Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. І Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай

1.1.Соғысқа қатысушылардың көздеген мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Соғыстың сәтсіздіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3.Дипломатиялық күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ тарау. Соғысушы державалардың саяси
қарым.қатынастары мен соғыс барысы.

2.1.Соғысушы державалардың ішкі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2.Ресейдегі революция және соғысқа АҚШ.тың кіруі ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3.Ішкі қарама.қайшылықтың шиеленісуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.4.Төрттік одақтың жеңілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Дүние жүзін қайта бөліске салу жолында «Үштік одақ » пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан туындаған соғыс.ХІХ ғ. аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшін бәсеке күшейе түсті. 1879 ж. Германия австрия-Венгриямен соғыс одағын жасасты,бұған 1882 жылы Италия қосылып, «Үштік одақ» құрылды. Алайда, 1914жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейін өзінің бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. «Үштік одаққа» Осман империясы мен Балгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция мен Ресейдің коалициясы – Антанта құрылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румынья, Португалия, АҚШ, Грекия Қытай мен Латын Америкасының бірқатар елдері Антанта елдерімен одақтасты. 1914 ж. 15маусымда Сараевода серб ұлтшылдары Австрия-Венгрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинандты өлтірді.Бұл оқиға халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. Германия өз одақтасын қолдайтынын мәлімдегеннен кейін Австрия-Венгрия Сербияға 24 сағаттың ішінде орындалуы талап етілген ультиматум тапсырып, қанағатанарлық жауап ала алмаған соң, дипломатиялық қатынасын үзді. Франция өз тарапынан одақтастары алдындағы міндеттерін орындауға дайын екендігін мәлімдеді. Англияның келісімге келтірмек болған әрекеттері еш нәтиже бермей, Австрия-Венгрия Сербияға 15 шілдеде соғыс жариялады. Германияның бейтарап саясат ұстану жөніндегі Франция мен Ресейге қойған ультиматумы халықаралық жағдайды ұшықтырып жіберді. Германия 19 шілдеде Ресейге, 21 шілдеде Францияға соғыс жариялады. Германияға қарсы Ұлыбританияның доминиондары-Австралия,Канада, Жаңа зеландия және Оңтүстік Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа барлық құрлықтың 38 мемлекеттері тартылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс ең алдымен аталған державалардың экономикалық мүделерімен, аграрлы елдердің шикізат көздері мен оларды өткізу рыноктары үшін таласы мен және отарлық үстемдікке ұмтылумен сипатталады. Ұлыбритания мен Франция Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында-ақ нағыз отарлы империяға айналса, Германия дүние жүзін бөліске салу күресіне кешеуілдеп араласты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Новая история стран Европы и Америки: Второй период. /Под ред.
М.И. Кривогуза и Е.Е. Юревской. М., 1998.
2. Новая история стран Европы и Америки. Второй период. /Под ред.
А.В. Адо.М., 1986
3. Новая история 1870-1918 /Под ред. И.С.Галкина. М., 1973.
4. Новая история 1871-1917 гг. /Под ред. И.С.Овчаренко. М., 1983.
5. Новая и новейшая история стран Европы и Америки. В 3 ч. М., 2000
6. Историография новой и новейшей истории стран Европы и Америки
/Под ред. А.В.Адо, И.С. Галкина, И.П. Дементьева, А.Д.Колпакова.
М., 1977.
7. Европа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы.1870-1918жыл.
Сманова.А.М. Алматы 2006ж. 194бет.
8. Жаңа тарих. Хасен Мырзағали. Алматы. 2002ж.
9. Жаңа заман тарихы. Қ.Ізтілеуов. Алматы. 1995ж. 120бет.
10. Тарле Е.В. Европа в эпоху империализма 1871-1919. 2-ое изд.,
М.1998.
11.Ковалев П.А. Тыловые робочие Туркестана в годы первой мировой
войны,Таш. 1957.
12.Иолетика Н.П. Вазникновение первой мировой войны. М., 1964.
13. Қойгелдиев.М. Алаш қозғалысы. А., 1995ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. І Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай

1.1.Соғысқа қатысушылардың көздеген
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
1.2.Соғыстың
сәтсіздіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..9
1.3.Дипломатиялық
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..12

ІІ тарау. Соғысушы державалардың саяси
қарым-қатынастары мен соғыс барысы.

2.1.Соғысушы державалардың ішкі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2.Ресейдегі революция және соғысқа АҚШ-тың
кіруі ... ... ... ... ... ... ... .. .20
2.3.Ішкі қарама-қайшылықтың
шиеленісуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 22
2.4.Төрттік одақтың
жеңілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе

Дүние жүзін қайта бөліске салу жолында Үштік одақ пен Англия,
Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан
туындаған соғыс.ХІХ ғ. аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал
аймағын кеңейту үшін бәсеке күшейе түсті. 1879 ж. Германия австрия-
Венгриямен соғыс одағын жасасты,бұған 1882 жылы Италия қосылып, Үштік
одақ құрылды. Алайда, 1914жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейін
өзінің бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. Үштік одаққа Осман
империясы мен Балгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция мен
Ресейдің коалициясы – Антанта құрылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде
Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румынья, Португалия, АҚШ, Грекия Қытай
мен Латын Америкасының бірқатар елдері Антанта елдерімен одақтасты. 1914 ж.
15маусымда Сараевода серб ұлтшылдары Австрия-Венгрия тағының мұрагері
эрцгерцог Франц Фердинандты өлтірді.Бұл оқиға халықаралық жағдайды
шиеленістіріп жіберді. Германия өз одақтасын қолдайтынын мәлімдегеннен
кейін Австрия-Венгрия Сербияға 24 сағаттың ішінде орындалуы талап
етілген ультиматум тапсырып, қанағатанарлық жауап ала алмаған соң,
дипломатиялық қатынасын үзді. Франция өз тарапынан одақтастары алдындағы
міндеттерін орындауға дайын екендігін мәлімдеді. Англияның келісімге
келтірмек болған әрекеттері еш нәтиже бермей, Австрия-Венгрия Сербияға
15 шілдеде соғыс жариялады. Германияның бейтарап саясат ұстану жөніндегі
Франция мен Ресейге қойған ультиматумы халықаралық жағдайды ұшықтырып
жіберді. Германия 19 шілдеде Ресейге, 21 шілдеде Францияға соғыс жариялады.
Германияға қарсы Ұлыбританияның доминиондары-Австралия,Канада, Жаңа
зеландия және Оңтүстік Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа барлық
құрлықтың 38 мемлекеттері тартылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс ең
алдымен аталған державалардың экономикалық мүделерімен, аграрлы елдердің
шикізат көздері мен оларды өткізу рыноктары үшін таласы мен және отарлық
үстемдікке ұмтылумен сипатталады. Ұлыбритания мен Франция Бірінші дүние
жүзілік соғыс қарсаңында-ақ нағыз отарлы империяға айналса, Германия дүние
жүзін бөліске салу күресіне кешеуілдеп араласты.

І тарау.Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.

1.1.Соғысқа қатысушылардың көздеген мақсаттары

Еуропалық ұлы державалар мүдделерінің кақтығысы бірінші дүниежүзілік
соғысқа себеп болды. Топтардың билеушілері бұл мүдделілікті тұжырымдай
келіп, қаржылық олигархияға ұмтылған халықтың қажеттілігін
қанағаттандырумен байланыстырды. Парижде 1871 жылы болған арнайы келісім
барысында жоғалған территория қайтарылмай және керек десе Рейн шекрасына
орналастыру француз халқының қажеттілігін қанағаттандыра алмайды деп
сендірді, оның амбициясы құрылықта жетекші роль ойнап тұрған кезде бұл одан
әрі күшейді. Лондонда Германияны негізгі бәсекелестіктен алып тастамайынша
Ұлыбритания халқының өмірлік қажеттіліктері қанағаттандырылуы мүмкін
еместігі дәлелденді. Петербург және Мәскеуде ол қабылданды, германдық
бәсекелестік секілді қиылыспайынша, славяндарды Австрия-Венгриядан қорғау
және Балканға үстемдігін кеңейтуді, Қаратеңіз бұғазын қосқанда Ресей
өркендей алмады. Берлинде неміс халқының қажеттіліктерін қанағаттандыруды
Ұлыбритания мен Францияны алумен байланыстырылды. Вена мен Будапеште арнайы
насихат халықты Австрия-Венгрия Балкандағы панславяндық ошақгарды және оның
басты тірегі Ресейді жаулап алмайынша еркін өмір сүре алмайды деп сендірді.
Бұл мақсаттар әрбір билеуші таптарда неғүрлым шешімді болса, соғұрлым
олар халықты көп топтастырады және ішкі орталықтан тепкіш күшті жоюды,
социалистік және ұлттық оппозицияны тұншықтыруды ойлады.[1]
Қарсыластардың негізгі ошағы Еуропада болды, дегенмен әрбір ұлы
державалардың басқарушы топтары өз қарсыластары есебінен теңіздегі
биліктерін үлғайтып отырды және Таяу Шығыс, Қытай, Африка елдеріне ықпал
ету мүдделерін кеңейту болды. Соғыс уақытында олар дүниежүзін қайта беліске
салу жоспарын жасады.
Ұлы державалардың басқарушы топтары соғыстың әртүрлі мақсаттарын
жүргізе отырып, өз еліндегі халыктың назарына шағымданды, бірақ оларды
империялық мақсатта олигархия және династия бағындырды. Осы мақсаттарды
орындау үшін олар, шиеленістің бейбіт құралдарын аяқтамай, картаға
миллиондаған халықгың өмірін және жақсы өмірін қоя отырып соғысты алаяқгық
жолмен шешті, тек өзінің өмірін сақгап калуға тырысқан әділетті соғыс
Бельгия және Сербия жағынан болды.
Еуропалық әрбір елдердің тұрғындарының көпшілігі мемлекетті жалпы
халықтың мүддесін қорғаушы деп білді, өзінің шын қажеттілігін олигархия
ұмтылысынан айырмаған, өздерін қанағаттандыру жолында билеуші тап
ұсынғаннан басқа өзіндік жолдары болмады. Халықтың бір бөлігі ұлтшылдық
және керек десе шовинизммен зақымданды. Әрине, көпшілігі державалар
мақсатына соғыссыз қол жетпейді дегенге күдікпен қарады және соғысты
қаламады. Бірақ билеуші топтар оларды өз жақгарына бейімдеді, соғыстың
түйінін шешу жауапкершілігін қарсыластарына аудара салып және оған қарсы
бұлыңғыр белгілерді алға қойды: Германия-милитаризм, Франция-реваншизмді,
Ұлыбритания-гегомонизм және зұлымдық, Ресей патшалық кертартпалық, Австрия-
Венгрия славяндарды қанау.[2]
Бұған пацефистер де, социалистер де кедергі бола алмады. Олардың
соғысқа қарсы ұраны ұлттық көтерілістерді және шовинистік елдердің
толқынында көрінбей қалып отырды. Оның көпшілік жетекшілері халық аралық
қарулы күштер арасындағы келіспеушіліктің дәлелді біреуін, шын мақсаттар
мен басқарушы топтардың амбициясын ажырата алмады. Интернационалды
пролетариат ынтымақгастығына қарағанда, ұлттық-мемлекеттік қоғамындағы
халықтың санасы көп күшті екендігі көрініп, бұл жетекшілердің көпшілігі
жұмысшы партияларының және кәсіподақтардың беделін пайдалана отырып өз
елдерінің үкіметін қолдай бастады.
Германдық рейхстагтың социал-демократиялық фракциясы әскери несиелерге
дауыс берді және сонымен бірге кесіподақ басшыларымен тұрғындарды біріктіру
үшін "Азаматтық әлем" жариялады. Австриялық социал-демократтар басшылары
барлығын "патшалықпен күреске" шақырды. Француздық социалистер соғыстағы
жалынды қарсыластары Ж.Жорес өлімінен кейін парламентте олар да соғыс
несиесіне дауыс берді, Ұлыбританияда тредюниондар "өнеркәсіп өлемін"
жариялады, ал социалистердің кейбір жетекшілері халықты "герман
империализміне қарсы соғысқа" шақырды.[3]
Ірі жұмысшы ұйымдарының интернационалды ынтымақгастықты саяси-идеялық
кайта бағытталуына және II Интернационалдың құрылуына әкелді. Ешкім оны
көздемеген жаңа конгерссін шақыра алмады, халықаралық социалистік ұйымда,
Пацифистік қозғалыс та құлады.
- Тек елдегі кер тартпа интернационалистердің азғана бөлігі, атап
айтқанда большевиктер оның негізгі қатысушылары жағынан импералистік соғыс
жариялады, социал-шовинистік ретінде өз елінің үкіметіне қолдау көрсеткен
социалистер сотталды және Интернационалдың соғысқа дейінгі резолюциясы
рухында еңбекшілерді, капитализмді жою үшін азаматтық соғысқа шақырды.
Бірақ көпшілік үндеуін екі жылдан астам уақыт кұтуге тура келді.
Осы уақытта соғыс қыза түсті және оның ауқымы да кеңейді. Тамыздың
аяғында Германияға Жапония соғыс жариялады. Оның мақсаттары айқын болды: ол
Қиыр Шығыстағы және Тынық мұхитындағы неміс отарларын қамтыды. Күзде Осман
империясының басшылары Қара теңізге Ресей жағалауларын атқылаған Германия
кемелерін жіберді. Осмаи империясы немістер қысымымен Антантаға қарсы
соғысқа тартылды. Ресей Закавказьеде майдан кұруға мәжбүр болды, ал оның
бұғаздары арқьлы өтетін одақтастарымен байланысы үзілді. Антанта жағынан
Осман империясына қарсы ағылшындар бақылауындағы Египет шықгы.
Антанта және оның одақтастарының бүтіндей адам және материалдық
байлықтары, Германия және Австрия-Венгрия байлықтарынан әлдеқайда көп
болатын. Қайта қаруланғаннан кейін Антантада 11 миллионға жуық әскери
адамдар болды, оның ішінде Ресейде 5,5 миллион, ал Германия және Австрия-
Венгрия екеуі бірге тек 6,1 миллион әскерлер болды. Бірақ австрия-германдық
блок Антанта құлайды деп есептеді, өз күштерінің тұтастығын және әскери
дайындығын пайдаланып, қарсыластарын жекелеп құртуға ұмтьлған және
өздерінің бар мүмкіндігін пайдаланып оларды үлкен шығынға ұшыратуға
мүмкіндігі болды.[4]

1.2.Соғыстың сәтсіздіктері

Германдық қолбасшылар негізінен генерал Шлиффен құрған жоспарды
ұстанды. Германияның негізгі күші шоғырланған Батыс фортта, Франция,
Бельгия әскерінен артық салмақта шамамен 10 корпус артық және осында
асыққан Англия экспедициялық корпусынан артық орналасты. Бұнда 34-ін
иемденген Бельгия шекарасының осал қорғанған тұстарымен қозғалған герман
әскері оң флангіге бағытталды, ол қарсыластың негізгі күшін қоршап алып,
оларды Швейцария шекарасына тықсырып және "күзгі жапырақ түскенге" дейін
жоюды көздеді. Франция талқандалғаннан кейін кезек Ресейге келер еді.
Үш аптада Бельгияны басып өтіп, басқыншылар генерал-губернаторлыққа
айналып, герман корпусы шекарадағы Франция әскерінің қарсылығын жойып,
Францияға басып кірді. Шлиффен жоспарына қарамастан Франция дивизиясын
солтүстіктен-батысқа жүріп өтуге оларға күш жетіспеді, дегенмен 4 неміс
армиясы Марнудан Мо мен Шолон өзендеріне дейін басып өтті, қыркүйекте
Верденге жетті, сөйтіп Парижге қауіп төндірді. Францияға өлімшідей қауіп
төніп тұрды. Оның үкіметі Ресей үкіметінен Франция тоқтаусыз көмек сұраған
уақытта Ресей әскерін күшейту,жабдықгау, топтастыру әлі бекітілмеген еді,
сонда да орыс әскерлері көмекке жіберілді.[5]

Ресейдің екі армиясы Пруссия помещиктері арасында үрей тудыра
отырып, Шығыс Пруссияны қорғау үшін Францияны басып алуға
белгіленген екі атқыштар корпусы және атты әскер дивизиясын жіберуге
мәжбүрледі.
Қимылдардың келісілмей жүргізілуі салдарынан Ресей әскері Мазур
көлінде жеңілді, ал немістер Шығыс Пруссиядан ығыстырылды.
Бірақ Ресейдің бірнеше армиясы оңтүстік бағыттағы қимылдары жалғаса
берді. Австрия-Венгерлік әскердің қорғанысын бұзып өтіп, оларды шегіндіріп
және Перемышль қамалын қоршап, бұл армия Полшаның және Галицияның Австрияға
кіретін бөліктерін басып алды. Неміс әскерінің австрия-венгерлік
одақгастарына көмек беруге ұмтылған қимылдары Варшавада күйреуге ұшырады:
оларды орыс әскерлері 100 км-ден астам жерге шегіндірді. Орыс әскерлерінің
қимылдары Германия үшін маңызды өндіріс аудандарына Селезия және Познаньға
кауіп төндірді. Сонымен бірге Ресей әскері Шығыс Пруссияға қайта шабуыл
жасады. Олардың шабуылын тек қару-жарақ пен азық-түліктің жетіспеуі ғана
кідіртті. Оларды тоқгату үшін Германия Франциядағы әскерінен тағы да 6
корпус және басқа да күштерін әкелуге тура келді. Мүмкін Францияны
құтқарған, үлкен шығынға ұшырап соғысқан Ресейдің дайындықсыз шабуылдары
шығар.
Франция қолбасшылары мәртебелі неміс күштерінің оң қанатына шоғырлануға
мүмкіндік туды. 5-ші қыркүйекте, яғни Ресей армиясы Львовқа шабуыл ашқан
күні, Франция әскері Парижден шабуылды бастап; соғыс қимыддары Марнға
бұрылды. Ауыр шығын немістерді шегінуге әкелді: олардың Франция астанасына
кауіп төндірген күші жойылды. Француздар мен неміс әскерлерінің бір-бірін
басып алмақ болған сәтсіз әрекеттерінен кейін, күзде Францияда майдан
сызығы тұрақганды. Солтүстік теңізден Швейцария шекарасына дейін траншеялар
қазылып, блиндаждар жене қорғаныс шептері тұрғызыдды.
Австрия-германдық блоктың 1914 жылғы шығыстағы жетістіктерге қол созуы
сәтсіздікке үшырады. Германдық және австрия-венгерлік әскерлер бастаған
Оңтүстік Польша шабуылы да сәтсіздікпен аяқгалды. Немістер Висла шабуылында
да жеңіске жетпеді. Лодзидағы қан төгіс шайқаста олар Ресей әскерін қоршай
алмады. Олардың соққы беретін бөлігі өздері қоршауға түсіп қалды, бірақ
Ресей қолбасшылары бұны пайдалануға бара алмады.[6]
Немістер Бельгаяны және Францияның 10 департаментін ұстап тұрса,
кенеттен соққы беру жоспары жойылды және Германия батыстағыдай шығыста
да салмақты соғысуы керек болды. Оның Бас штабының бастығы Мольт
Фалькенгайнмен алмастырылды, ал Шығыс майданның қолбасшысы болып Гинденбург
тағайындалды.[7]

1.3.Дипломатиялық күрес

1915 жылы Германия және Австрия-Венгрия басшылары "осы жаздың ішінде
Ресейге тағы да соғыс ашуды" және бейбіт келісімге келуге күшпен көндіреміз
деп үйғарды. Ресейге қарсы осы державалардың қарулы күштерінің жартысынан
астамы жұмылдырылды, ал оңтүстіктен Осман империясының әскері кірді. Ақпан-
наурыз айларындағы неміс әскерлерінің қатаң соғысынан кейін Ресей әскерін
Шығыс Пруссиядан ығыстыруға мүмкіндік туды. Мамыр айында австрия-германдық
әскер Горлиц ауданындағы майданды бұзды. Немістер солтүстік Варшаваны алуға
шабуылдап, тамызда осы қаланы алды. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді керек еткен
Ресей әскері жеңілістерге ұшырады.
Осы уақытта герман әскерінің Батыс майданда, яғни Шампани, Артур және
Флондин жағынан ағылшын-француз дивизияның шабуылы басталды. Олардың
белсенді қозғалысы солтүстік Ипр өзенін атқылаумен шектелді, осы жерде
сәуір-мамыр айларында бірнші рет химиялық қару-газ қолданылды, ол иприта
деген атқа ие болды. Бүл Гаага конвенциясын қылмыстық бұзу болды. Ал
немістердің жетістіктері тактикалық түрде ғана жүрді.
Күзде Австрия-Венгрия және Германия қарулы күштері Польшаны толыстай,
сонымен қатар Балтық жағалауы еддерінің бір бөлігін басып алды, бірақ ары
қарай жылжый алмады. Ал, Ресеймен бейбіт келісімге келуге мүмкіндігі
болмады.
1915 жылы Германия басшылары шығысқа шабуылымен қатар Ұлыбританияны
тізе бүктіруге тырысты. Ол майданның негізгі күштерімен тәуекел еткісі
келмеді, ал соғыс крейсерлері үлкен жетістіктерге жете алмады. Сондықтан
ақпанда жаңа сүңгуір қайықгарымен жабдықгалған шексіз су асты соғысы
басталды. Олар Ұлыбританияға баратын кемелердің бәрін, керек десе бейтарап
елдердікін де жойып отырды. 1916 жылдың қаңтарына дейін 700 -дей корабльдер
жолаушыларымен қосылып жойылды.
1915 жылы мамырда мұхит параходы "Лузитания" ішіндегі АҚТТТ
және басқа да әртүрлі елдердің азаматтарымен қосылып жойылғаннан кейін,
мемлекеттер Германиядан су астының шексіз соғысын шұғыл тұрде тоқтатуын
талап етті. Германия қолбасшылары жолаушы корабльдерін олардың ескертуінсіз
батыруды тоқтатуға бүйрық беруге мәжбүр болды.
Ұлыбритания өз сотын құруды кеңейтті және тездетті. Онда сүңгуір
қайықгарына қарсы соғыста тиімді құрал және одан төнген қауіптен құтылу
жолдары өнделді. Ұлыбританияға Германия қолбасшыларын тізе бүктіруге
мүмкіндік болмады.
1915 жылы Италия төңірегіндегі дипломатиялық күрес шиеленісті, билеуші
орта 1914 жылы австрия-германдық халықгың пацифистік көңіл-күйін ескере
отырып және мықты Антанта майданын жарты арал, тіпті аз екенін ескеріп
соғыста жол беруден бас тартты. Сонымен қатар, Австрия-Венгрия Италияның
талап тілектерін қанағаттандыруды каламады және оның Балкандағы ықпалын
кеңейтуге келіспеді. Германия үкіметі Ватикан қолдауына сүйеніп Италияны өз
жағына бағындыруға тырысты және осыған бола Австрия-Венгрия басшылары
Италияға айтарлықгай жеңілдік жасауға үгіттеді. Бірақ Антанта үкіметі
Италияға несие беруге және жағдай жасауға уәде берді. Сондықтан Италияның
басқарушы тобындағы тербеліс Антанта пайдасына шешілді: 1915 жылы мамырда
Италия Австрия-Венгрияға, ал келесі жылдың тамызында Германияға соғыс
жариялады.[8]
Италия әскері Изонцо өзенін басып алуға ұмтылды, бірақ сәтсіз, дегенмен
Жерорта теңізі австрия-германдық блок үшін жабық болды.
Болгария үкіметі Сербия, Греция, Румыния және керек десе Түркия
территорияларының жерлерін беруге уәде етіп, олар қыркүйекте Германия және
Осман империясымен келісе отырып Болгарияға кіруге қол жеткізді. Сонымен
бірге Германия, Австрия-Венгрия, Осман империясы және Болгария Төрттік
одағы құрылды. Австрия-германдық әскер болгарлық әскердің қолдауымен
Сербияның қорғаныс әескерін шегінуге мәжбүр етіп оның территориясын басып
алды. Берлин мен Вена Балқан арқылы Стамбулға тікелей байланыс орнатты.[9]
Бірақ Антантаның Грециядағы қысымы онда Балканда Салондық майданында
Төрттік одаққа қарсы құрылған ағылшын-француз және серб әскерлерін
орналастыруға келісім берді.
1916 жылы Германия қолбасшылары жеңіске жету жолын іздеу барысында
Францияның күшін әлсіретуге қол жеткізуді іске астырды. Олар 12 дивизияны
және көп санды артиллерияны Вердендағы 10 км майдан аумағын атқылау үшін
топтастырды. Бүл Парижге бағытталған еді, немістер осы жерде талқандалмаса
онда француздар соңғы демі қалғанша соғысады деп пайымдалды.1916 жылы 21
ақпандағы шабуыл бұрын сонды болмаған артиллериялық мықты дайындық пен
басталды. "Бүтіндей орман шабылды, масақ тәрізді, мұнда үш қатар қаппен
топырақ жатсада барлық кедергілер ашылды, барлық қиылыста болат жауынмен
толтырылды, барлық жолдар түбінен жоғары аударылды. Әр жерде заттардың
сынықтары, өлген адамдардың сүйектері, жарылған қарулар шашылып жатыр" деп
жазды осы соғысқа қатысқан А.Барбюс. Бірақ француздардың қарсылығы мықгы
болды. Немістер қанды соғыспен бір аптада тек бірнеше бүзылған бекіністерді
ғана ала алды. Францияның бас қолбасшысы Жоффр солдаттарға "өлімге бас
тігуді!" бұйырды және қорғаныс шебін күшейтті.Неміс қолбасшылары Верденге
өзінің резервтерін тастады. Солдаттар Вердендік "ет тартқыш" деп атаған бұл
соғыс шілденің басына дейін үздіксіз жүрді. Германия әскерінің қозғалысы
шамалы ғана болды, олардың күші әлсіреді, ал германдық қолбасшылар өз
мақсаттарына жете алмады.[10]
1916 жылы наурызда және жазда ресейлік әскердің Шығыс майданға енуімен
Верден қысымнан босатылды. Маусымдағы генерал А.Брусиловтың басқаруымен
оңтүстік-батыс майдандағы күшті тойтарыс нәтижесінде және олардың қозғалысы
сол жерде 60-100 км-ді қамтуы, германдық қолбасшылардың көз қарасы бойынша
"ерекше салмақты" болды. Мүнда Батыс майдандағы неміс дивизиялары
түсірілді. Брусилов әскері бұған карамастан Галиция және Буковинаның бір
бөлігін басып алып, Карпатқа кірді. Олардың әрі қарай жылжуына қатынас
жолдың ұзақтығы және оқ-дәрінің жетіспеуі кедергі болды.Немістердің
Вердендегі сәтсіздігі және Брусиловтың шабуылындағы жетістіктері Румыния
басқару тобының ұзаққа созылған тербелісінің аяқгалуына соқдырды. Олардың
бұрынырақга Антанта дипломаттары несие бере отырып және австрия-венгерлік
территориясын румындық халықпен қосып береміз деп уәде беріп, Төрттік
одаққа қарсы соғысқа үгіттегенмен, Румыния Австрия-Венгрияға қарсы соғысты
1916 жылдың тамызында жариялады. Дегенмен, оның армиясы кешікпей барлық
елдерді оккупациялаған қарсыластық шабуылына төзе алмады және Ресейге мұнда
өз әскерін аттандыруға тура келді.[11]
Ағылшын-француздық қолбасшылар шілдеде Сомм өзені бойында ірі шабуыл
ұйымдастырды. Алайда, Германия әскері жақсы қарсыласып өз шебін бұзғызбады.
Сондағы қатал және қантөгісті шабуыл "әлсірету соғысына" айналды, және ол
күздің аяғына дейін созылды. Қыркүйекте ағьлшындар бірінші рет танкі
қолданды, бірақ айтарлықгай жетістіктерге жетпеді. Тек қана немістердің
Вердендегі қысымын әлсіретті.Екі жылдан астам уақыт ішінде дүниежүзілік
соғыста 4,6 мллионнан астам адам қаза болып, одан да көбі жарақаттанды.
Соғыс ондаған миллион адамға кайғы-қасірет әкелді. Соғыс қимылдары үлкен
құндылықгарды жойды, бүтіндей облыстарды қиратты. Үкімет соғысты жүргізу
үшін күнделікті өте көп құралдарды шығындады және барлық шикізаттарды
топтастырды.Еуропалық бейтарап елдерді-ІПвейцария, Испания, Голландия,
Дания, Швеция және Норвегия - соғысушы державалардың бақталастық алаңы
болды, оларды жетіспейтін шикізат және азық-түлік тасымалдау ретінде
қолданды. Соғыс кеңейіп және қатыгездене түсті, ал аяғы әлі көрінбеді.
ІІ тарау. Соғысушы державалардың саяси қарым-қатынастары мен соғыс
барысы.

2.1.Соғысушы державалардың ішкі жағдайы
У.Черчилль өзінің бірінші дүниежүзілік соғыс туралы кітабын "Әлемдік
дағдарыс"-деп атады. Ол 1914 жылы державалардың қарулы қақтығыстарын
тоқтату мүмкін болмағанын, соғысушы елдердің халқына шексіз күш және
құрбандық талап етілді, картаға миллиондаған халықтың өмірін және ұлы
державалардың тағдырын қойды, көптеген зардаптар шекгі. Бұл соғыс
басталғаннан кейін көп кешікпей айқын болды.
Халықаралық бағынуы және басқарушы ортаның шикізаттарына ұмтылуы,
соғысқа қатысушы державалардың дамуында ортақ мәселе болды. Барлық
мемлекеттердің ел ішіндегі саяси күшті ең жоғарғы дәрежеде нығайтуға
ұмтылды. Бұған жұмысшы партиясы және кәсіподақ ұйымдарының орталықтары әсер
етті. Францияда "қасиетті бірлік" жарияланды, Ұлыбританияда кең негізде
коалициялық үкіметі құрылды, Германия, Ресей үкіметі қолдамайтын әр текті
парламент фракцияларының әріптестігіне қол жеткізді, ал Австрияда бұл
қатынасқа сенімсіздік білдірген парламент таратылды.[12]
Соғысушы елдердің үкіметі негізгі қоғамдық күштердің келісімдерін
орнатуға әлсіздік танытқан жағдайда алмастырылды және қайта құрылды,
басшылары іріктелді. Осы себепті, 1915 жылы Францияда Р.Вивани үкіметін
А.Браин үкіметі алмастырды, Ұлыбританияда 1916 жылы Г.Асквит үкіметінің
орнына Д.Ллойд Джордж үкіметі келді, Ресейде 1916 жылы император Кеңес
министрлерінің төрағасы-И.Горемыкинді Б.Штюрмермен, ал соңғысын
-Н.Голицынмен алмастырды. Тек Австрия-Венгрияда жағдай басқаша өрбіді,
Кеңес министрінің төрағасы К.Штюргк қазан айында өлтіріліді, ал 1916 жылы
карашада қаза болған Франц Иосифтің орнына Карл император болды.
Қоғамды барлық жағынан нығайту үшін, Ұлыбританияда тіпті билеушілер
азаматтық құқықты және басылымдарда, жиналыстарға, ереуіддерге шектеу
қойды. Халықтың патриоттық бірігулері полиция және соттармен үнемі
күзетіліп отырды, ал Германия, Австрия-Венгрия және Ресейде жергілікті
әскери билікте қосылды. Олар сенімсіздігін басуға немесе тыныштандыруға
тырысты, үкіметке қарсы шыққандарды репрессияға ұшыратты. Ресейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы КСРО-ның және Германияның геосаяси мақсаттары мен мүдделерi
Молотов Риббентроп пактісі: шығу тарихы және мәні
Іі-дүние жүзілік соғыс және жаңаша көзқарас
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1925-1940)
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
Соғыс қарсаңындағы ұлы мемлекеттер антогонизмдері
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
Пәндер