Педагогикалық қарым - қатынас түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II.Негізгі бөлім
2.1 Педагогикалық қарым-қатынас түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Педагог пен студент арасындағы қарым-қатынас стильдері мен түрлері
2.3. Мұғалімнің іскерлік қарым-қатынасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы мен іс-әрекеті ... ... ... ... ... .
2.5 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастар ... ... ... ... ... ... ...
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IY.Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе.
Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса, қарым-қатынас- қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-қатынастың түрлі қырларын қарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгіліғалымдар зерттесе, педагогикалық ғылымдар саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің, А.А.Реанның, Н.Е.Щуркованың, А.И.Щербакованың, Ш.А.Амонашвилидің, Я.Л.Коломинскийдің, И.А.Зимняяныңт.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-қатынас феноменін іс-әрекет түрі ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым-қатынас пен іс-әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес ұғымдар.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыруүдерістерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынас - педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік негізі болып табылады.
В.А.Сластениннің пікірінше, педагогикалық қарым-қатынас- педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үдерісі.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын - ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгікезеңдері анықталған:
* қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);
* өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу т.б.);
* тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар дәрісханасындағы қарым-қатынасқа жағымды психологиялық ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
* вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);
* мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатыларбойынша іске асырылады:
1.сабақты не іс-шараны өткізуге дайындалу үдерісінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы (жоспар құру, қарым-қатынастың моделін құру).
2.қарым-қатынасты тікелейұйымдастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, коммуникативтік шабуыл жасау).
3.қарым-қатынастыбасқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жетектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру, қарым-қатынасқа бөгет болып тұрған психологиялық кедергілерді азайту).
4.қарым-қатынастың барысын жәненәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тиімділік деңгейін анықтау).Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес
Вербалды қарым-қатынас - адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас.
Вербалсыз қарым-қатынас - адамар арасындағы ым-ишараға негізделген сөзсіз қарым-қатынас.
Интерактивті қарым-қатынас - адамдардың өзара бірі-бірімен тығыз әрекеттестік байланыста болуы.
Перцептивтік қарым-қатынас - кез келген қарым-қатынас барысында адамдардың ішкі жан дүниесін түсіне алу, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде екенін сезіне білу.

1. Маскілі қарым-қатынастар; бір күннің ішінде бірнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскілерді пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелігін түсініп ескертуге талпынамыз (сыпайылық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыларға деген сезімдерін. Эмоцияларын қарым қатынас барысында көрсетпейді.
2. Формалды рөлдік қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтік рөлі маңызды болып табылады.
3. Іскерлік қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының іске деген тұлғалық ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл-күйі ескеріледі. Сонымен бірге оның іске деген қызығушылығ мәндік маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым- қатынасы - мұнда кез-елген тақырыпқа әңгіме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бірін-бірі жақсы түсінеді.
5. Маникулятивтік қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгілі бір пайда табуға бағытталған. Ол үшін сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелігіне байланысты түрлі әдістер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
7. Комммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берілетін ақпаратты түсінуді қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.

Аталған қарым-қатынас түрлерін педагогика саласындағы мұғалім-оқушы қарым-қатынастық жүйесіндегі ерекшеліктерін қарастырып өтейік.
Вербалды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу үдерісі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербалды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Педагогикалық үдеріске қатысушы субъектілерінің сөйлеу шеберліктері арқылы олардың дүниетаным шеңберін, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінез-құлқын да байқауға болады. Сондықтан көптеген жас мамандардың осал жерлері де осы сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігіне байланысты болып келеді.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының қызметтеріне байланысты іске асырылады. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мән-мағынасын ми жұмысы арқылы талдап қбылдайды. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ, ағылшын, орыст.с.с.) сөйлеусулері керек. Сөздік (вербалды) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды оқушы санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын тақырыпқа аудара түседі.
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу үдерісі (мұғалім және жеке бір оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топадамға жеткізу үдерісі (Мектеп жағдайында мұғалі -ата-аналар, мұғалім-сынып оқушылары жүйесін атауға болады).
Мектепте жағдайында қарым-қатынастың аталған екі түрі де жиі кездеседі. Ол тек оқушы мен мұғалім арасында емес, директор мен педагогикалық ұжым арасында, мұғалім мен мұғалім арасында, мұғалім мен ата-аналар арасында болатын қарым-қатынас. Кейбір мұғалімдер аксиалды қарым-қатынастқа бейім, кейбіреулер - ретиалды қарым-қатынасқа жақын болады. Бірақ шебер педагог болу үшін аталған қарым-қатынастың барлық түрін жақсы меңгеру маңызды.
Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыт-тың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.
Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (сынып іші, аудитория, дала, табиғат, т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке), адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда оның орны мен уақытының алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды келтіруге болады.
Вербалсыз қарым-қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жүргізілетін сөзсіз қарым қатынас.

Мимика - адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.

Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.

Пантамимика - қарым-қатынастағы сөздік коммуникацияның орнына аяқ-қолдарының қозғалыстары, дене қалыпы, еңкею, шалқаю, жүріс-тұрыс, т.с.с арқылы адамның ішкі көңіл-күйін түсіндіре алудағы іс-қимылдар тілі және бүкіл дене моторикасы.
Педагогикалық мамандықта мұғалімнің мимикасы оқушыларға күшті әсер береді. Мұғалім сабаққа күлімдеп кірсе, оқушылардың ынталары, көңіл-күйлері жоғарылай түседі, ал егер ашуланып кірсе, оқушыларда бірден алаңдаушылық, қорқыныш сезімдері, үрей пайда болады.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта Көз-адам жанының айнасы-деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80%-ын адам көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімені жалғастыру қиынырақ. Мысалы, сіздің әріптесіңіз немесе оқушыңыз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса, сіз оның көзін көрмегендіктен ыңғайсыздықты сезінесіз.
Адам көңіл-күйінің нашар болуы, әдетте бет-әлпетін тұнжыраңқылығын көрсетеді. Ал күлімдеу, керісінше, оның көңіл күйін жадыратады. Күлімдеп жүру - жан үшін шипа, ал шын көңілмен 3 минут күлу таңертенгі 15 минуттық бойсергітуді алмастырады.
Вербалсыз қарым қатынаста адамның қолының қимылына да көңіл аударып адамның психологиясы жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, қолын екі бүйіріне таянып тұру - адамның бір істі атқаруға дайындығын, батылдығын, табандылығын көрсетеді. Екі қолын артында айқастырып, басын жоғары ұстау - бастық позасы. Тырнағын тістеу, қайта-қайта киімін түзету - адамның қобалжып, не-месе бір нәрседен ыңғайсызданып отырғанын байқатады. Ашық алақан, жұмылған жұдырық, сұқ саусақты көп көрсету, екі қолды алдында айқастырып ұстау, жағын таянып отыру, басын сипалай беру, иегін сипалай беру, т.б қол қимылдарының әрқайсысы өзіндік ақпараттар белгісі.
Мұғалім еңбегінде такесикадеген ұғым да көп рөл атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, қолынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағып, қолпаштап қою, костюмының жағасын түзетіп қою, қол алысып құттықтау т.б қол қимылдары арқылы жасалатын қатынастық белгілер.

Кинесика - адамдардың қарым-қатынас барысында эмоциялық көңіл-күйлерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады. Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы өте маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі ба-сын төмен салбыратып, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.
Белсенді қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ретінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Белсенді қарым-қатынастың екі түрі болады:
1.кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.
2.конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі бірінен озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай етіп ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі үдеріс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамы-ған. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып, оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуіэмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылар-мен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиім-ді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін оқушылардың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін жақсы меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық үдерісінің екіжақтылық сипаты айқын байқалады. Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Сонымен қатар мұғалімдердің өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқу-шылардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар санатында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін, қарым-қатынас қызметтерін және сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгерудің маңызы зор.
Педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып, оның атқаратын қызметтеріне мынандай негізгі (функцияларына) тоқталып өтейік:

1.Қарым-қатынастың коммуникативті қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәр-биелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.
2.Қарым-қатынастың бел қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару жүзеге асырылады.
3.Қарым-қатынастың перцептивтік қызметі арқылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу мүмкін болады.
Қарастырылып отырған қарым-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Мұғалім әр жастағы оқушылармен жұмыс жасауда педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Негізгі талаптардың бірі - педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтарының бірі болып табылатын оқушылардың жас ерекшлеліктеріне сай қарым-қатынас орната білу. Мектеп оқушылары үш буынға бөлініп білім алатыны белгілі: бастауыш, орта (жеткіншек шақтағы оқушылар) және жоғары. Енді осы буындарға сәйкес педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Оқу әрекеті барысында оқушы мұғалімнің және сыныптастарының қарым-қатынастық ықпалын сезінеді. Сондай-ақ, сыныптастарына деген қатынасы мұғалімнің оларға берген мінездемесімен анықталады. Тұлғааралық қатынастар эмоцияға негізделеді және осы жастық шақ соңына қарай оқушылар өздерінің сынып ішіндегі мәртебелерінің қандай дәрежеде екенін сезіне бастайды.
Жеткіншек шақтағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас педагогика және психология ғылымында ерекше орын алатын мәселелер қатарында. Бұл жастық шақтағы оқушылардың ерекшелік-терін олардың дамуындағы физиологиялық және психологиялық өзге-рістермен, сонымен қатар әлеуметтену мәселелерінің күрделенуімен байланыстыра отырып қарастыру қажет. Жеткіншек шақты адам өмі-ріндегі өтпелікезең деп атайды, себебі балалық шақтан ересек шаққа өту барысында баланың санасында, өсіп жетілуінде, мінез-құлқында, қарым-қатынастық жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болады. Осы өзгерістердің барлығы өмірлік тәжірибелері жоқ жеткіншектерге көп қиындықтар туғызатыны анық. Сондықтан кейбір жағдайларда бұл шақты қиын кезең деп те атайды.
Жеткіншектердің негізгі іс-әрекеттері оқу болып табылғанымен, олардың оқуға деген ынтасы бастауыш сыныптағыдай жоғары бола бермейді. Олар өздерінің жеке тұлғасының ерекшеленуіне, әлеуметтік ортада өзіндік мәртебе мәселесіне көбірек көңіл аударады. Осы шақта жеткіншектердің өзіндік санасы қалыптаса бастайды. Өздерін жетілді-руге байланысты кітаптар оқи бастап, өздері ұқсағысы келетін кейіп-керлерге еліктейді, спорт түрлерімен шұғылданады, күнделіктер жа-зып, онда өз әрекеттеріне талдау жасауға тырысады.
Жеткіншек шақта оқушыларды Мен қандаймын? деген сұрақ көбірек мазалайды, соның салдарынан өздерінің жан дүниесін іштей зерттеп-тануға талпынады. Осы шақта оқушылардың Мен жүйесінің негізі қалыптаса бастайды. Өздерін есейгендей сезінгенімен олар ба-лалықтан толық арылмаған, өз бетінше шешім қабылдауға жауапкер-шіліктері жеткіліксіз, ересектерге еліктегіш келеді. Қарым-қатынас барысында ересек адамдарға сыни тұрғыдан қарап, олардың қателерін, кемшіліктерін тез байқайды.
Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің негізгі міндетте-рінің бірі - жеткіншектердің психо-эмоционалдық саласына баса на-зар аудару. Мұғалім жеткіншектермен қарым-қатынасты ортнату ба-рысында олардың ұжым пікіріне көбірек жүгінетінін ескеруі қажет. Ұжымдық қатынастарға бейімделу үстінде жеткіншектер достарының пікірлерімен санасатынын, сыныптастарының көзқарастарына тәуелді екені байқалады. Оқушылардың кейбір кезде көрсететін түсініксіз мі-нездеріне сабырлықпен, шыдамдылықпен қарап, қарым-қатынастың оң нәтижесін болжай алу мұғалімнің құзырында. Оқушының даму мен қа-лыптасу үстінде екендігін ескеріп, мұғалімдер жеткіншектердің психи-касына қысым жасамай, керісінше олармен сыйластық пен сенімділік негізінде ғана сөйлесу барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады.
Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында жеткіншектерге қа-рағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. Осы шақтағы оқушы-лармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуда мұғалім олардың не-гізгі ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өз беттерінше анықтайтын жандар екенін ескеруі керек. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік пікірлері, дүниетанымы, көзқарастары олар-дың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейінен көрініс береді.
Жоғары сынып оқушыларының физикалық және ақыл-ой даму-ларының үздіксіз үдерісі негізінде олардың көп нәрсеге қызығушы-лықтары артып, болашағын бағдарлауға қатысты мұғалімдермен қа-рым-қатынасқа ашық болып келеді. Бұл олардың жаңа тәжірибе жи-нақтаудағы ұмтылыстары және өздерінің дұрыс бағытты таңдаулары бойынша сенімділігін нығайту үшін маңызды.
Жоғарғы сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынас-та олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоцио-налдық кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті - кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты.Сөйлеу мәдениеті дегеніміз адамның қарым-қатынас жасаудың тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы. Кәсіби қарым-қатынас жасауда аталып отырған тіл мәдениетін толығымен меңгере алу көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақ мамандар өздерінің кәсіби дайындығы кезінде негізгі арнайы білімдерімен қатар сөз сөйлеу мәдениетін де жоғары деңгейде қалыптастырулары қажет, себебі ол жалпы әдептіліктің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Мұғалімнің сөз сөйлеу әдебі дегеніміз кез келген жағдайларда сөздік, тілдік құралдарды дұрыс пайдалану ережелерінің жиынтығы. Әр маман үшін тіл мәдениетін дұрыс меңгеру оның абыройының ар-туының, кез келген ортада өзіне деген сенім мен құрметке бөленуінің негізі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалармен реттелгендіктен бойында дұрыс қалыптастырылған тіл мәдениеті оның тәрбиелілігі, жалпы мәдениеттілігі, тұлғалық сапаларының өлшеміне айналады. Қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетістіктерге қол жеткізеді, жұмысында да беделі мен абыройы жоғарылап, қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленетіні сөзсіз.
Тіл мәдениеті отбасынан басталып, кейіннен мектептің оқу-тәрбиелік үдерістерінде, жоғары оқу орындарында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде дамып қалыптасады.
Педагог мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай отырып, жеткізе білулері олардың коммуникативтік құзыретіліктерінің көрсеткіші болып табылады. Сөз сөйлеу әдебін қалыптастыру үшін әр педагог өздігінен білім алып, қосымша тренингтер, семинарларға қатысып, анықтама-лық, лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеп үйренулері тиіс.
Педагогикалық қарым-қатынас -- белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым - қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым - қатынас адамдар қарым - қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.
Педагогикалық қарым ‒ қатынас кезеңдері
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс -- әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.
Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов мұғалімнің тұлғалық центрациясы деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің "Мен" қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.
Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері
Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу -- тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі туралы түсінік
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық климатына оқытушылардың педагогикалық қарым-қатынас стилінің әсері
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі ба ғыттары
Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Пәндер