Жүйке жүйесінің маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
№ 4 ДӘРІС ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ДӘРІС СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП:
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
1.Қозу, тежелу, синапс деген не?
Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бүрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да, оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жүмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен бала-лардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.
Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы -- синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады.Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор -- делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды . Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс саңлауы болады . Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік .Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100 , тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін . Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады .
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар . Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді . Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.Әрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді .Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап , постсинапстық мембрананы тітіркендіреді . Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады .Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
2. Жұлынның қызметтері қандай?
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Жүйке жүйесінің типтері
Рефлекс және оның түрлері
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Психиканың жалпы сипаттамасы
Сигналдық системалар
Психиканың ежелгі сипаттамасы
Жоғары жүйке жүйесінің маңызы
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Пәндер