкімнің де күмәні бола қоймас деп санаймыз. Алайда бұл пікірге Дж. Кэтфорд: ...Аударатын тіл (шығыс тіл) мен аударылатын тілдегі (кіріс тіл) мәтін бір ғана мағынаны білдіреді немесе аударма процесінде мағына ауысуы болады деген пікірдің негізі жоқ. Мағына, біздің ойымызша, белгілі бір тілдің өзіндік қасиеті, - деген түзету енгізеді. Біз бұл ғалымның әр тілдің өзіндік ерекшелігін баса айтып отырғанын қолданғанымызбен, осы аударатын және аударылатын тілді тұтынушы халықтардың адамзаттық ортақ танымын, яғни қандай тілдік бірлік арқылы білдірсе де, негізгі мағына сақталатынын жоққа шығаруға болмайтынын баса айтып өткіміз келеді. Аударма жасаудағы мазмұн мен тұрпат межесін сақтау аударма процесінде ұлттық колоритті сақтау мәселесіне алып келеді. Ғалымдардың көпшілігі аударылатын мәтінде кіріс (аударылатын) тілдің лингвистикалық заңдылықтарын сақтаумен қатар, шығыс (аударатын) тілді қолданушы халықтың ұлттық колориті сақталуы тиіс деген пікірде: ...аударылатын мәтін аударушының мәдениетіне көшірілуі тиіс болғанына қарамастан, аударылған мәтінде шығыс тілді қолданушының мәдени колоритін сақтауы керек. Демек аударма - тіларалық қатынасты қамтамасыз етіп, маңызды әлеуметтік, белгілі бір қоғамның өзінен тілі, мәдениеті, өмір сүру дағдысы өзгеше басқа бір қоғаммен қатынасорнату қызметін атқаратын құбылыс.
В.Н.Комиссаров аударма жайлы Д.Селесковичтің мына пікірін келтіреді: ...кез келген аударма - бұл түсініктеме (интерпретация). Аудармаға төрт элемент қатысады: Х тілдегі сөйлеу сөйленімі (речевое высказывание), аудармашының осы мағынаны түсінуі және У тіліндегі мағынасын беруі. Жалпы алғанда, бұл тілдік бірліктерге жүргізілетін операция емес, идеяларға жүргізілетін операция, сондықтан аудармашы тілдік мазмұнды ғана емес, сөйленім мазмұнын түсіндіріп, түпкі мағынаға жетеді. Аударма процесі үш кезеңнен тұрады:
1) талдау кезеңі - түпнұсқа құрылымы шығыс тілдің ядролық құрылымына айналады (шығыс тіл аясындағы трансформация);
2) аудару кезеңі - шығыс тілдің ядролық құрылымы кіріс тілдегі балама ядролық құрылымдармен ауыстырылады (тіларалық трансформация);
3) жинақтау (синтез) кезеңі - кіріс тілдің ядролық құрылымы аударма мәтінінің (терминальды) құрылымына айналады.
Демек аудармашы аударатын мәтінді оқып шығады да, оның негізгі мазмұн межесін саралайды. Содан кейін осы мазмұн межесін аударылатын тілдің қандай тұрпат межесі арқылы беруге шешім қабылдайды. Алайда осы мәтінді аудару кезінде аудармашы тек тілдік бірліктердің жиынтығын екінші тілдің құрылымдық тілдік бірліктері арқылы беріп қана қоймайды. Аударма процесінде мәтінді аударуда төмендегідей факторлар әсер етеді:
1) аударылатын мәтіннің ерекшелігі мен сипаты: а) мәтіннің функционалдық сипаты; ә) түпнұсқа мен аударма арасындағы уақыт және кеңістік қатынастары; б) түпнұсқаның жанрлық сипаты; в) түпнұсқаның шығыс (аударылатын) тілдің жалпыхалықтық нормасына қатынасы;
2) аударма процесінің жүргізілу жағдайлары немесе шарттары:
3) аударма процесіне қатысушылар. Осы факторлардың барлығына дұрыс бағдар жасап, мәтіндегі тілдік және экстралингвистикалық жағдаяттарды меңгере алған аудармашы ғана толыққанды мазмұнда аударма жасай алады деуге болады.
Жоғарыда аударма тек тілдік бірліктерді ғана тәржімалап қою емес дегенбіз. Алайда аударма процесінде негізінен басты рөл атқаратын - мәтін, яғни тілдің әртүрлі деңгейіндегі бірліктердің сөйлеудегі жұмсалымы. Ал аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа Л.С.Бархударовтың төмендегі пікірімен жауап беруге болады:
1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма;
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3) сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;
5) сөйлем деңгейіндегі аударма;
6) мәтін деңгейіндегі аударма. Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.
1.2. Аударма түрлері. Аударма барысында газет мәтіннің аударылу өзгешеліктері
Аударма - тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. Аударма сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін - ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма - сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Аудару принципі мен аударманың дәлме-дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда әріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII-XVIII ғасырларда еркін аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма пайда болды.
Алдымен, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегеніне аз-кем тоқталып өтейік. 1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден аударманың 3 түрін ұсынады:
- Біріншіден, метафраз - түпнұсқаның дәл жеткізілуі,
- екіншіден, парафраз - түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,
- үшіншіден, имитация (еліктеу) - түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов мәтінде аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі пікірімен жауап берген:

6) мәтін деңгейіндегі аударма.
Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, Л.С.Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма);
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы.
В.Н. Комиссаров Слово о переводе еңбегінде аударманы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі: 1)көркем аударма; 2)ақпараттық аударма; 3)ғылыми аударма; 4)ресми аударма; 5)публицистикалық аударма; 6) жарнамалық аударма.
М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші - сөзбе-сөздік - әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші - еркін аударма, аудармашының өзіншелеп әңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі - шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
1) Ауызша аударма - бұл тәржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс; ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) және құрылым межесін (план выражения) жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі.
Ауызша аударманың екі түрі бар:
- ілеспе (синхронды) аударма;
- ізбе-із аударма.
Ілеспе аударма - бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мәтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мәтінін сөйлеушіге (мәтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ғалым Ә.Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:
а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;
ә) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі
Ізбе-із аударма ─ мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша. аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.
2) Жазбаша аударма - жазбаша түрде жасалатын тәржіме түрі; қағазға түсірілген жазбаша мәтінді екінші тілге жазбаша түрде аудару және бұдан алынған нәтиже. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқа мәтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу, сөздіктерді, басқа да лингвистикалық және лингвоелтанымдық, когнитивтік мағлұматтарды беретін анықтамалықтарға иек арту арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі.
Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.
Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді:
1) Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе - лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен.
Жақсы аударылған көркем аударма - сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы.
Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:
а) көркем аударма - ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс.
2) Ақпараттық аударма - қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:
- ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн [11, 57б.].
- ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т.б.) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т.б.) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.
- газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны, тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді:
а) Газет мәтіндерін аудару. Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады.
ә) Публицистиканы аудару - қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық мәтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын ала пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан дәлелдейді.
- тұрмыстық аударма - тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды. Мұндай жағдайларда негізінен қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге арналған өзара қарым-қатынасқа бағыттылған ауызша мәтіндер жасалады.
Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал - сөздік. Қазіргі ақпараттар легі ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.
Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:
1) Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар жатады.
2) Арнайы дереккөздерге - арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады.
Зерттеуші-ғалым А.Қ. Жұмабекова Аударматанудың негіздері атты кітабында аудармашылық қызмет субъектісінің сипаты мен оның аударылып отырған мәтін авторына қарым-қатынасы бойынша ажыратылатын аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:
1. Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма - адам жасайтын аударма. Дәстүрлі аударманың келесі түрлері ажыратылады:
а) Авторлық емес аударма (немесе жай аударма) - түпнұсқа мәтінінің авторы болып табылмайтын аудармашының тәржімесі.
ә) Авторлық аударма (немесе автоаударма) - түпнұсқа мәтіні авторының өзі жасаған аудармасы.
б) Автор мақұлдаған аударма - автор талқылауынан өткен түпнұсқа мәтінінің аудармасы.
2. Машиналық (автоматты) аударма - арнайы бағдарлама бойынша компьютер жасаған аударма. Машиналық аударма негізгі үш жағдаяттарда сәтті қолданылуда: Біріншіден, бағдарлама лексикалық және грамматикалық құрылымы шектеулі, стандартты, тар шеңберде мамандандырылған мәтіндерді аудару үшін құрастырылады. Екіншіден, машина арқылы түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға болады. Үшіншіден, жұмысқа редактор кіріседі. Ол мәтінді аударуға дайындайды, яғни машина үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша жазып қайта редакциялайды немесе аударылған мәтіндегі қателер мен дәлсіздіктерді түзетеді.
3. Аралас аударма - мәтіннің дәстүрлі (немесе машиналық) өңдеуінің едәуір үлесін пайдалану арқылы жасалған аударма.
Аудармаға қойылатын басты талап - автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек.
2. ГАЗЕТ МӘТІНІНДЕГІ БАЛАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
2.1. Газет мәтінің аударудың негізгі ерекшеліктері
Газет мәтінінің ауқымы кең. Түрлі ақпараттарға, мәліметтерге бай. Оның негізгі мақсаты - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны, тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады.
Газет мәтінінің тілдік мағынасының құралы белгілі бір дәрежеде дайын күйдегі, кең қолданыстағы тіркестер, сөздер саналады. Газет мәтіні - толығымен нысаналы түрдегі когнитивтік ақпарат. Бұл тілдік құралдарының контексіне еш тәуелсіз ұғымдар түрінде сипатталады: бұл сандық мәліметтер, кісі атаулары, лауазымдары, атақ, дәрежелері, фирма, мекеме, ұйым, кәсіпорын, шаруашылық, географиялық атаулар.
Газет мәтіндерінде негізінен стилистикалық тілдік жазба әдеби тіл нормасы қолданылады. Кейде ауызша сөйлеу тілі де қолданылады. Бұл кейіпкер сөздерін шығармаға автордың композициялық-идеялық мақсатында пайдаланылады. Сұхбаттарда да ауызекі тіл араласады. Бұл қалыпты жағдай. Оны түзетіп, әдеби өңдегенмен, бірақ түрлендіріп, әсірелеп, әдеби үлгіде қайта жасау жасандылыққа апарады. Әрі кейіпкер тілін, ойын бұрмалау саналады. Аудармада осы жай ескерілуі тиіс. Сонымен бірге баспасөз материалдарында тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөздер, салалық терминдер, нақыл сөздер жиі кездесетіндіктен, аудармашының біліктілігі, білімділігі талап етіледі. Газет-журнал мәтіндерінде дерек, мәліметтерді бұрмалауға, тастап кетуге болмайды. Ресми ақпараттарды аудару негізінде ондағы мәтін тұтастай сақталуы дәл жеткізілуі міндеттелінеді. Шағын хабарға аудармашы аты-жөні қойылмайды. Ол ұжымдық еңбектің нәтижесі әрі баспасөзге ортақ ақпарат саналады.
Үлкен көлемдегі танымдық, ғылыми-көпшілік, мәдени, әдеби мақала, зерттеулерде ой қайталанған жағдайда әрі оқырман талғамын ескеру негізінде, мәтінге қысқартып, ықшамдау қажеттілігі туады. Тұрақты сөздердің мағыналық байланысын, астарлы ойын аңғарып барып аудару тиімді. Газет мәтіндерінің тағы бір ойландыратын мәселесі - астарлылығы. Кейде журналистер оқырманға таныс кітаптардан, кинофильмдерден, мультфильмдерден, белгілі әндерден, дыбыс және жазба жарнамалардан дайын мәтін алып пайдаланады. Кейде ойда сақтала бермейтіндіктен, бұрмалап, өзгертіп қолданатын да жағдай кездеседі. Бұқаралық ақпараттың барлық көздерінде кең ауқымды ауызекі, контекст мүмкіндігінше пайдаланылады. Аудармашы оны қайта аударуға әрекеттенгеннен гөрі, дайын аудармасы болса, толық мәтін сипатында енгізгені дұрыс. Кейде ондай мәтін түпнұсқада өзгертіліп, автордың ыңғайына негізделсе, аудармада дұрыстығын көрсете отырып, түсінік жасай кеткен де орынды.
Газеттік-ақпараттық мәтінде көзге үйреншікті, дағдылы сөздер қолданылады. Бұлар көбінесе шет тілінен енген сөздер. Мысалы офис, супермаркет, лизинг т.б. дағдылы сөздер ақпараттың өзектілігін әрі оқырманның мәтінге деген сенімділігін арттырады. Мұндай жағдайда аудармашы лексикалық компенсация жағын ойлап, дәл баламасын таба білуі қажет.
Сұхбаттағы, авторлық мақалалардағы жасырын комизм үлгісі - иронияның, әзіл-сықақтың, әжуаның астарын аңғарып, бұзбай жеткізу - публицистикалық аудармашы шеберлігі. Публицистикалық аударма бірлігі - сөз, сөз тіркесі, сөйлем. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz