Ғылымды дамытудың басты бағыттары
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Педагогика және психология
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан ғылымы дамуының келешегі
Орындаған: Джулдас Аружан
Серік Қымбат
Тобы: ППП-011
Қабылдаған: филос.ғ.к., доцент Шадинова Г
Түркістан - 2022
Мазмұны
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы ғылым
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Отандық ғылымның қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Ғылымды дамытудың басты
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .8
4. Қазақстанда қандай ғылым дамып
келеді ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 9
III. Қорытынды
IV. Глоссарий
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге
болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен
құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп,
математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным
саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені, ал, арнайы
мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесі.
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі
ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге
толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі
дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды
десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-
ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі
ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда
білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге
қоғамдық сананың формасы, қоғамды дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын
басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр
түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың
ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта
келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам
және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға
болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта – табиғатты зерттеуге
бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал
ғылыми түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі
басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де – адамның өзі.
Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам
өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес,
өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді
және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.
1. Тарихы. Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау
алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда,
Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған
ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Орта
ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана
емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай
кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне мәлім болды.
Қалалардың арасында Үндістан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жібек
жолы” деп аталатын сауда керуен жолының географиялық және экономикалық
жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-
егіншілік аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Отырар (Фараб)
қаласы ерекше көзге түсті. Отырар кітапханасы қолжазба кітап қорының
байлығы жағынан Египеттегі Александрия кітапханасынан кейінгі аса ірі
кітап қоймасы болды. Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге
келді. Ол аса зор ғылыми мұра – жүзден астам ірі еңбектер қалдырды.
Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ
әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 – 941)
және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бірге әйгілі
астрономиялық кестелерді жасауға қатысқан астроном әрі математик –
Ғаббас әл-Жәуһари (9 ғасырдың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары
– Ысқақ әл-Фараби және 40 мың сөзден тұратын араб тілінің түсіндірме
сөздігін жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Ертіс
жағалауында қимақтар арасынан географ әрі тарихшы Жанах ибн Хақан
Қимақи шықты. 10 – 11 ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында өмір
сүрген Қарахан әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп
Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 жылы жазылған “Құтадғу
білік” кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне тарады және оны ғалымдар
бүгінге дейін зейін қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттің дамуында
Ежелгі Грекия мәдениетінің елеулі ықпалы болғаны сөзсіз. Шығыстың озық
ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін сол кездің
өзінде-ақ Еуропа ғалымдары да мойындаған болатын, мұны 10 – 12
ғасырларда Шығыс ғалымдары мен ақындары кітаптарының Францияда,
Италияда, Испанияда және Еуропаның басқа да елдерінде аударылып
кеңінен таралғандығы да дәлелдейді. Олар: Ибн Синаның (Авиценна)
“Медицина каноны”, әл-Хорезмидің “Алгебрасы мен теңдеуі”, Ибн Рушдтің
(1126 – 98), т.б. еңбектері. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым мен
мәдениеттің 9 – 11 ғасырлардағы дамуы туралы айта келіп, орыс
шығыстанушысы Н.И. Конрад ғылыми тәжірибеге “Шығыстың дәуірлеуі” деген
терминді енгізді. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер,
негізінен, ауыл шаруашылығымен байланысты болды. Олар: Өлкелік өсімдік
қорғау станциясы (1924), Тыңайтқыш және агрономдық-топырақтану ғылыми-
зерттеу институты (1926), 1925 жылы Санитариялық-бактериалдық институт
ашылды. Алматы Бас геологиялық к-тінің және Түсті металдар
институтының бөлімшелері жұмыс істей бастады. Одақтас және
автономиялық республикалардың табиғи қорларын зерттеу жөнінде құрылған
ерекше комитет 1920 жылдың басында-ақ Қазақстанды кешенді зерттеу
жөнінде шаралар белгіледі. 1927 жылы республиканың табиғи ресурстарын
кешенді түрде зерттеу жөнінде КСРО ғылым академиясының қазақстандық
экспедициясы құрылып, оны акад. А.Е. Ферсман басқарды. 1932 жылдың
КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы отрядтарының
негізінде дербес 8 экспедиция ұйымдастырылды. 1932 жылы қарсаңында
республикада 10-нан астам ғылыми-зерттеу институты мен тәжірибе
станциясы, жүздеген тірек пунктері, лабораториялар мен ауа райын
зерттеу станциялары, бірсыпыра геологиялық барлау ұйымдары болды.
ҚазАКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жанындағы экономикалық
зерттеу институты, ауыл шаруашылығын қайта құру, қой шаруашылығы,
сойыстық мал шаруашылығы, топырақтану, құрылыс институттары сол
кездегі ірі ғылыми мекемелердің қатарына жатады. Сол жылдары геологтар
А.А. Гапеев пен Д.Н. Бурцев Қарағанды алабында жаңа көмір кен
орындарын ашты. М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Р.А. Борукаев Қоңыратта,
Жезқазғанда және Бозшакөлде мыс кен орындарын барлады. Республика
ғылымын дамытуда қол жеткен табыстардың нәтижесінде және ғылыми-
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту және оларды үйлестіру
мақсатында Кеңес үкіметінің және КСРО ҒА төралқасының шешімі бойынша
1932 жылы 8 наурызда КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы
құрылды. Онда небары зоология және ботаника секторлары жұмыс істеді.
1935 жылы құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шығармашылығы
секторлары бар Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты база
қарамағына берілді, сол жылдары Алматыда Ботаника бағының негізі
қаланды. Медицина ғылымы дамыды. 1933 жылы Мал шаруашылығы институты,
1935 жылы Егіншілік институты, Мал дәрігерлік және ауыл шаруашылығы
экономикасы институттары құрылды. Ауыл шаруашылығы тәжірибе
станцияларының тұтас жүйесі пайда болды. Мамандандырылған институттар
– ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, су
шаруашылығы, орман шаруашылығы, өсімдік қорғау, жеміс-жүзім
шаруашылығы, астық шаруашылығы институттары ұйымдастырылды. 1940 жылы
Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ
бөлімшесі құрылып, оған республиканың ауыл шаруашылығы саласындағы
ғылыми-зерттеу мекемелеріне басшылық ету және олардың жұмысын
үйлестіру міндеті жүктелді. Совет 1938 жылы КСРО ғылым академиясының
Қазақстандық базасы Қазақ бөлімшесі болып қайта құрылды. Бөлімше
президиумын акад. А.Д. Архангельский басқарды. Бөлімше
ұйымдастырылғаннан кейін ғылыми-зерттеу институттарының жүйесі жедел
қарқынмен дами бастады.
1939 жылы бөлімше жанынан топырақтану және география секторлары
құрылды. Қарағандыда Ботаника бағының негізі қаланды.
1941 жылы Тіл, әдебиет және тарих институтының лингвистика бөлімі
ұйымдастырылды.
1940 жылы Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылды.
КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінде 2-дүниежүзүлік соғыс
басталар алдында 100-ге жуық ғылыми қызметкер, олардың ішінде 3 ғылыми
доктор, 14 ғылыми кандидат жұмыс істеді. Соғыс жылдары республикаға
еліміздің көптеген ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындары көшіп келді.
Есімі бүкіл әлемге әйгілі ғалымдар – И.П. Бардин, Л.С. Берг, В.И.
Вернадский, Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), И.И. Мещанинов, Н.Д. Зелинский,
Л.И. Мандельштам (1879 – 1944), Н.В. Цицин (1898 – 1980), С.Г. Струмилин
(1877 – 1974), А.М. Панкратова, А.Е. Фаворский (1860 – 1945), С.Е. Малов,
В.Г. Фесенков (1889 – 1972), Г.А. Тихов (1875 – 1960), Б.А. Воронцов-
Вельяминов (1904 ж.т.), т.б. осында қызмет етті. Оралдың, Батыс Сібірдің
және Қазақстанның ресурстарын Отан қорғау ісіне жұмылдыру жөніндегі КСРО
ғылым академиясының комиссиясы іске кірісті, оны академик В.Л. Комаров
(1869 – 1945) басқарды. Ғалымдар қорғаныстық және халық шаруашылығы маңызы
бар ұсыныстар жасап, оларды өндіріске енгізді, қара металдар, молибден,
вольфрам, марганец кентастарының, т.б. шикізат ресурстарының мол қорын
ашты. Адамдарға қан құю қызметі ұйымдастырылды, жұқпалы жараларды жедел
емдеу әдістері кеңінен қолданылды.
1942 жылы Астрономия және физика, Химия-металлургия институттары
құрылды.
1943 жылы топырақтану-ботаника, зоология және тропиктік аурулар
институттары құрылды.
1942 – 45 жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің ғылыми мекемелері
негізінде мамандандырылған химия, металлургия және кен байыту, отқа төзімді
материалдар мен құрылыс материалдары, зоология инситуттары ұйымдастырылды.
1945 жылы Тарих, археология және этнография, Кен ісі, Топырақтану
институттары, Математика және механика секторы жұмыс істей бастады (
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы). Қазақстан Республикасы мемлекеттік
тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде (1991 – 2003) ғылыми-
техникалық саланы ұйымдастыруды реформалау жобалары бойынша үлкен жұмыстар
атқарылды, ғылым мен техника және елдің мемлекеттік ғылыми-техниклық
саясатын мемлекеттік басқарудың негізі қаланды.
1991 жыл еліміздің ұлттық жетістігі есебіндегі отандық ғылым дамуының
жаңа кезеңі басталғандығымен ерекшеленді. Қазақстанның құқықтық меншігіне
100-ден астам жалпы одақтық мемлекеттік ғылыми-техникалық мекемелер
өткендіктен ғылымды мемлекттік қолдаудың маңыздылығы күрт өсті. Жаңа
жағдайларға байланысты қысқа мерзім ішінде мемлекеттік ғылыми-техникалық
саясатты айқындау қажеттілігі туындады, елдің ғылыми-техникалық күш-қуатын
сақтап қалу мен одан әрі дамыту үшін ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік
басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру мәселесі туындады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен
“Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы”
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентінің
“Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемл. басқару
органдарының іс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетілдіру” туралы Жарлығымен
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология мин. құрылды.
Министрлікке мынадай міндеттер жүктелінді: республиканың ғылыми-техника
саласының дамуы жолында мемлекеттік саясат жүргізу; ғылыми және ғылыми-
педагогикалық кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестіру; ғылыми-технологиялық
салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.
2000 жылы қайта құрылған ҚР Білім және ғылым минстрлігі – ғылым
мен ғылыми - техникалық саладағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын,
республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу
бағдарламаларына үйлестіретін бірыңғай мемлекеттік өкілетті орган болып
табылады. Министрлікке білім және ғылым мен техника саласында бірыңғай
мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепілдік етілген
көлемде ақысыз білім алуды мемлекеттік оқу орындарында қажетті жағдайлармен
қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды
шоғырландыру, сондай-ақ, ғылыми және педагогикалық кадрларды аттестациялау
мен даярлау міндеті жүктелген. Министрлік қарамағында әр түрлі бағыттағы
130 ғылыми мекеме бар. Ғылыми зерттеулерді ҚР Президенті ұсынған
“Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы стратегиясы”
аясында халықтың рухани мәдениетін түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге
де әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалыө мәселелерге
байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды.
Ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру мен ғылыми-техникалық потенциалды дамыту,
ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін жасау
Қазақстан Республикасының егемендік жолындағы стратегиялық қадамдары болды.
Осы мақсатта мемлекет көлемінде ұлттық ғылыми орталықтар құру, академиялық
ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғылыми потенциалын арттыру,
республика аймақтарында ғылыми зерттеулерді дамыту, ғылымды ұйымдастырудың
жаңа формаларын мемлекеттік қолдау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту
мәселелеріне байланысты жұмыстар жүргізілді.
Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен
жоғары оқу орындары. Бүгінгі күні Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен
айналысатын 383 ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен
еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да
отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді
және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда. Осыған орай
қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін кеңейту,
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Аталған бес жылдықта
бағдарламаны іске асыру үшін 11,5 млрд теңге қаржы бөлу көзделді.
Отандық ғылымды дамыту мақсатында шаралар, конкурстар қабылданып
жатқанымен, ғылым саласы біршама ақсап тұрғаны мәлім. Қазақстан халқының
сауаттылық және құзыреттілік деңгейін бағалау әлемнің көптеген елдерінен
елеулі артта қалған. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының 16-65 жас
аралығындағы ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау
бағдарламасының нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстан оқу бойынша 34-орынды,
математикалық сауаттылықтан (39 елдің ішінен) 33-орынды және ақпараттық-
коммуникативтік технологиялар саласындағы сауаттылық бойынша (36 елдің
ішінен) 32-орынды иеленді. Қазақстанның нәтижелері ЭЫДҰ-ға қатысушы
елдердің және Ресей Федерациясының орташа көрсеткішінен (оқу бойынша 9-орын
және математикалық сауаттылық бойынша 15-орын) әлдеқайда төмен. Білім және
ғылым жүйесіндегі бұл ахуал өзгермейтін болса, ұлттық адами капитал
нашарлап, кәсіби кадрлардың азаюы және еліміздің экономикалық әлеуетінің
әлсіреуі орын алуы мүмкін.
Дегенмен, бұл деградация дегенді білдірмейді. Еліміз етек-жеңін жинап,
тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемдік рейтингте бәсекеге қабілетті
болуға ұдайы ұмтылуда. Қазақта ғылым кейін ғана пайда болған жоқ. Қазақ
ғылымы сонау ғасырлар қойнауынан өріс алады. Өнертапқыштар халқымызда
бұрыннан болған. Әйтпесе, бірнеше таспа қайыстан көмкеріп қамшы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz