ГАЖ жіктелуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
“Геодезия және құрылыс” кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: “ГАЖ жүйесінің құрамды бөліктері, оның міндеттері мен мақсаты”
Тексерген:
Орындаған: Молдашев Б. Б.
Тобы: ГК-607
Семей 2019 ж
Жоспар:
Кіріспе
Жоғарғы геодезияның пайда болуы, даму кезеңі;
Негізгі бөлімі:
- Геоақпараттық жүйелердің жалпы сипаттамасы;
- Геоақпараттық жүйелердің мәні мен міндеттері;
- ГАЖ-дың жіктелуі және әртүрлі деректермен жұмыс істеу принципі
Қорытынды:
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Қазіргі дамыған замада ГАЖ көптеген салалардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетті, олардың ішінде жер кадастры мен жерге орналастыру салаларын айтуымызға болады. ГАЖ жүйесі карталарды жасауға, өңдеуге және жаңартуға мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалармен жұмыс жасайды.
ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады.
ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады.
1 Геоақпараттық жүйелердің жалпы сипаттамасы
ГАЖ - бұл кеңістіктік-үйлестіруші деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Басқару процесінде ақпарат ағымының үнемі көбейуі, уақыттың жетпеуіне әкеледі, соның шешімін табу үшін ақпараттық технологияға сұраным өседі. Мұндай қарқынмен дамудың басты себебі - әрине, ГАЖ пайдаланылатын кең көлемді мәтіндік және графикалы ақпараттар, модельдік есептер, сапалы карталарға объектілердің сұлбаларын орналастыруға жаңа технологияны талап етеді.
ГАЖ бағдарламалық қамсыздандырылуы географиялық ақпараттарды сақтауға, талдауға, және көзбен шолуға кажетті функциялар мен құрал жабдықтардан тұрады. ГАЖ негізгі мақсаты көлемді ақпараттарды мәліметтер базасында және банкінде сақтап, болжам жасау, жоспарлау, мониторинг, картаға түсіру, модельдеу, олармен жұмыс жасау жолдарын автоматтандыру.
ГАЖ құралдарының техникалық және бағдарламалық-кешені үшін графикалық және атрибутивті ақпараттарды бірге өңдеулері.
Соңғы 10-15 жыл шетелдерде және отандық тәжірибеде ГАЖ-дың басым бөлігі ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына мәселелерді шешудің ақпараттық негізі болып табылады: басқару денгейінің шешімін қабылдау; қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау; табиғи-қорық, топырақтық, экологиялық жағдайын зерттеу; табиғи ресурстарды, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, қоршаған ортаны ластануы үшін алынатын төлемақы, салық салуды жүргізу.
2 Геоақпараттық жүйелердің мәні мен міндеттері
ГАЖ-дың мәні - қалай болғанда да деректерді жинауға, деректер қорын құруға, оларды компьютерлік жүйелерге енгізуге, сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге болады. Пайдаланушы сұранысы бойынша ол мәліметті көбінесе картографиялық пішінде беруге, сонымен қатар кесте, график, мәтіндер (текст) түрінде шығаруға да мүмкіндік береді.
ГАЖ-ды пайдалану мақсаттары - жерді инвентаризациялау, талдау, модельдеу, басқару, болжам жасау, жоспарлау, мониторинг, картаға түсіру, тұтынушыларға қызмет көрсету.
ГАЖ-дың функциялары - картографиялық және тақырыптық ақпараттарды жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, талдау, түрлендіру, тарату.
ГАЖ жүйелерінің жалпыланған функциялары
1) Мәліметтерді енгізу және редакциялау;
2) кеңістіктік мәліметтердің өндеу және пайдалану;
3) ақпаратты сақтау;
4) координат жүйелерін жаңарту;
5) картографиялық жүйелерді формациялау;
6) расторлық, векторлық операциялары;
7) өлшемдік операциялары;
8) полегоналдық операциялары;
9) кеңістіктік талдау операциялары;
10) кеңістіктік үлгілеу түрлері;
11) бедерлі сандық үлгіллеу;
12) нәтижелерді түрлі форматта. шығару
- ГАЖ-дың жіктелуі және әртүрлі деректермен жұмыс істеу принципі
ГАЖ жіктелуі:
Геоақпараттық жүйелер экологиялық жағдайлардың, табиғи ресурстардың орынды пайдаланудың мониторингін ғылыми және қолданбалы мақсатында шешу мақсатында инфрақұрылымды жобалау үшін, қалалық және аймақтық жоспарлау, төтенше жағдайлардағы жедел шара қабылдау үшін пайдаланады.
Өмірде кездесетін алуан түрлі мәселелер келесі түрде жіктеледі:
1) жалпы мақсаттағы толық функциялы ГАЖ;
2) қандай да бір саладағы шешуге, маманданған ГАЖ;
3) үйде және ақпараттық мақсатта қолдануға арналған ақпараттық анықт, жүйелер
ГАЖ жұмыс істейтін деректерге - кез келген ГАЖ екі типті - графикалық және атрибутивті немесе тақырыптық деректер қорымен жұмыс істейді.
Ал графикалық деректер қорында графикалық немесе метрикалық негіз деп аталатын деректер сақталады; атрибутивті (анықтауыштық) карта жүктемесі және кеңістікке жататын, бірақ картаға тура түсірілмейтін қосымша деректерден - аумақтың сипаттамасы немесе есептемедегі ақпараттан тұрады.
Кез келген ГАЖ-да ДҚЖБ-дан басқа, деректерді көзбен шолу жүйесі бар. Ол ақпараттарды экранға карта, кесте, сызбанұсқа (схема), т. б. түрінде шығарады, әрі деректерді талдау жүйесі де бар. Оның көмегімен олардың өңделуі мен талдауы жүзеге асырылады (1-сурет) .
Сурет 1. Геоақпараттық жүйелердің типтік құрама бөліктері
Сонымен қатар, ГАЖ-дың ақпараттарды енгізу және шығару жүйелері қажетті құрамды бөліктері (компонент) болып табылады.
Енгізу жүйесі - бұл деректердің алынуына жауап беруші бағдарламалы блок; оның керек көздері бейнелерді растрлы суреттер түрінде шығаратын сканер, карталардың сандандырылуы жүзеге асырылатын дигитайзер (сандандырғыш), электрондық теодолит пен басқа геодезиялық құралдар сияқты әртүрлі электрондық құралдар болуы мүмкін.
Ақпаратты клавиатурадан қолмен немесе басқа компьютерлік жүйеден енгізуге болады. Оның көздері арнайы жұмыс бекеттерінде өңделіп шығарылатын аэро-фото және ғарыштық түсірімдер болуы мүмкін (2-сурет) .
Сурет 2. Ақпараттарды ГАЖ-ға енгізу көздері
Шығару жүйесі - ГАЖ-ды шығару жүйесі, жұмыс нәтижелерін пайдаланушыға қолайлы түрде беруге арналған. Мысалы, плоттердің (графасалушы) көмегімен өте сапалы қара-ақ және түрлі-түсті бейнелер - іс жүзінде даяр картаны алуға болады. Сонымен қатар әртүрлі лазерлі принтерлер де қолданылады.
Жұмыс нәтижелері дискіде жазылған бейнефильмдер, есеп беру түрінде басылып шығарылып, желі арқылы сыртқы компьютерлік жүйелерге жіберілуі мүмкін (3-сурет) .
Сурет 3. ГАЖ-дың шығару жүйесімен деректерді беру
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz