Бұқаралық ақпарат көздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Педагогика және психология

БӨЖ

Тақырыбы: Өздігінен білім жетілдіру-кәсіби кемелдену

Орындаған: Джулдас Аружан

Тобы: ППП-011

Қабылдаған: Алимбекова Сабира

Түркістан - 2022

Мазмұны

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II. Негізгі бөлім

1.Өздігінен білім алудың
мақсаты: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

2.Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби
білімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан –
жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің
алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар
атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін
ашып, әр адамның өзінің Менін сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей,
сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін
шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі
таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды
талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз
білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.Білімін тұрақты көтеріп отыру –
мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты
дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Өздігінен
білім жетілдіру- жеке адамның өзі басқаратын мақсаты танымдық іс- әрекеті;
ғылымның, техниканың, мәдениетінің, саяси өмірдің және т.б қандай да бір
саласынан жүйелі түрде білім алу. Өздігінен білім жетілдіру - өзін - өзі
тәрбиелеу құралдарының бірі. Өздігінен білім жетілдірудің негізгі нысандары
сан алуан.

Адамның өздігінен білім жетілдірудегі мақсаты- біліктілігін немесе білім
деңгейін көтеру. Өздігінен білім жетілдіру дағдыларын қалыптастыруда мектеп
маңызды рөл атқарады. Оқушылардың өздігінен білім жетілдіру дағдыларын
қалыптастыруға сыныптан және мектептен тыс әр түрлі үйірмелердегі,
клубтардағы, дәрісханалардағы сабақтар, тәжірбиелік жұмыстар және т.б
себептер болады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын факторлардың
арасында маңызды роль атқаратын –бұл оқушылардың өздігінен білім алуын
ұйымдастыру. Тек әр оқушының нәтижеге бағытталған жүйелі түрде өздігінен
жұмыстануы –білімді терең меңгеріп, ой еңбегінің сәйкес біліктерін
қалыптастырып және орнықтыруға мүмкіндік береді.Оқу үрдісінде оқушының
өздігінен білім алуын ұйымдастыруда тиімді тәсілдің бірі бағдар карталарын
қолдану екендігіне өз тәжірибемде көз жеткіздім. Бағдар картасы
Маршрутная карта Moving-on map - белгілі бір тапсырма, сондай-ақ жалпы
сабақ көлемінде оқудың соңғы нәтижесіне жетуге бағытталған және оқушыларға
арналған қадамдап көрсетілген нұсқаулық; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу
қабілетін дамытады, оқушыларды шығармашылықпен ойлауға бағыттайды,
тапсырмаларды орындауда қолданылатын креативті тәсілдерді дамытады.[2].
Бағдар картасын сабақтың әр кезеңінде мұғалімнің қалауымен қолдануға
болады. Жаңа тақырыпты меңгеруге немесе алған білімді бекіту үшін
тапсырмаларды орындау барысында, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауда
бағдар картасы оқушының жүйелі, нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуіне
мүмкіндік береді.

Мұндай жұмыс кезіне оқушылардың мұғалімге тәуелділігі азаяды, егер
кедергілер немесе қиындықтар туындаған жағдайда қандай әрекеттер жасау
керектігін біледі және әр оқушы кез –келген тапсырмаға дұрыс жұмыстану
нәтижесінде қол жеткізуге болатындығына көз жеткізеді.

Өздігінен білім алудың мақсаты:

Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы
педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;

Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;

Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін
меңгеру;

Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,

Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.

Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен
қажеттіліктері:

Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы. Мысалы ата – аналар жиналысын өткізу,
сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге
және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;

Шығармашылық шабыты;

Ғылымның қарқынды өсуі;

Өзін – өзі дамытудың негізгі түйіні неде? Мұғалім өзін – өзі дамыту
барысында ақпаратты әртүрлі білім алу көздерінен алады және алған ақпаратын
сабақта немесе өмірде пайдаланады. Осындай ақпарат көздері өзіндік,
кәсіби өсуге ықпал ететін білім көздеріне бөлінеді.

Өздігінен білім алу көздері:

семинарлар мен конференциялар

шебер сынып

іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар

біліктілікті жетілдіру курсы

ашық сабақтарға қатысу

экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар

әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)

интернет.

Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіру формалары:

Өзін – өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады.

Жекеленген және топты

Мұғалімнің өзін – өзі дамыту процесінің құрамдас бөліктері:

Мұғалімнің өзін – өзі дамыту барысындағы іс – әрекеттерін алатын болсақ ,
олар – оқу, үйрену, зерттеу, талдау, бақылау және жазу болып табылады

Осы іс – әрекеттердің мұғалімнің кәсіби аймағындағы рөлі қандай?

Жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін
үйреніп, қолдану.

Әріптестерінің сабағына қатысу, тәжірбие алмасу.

Өзінің педагогикалық шығармашылығына жүйелі түрде өзіндік талдау жасау.

Қазіргі кездегі психология – педагогикалық аумағында білімін үнемі
жетілдіріп отыру.

Еліміздегі саясаттағы, мәдениеттегі, экономикадағы жаңалықтардан хабардар
болу.

Өзінің жалпы мәдениетін, құқықтық білімін көтеріп отыру керек.

Мұғалімнің өзіндік жетілу процессіне тікелей және жанама түрде құрайтын іс
әрекеттерін тізбектейік

Белгілі бір телебағдарламаларды қарау;

Әдістемелік пәндік басылымдарды оқу;

Өзінің пәні бойынша жаңа, озық технологиялар туралы ақпаратты ғаламтордан
шолу;

Кәсіби пәні бойынша есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар орындау;

Семинар, конференция, on – line сабақтарға, тренингтерге қатысу;

Шет тілдерін үйрену;

Білім жетілдіру курстарына бару;

Ашық сабақтар өткізу;

Мектептегі, ауылдағы немесе еліміздегі әріптестерімен байланысу, интернет
арқылы тәжірбие алмасу;

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті
мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін – әрбір
мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.
Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері,
білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы
болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы –оның жан-жақты білімінен ұстаздық
шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім
қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең
болмақ.
Жаңашыл мұғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақ үшін мәліметтер, түрлі ақпарат тасымалдаушыларға қолданылатын цензура
Хабар жанрларының тақырыптық шеңбері
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Телеақпараттың құрылымдық ерекшелігі және жаңашылдық сипаты
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Журналистика ұғымы, міндеттері
Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адамның күнделікті өміріне әсері
Бұқаралық мәдениет
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Пәндер