Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Кәсіпорында негізгі құралдарды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында шығарылатын тауарларға нарықтық талаптарды және негізгі өндірістік қорлардың салалық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс.

Мәселенің өзектілігі. Бүгiнгi таңда ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі құралдардың техникалық жағдайын үнемі көтеріп отыру, негізгі құралдарды үнемі жаңартып отыру саясатын ұйымдастыру бүгінгі күнде бәсекеге қабілеттілікті көтеруде басты өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады. Дипломдық жұмыс 1-тараудан тұрады, оның алғашқы тарауы кәсіпорында негізгі капиталдардың амортизациялық саясатына теориялық негіздерінен мағлұмат береді. Негізгі капитал түсінігі, оларды пайдалану көрсеткіштері мен бағалау әдістері, сонымен қатар негізгі капиталдар қызметіне әсер етуші факторлар түсіндіріледі.

2-тарау дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі «ТНК УГОЛЬ» ЖШС-гі экономикалық белсенділігі мен кәсіпорындағы негізгі құралдардың пайдалану дәрежесі мен амортизациялық саясат ерекшеліктері талданды.

3-тарауда кәсіпорынның амортизациялық саясатының мәселелері мен оны шешу жолдары зерттеледі. Диплом жазу барысында экономика ғалымдарының, зерттеушілерінің еңбектері, мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамалық құжаттар пайдаланылды


1. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпорынның негізгі құралдары туралы түсінік және олардың жіктелуі

Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық құралдары негізгі және айналым құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер. Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтау; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғалар мен лабораториялық жабдықтар; есептесу техникасы; басқа машиналар мен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал -сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады. Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, кәсіпорынға жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс прцесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал - жабдық, құрал - саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғалар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізі құрал - жабдықтар - тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымның мәдени - тұрмысты (ғимараттар, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз - кәсіпорынға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа кәсіпорынға алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды «Жер», Үйлер мен ғимараттар, Меншік және құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғалар, Көлік құралдары, Басқада негізгі құралдар шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

1. 2 Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

  • жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы актіде көрсетілген сатып алу құны;
  • қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы;
  • сатып алу - сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі;
  • жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;

- құрылыстарды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал - жабдықтар бойынша - сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал - жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т. б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар.

Машиналар мен құрал - жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегенде жөндеу құны.

Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады; үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде құрылыс материалдарды, құрал - жабдықтар, құрылыс машиналар мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығыстың тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылыс салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалған шығыстар, шығыстардың барлығы да бастапқы құжаттардың құны, т. б. - құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады; жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлермен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады.

Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т. б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады.

1. 3 Негізгі қорлардың тозуы. Амортизацияның мәні және амортизациялық саясат

Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішіндегі мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:

-жерге;

-кітапхана қорларында;

-фильм қорларына;

-архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;

-өнімді малдарға;

-мұражайлық құндылықтарға. Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді;

-қайта құру, жаңарту, және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;

негізгі құралдар өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Амортизация негізгі құралдардың өндірістік қызмет атқару процесіндегі олардың тозуының ақшалай нысанын білдіреді.

Амортизация тозған негізгі қорлардың құнының олардың көмегімен өндірілген өнімдердің құнына өткізу процесін білдіреді.

Негізгі өндірістік қорлардың құндарының өндіріліп жатқан өнімге ауысуы осы құнының бір бөлігі негізгі қорлардың тұтынушылық нысанында жүре беруіне әкеледі де, келесі бөлігі жаңадан өндірілген өнім құнының бөлігі ретінде айналыс жасай береді. Ол өз кезегінше өнімді өткізу нәтижесіне қарай тауарлық нысаннан ақшалай түрге ауысады да, айналым процесінде амортизациялық аударым түрінде аккумуляцияланады. Себебі өнімді өткізуден түскен түсімнен белгілі мөлшерде амортизациялық аударымдар жасалынып тұрады.

Амортизациялық аударым - бұл негізгі қаражаттар объектілірінің өндіріс процесінде физикалық және моральдық тозуға ұшырап, өзінің құнын дайын өнімге өткізетін бөлігінің ақшалай түрі. Нәтижесінде негізгі қаражаттар объектілірінің нақты баланстық құны төмендейді.

Амортизациялық аударымдар жинақталып, амортизациялық қорды қалыптастырады. Ол кәсіпорындарда моральдық және физикалық тозу себебінен шығарылған негізгі қор объектілірінің құнын қайтаруға құралады.

Амортизациялық аударым жоспарлауда бастапқы мәлімет болып негізгі қорлар объектілерінің құны жөніндегі мәліметтер алынады.

Кіріске алынатын негізгі қор объектілерінің орташа жылдық құнын есептегенде олардың құнын қызмет еткен мерзім айлары санына көбейтеді. Шығарылған негізгі қор объектілерінің орташа жылдық құнын есептеуде жыл соңына дейінгі қалатын айлар саныалнады.

Негізгі қаражаттар объектілірі бойынша амортизациялық аударымдар оны бухгалтерлік есепке алған айдан кейінгі айдың бірінші жұлдызынан басталады да, олар қатысты есепті кезеңде көрініс табады.

Амортизациялық аударымды есептеу осы объектінің құны толығымен өтелгенге дейін жүргізіледі.

Кәсіпорынның негізгі қаражаттары бойынша амортизациялық аударымдар олардың пайдалы қызмет ету мерзімі бойы есептелінеді.

Пайдалы қызмет ету мерзімі деп негізгі қор объектілерін қолдану кәсіпорынға пайда әкеледі немесе оның қызметінің мақсаттарын орындау күтілетін кезеңді айтады.

2. «ТНК УГОЛЬ» ЖШС-ДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 «ТНК УГОЛЬ» ЖШС-ның қызметінің қысқаша сипаттамасы мен негізгі техника - экономикалық көрсеткіштері

Кәсіпорынның қазіргі жағдайын толық зерттеу үшін фирма қызметінің барлық негізгі экономикалық жақтарын кешенді талдауын жүргізу қажет. Осы бағытта оның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі техника - экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасаған жөн.

Кесте 6-«ТНК УГОЛЬ» ЖШС-ның негізгі техника - экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер
Жылдар
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға
2019
2020
Абс (+, -)

Салыст.

(%)

Көрсеткіштер: 1. Сатудан түскен түсім, мың теңге
Жылдар: 29080
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 30776
1696
5, 5
Көрсеткіштер: 2. Сатылған өнімнің өзіндік құны тг
Жылдар: 25785, 8
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 25862, 8
77
0, 3
Көрсеткіштер: 3. Жалпы табыс, мың. тг
Жылдар: 150173, 8
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 66705, 1
-83468, 7
-55, 6
Көрсеткіштер: 4. Кезең шығындары, мың . тг
Жылдар: 69212
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 33435, 7
-35776, 3
-48, 3
Көрсеткіштер: 5. Таза табыс (шығын), мың. тг
Жылдар: 80178, 8
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 38724
-41454, 8
-51, 7
Көрсеткіштер: 6. НӨҚ орта жылдық құны, мың тг
Жылдар: 111462
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 100172, 7
-11289, 3
-10, 1
Көрсеткіштер: 7. Қор қайтарылым, тг
Жылдар: 6, 08
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 1, 83
-1, 22
-40
Көрсеткіштер: 8. Қор сыйымдылық, тг
Жылдар: 0, 16
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 0, 54
0, 38
2, 7
Көрсеткіштер: 9. Қор рентабельділігі, тг
Жылдар: 0, 71
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 0, 38
-0, 33
-47
Көрсеткіштер: 10. Жұмысшылардың орта тізімдік саны, адам
Жылдар: 441
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 426
-15
-3, 5
Көрсеткіштер: 11. Орта айлық еңбекақы тг
Жылдар: 7429
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 7300
-129
-1, 8
Көрсеткіштер: 12. Еңбек ақының орта жылдық қоры, тг
Жылдар: 39314268
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 37317600
-1996668
-5, 8
Көрсеткіштер: 13. Кредиторлық қарыз мың тг
Жылдар: 16970
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 14967, 8
-2002, 2
-11, 8
Көрсеткіштер: 14. Дебиторлық қарыз, мың тг
Жылдар: 36597
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 1485
-35112
-95, 95
Көрсеткіштер: 14. Рентабельділік, %
Жылдар: 15, 1
Ауытқу 2020 жылдан 2019 жылға: 33, 1
18
+119, 2

«ТНК УГОЛЬ» ЖШС - нің шаруашылық - өндірістік қызметін 2019 және 2020 жылдарға негізгі техника - экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, сатаудан түскен түсім 2019 жылға қарағанда 2020 жылы 1696 мың теңгеге немесе салыстырмалы түрде 5, 5 пайызға өсті. Ал сатылған өнімнің өзіндік құны 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 25785, 8 мың теңгеден 25862, 8 мың теңгеге немесе 0, 3 пайызға қысқарды, бұның негізгі себебі негізгі өндіріс көлемінің өсуі болып табылады.

Негізгі техника - экономикалық көрсеткіштердің келесі көрсеткіші жалпы табыс 2019 жылға қарағанда 2020 жылы 83468, 7 мың теңгеге немесе 55, 6 %-ға қысқарды, ал таза табыс 41454, 8 мың теңгеге немесе 51, 7 пайызға қысқарды. Негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны 10, 1 %-ға, қор қайтарылымы 40 % - ға, кор рентабельділігі 47%-ға қысқарды. Бұл көрсеткіштердің төмендеуінің себебі өнімнің өзіндік құнының төмендеуімен байланысты таза табыстың да төмендеуі болып табылады. Ал қор сыйымдылық көрсеткіші 2, 7 есе өсті. Рентабельділік 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 119, 2 %-ға өсті.

Жалпы алғанда кәсіпорын қызметінің негізгі техника - экономикалық көрсеткіштерінің барлық көрсеткіштері төмендеу беталысын алып отыр

«ТНК УГОЛЬ» ЖШС-нің қолдануында экономикалық қызмет орналасқан жалға алынған кеңсе, яғни директордың қабылдау бөлмесі, бухгалтерия, жабдықтау қызметі. Кеңсенің ғимараты 18 шаршы км-ды құрайды, мұнда үш жұмыс үстелі, диван, сейф, және құжаттарды сақтау үшін шкаф орналасқан. Жұмыс орнын ұйымдастыру қадетті нормаларға сәйкес келмейді. Мысалы касса жабдықталмаған, дректор мен бухгалтерде жеке кабинет жоқ, құжаттар шкафтарда сақталған.

«ТНК УГОЛЬ» ЖШС-нің басқару аппараты бес адамнан құралады. Басқару аппараты толығыман қамсыздандырылмаған, экономист-талдаушының қосымша штаты қажет. Басқару құрылымын келесідей көрсетуге болады.

Директор және директор орынбасары арқылы жұмысшылар персоналын басқару процесі жүзеге асырылады.

Директордың және басқарушылардың аппараты өндірістік қызметті жалпы басқарады, шикізаттар мен материяларды жабдықтау мәселелерін шешеді кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық өызметін реттейді. Сонымен қатар әкімшілік аппаратының басты міндеті өндірістік көрсеткіштердің орындалуына лауазымды бөлімдері арқылы бақылау жасау.

Директор өкілеттілігі «ТНК УГОЛЬ» ЖШС-нің Жарғысымен шектеледі:

  • Серіктестің қызметіне жалпы басшылық жасау
  • Сенімхатсыз серіктестік атынан қызмет жасау
  • Серіктестікті ұсынуға сенімхат береді
  • Серіктестік жұмысшыларына қатысты оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, жұмыстан шығару жөнінде бұйырық шығарады, еңбекақы жүйесін анықтайды, лауазымды окладдтар мөлшерін тағайындайды, сыйақы жөнінде шешімдер қабылдайды, марапаттай шараларын жүзеге асырады, тәртіптік алымдарды алады.

Басқарушылық аппаратының барлық мамандарының арнайы жоғарғы экономикалық және техникалық білімдері бар, сонымен қатар сол білімдеріне сәйкес лауазымды қызмет атқарады.

Әр бөлімнің өзіндік лауазымдық инструкциялары негізінде жұмыс істейді. Өздерінің қызметінде талаптарға сай құжаттар негізінде, яғни өнім бақдарламасы, қаржылық жоспар, бухгалтерлік баланс, қаржылық нәтиже жөнінде есеп берушілік және т. б. қолданылады. Құжаттардың толтырылуы, құжат айналымының дұрыстылығы жоғары дәрежеде ұйымдастрылға

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп бөлу қажет етіп отыр. Талдаудың бұл турлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

2. 2 «ТНК УГОЛЬ» ЖШС-нің негізгі өндірістік қорларды пайдлануды талдау және бағалау

Әрқилы меншік фомасындағағы және түрлі салада қызмет ететін кәсіпорынның айналымнан тыс активтерді негізгі капиталды құрайды, оның құрамына: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және ұзақмерзімді міндеттемелер кіреді.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану жаңдайын және пайдалану тиімділігін талдаудың негізгі міндеттері:

- кәсіпорынның жыне оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау -қажеттілік қорының мөлшері, құрамы және техникалық деңгейі

- олардың өсу жоспарының, жағаруы мен шығуының жоспарының орындалуын анықтау

- негізгі құралдардың техникалық жағдайын зерттеу

- негізгі құралдарды пайдалану дәрежесін және оған әсер етеін факторларды анықтау

- уақытта және қуаттылығы бойынша құрал-жабдықтарды пайдаланутиімділігіне ықпал жасау

- қор қайтарымның өсу резервтерін анықтау, негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту есебінен өнім көлемін ұлғайту.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері. Оларды есептеу тәртібі. Қор рентабельділігі және қор қайтарымы көрсеткіштерінің өзгеру факторлары. Оралдың қор қайтарылым, қор рентабельділігі және қнім шығарылытиімділігін жоғарлату резервін олардың құрылымын оптимизациялау негізінде анықтау үшін қажет.

Негізгі қндірістік құралдардың қозғалысын және техникалық жаңдайын зерттеуді талдауда маңызды орынды келесі көрсеткіштердің есебі қолданылады:

  • жаңару коэффициенті

К жағ = жаңа түскен НӨҚ құны / жыл ағяына НӨҚ құны

  • шығу коэффициенті

К шығ = шыққан НӨҚ құны / жыл басына НӨҚ құны

  • тозу коэффициенті

К тозу = НӨҚ тозу сомасы / тиісті мерзімге НӨҚ алғашқы құны

  • өсім коэффиценті

К өсім = НӨҚ өсім құны / жыл басына НӨҚ құны

  • жарамдылық коэффициенті

К шығ = НӨҚ қалдық құны / НӨҚ алғашқы құны

Талдаудың келесі кезеңі - кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамсыздандырылуын зерттеу. Машиналардың жеке түрлерімен, қамсыздандырылу олардың нақты қолда барын қнім шығару үшін жоспарды орындау үшін қажетті жоспарлы қажеттілігімен салыстыру жүргізіледі. Кәсіпорынныі негізгі қндірістік қорлармен қамсыздандыру деңгейін сипаттайтын жалпылауыш көрсеткіштер еңбектің қормен жабыдықталуы және техникалық жабдықталуы болып табылады. Еңбектің жалпы қормен жарақталу көрсеткіші негізгі өнеркісіпті-өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының ең үлкен сменадағы жұмысшылардың орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады.

НӨҚ-дың құрылымы мен динамикасын талдау барысында кәсіпорынның негізгі құралдарға капитал салымының өлшемін бағалау қажет, ол арқылы өндірістік қызметтің функционалды ерекшеліктерін анықтауға болады.

Қарайтын болсақ НӨҚ-дың жалпы мөлшерінен үлес салмағы ең жоғары негізгі құралдар құрылыстар мен ғимараттар болып табылады. Басқа негізгі құралдарға есептеуш техника, өндірістік инвентарь және баслары жатады.

Бұл кәсіпорында негізгі өндірістік құралдар талданып отырған үш жылда жаңартылмаған, өсім динамикасы төмен болып табылады. Жыл ағымында негізгі құрал - жабдықтар істен шығып отырған. Сондықтан ұсыныс ретінде негізгі өндірістік құралдады несиелік ресурстар негізінде болсын жаңарту қажет.

Кесте 7- «ТНК УГОЛЬ» ЖШС-нің НӨҚ-ның бар болуын, құрылымын және динамикасын талдау

НӨҚ құрамы, мың теңге
2018
2019
2020

Ауытқу

(+, -)

Сома

сы, мың тг.

Үлес салма

ғы, %

Сома

сы, мың тг.

Үлес салма

ғы, %

Сома

сы, мың тг.

Үлес салма

ғы, %

2018

2019

2019

2020

НӨҚ құрамы, мың теңге: Құрылыстар мен ғимараттар
2018: 197
2019: 6, 2
2020: 197
Ауытқу(+, -): 6, 2
197
6, 2
-
-
НӨҚ құрамы, мың теңге: Машиналар мен құрал-жабдықтар
2018: 1433
2019: 45, 5
2020: 1433
Ауытқу(+, -): 45, 5
1433
45, 5
-
-
НӨҚ құрамы, мың теңге: Көлік құралдары
2018: 616
2019: 19, 5
2020: 616
Ауытқу(+, -): 19, 5
616
19, 5
-
-
НӨҚ құрамы, мың теңге: Басқа да негзігі құралдар
2018: 904
2019: 28, 6
2020: 904
Ауытқу(+, -): 28, 6
904
28, 6
-
-
НӨҚ құрамы, мың теңге: Барлығы
2018: 3150
2019: 100
2020: 3150
Ауытқу(+, -): 100
3150
100
-
-

«ТНК УГОЛЬ» ЖШС-нің 2020 жылға негізгі өндірістік құралдарының жиынтық құрамында үлес салмағы ең жоғарғы машиналар мен құрал - жабдықтар, яғни 45, 5 пайызды құрайды. «ТНК УГОЛЬ» ЖШС-нің негізгі өндірістік құралдарының қөзғалу көрсеткіштерін талдайтын болсақ, онда бұл кәсіпорын бойынша үш жылда НӨҚ ешқандай өзгеріс болмағандықтан, жаңарту коэффициентін, өсім коэффициентін есептеу мүмкін емес.

Негізгі қорлады пайдалану тиімділін және интенсивтілігін сипаттау үшін келесідей жалпылауш көрсеткіштер есептеледі:

Кор рентабельділігі - пайданың негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы

Қор қайтарылымы - өндіріген өнім құнының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы

Қор сыйымдылығы - есепті негізгі құралдардың орташа жылдық құнының өндіріген өнім құнына қатынасы.

Негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталының жалпы сомасының үлес салмағынан тұрады. Негізгі қордың саны, техникалық деңгейі тиімді пайдалануы кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне байланысты болады. Олар; өнімді шығару, оның өзіндік құны, пайда, рентабелділік дәрежесі және қаржылық жағдайлардың тұрақтылығы.

Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдаудың негізгі міндеттері- оның қорлардың көлемін, құрамы мен динамикасын талдау, техникалық жағдайын бағалау, кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін және олардың құрылымдық бөлімдер арасында бөлінуінің ұтымдылығын анықтау, пайдалану көрсеткіштерін зерттеу, пайдаланылу көрсеткіштеріне факторлардың жасайтын ықпалын анықтау, негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту резервтерін анықтау, пайдаланылу тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеу.

Кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі және оларды пайдаланудың тиімділігі өнім өндірудің көлемін анықтайтын аса маңызды факторлар болып табылады. Осыған байланысты талдау процесінде кәсіпорынның негізгі қорлармен қалай қамтамасыз етілгенін және оларды қаншалық тиімді пайдаланатынын жан-жақты зерттеу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі қорлар жайлы мәлімет
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайы
Ішкі шаруашылықты ұйымдастыру
Өндірістік жабдық құны
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Өндірісті ұйымдастыру түрлері
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік
Өндірістік айналым қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz