Сократ философиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Международная образовательная корпорация

Казахская Головная Архитектурно-Строительная Академия

Реферат

по дисциплине «Философия »

Тема: Антикалық философия ерекшеліктері

Орындаған: Акжунис Абдимуталип

Студент: ГиК 20-1

Тексерген: Нуралина. Б. А

Алматы, 2022г

І Кіріспе бөлім

Антикалық мәдениет аясындағы философия

ІІ Негізгі бөлім

1. Антикалық философия кезеңдері

а) натурфилософиялық кезең;

ә) классикалық кезең;

б) эллиндік-римдік кезең

2. Классикалық дәуір ойшылдары

а) Сократ философиясы;

ә) Платон философиясы;

б) Аристотельфилософиясы

ІІІ Қорытынды

Антикалық философия ерекшеліктері

І Кіріспе

Антикалық философия деп қазіргі Греция мен Кіші Азиядағы грек қалаларында, Жерорта жағалауларында, Қырымда, Азия мен Африканың эллиндік мемлекеттерінде және Рим империясында өмір сүрген грек философтары жасаған рухани философиялық қазынаны айтады. «Антика философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартады. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б. з. д. VII - VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б. з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған уақытымен байланыстырылады. Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты. Қазіргі кездегі антикалық философия ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған.

ІІ Негізгі бөлім

1. Антикалық философия кезеңдері

Антикалық философия өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

1. Антикалық философияның қалыптасуы немесе Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б. з. д. VII-Vғ. ) . Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагор, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

2. Классикалық грек философиясы (б. з. д. V-IV ғ. соңы) . Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

3. Эллиндік-римдік философия (б. з. д. III ғ. - б. з. V ғ. ) . Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең. Кейбір деректер бойынша, эллиндік философия (б. з. д IVғ. соңы-б. з. д IIғ. ), римдік философия (б. з. д Iғ. - б. з V ғ. ) .

Антикалық философияның мектептері мен өкілдері:

Милет мектебі

Фалес, Анаксимен, Анаксимандр

Пифагор мектебі

Элейлік мектеп

Ксенофан, Парменид, Зенон

Атомистер мектебі

Левкипп, Демокрит

Софистер мектебі

Протагор, Горгий, Гиппий, Продик

Платондық мектеп немесе Академия

Платон, оның шәкірттері

Аристотель мектебі

Аристотель, Теофраст, Аристоксен

Эпикур мектебі

Эпикур, Метродор, Гермарх

Киник мектебі

Антисфен, Диоген

Стоялық мектеп

Зенон, Клеанф, Хрисипп, Сенека

Скептик мектебі

Пиррон, Секст Эмпирик, Энесидем

Эклектик мектебі

Филон, Антиох, Посидоний, Цицерон

Неолплатондық мектеп

Саккас, Плотин, Прокл Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен V ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософиялық кезеңге «Сократқа дейінгі» философтардың шығармашылығы жатады:

Милет мектебі;

Эфестік Гераклит мектебі;

Элей мектебі;

Атомистер мектебі және т. б.

Милет мектебі - антика философиясындағы ең алғашқы мектептердің бірі. Б. з. д. VI ғ. Ежелгі Грецияда - Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік - полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталған ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды. Олардың әйгілілері - Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Фалес әлемнің түпнегізі су деп есептеген. Бәрі судан пайда болады, бәрі суға айналады деп ойлаған. Фалестің шәкірті Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен құбылыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болған деді. Эмпедокл әлемнің негізі ретінде төрт затты, яғни отты, суды, ауаны және жерді алды. Аталған философтардың бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді. Гераклит бәрі өзгереді, бәрі өткінші деп пайымдады. Өзгерістердің қозғаушы күші мен негізі - қарама-қарсылықтардың өзара күресі.

Класикалық (Сократтық) кезең - ежелгі грек философиясының көркею уақыты. Б. з. д Vғ. - IV ғ. аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі мектептер мен ойшылдар:

Софистердің философиялық ағартушылық әрекеті;

Сократ философиясы;

Платон философиясы;

Аристотель философиясы, т. б.

Классикалық кезеңдегі философияның жалпы сипаты: табиғат пен космосты терең зерттеді; табиғат пен космос жаратылысы идеясында құдайлардың қатысын мойындады; тіршіліктің шығуының идеалистік болжамын ұсынды (Платон) ; адам, қоғам, мемлекет мәселесіне қызығушылық танытты; логиканы дамытуға үлес қосты; практикалық философиялық-ағартушылық әрекет жасады (Софистер, Сократ) .

Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана) -«даналықтың, » «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтары. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы) -Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау-дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика - дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.

Эллиндік кезеңнің (Александр Македонский және гректер билігі кезіндегі Азия мен Африканың ірі қалаларында білімнің дағдарыс заманы) мектептері:

киниктер философиясы;

стоялық бағыттағы философияның тууы;

«сократтық» философиялық меткептер;

Платон академиясы;

Эпикур философиясы, т. б.

Эллиндік философияның сипаты: құдайлар және басқа да құдіретті күштер алдындағы қорқыныштың жойылып, құрметтің пайда болуы; тәндік және рухани тірек-сүйенішті өз бойынан іздеу; дүниеге материалистік көзқарастың басымдылығы (Эпикур) ; жоғарғы игілік -жеке адамның бақыты мен рахат күйі деп есептеу.

Римдік кезеңдегі ойшылдардың көпшілігі эллиндік кезеңнің концепцияларын ұсынды. Ал бұл кезеңдегі қалыптасқан мектептерге неоплатонизм мен гностицизм жатады. Римдік кезеңдегі философтар:

Сенека;

Марк Аврелий (Рим императоры) ;

Тит Лукреций Кар;

кейінгі стоялықтар;

алғашқы христиандар

Римдік кезеңдегі философияның жалпы сипаты: ежелгі грек және ежелгі рим философиясының антикалық философия болып бipiгyi; антикалық философияға бағынышты халықтар (Шығыс, Солтүстік Африка, т. б. ) дәстүрлері мен идеяларының ықпал eтyi; табиғат мәселелеріне аз көңіл бөлу; адам, қоғам, мемлекет мәселелеріне ынта-қызығушылықтың жоғарылауы; эстетикалық көркею (адам ойлары мен тәртібін зерттейтін философия) ; рухани дамуы; идеализмнің басымдығы; философияға христиандық пен ерте христиандық идеялар ықпалының күшеюі.

2. Классикалық дәуір ойшылдары

Сократ философиясы

Сократ (б. д. д 470-399 ж. ж. ) - өз өмipi - философиялық ілімнің айнасы

болған афиналық философ. Сократ туралы мәліметтер онымен замандас үш дерек көзінен алынған: Платон мен Ксенофонттың (екеуі де Сократтың шәкірті) диалогтары және Аристофанның комедиялары. Аристофанның «Бұлттар» комедиясында Сократ өзінің шәкірттеріне алған қарызды қалай төлемей қоюға болатынын үйрететін алаяқ ретінде бейнеленген. Алайда Аристофанның шығармаларының көбі пародия ретінде жазылған, сондықтан оларда айтылғанды тіке мағынасында түсінуге болмайды.

Платон философиясы

Платон (б. д. д. 427 - 347 ж. ) - (шын аты Аристокл) ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. Маңызды философиялық шығармаларының қатарына «Протагор», «Пир», «Менон», «Федр», «Мемлекет», «Заңдар», «Сократ», «Пармелид». «Горгий», «Федон» жатады. Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңі - Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы; екінші кезең - Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі; үшінші кезең - философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды.

Аристотель философиясы

Б. з. д. 335 жылы Арситотель Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін (лат. Lyceum) ашты. Ликейде Аристотель сабақ беру мен шығармашылықты қатар қолға алады. Оның сабақ өту ерекшелігі өзгеше болды. Ол әдетте жүзім бағаңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан оның мектебін "серуен философиясы" деп те атайды және Аристотельге ілесушіні серуенші (перипатетик) деп атайды. Аристотель сол кездегі ғылымның барлық саласы туралы ізденіп, әрбір ғылым саласында бағалы еңбектер қалдырды. Ғылым саласында ол анатомия, астрономия, экономика, эмбриология, география, геология, метеорология, физика, зоология салаларын зерттеді, философия саласында эстетика, этика, саясат, үкіметтану, метафизика, психология және теологияны зерттеді, мәдениет саласында білім беру, әдебиет, поэтика зерттеді. Физика саласында «Аспан туралы», «Физика», «Пайда болу мен жойылу туралы», «Метерология» еңбектері, биология саласында «Хайуанаттар тарихы», «Жануарлар мүшелері туралы», «Жануарлар қозғалысы туралы», «Жануарлардың шығу тегі туралы» еңбектері, психология саласында «Жан туралы», этика саласында «Никаомах этикасы», «Үлкен этика», саясат саласында «Афинылық саясат», «Саясат», шешендік өнер туралы «Риторика», философия туралы «Метафизика», логика жайында «Бірінші аналитика», «Екінші аналитика», «Топика», «Түсіндірмелер туралы», диалогтар түрінде «Философия туралы», «Эвдем», «Протрептик» (Аристотельдің Платон академиясында өткізген жылдары жазылған) еңбектері бар.

Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырады:

1. Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы.

2. Практикалық бөлім-адамдардың іс-әрекеті турлы ілім.

3. Поэтикалық бөлім - шығармашылық туралы ілім.

Қорытынды

Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері - патриархалды-құлдық қоғамнан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенция өкілдерінің дүниеге келуі. Ежелгі грек философиясының пайда болуы мен алғашқы даму кезеңдері Ионияда - Кіші Азияда басталды. Ионияның Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолдарының қиылысында орналасуы грек философтарының турлі Шығыс елдерімен танысуына жағдай тудырды. Антикалық философияның натурфилософиялық дәуіріндегі «Сократқа дейінгі» натурфилософтар табиғат құбылыстарын түсіндіру, космос мәні, айналадағы дүние, түп негіз мәнін түсіндіру сияқты мәселелермен айналысты. Классикалық кезеңдегі ойшылдар табиғат пен космосты терең зерттеді, тіршіліктің шығуының идеалистік болжамын ұсынды, адам, қоғам, мемлекет мәселесіне қызығушылық танытты, логиканы дамытуға үлес қосты; практикалық философиялық-ағартушылық әрекет жасады. Грек философиясының үшінші кезеңі - эллиндік кезеңінде, құдайлар және басқа да құдіретті күштер алдындағы қорқыныштың жойылып, құрметтің пайда болуы, тәндік және рухани тірек-сүйенішті өз бойынан іздеу, дүниеге материалистік көзқарастың басымдылығы жоғары болды. Римдік кезеңдегі ойшылдардың көпшілігі эллиндік кезеңнің концепцияларын ұсынды. Грек философиясының даму тарихында классикалық кезең ойшылдары - Сократ, Платон, Аристотельдің көзқарастары мен ой еңбектері жоғарғы сатыда тұрды. Сократ ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Платон объективті идеализмнің негізін қалап, филсофия саласында «Эйдос» әлемін ашты. Аристотель - классикалық логиканың негізін салушы, «метафизика» ұғымын алғаш еңгізген, филсофиялық категорияларды алғаш тұжырымдап, адам және материя мәніне анықтама берген классикалық кезең ойшылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Көне Греция философиясы
Көне Греция философиясы жайлы
Платон философиясы туралы
Қайта өрлеу философиясы
Зерттеу эссесі: Философқа хат
Сократ, Платон философиясы
Жалғыз философия
Антик философиясы туралы
Антик философиясының кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz