Дүниеде тозбайтын байлык біреу
Алматы Технологиялық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Стоицизм және гедонизм: қазіргі заманғы түсініктерде
Орындаған: Садуева Л.
Қабылдаған: Бижанова М.
Алматы 2021
Жоспар
І Стоя философиясы
1.1. Ар-ұят ұғымы
1.2. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі ар
ІІ.Гедонизм
2.1 Аристипп тұжырымы
2.2. Гедонистік ілімінің шыңы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І.Стоя философиясы
Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардын жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уакыт өмір сүрген. Оны Кене Стоя (3-2 г.г.), Орта Стоя (2-1 г.г.), Сонгы Стоя (1-2 г.г.) деп үш уакытқа бөледі. Көне жэне Орта Стоя мектебі екілдерінің толық 6ip шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.
Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған(космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктілер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер - бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сйәкес өмір салтын ұстайды.
Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналығымызда болса, онда ақыл ойдың, ар- ұжданның басшылығымен өмір сүру- ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.
Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуіне, рухани өмірдің тайызданып, азғындауына, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысына сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.
Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр-түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің "ортаңғы жолын қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан қумартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан, адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету (apatіa-самарқаулық). Соңғы стоиктер оны даналық - София - дейді.
Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол ақымақ адам - өйткені,- ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар - халықтың көпшілігін құрайды.
Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру керек емес нәрсе. Оған, әдемісі, көңіл аудармау керек.
Сондықтан, тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, өйткені, ол адамның жан-дуниесін түтіндетүі мүмкін.
Бірақ, адамның өзіне қарамастан, сыртқы қолайсыз жағдай, адамның жан-дүниесінің тыныштығын бұзып үне бойы зардап әкеле берсе - ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп бұл Дүниеден кетуі.
Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылық алғашқы оттан пайда болып, уақыты өткеннен кейін лаулаған Дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол-мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады (fatum,-лат. сөзі,-тағдырға сену).
1.1. Ар-ұят ұғымы
Ұлы Кантта мынадай тамаша ой кездеседі. Адамды екі нәрсе жанын тебірентіп, шексіз тандандырады: жұлдызды аспан мен ішкі моральдық заңдылық шексіздігі. Бірінші шексіздікті адам жаңа кеңістіктерді бірте-бірте игере отырып меңгерсе, ал екіншісін ар-ұят дауысына бағыну арқылы игереді. Ар-ұят деген не? Ар-ұят өмірдің әр түрлі көріністерінде шатаскан түрінде көрінетін феномен. Ар-ұят түрлері мазмұнының айырмашылыктары бар ма? Тарихтың бүкіл өн бойында карама-қайшы кондырғыларды устанатын адамдар өз ар-ұятымыз бойынша әрекет еттік деп есептеді: Конфуций мен Сократ, Заратуштра мен Платон, Иса мен Мұхамед адамдарды руханилықка, ар-ұят пен ар-ождан үніне құлақ түруге шақырса, инквизиторлар мен ксенофобтар, басқыншылар мен тирандар, фашизм мен большевизм фанатиктері де ѳз ар-ұяттары бойынша әрекет еттік деп санады.
Этикалык әдебиет бұл сұрактарга әр турлі жауап береді. Сенеканын пікірінше, ѳз этикалык касиеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын немесе қорғайтын ішкі дауыс ар- ұятты білдіреді. Стоиктік философия оны ѳзіндік сактанумен (адамның ѳз-ѳзіне қамқорлығымен) байланыстырады. Діни философияда ар-ұят құдайдың адамға жіберген акыл-ойының заңдылығы. Фихтенің айтуынша, ар-ұят адамдардың коғамдық жағдайына байланысты емес, ол ішкі Меннің дауысы жэне моральдың нағыз беделі болып табылады. К. Маркс бойынша ол ішке карай бағытталған ашуыза. Ж.П. Сартр ар-ұяты адамға коғам тарапынан койылатын сырткы талаптар мен тыйымдарға карсы тұратын ішкі тұлғалық әрекеттің жалғыз аралы деп жариялайды. Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық-психологиялык тетігі ретінде коғамдағы моральдың императивті (бұйрыкты), байланыстырушы күшіне ұксас. Ол коғамдык катынастарда, мәдениетте, элеуметтік субъектілер эрекеті мен өмір сүру тәртібінде объективті бекітілген адамгершілік кундылыктардың белгілі бір жүйесін тулғаның рухани ішкі әлемінде корғайды. Ар-ұяттың адамгершілік-психологиялык ерекшілігі, адамның психикалық өмірінің ең алуан түрлі элементтерін органикапык тұрғыда өз құрамына біріктіретін бүтіндей механизм ретінде көрінуімен сипатталады. Ол барлык психика қабаттарының, өзара әрекеті нэтижесінде калыптасады: рационалдылыктың, интуитивтіліктің, ойлаудың салқын есебі ғана емес, өмірлік тәжірибе бейнеленетін субъективизмдер даналығына, моральдық интуицияға сүйенеді. Ар-ұяттың өзгешелігі катарына оның тылсымдылығы, бүркемеленуі және таңдамалылығы жатады. Ар-ұят - бұл ішкі монолог, кейде ондадиалог, тіпті көп дауысты дискуссия да жүзеге асып жатады. Ар-ұят дегенің мыңдаған куәгерлер. Адам бойында мәңгі оппонент пен мәңгі корғаушы рухка ұйкы бермей пікірталасып жатады. Адамдағы мәңгі төреші коғамдык пікірден жасырын жаткан нәрселерді көріп, ойлап және сезіп отырады.
Ар-ұят ұғымына тарихи кезең, ұлттық, территориялык, климаттык ерекшеліктер де орасан ыкпалын тигізеді. Ар-ұят ұғымының казіргі кезең мен өндіріс үдерісіне машиналар, механизмдер енді ене бастаған XVIII-XIX ғасырлар арасында айырмашылығы бар екендігін де ескерген жөн. Француздар мен казактардың неке қатынастарында да ар-ұят ұғымы бір-бірінен айырықшаланады. Алғашкылары үшін бөлелер (кузендер) арасындағы неке калыпты болып саналса, қазактар үшін мұндай неке қан алмасушылыққа жол берген ұятсыздардың ісі. Шыгыс халықтарына тэн ар-ұяттылык батыс елдері халыктары пікірімен үнемі сай келе бермейді. Сондыктан да, адамгершілік катынастарда әрқашан бұл факторларды ескеріп, эдеп-ғүрыпка күрметпен караған жөн.
Адамның рухани өмірінің практикалык көрінісі болып табылатын адамгершілік санада ғана адам тиістілік сезімін сезініп, өз өмірінің абсолютті мұратын саналы түсініп, өзінің эмпирикалык табиғатынан жоғары көтеріліп самғай алады; бұл самғау - адамның нағыз мәні. Бұл мән коғамдык болмыстың адамгершілік немесе адамгершілік-кұқықтылық сипатыңда (жалпы кең мағынада) көрініс табады.
1.2. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі ар
Ұят туралы ұлы ақын өзінің отыз алтыншы сөзінде адамдарда екітүрлі ұяттың болатынын келтірді. Біріншісі - надандық та-ұят. Оғанжастардың ұялмас нәрседен ұялуын жаткызады. Екіншісі - адамдық қасиеттен туындайтын ұят. Бұл ұятты ақын былай танытады: Ондай кылық өзіңнен шықпай-ак, бір бөтен адамнан шыкканын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұндай ұят қылык жасағаныңды жұрт білмесе де, өз акылың, өз нысабың өзінді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Абай мұндай ұятты өте жоғары бағалады. Бұл-адамның өзіне-өзінің катаң жазасы екенін, осыны түсінген адамның, баска біреудің жасаған ұятты қылығын, қайталамайтындығына көз жеткізеді. Бұл ретте бірінші қоятын талабы-мораль жағынан ұстамды таза болу. Адам баскаға үлгі болу үшін, баскаға тәрбие беру үшін, ең алдымен моральдық жағынан өнеге көрсетерліктей болу керек. Бұл тұрғыдан ақын алдымен, сыпайы мінезді, жаксы кұлыкты, әділетшіл, шыншыл болуды ұсынады. Жаман мінездер мен әдеттерден, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұраншак, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды басына лайықсыз көрсе ғана адам парасатты болады,- дейді. Мұндай мінездер, ақылдылардың, арлылардың, артыктардың мінезі. Бұл мінезді бойына тұтқан жақсылар мактанғаннан аулақ, өзімді жаман дегізбесем деп азаптанады, соңынан сөз ерітпейді. Ал мақтан сүйгіштер: Демесін демейді, десін дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да десін деп, азаптанып жүріп, демесінді ұмытып кетеді. Жақсы мінез, жаксы қылық қандай болу керек дегенде Абайдың коятын екінші талабы - тұрақтылык. Қылам дегенін кыларлык, тұрам дегенінде тұрарлык, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын.
Қазактың дәстүрлі әдеп жүйесіндегі келесі бір маңызды түсінік - ар. Жоғарыда аталып өткендей, ұят - арға апаратын төте жол. Қазак халкының ар туралы түсінігінің түйіні Малым жанымнын садағасы, жаным арымның садағасы деген макалында берілген. Шэкэрім жалпы этиканы ар ілімі деп атаған. Халык - ұяла біл, бірак ынжык болма деп үйретеді. Ал ұятсыздык ел ұғымында адамгершілік калыпты бұзудың ең дөрекі түрі, имансыздыктың бір көрінісі. Ол арсыздыкпен астарласып жатады. Арсыз адам-халыкка касірет экелетін, ұлттык намысқа дак салатын кісілігі жок, адамдық касиеттен жұрдай, куыс кеуде. Ғылыми әдебиетте ар негізінен адамның өзіне койған талабы, өзіне адамгершілік тұрғысынан бағда беру деп аныкталады. Халыктық түсінікте ар адамдык абыройды жоғары деңгейде ұстап тұруға бағытталған тетік. Жарлы болсаң да, арсыз болма! - дейді казак макалы. Авторитарлык және гуманистік ар жөнінде сөз бар. Авторитарлык ар иегері біреудің беделінің тасасында жүргенді калайды. Гуманистік ар түлғасы жауаптылықты өзіне алады, яғни өзі-өзін тандайды. Кейбір зерттеушілер казактың дәстүрлі коғамында Мендік сезім болған жок, онда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz