Мың бір түн сюжеттері негізіндегі қазақ ертегілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мың бір түн сюжеттері негізіндегі қазақ ертегілері.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1 Мың бір түнді аудару және оқып-үйрену тарихы

1. 1 Мың бір түннің қазақ және басқа тілдерге аударылу
және зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1. 2 "Мың бір түннің" қиял-ғажайып сюжеттері және олардың қазақ
ертегілеріне ауысуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

2 Мың бір түн сюжеттерінің қазақтың дәстүрлі
ертегілерінде кездесуі

2. 1 Мың бір түн және қазақтың ертегілік эпостарындағы
новеллистикалық сюжеттерге құрылған ертегілер ... ... ... ... ... ... .. ...42

2. 2 Шығарма стилі мен көркемдегіш құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

3 Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс-тәсілдері

3. 1 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу-тәрбие процесінде
пайдаланудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 68

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: "Мың бір түн" ең алдымен араб рухани әлемінің ескерткіші және сонымен қатар араб әлемінде дүниеге келіп, араб тілінде жарық көрумен қатар қазіргі күні әлемдік мәдениеттің бір бөлшегіне айналып отыр. Зерттеушілердің бәрі "Мың бір түннің" күрделі, көпқабатты құбылыс деген ой-тұжырымға келіп тіреледі. Ол түрлі дәуірдегі, түрлі этникалық-әлеуметтік топтардың және идеологиялық орталардың фольклорының және әдебиетінің материалдарын жинақтап жүйелеген шығарма болып табылады. Мұнда Үнді, Иран, Шығыстық Араб, сонымен қатар грек, еврей, түрік т.б. халықтардың мәдениеті және әдет-ғұрпымен байланысты поэтикалық құбылыстарды, кейіпкерлерді, сюжеттер мен желілерді кездестіреміз. Бірақ барлық өзге жерлік, өзге тілдік құндылықтар араб қоғамының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында оның өзіндік эстетикалық заңдылықтарына сүйене отырып, қайта жасалып жаңғырған. [1.282-283]. Өзіндік жүйеленген сипатына сәйкес "Мың бір түн" ешқандай әдеби ескерткішпен салыстыруға келмейді. Ол барлық халықтың жанына жақын әрі түсінікті, әркімдер одан өзіндік ұқсастық, өзіндік дүниетанымына жақын жылылық табады және осы бір нәрсе шығарманың мәңгілік өшпес даңққа бөленуіне себепші болып отыр. Атақты Мысыр жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Таха Хусейн бұл шығармаға мынадай мінездеме береді: "Шығарма тілге жеңіл оқылады, оқырман оны парақтай отырып бір тараудан екінші тарауға өткенде бау-бақшаның әсем бақтарын аралағандай рахат бір ойға шомып отырады және ол осындай таңғажайып керемет дүниені тек "Мың бір түннен ғана ала алады", - дейді [2. ج] Ал даттың "Мың бір түнді" зерттеген ұлы ғалымы Эструп "Мың бір түнді" жоғары бағалай отырып: "Таураттан кейін арабтың "Мың бір түндей" ертегілік жинағы сияқты әлемге кең таралып, танымал болған еңбек жоқ", - дейді. Дамушы елдердің көпшілігінде осы кітапты өмірінде бір рет болса да ләззат ала отырып оқымаған және оның ғажайып көрініске бай сюжеттерінен қиялын кеңейтпеген бір де бір адам болмаған. Жер жүзінің ақындары, әр заманның ұрпақтары оның ішінен өзіне қажетті сюжеттер алып, өз шығармаларына арқау еткен және әлі күнге дейін осы таусылмас қазынадан сусындап келеді.
Осыған байланысты "Мың бір түннің" қазақ мәдениетінде де көрініс табуы заңды деп айтуға болады. Біріншіден, қазақтар бұл қазынаға шығыстағы мұсылман халқы, Шығыстың бір бөлігі ретінде қараса, екіншіден, қазақ халқының Таяу Шығыспен тікелей және жанама байланыстарының болуынан деп ойлаймыз. Осы мәселеге байланысты академик Б.Г.Ғафуров былай дейді: "Орта Азия және Араб елдерінің байланысы тек экономикалық бағытпен ғана шектеліп қойған жоқ. ҮІІ-ҮІІІ ғасырлар арасында осы халықтар тағдыры араласқаны сонша, олардың бір-бірімен байланысты экономикалық, саяси, мәдени және тілдік өзара әсерлерін елеместен қайсібірінің болса да жеке тарихын алып зерттеу мүмкін емес".
Қазақ-араб әдеби және фольклорлық байланыстарының тарихы өте тереңде жатыр. Араб әдебиетінің Орта Азия елдеріне елдеріне жақындауы ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардан-ақ байқалады. Қазақ ауыз әдебиеті шығармаларына, әсіресе, ертегілері мен дастандарына көбірек енген араб элементтерін тек діни байланыстардың нәтижесі деп қарауға болмайды. Араб-қазақ әдеби және фольклорлық байланыстарының тарихын зерттегенде, ең алдымен, тарихи және әлеуметтік жағдайларды және қазақ және араб мәдениетінің жақындасуын, оған қоса шығыстық сюжеттердің қазақ жеріне ену процесінде үлкен рөл атқарғанын ойға ұстауымыз керек.
Қазақ фольклорында "Мың бір түн" шығармаларымен байланысты бірнеше ертегілер бар. Өйткені бұл атақты жинақтың көптеген хикаялары қазақ қоғамына ертеден танымал болды. Олар қазақ әлеміне түрлі жолдар арқылы, түрлі тілдер арқылы ауысып келіп жатты. Сөйтіп, "Мың бір түн" сюжеттері Шығыстың араб, парсы, үндінің басқа да классикалық эпостарымен қатар қазақ халқының арасында өмір сүре бастады. Қазақ әлемін осындай керемет шығармалармен таныстыруда, оларды қазақ тіліне аударып бастырып шығаруда, олардың сюжеттерін пайдалана отырып жаңа эпикалық дастандар тудыруда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақын-жыраулар көп қызмет атқарды [5. 363].
Алғашқыда "Мың бір түн" ертегілері қазақтар арасында қолжазба күйінде таралса, кейіннен баспа бетін көріп, кітаптар тарала бастады. Қазақстанда, барлық Шығыс елдеріндегідей, мысал-ертегілер, пайғамбарлар мен әулиелер жайлы аңыз-әпсаналар мен ата-баба шежірелерін тарату дәстүрі кең таралған. Бұл жазбалар үнді, парсы және араб елдерінде де халықтар арасында ауызша таралып, бірте-бірте ұлттық фольклор құндылықтарына айналған [6. 297-298]. Өткен ғасырда көзі ашық қазақ зиялылары Мың бір түнді түпнұсдан да оқи алған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі "Мың бір түннің" қазақ фольклорына әсерін арнайы зерттеу арқылы қазақ және араб халықтары арасындағы әдеби және фольклорлық қарым-қатынастың тарихын, типологиялық ұқсастықтарын анықтау; бұл сюжеттер мен желілердің, кейіпкерлердің өзара селбесу қатынастарын тексеруге мүмкіндік береді, осы бағыттағы әрбір зерттеу жұмысы сюжет құрылуының және олардың ауысуының теориялық мазмұнына өз жаңалығын қосып, сонымен қатар, "Мың бір түннің" әсері негізінде белгілі бір халықтың ұлттық фольклорының пайда болу тарихына қосқан үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты В.М. Жирмунский: "Исландия мен Ирландиядан Еуропа арқылы Таяу Шығыс пен Орта Азияға соншалықты өзгеріссіз тараған ертегі сюжеттерінің элементтеріне қарай отырып, олардың өзіндік шығу тарихында, пайда болған жері мен орнында, таралу жолдарында және т.б. жағдайларында өзара байланыстың болмауы мүмкін емес", - дейді.
Ертегілік сюжеттерге арналған арнайы монографиялардың көптігіне қарамастан, сонымен қатар Аарне жүйесі бойынша құрылған ертегілер каталогіндегі қай ертегінің қай елге қатыстылығы әлі де толық анықталмаған. Сюжет вариантылығы мен олардың мәтіндік ұқсастықтары және олардың жағрафиялық таралу айтақтарына және ең бастысы ұлттың өзіндік тұрмыстық жағдайына, әлеуметтік қарым-қатынасына, ұлттық идеологиясындағы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты", - дейді [7. 189].
Қазақ-Араб фольклор мен әдеби байланыстары және қазақ фольклоры мен әдебиетін басқа елдер мәдениетімен өзара байланысын тексеру және жүйелеу қазақ халқының тарихын, психологиясын, мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: Қазақстанға, қазақтың рухани өмірінде және әдебиеті мен фольклорының тарихи тағдырында үлкен рөл атқарып келген Шығыстық ескерткіштер ("Мың бір түн", "Қалила мен Димна", "Тотынама") салыстырмалы-тарихи жағынан осы күнге дейін нақты зерттелмеген. Тек "Мың бір түн" мен қазақ әдебиетінің байланысына арналған монографиялар мен оқулықтарда қысқаша сипаттамалар беріліп отырған. Онда да негізінен "Мың бір түннің" қазақ әдебиетіне қатысы Абайдың шығармалары арқылы және кітаби ақындар шығармашылығы арқылы байланысатыны жайлы анықтамалар беріледі. Ш.С.Сәтпаева: Қазақтың сөз өнері Шығыс әдебиетімен тығыз байланысты, олар негізінен фольклорда көрініс табады, кейінірек оны кітаби ақындар дамытты", - дейді.
Қазақ зерттеушілерінің айтуынша "Мың бір түн" ертегілерінің сюжеттері ең алдымен қазақ фольклорына енген. Ал бұл сюжеттер қазақ жеріне қалай енді деген сұраққа бір жақты жауап беру мүмкін емес. Бір ел әдебиеті мұраларының екінші бір ел әдебиетіне енуінің түрлі жолдары бар. Бұл шығарманың түпнұсқада таралуы не аударма арқылы және делдар тілдердің қатысуы арқылы жүзеге асады. [8. 319-337]. Ал бұл шығармалардың қандай жолдармен ауысқанын анықтау қиын; Мәселен Мың бір түн" Қазақстанда түпнұсқасымен де танымал болған (кейбіреулерде оның түпнұсқалары болып, оны араб тілінде оқи алған) және аудармалары; басқа тілдердегі аудармалары арқылы келуі мүмкін болды, яғни мүмкін болған жолдардың бәрі қатысты деуге болады. Бұл мәселеге қатысты қазақ ғалымдары түрлі пікірлерді келтіреді.
А.Нұрғалиев: "Мың бір түн", "Қалила мен Димна", "Тотынама" шығармаларындағы сюжеттер мен кейіпкерлер және т.б. қазақ фольклорына тәжік әдебиеті арқылы енді. Тәжіктер түркі халқымен ертеден тығыз байланыста өмір сүрген" [9. 15].
Сонымен қатар, бұл процестің өзбек және татар әдебиеттері арқылы да енуі мүмкін дейді. Осындай пікірді С.А. Қасқабасов та қолдайды. Қазақтың араб әлемінен хабар алуының бір жолы - дейді Ш.К.Сәтпаева, - ол қасиетті жерлерге қажылыққа бару. Сапарға шыққандар әртүрлі ғылыми және көркем шығармалар әкелетін болған.
Кейбір зерттеушілер ену тарихы жайында төмендегідей болжамдар келтіреді: ІХ-ХҮ ғасырлар Орта Азия, Иран және Солтүстік-Батыс Индия тарихында гуманизмнің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезең әл-Фараби, аль-Хорезми, Ибн-Сина, аль-Бируни сияқты ғалым, тарихшы, философтармен Рудаки, Фирдауси, Омар Хаям, Хұсрау Насыр, Саади, Хафиз, Джами, Навои сияқты ақындар есімімен танымал. Арабтық "Мың бір түн", үнділік "Бес бәйіт" пен "Рамаянадағы" шығыстық сюжеттердің қазақ даласына енуі осы кезеңдерге сәйкес келсе керек. Фольклорлық дәстүр бізге "Атымтай Жомарт", "Сейфүлмәлік-Бәдіғұлжамал", "Қамұрұззаман" т.б. дастандарды жеткізген. Халық арасында кеңінен тараған шығыстық шығармалардағы идея, сюжет, желі, кейіпкерлер ерекше бір жанр - дастандардың дүниеге келуіне әсер етті. Олар алғашқыда ел арасында ауызша тараса, кейіннен қолжазбаға айналып, одан соң баспа бетінен біртіндеп басылып шыға бастады [10.7]. Академик М.О.Әуезов қазақ ұлттық ертегілер тарихының реформадан кейінгі кезеңдегі жағдайын суреттей отырып (ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы «Мың бір түн»желілері
Фольклор және жазба әдебиетінің ерекшеліктері
Эзоп мысалдары мен Крылов мысалдарын салыстыру
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Адамгершіліктік қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыру мен бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы
Ертегі - қиял жемісі
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер