Сақтандыру нарығының сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту жолдары
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні және оның
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Сақтандыру нарығын құқықтық реттеу
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... 23
1.3 Сақтандырудың шет мемлекеттердегі даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... .31

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасынының сақтандыру нарығының ағымдағы
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .37
2.2 Сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығы мен төлем
қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.3 ҚР сақтандыру нарығының даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының қызметін дамыту
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының қызметін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...73

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының
дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты
экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына
өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан - 2050 стратегиясында
көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары
деңгейіне тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрақсыздық, экономикадағы
үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай
кәсіпкерлікте жиі болады. Нарықта туындайтын кездейсоқ және тұрлаусыз
жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті
басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі
сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы
айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, нарықтық
шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның
ішінде сақтық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі
сақтандыру нарығының жағдайын кешенді бағалау қажет.
Жақында ғана Жамбыл облысындағы алапат дауыл болды. Жүздеген
жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Адамдар зардап шекті. Осы апаттың салдарын
жою үшін Үкімет қорынан мақсатты ағымдық трансферт түрінде 800 млн.теңге
бөлінді.
Ал Созақ ауданында 8 ауыл округіне қарасты барлығы 16 елді мекенде
1991 нысанның шатырлары жартылай және толық ұшқан, оның ішінде мемлекеттік
әлеуметтік нысандар - 42, жеке меншіктегі тұрғын үйлер саны - 1949. Аудан
бойынша шығын көлемі: - әлеуметтік нысандар - 157,6 млн. теңге, тұрғын
үйлер бойынша - 185,8 млн. теңгені құрады.
Сарыағаш ауданында 30 үй мен 1 мектеп ғимаратына су кірді, 2 үй құлап,
7 үй мен бір мектеп ғимараты апатты жағдайда және 21 үй жөндеуді қажет
етеді, 165 бас мал (158 қой, 7 ірі қара) шығын болды. Жалпы, ауданда 9
өткелге 127,3 млн.теңге шығын қарастырылған. Арнайы құрылған комиссия
аймақтарға келген шығын көлемін 209 млн.114 мың теңгені құрайтынын
анықтаған. Мұндай жағдайлардың қайта болмасына кім кепіл?
Барлық дамыған елдерде табиғи апаттардан сақтандырудың тиімді жүйесі
бар. АҚШ жылына бірнеше дауылды бастан өткереді, бірақ барлық салдары жедел
еңсеріледі. Бұл мемлекет қаражатын айтарлықтай шығындамайды, өйткені оларда
бірден сақтандыру жүйесі іске қосылады. Бұл – төтенше жағдайдан сақтандыру
жүйесін енгізу. Осы тәжірибені Қазақстанда қолдануға не кедергі?!
Қазіргі таңда елімізде зілзаладан, стихиялы апаттан сақтандыратын
отандық сақтандыру жүйесі мүлдем кенжелеп, дамымай қалған. Соның салдарынан
әлгіндей тілсіз жаулар тудырған шығынның халыққа қайтарылуы неғайбыл.
Мұндай жағдайда баспанамен қамту, олардың материалдық шығынын өтеу
мәселелері түгелдей дерлік Үкімет пен жергілікті атқарушы органның мойнына
түсіп отыр.
Осы мәселеге байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан-2050 Стратегиясының міндеттерін іске асыру мәселесіне арналған
кеңесте дамыған елдердегі табиғи апаттардан сақтандырудың тиімді жүйесін
Қазақстанда қолданысқа енгізу, аса маңызды стратегиялық мәселе әлеуметтік
сақтандыру жүйесін дамыту болып саналатынына тоқталды.
Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі сақтандыру
нарығының жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар ішінде ерекше
мәнге ие, өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші қуатты
факторлардың бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу дәрежесі. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
мен оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесін
қарастыра отырып. Белгiлi экономист ғалымдарымыз: Маянлаева Г.И., Шахов В.
В., Исаханов П., С. Құлпыбаевтардың заман талабына сай сақтандыру қарым-
қатынасының қарқынды даму келесі факторлармен негізделеді: экономиканың
мемлекеттік емес секторының күшеюі, сақтандыру қызметінің сұраныс көзі
заңды және жеке тұлғалардың жеке меншіктерінің алуан түрлі болып дамуы және
де олардың көлемін өсуі, қолайсыз жағдайда мемлекеттік кепілдік көлемінің
қысқаруы, экономикалық және басқа да мәселе бойынша шетел мемлекеттекрімен
қарым-қатынастың дамуы. Осы жағдайдың барлығы сақтандыру қызметінің барынша
жетіліп, жаңа кәсіби мамандардың дайындығын талап етеді. Осыған қарамастан,
сақтандыру компаниялар біраз уақыт өткенімен елімізде, қазіргі стандартқа
сай, қандай жетістіктерге қол жеткендігі жайында, туындаған мәселелерді
ашып көрсетулері туралы жазылған фундаменталды монографиялар жеткіліксіз
деп айтуға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты − сақтандыру нарығы: экономикалық мәні,
құрылымы, даму қарқыны және мәселелері.
Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер орындалды:
- Сақтандыру қызметінің экономикалық негіздері қарастырылды;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму қарқыны
зерттелді;
- Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдарының қызметтерін даму
мәселелері анықталып оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.
Зерттеу объектісі- сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге
қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні- Сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін
қадағалау
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық
негіздері ретінде отандық экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан
Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңдары мен заңнамаларына,
асырудың қорытындылары және 2011-2012 жылдардың мәліметтері қолданылды.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы
диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық,
топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыстың авторы ҚР
сақтандыру нарығының үрдісі қарастырылды. Қазiргi сақтандыру компаниялары
клиенттерге қызметтердiң кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып,сақтандыру
операцияларында жаңа технологияны қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы
деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні және оның қызметтері

Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін
көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл
өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондьқтан өндіріс
процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен
жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе
резервтерін де сондай - ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары
болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары
түрінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша
жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың
мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б.
жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен
айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше
тәуекелдердің өсе тусуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз
болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт
бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар
болады. Өз кезегінеде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт
ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы
жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік
одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік жэне сақтық әдіс. Қаржыларды
қалыптастырудың бюджеттік әдісі - бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл
қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын -
ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның
резерв қорлар жүйесінің қажетті қүрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша
қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және
жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы
экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі:олар алдын - ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды.Ол табыс ретінде тұтынылмайтын
және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден - бір бөлігі.
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлар белгілі бір
уақытта тікелей арналымында сақтык төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың
болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін)
пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары
қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз
кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық
қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтандыру нарығында пайдалырақ
шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен
залардардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің
пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің
дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы
болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді
ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну
процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін
болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша корғауға
мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше
жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі
объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі
жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан
экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен
географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс
технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты
әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен
шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз
ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын
құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) Табиғи техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға
мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік
қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны
төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына,
жұмыссыздыққа жәрдемақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты
шығындардың орын толтыруға;
3) халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық
экономикаға шоғырландыруға;
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін
қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету
міндеті қазір сақтандырудың иығында болып тұр. Осымен бірге бірқатар
мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық органдары
ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе - бет келді, техногендік аппаттар саны
артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін
өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да
болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен
келтірілген зардаптардың орын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және
т.б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық
қайта қалыптасу кезеңде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер
басталуына негіз қалаған заңдардың, өзге нормативті, құқықтық актілердің
қабылдауына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсіз қылып көрсеткен
сақтандырудың толығынан мемлекет жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге
негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің
біріне айналды және ол кәсіпкерлік ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің
бірі. Сақтандыру мен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке
ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуы бақылаусыз өз бетімен жібере алмауда.
Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі замаңғы қүқықтық салалардың бірінің
сақтандыру құқығының дамуымен бірге болды.
Сақтандыру - сақтық ұйым өз активтері есебінен асыратын сақтық төлем
арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзгеде оқиғалар
туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік
жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам
өмірінің, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын
қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық қызмет атқарады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиға ұшырығандарға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айырықша сферасы.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметін рыногының, азаматтар мен
заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау, сақтандыру қызметі
туралы Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі
Үкімет қаулыларымен және Ұлттық Банктің сақтандыруды қадағалау
департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Осыған дейін
біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі
болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан
Сақтандыру туралы заң күші бар жарлығы саналды. 2000 жылдың 18
желтоқсанында Қазақстан Республикасы Сақтандыру қызметі туралы жаңа заңы
қабылданды. Қазір заңгерлер тарапынан жоғары деп бағаланады. Онда
сақтандыру ісін ұйымдастырудың қазіргі замаңғы талаптарға сәйкес келтіруді
қамтамасыз ететін шаралар қарастылған.
Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан
Республикасының 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңда мазмұндалған.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгілері бар:
0. сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысу;
2. оның іс - қимылы ақша қорларын жасап, пайдалану мен қосарланып
отырады;
сақтық қатынастағы бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
4. ашқа қорларын жасап, пайдалану кезінде сақтық баламалығы барлық жағдайда
бола бермейді.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберінде айрықша сақтанушыға оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - несие институт ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктік, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималды сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -
мемлекеттік, аумақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде);
3) сақтандырудағы қаржылардың қайтарымдылық сипаты.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына
мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру талабы бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру силық
ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру
жағдайы пайда болған кезде сақтанушы немесе шартта белгіленген сумма
(сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру жағдайы
сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру
жағдайы - табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз
пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы
ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне
иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдылығының түсу деңгейіне
шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың
ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса
мұндай жағдай кездейсоқ болмайды.Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен
кездейсоқтық талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын
фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды.
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті
болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде)
анықталады.
Сақтандырудың шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандыру шығаратын
ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде
сақтанушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың
мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін
бақылайтын үкіметте мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе,
онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия бермеудің
негізі болып есептеледі.
Сақтандыру ережелері сақтандырушы мен сақтандырудың әр түрі бойынша
бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізу үшін лицензияны
беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шарттар
қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа
сақтандыру ережелерінде жағдайлар алынуы тиіс.
Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:
1) сақтандыру объектілерінің тізімін;
2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
3) сақтандыру тәуекелдерді;
сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тасталуы және сақтандыруға
шек қоюы;
сақтандыру шарты қолданылуының мерімі мен орнын;
Бақылау қызметі тараптардың сақтық төлемдерін жұмылдыруды сақтық қорды
мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда
көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік қызметті қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік
бюджеттің табиғи техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу
белгісіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономикадағы қағидаттарында
сақтандыру ақылы, халықтың, жеке ұйымдастырудың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді
негізде ұлттық экономикаға тарту мүмкін береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтандыру ұйымдарының
қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген
сенімінің деңгейіне байланысты.
Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру
жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті
ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қамтиды. Экономикалық қатынастардың
әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе кұру үшін
сақтандыруды жіктеу қажет.
Сақтандыру көп қыры ол әр түрлі категориядағы сақтаушылар мен
сақтандыру объектілерін қамтиды.
Сақтандыру шарттары сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен
ерекшеленеді: ол заң күшімен міндетті және ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.
Сақтандыру қатынастарын ретке келтіру сақтандыруды жіктеуді қажет етеді.
Жіктеу дегеніміз өзара байланысты звенолардың бағынышты жүйеге
жинақталуы. Қазіргі Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы
Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға кластарға түрлерге жіктеледі.
Сақтандырудың жіктелуі мынандай екі белгіге байланысты: сақтандыру
объектілеріндегі өзгешелік және сақтандыру жауапкершілігіндегі өзгешелік.
Осыған байланысты сақтандыру объектілер және қауіп қатердің түрлері бойынша
жіктеледі.
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы және
Жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады (сурет 1).
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің
арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысы
болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын
объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларға сақтандырылған (пайда алушы)
тұлғаға ақша төлеуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз
етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге мүмкіншіліктер береді. Осы
себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың
бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру санасына өз кезегінде
кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруға екі класс қарастырылған,
олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру.
Өмірді сақтандыру сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру
шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін
жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен,
еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты,
науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз
қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының келуіне
немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы
болып табылады.
Жалпы сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде
заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен
қызығушылықтарының орын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып
келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді
қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық - құқықтық қатынастар
субъектілерінің қүқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрыңғыға
қарағанда салыстарымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз
мүмкін.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай
сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыру қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру.

Ескерту-
1сурет- ҚР сақтандыруды салалары және сыныптары бойынша жіктеу

Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша кластар өкілетті мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір
класқа байланысты заңнама заңды нормативтік актілері бойышпа арнайы
реттеуді қарастыруы қажет.
Медициналық сақтандыру, сақтандырылатындардың медициналық мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолданымдарынан туындаған шығындарын ішінара жүзеге
асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (бұл қатынастардың азаматтық -
құқықтық реттеу сұрақтары ескерілмеген) уақыт санын көтере алмай мүліктік
айла-амалға жол салынды. Басқа жақтан, Қазақстанда кейбір ұйымдармен іс
жүзінде медициналық сақтандыру бойынша шарттың сактандыру қызметтері
көрсетілетін болды.Осымен байланысты қатынастарда қатысушылар тең жағдайда
болып келеді. Және қымбат медициналық қызметтерде стационарлық емдеуде,
протездеуде және тағы басқа қажеттік пайда болған жағдайда бұл сақтандыру
сөзсіз өте пайдалы болды. Осының барысында қалыптасқан қажеттілік тиісті
сақтандыру нормалары қалыптасуының қажеттілігін әкелді.
Жалпы сақтандыруға көлікті сақтандыруды жатқызады, ол көлік кұралын
иеленуге, пайдалануға оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік
мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап
әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі
мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Тасымалдау шартымен тығыз байланыста
болатын көлікті сақтандыру мен қатар, жоғарыда айтылғандай сақтандырудың
жеке класында болып келетін жүктерді сақтандыру тұрады. Жүктерді
сақтандыру, жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты
адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның
ішінде жүктердің тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады.
Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, әскери
қызметкерлердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен
денсаулығын, мүлігін міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру
азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігі,
нотариустардың және кейбір өзге субъектілердің азаматтық құқықтық
жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасы заңының 52 бабына сәйкес, банктердегі салымдарды
(депозиттерді) ұжымдық Қазақстан Республикасы жүзеге асады.
Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң белгіленуі
өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен
де шартпен сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру сақтандыру
қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын)
міндетті қатысуын талап етеді. Жиі - жиі шартта сақтанушы болып онымен
азамат еңбек қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай
жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң
актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға
міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне, сақтандыру
жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру
төлемінің көлеміне, қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер
етеді.
Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы
тиіс болған адам, егер оған оның сақтандырылғандығы белгілі болса, осы
міндет жүктелген тұлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуге
құқылы.
Егер сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасамаса немесе оны заңда
көзделмеген салыстырғанда нашарлау жағдайларда жасаса, ол сақтандыру
жағдайы (оқиғасы) орын алған кезде сақтандырылғандардың алдында өзі жауапты
болады. Сақтанушы жауапкершілігінің көлемі осындай жағдайда тиісті
сақтандыру жүзеге асырылған кезде сақтандырылғанға тиесілі болатын
сақтандыру төлеміне сәйкес болып келеді.
Міндетті сақтандыру шартын жасаудан сақтандырушы ұйымының да жалтаруға
құқығы болмайды.
Сонымен міндетті сақтандыруға тән белгілер:
1.Міндетті сақтандыру шарттары заңмен бекітіледі. Сақтандырушы заң
бойынша сақтандырылуға тиісті объектілерді сақтандыруға ал сақтанушы
сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті.
Заңды нормативті актте мыналар қарастырылған:
0. сақтандыруға жататын объектілер тізімі;
1. сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;
2. сақтандыру сомасын қамтамасыз ету деңгейі;
3. тарифтік ставкаларды белгілеу тәртібі;
4. сақтандыру төлемдерінің төлену тәртібі;
5. сақтандырушы мен сақтанушының негізгі қүқықтары мен міндеттері.
2.Заңда көрсетілген объектілердің барлығының жаппай
сақтандырылуы. Бұл принцип әсіресе мүлікті сақтандыруда қатты
сақталады.
3.Сақтандыру сомасымен қамтамасыз ету нормаланған. Мысалы
автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің жабуға
арналған сома 400 айлық есептік көрсеткішпен шектелген.
Ерікті сақтандырудың міндетті сақтандырудан айырмашылығы, өз
толығымен тараптардың еркін білдіруіне негізделеді. Ерікті сақтандырудың
түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті сақтандыруға тән белгілер:
1. Ерікті сақтандыру заңды және ерікті түрде жүргізіледі. Заң
сақтандырудың жалпы шарттарын және ерікті сақтандыру объектілерін
белгілейді.
2. Сақтандыруға қатысу сақтандырушыларға байланысты. Бұл
принцип сақтандыру келісім шартының сақтанушының талабына сай
жасалатынына кепілдік береді.
3. Ерікті сақтандыру ішінара қамту арқылы жүргізіледі, яғни
барлығы жаппай сақтандырылуы міндетті емес.
4. Ерікті сақтандыру сақтандыру мерзімімен шектелген.
5. Сақтандыру сомасымен қамтамасыз ету сақтанушы талабына
байланысты болады.
Сақтандыру объектілеріндегі өзгешелікке байланысты сақтандыру жеке
және мүліктік болып бөлінеді. Азаматтық өмірін, денсаулығын, еңбекке
қабілеттілігін және басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке
сақтандыруға жатады,мысалы, олардың белгілі жасқа келгенінін сақтандыру.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған
басқа (пайда алушы адам сақтандырылған болуы мүмкін).
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық құқықтық
жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
мүліктік сақтандыруға жатады.
Мүліктік сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі
немесе бүлінуі және заңда көзделген өзге де мүліктік құқықтар
сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыру
мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз
болады. Мүлікті сақтандырудың объектілері сақтанушының мүліктік мүдделері,
яғни құрылыс, үй мүліктері, малдар, көлік құралдары, субъектелері -
сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс - қимыл
жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болуы мүмкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден тәуелсіз
жағдайлардан осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі,
соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті
сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бұл класында тек сол сақтанушының
кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын түлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт
жарамсыз болады.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады.
а) белгілі бір істің түрі;
б) сол іспен шүғылданатын нақтылы қоғамдық ұйым.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік,
болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Нарық жағдайында
кәсіпкерлік қызметпен байланысты тәуекелдің түрлері де көбеюде. Нарықтық
экономика жағдайында кәсіпкерлер үшін коммерциялық тәуекелдікті
сақтандырудың маңызы зор. Коммерциялық тәуекелділікті сақтандыруда
сақтандыру объектісі сақтанушының коммерциялық қызметі болып табылады.
Коммерциялық сақтандыруда сақтандыру тарифтер көптеген факторларға
байланысты. Олар коммерциялық қызметтің түрі, сақтандыру мерзімі, нарық
қатынастарының тұрақтылық деңгейі. Сақтандырудың бұл түрі шаруашылықтың
барлық саалаларын қалпына келтіру мен дамытудағы перспективалы сақтандыру
болып табылады.
Жауапкершілікті сақтандыру - сақтандыру қызметінің жеке саласы болып
табылады. Жауапкершілікті сақтандыру объектісіне - сақтанушының қандай да
бір әрекетін немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілуі мүмкін үшінші жақ
алдындағы жауапкершілігі жатады. Субъектілері - сақтанушы, сақтандырушы,
пайда алушы. Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты залал келтірушінің
экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына
немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу
тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық - құқықтық шарттардан және
басқа да негіздерден пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы
мүмкін.
Жауапкершілікті сақтандыру ерікті жэне міндетті түрде жүргізіледі.
Жауапкершілікті сақтандырудың оны басқа салалардан бөліп тұратын өзіндік
ерекшеліктері бар:
1) азаматтық жауапкершілікті сақтандыру түрлерінде сақтандыру оқиғасының
болуын анықтау сақтандырудың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін
белгілейтін азаматтық - құқықтық нормалары мен тікелей байланысты.
2) жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлғаға
келтірген зиянының орнын, келісім шартта көрсетілген сақтандыру сомасы
көлемінде жабуды қамтамасыз етеді, яғни жауапкершілікті сақтандыру келісім
шарты үшінші тұлғаның пайдасына жасалады.
3) жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлға
алдындағы жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру міндетті сақтандыру түріне жатады және де ол 1997 ж Көлік
құралдары туралы заңға сәйкес енгізілді. Сақтандыру шарттары Қазақстан
Республикасы үкіметінің 1996 ж 31 желтоқсанындағы №1319 шешімімен
бекітілген. Автокөлік құралының иесі лицензиясы бар кез - келген сақтандыру
ұйымда сақтандырылады. Міндетті сақтандыру келісімі 1 жылға жасалады.
Ережеде сақтанушылардың белгілі бір категорияларына жеңілдіктер
қарастырылған. Әлеуметтік қамсыздандыру органдары арқылы көлік құралын
тегін алған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған
теңестірілген түлғалар I және II топ мүгедектері жылдық төлемнің 50%
төлейді. Міндетті сақтандыру жеңіл, жүк тасымалдаушы автомобиль,
микроавтобус, троллейбус, трамвай иелеріне қатысты.
Міндетті сақтандыруда сақтандыру сомасының мөлшері шектелген, сондықтан
автокөлік құралының иесі өз жауапкершілігін қосымша ерікті түрде
сақтандыруына болады.
Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңына сәйкес жеке
нотариустардың азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру міндетті
түріне жатады. Жеке нотариустар жауапкершілігі мынадай іс - әрекеттер
нәтижесінде пайда болады:
1) келісімдерді куәландыру;
2) мұрагерлік мүлікті қорғауға шара қолдану;
3) мұрагерлік құқы бар куәлігін беру;
4) құнды қағаздарды сақтауға қабылдау.
Жеке нотариус өзінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін жыл сайын
лицензиясы бар кез - келген сақтандыру компаниясында сақтандыра алады.
Кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру кәсіби қызметі барысында үшінші
түлғаға зиян келтіруі мүмкін, әр түрлі категориядағы тұлғалардың мүліктік
мүддесін сақтандыру түрлерін қамтиды. Кәсіби жауапкершілікті сақтандырудағы
тәуекелдер екі топқа бөлінеді: 1) үшінші түлғаның денсаулығына залал
келтіру және дене жарақатымен байланысты тәуекелдер. Мұндай жағдайлар
дәрігерлер, хирургтар, дантистер, формацевтер тәжірибесінде жиі кездеседі.
2) материалды шығын келтірумен байланысты тәуекелдер. Кәсіби қызметке талап
және оның жүрзілуі арнаулы заңды және нормативті актілерге сәйкес
белгіленеді. Сақтандыру жеке кәсіби қызметпен айналысатын тұлғаға қатысты
жүргізіледі. Жеке тәжірибеленуші маманның (сақтанушының) клиентке
келтірілген материалдық зияны мен оның көлемі соттың шешімі бойынша
анықталған жағдайда ғана сақтандыру оқиғасы болады деп есептеледі.
Экологиялық сақтандыру қазіргі кездегі актуальды мәселелердің бірі.
Экологиялық сақтандыруда сақтандыру сомасы екі жақтың келісімі бойынша
немесе табиғатты қоршаған ортаны ластау жауапкершілігінің лимиті бойынша
анықталады. Біздің елемізде 1991 жылы Табиғатты қоршаған ортаны қорғау
туралы заңына сәйкес ерікті экологиялық сақтандыру енгізілді. Бірақ бұл
заңның талаптары экологиялық сақтандыруды толық қолданыла қойған жоқ.
Бұрыңғы заманмен салыстырғанда қазіргі заңнама сақтандыру нысандарының
тізімін көбейтті. Енді сақтандыру нысаны сақтандыру төлемін жүргізудің
негізінен де анықталады. Осыған байланысты сақтандыру тағы екі нысанға
бөлінеді, олар а) жинақтаушы; б) жинақтаушы емес.
Сақтандыру төлем төленуін сақтандыру шартында белгіленген кезең
аяқталғанда, немесе сақтандыру жағдайы туындағанда. Төлем төленуінің
қарастыратын (осылардың қайсысы бірінші болатынына қарап) сақтандыру
жинақтаушы болады. Яғни, жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы
болмауы да мүмкін. Аннуитет шарты жинақтаушы сақтандыру шартына жатады.
Аннуитет шарты сақтандырушының шартта белгіленген мерзім ішінде пайда
алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты.
Жинақтаушы емес сақтандыруда сақтандырудың төлемін жүргізудің негізі
болып сақтандыру жағдайы есептеледі. Көрсетілген сақтандыру нысандарының
тағы бір ерекшелігі сақтандыру жүргізіліп жатқан объектілерінің өзгешілігі.
Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы
мүмкін. Ескертуге жататын нәрсе сақтандырудың нысандары бойынша бөлінуі
сияқты (толық болып келмейді). Бұл сақтандыру қызметін лицензиялау үшін
қажет болса, яғни мазмұнын сақтандырудың көрсетілген нысандарынан
ерекшеленетін сақтандыру қызметі пайда болса, онда заңнамада сақтандырудың
нысандары бойынша өзге де жіктелуі қарастырылуы мүмкін.
Сақтандырылғандар тарапынан тұлғалардың көптілігі топтың сақтандыру
шартын жасауға әкеп соғады. Сақтандырушы тарапы жағынан тұлғалардың
көптілігі ортақ сақтандыру құрады. Егер сақтандырушының өзі сақтанушы
алдындағы өз міндеттерінің бәрін немесе оның бір бөлігін орындамауына
байланысты тәуекелді сақтандыратын болса, қайта сақтандыру шарты орын
алады.
Қайта сақтандыру сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап,
кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта
сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін
беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар. Қайта
сақтандырудың өзі де бөлінеді. Заңмен бара - бар және бара бар емес қайта
сақтандыру түсініктері енгізілген. Бара - бар қайта сақтандыру;
0. бұл тиісті сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта
сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттен қабылданған
сақтандыру міндеттемелерінінің үлесіне бара бар мөлшерде сақтандыру төлемін
жүзеге асыруға өзі міндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру.
1. Бара-бар емес қайта сақтандыру бұдан бөлек, сақтандыру шартына сәйкес
көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша
цеденттің өзі ұстап қалатын сомасынан артығы мөлшерінде жүзеге асыруға
өзіне міндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру. Өзі ұстап қалатын сома деп -
қайта сақтандыру шартымен сәйкес өз есебінен цедент жауапкершілікті
атқаратын сақтандыру сомасын атайды.
Шекаралық сақтандыру (қайта сақтандыру) белгілері. Қазақстан
Республикасында немесе оның сақтандыру сыйлық ақысы төленетін сақтандыру
(қайта сақтандыру) шекаралық болып табылады. Шекаралық сақтандыруды
жүргізудің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен
немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен белгіленеді.
Сонымен қатар заңда өзара сақтандырудың мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар
мен заңды тұлғалар қажетті қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына біріктіру
жолымен өзара негізде өз мүлкін және мүлікті мүдделерін (кәсіпкерлік
тәуекелдер, азаматтық құқықтық жауапкершілікті) сақтандыра алады. Өзара
сақтандырудың ерекшелігіне егер қоғамның құрылтай құжаттарында мүндай
жағдайларда сақтандыру шарттарын жасау көзделмесе, қоғам өзінің мүшелерінің
мүлкін және мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды мүшелік кезінде тікелей
жүзеге асыратыны жатады.
Сақтандыру компаниясы экономиклық жүйеде жеке шаруашылық субъект ретінде
және де өндіріс қатынастары жүйесіне еңгізіп қалыптасады. Экономикалық
бірлік ретінде сақтандыру компаниялары өздерінің қатынастарын басқа да
сақтандырушылармен қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру арқылы жүзеге
асырады.

Ескерту-
2 сурет - Сақтандыру компаниясының клиентпен қарым қатынасының құрылымы
Сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің арасындағы ең басты
айырмашылық – брокер өз атынан сақтандыру компаниясына тәуелсіз делдал
қызметін атқаруында. Брокер сақтандыру компанияларының қаржылық жағдайы
жайлы көп ақпарат жинайды, алған мәліметтерді жүйелеп, сараптайды, өз
клиенттеріне сақтандырудың қолайлы, оңтайлы жағдайларын ұсынады. Жоғарғы
деңгейлі, кәсіби маманданған брокердің қызметі дамыған елдерде әсіресе,
Ұлыбритания мен АҚШ- та үлкен сұранысқа ие.
Осылайша сақтандыру нарығы сақтанушылар сақтандыру қызметін ұсынатын,
сақтандыру компаниялары, сақтандырушы делдалдар және сақтандыру
инфрақұрылымының ұйымдары, сақтандыру қызметтеріне деген сұранысты
қалыптастыратын экономикаллық кеңістік құрайды.
Жұмыс істейтін сақтандыру нарығы әр алуан құрылымдық бөліктерді
құрайтын күрделі жүйе болып табылады[10].
Сақтандыру компаниясы – сақтандыру қоры қызметінің тарихи белгіленген
қоғамдық формасы, ол сақтандыру келісім шартышарттарын жүзеге асыратын жеке-
дара құрылым болып табылады. Сақтандыру компаниясына техникалық ұйымдасқан
бірлік пен жеке даралық тән. Оның экономикалық жеке-даралылығы
ресурстардың өзектілігі және де өзіндік айналымында байқалады.
Қоғамдық тәжірибемен дәлелденген ықтималдықтары күту және
сақтандырушылар сақтандыру полисін жасау арқылы шешімдерді қабылдайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында сақтандырушы өзінің сақтандыру қорының
ресурстарын пйдалануға тәуелді екенін түсінеді. Сақтандырушы қызығушылығы
бар кәсіпкер рөлінде қарастырылады, өйткені ол заңнамалық актілерге сәйкес
бекітілген істің жүргізілуіне жауапты.
Осылайша, сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар жағдайында
субъектілердің тәуелсіздігін көрсетеді, сонымен қатар сақтандыру қызметін
сату және сатып алу жағдайында олардың теңқұқылы әріптестікте болуы және де
көлденең немесе тікелей байланыстардың дамыған жүйесі.
Сақтандыру нарығы денгеніміз – қоғамдық қажеттілікті сақтандыру
қорғанысы арқылы қанағаттандыруда сақтандыру өтімі ерекше өнімді сату
және сатып алу себептері пайда болғанда қызмет атқаратын экономикалық
қатынастардың жүйесі.
Сақтандыру нарығы сақтандыру қорын жинақтаушы, тәуелсіз, мүліктік
бөлек ұйымдар ретіндегі, сақтанушылардың көп болу жағдайында пайда болады.

1 кесте - Сақтандыру нарығының сипаттамасы

Сақтандыру нарығының Сақтандыру нарығының ерекше белгілері
құрылымдық белгісі
Географиялық белгісі Сақтандыру нарығының географиялық белгісіне
(масштабы) (масштабына) байланысты ұлттық, аймақтық және
халықаралық болып бөлінеді.
Бұл нарықтар арасында бірлік, тұрақты қарым-
қатынастың болуы әлемдік нарықты қалыптастырады.
Инуституционалдық Сақтандыру нарығының барлық түрлерінің өзінің
белгісі институционалдық, фирмалық құрылымы болады.
Мысалы, Ұлыбританияда авиацияны сақтандыру
нарығы 420 сақтандыру компанияларынан тұрады, ал
жүк тасымалдауды сақтандыруды 530-дан астам
сақтандыру компаниясы жүргізеді.
Ағылшын ұлттық сақтандыру нарығы 800 сақтандыру
компаниясынан, Ллойд сақтандыру компаниясының
400 синдикатынан, 7000 брокерлік фирмадан және
10000 астам жеке брокерден тұрады.
Салалық белгісі Жеке. Мүліктік және жауапкершілік сақтандыру.
Ескерту- [4]

Ұлттық сақтандыру нарығы – бөлек бір мемлекеттегі сақтандыру
ұйымдарының қызмет саласы. Барлық сақтандыру қызметі ұлттық сақтандыру
нарығында сақтандыру заңнамасы шегінде жүзеге асырылады және де оны бақылау
мемлекеттік қадағалау органына жүрктеледі (Ұлыбританияда – сауда және
өндіріс департаменті, АҚШ-та – штаттардың сақтандыру комиссарлары).
Институционалды сақтандыру нарығы – сақтандыру компанияларынан,
мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарынан, сақтандыру брокерлері мен
агенттерінен тұрады.
Ұлттық сақтандыру нарығында – ұлттық сақтандыру ассоциациялары,
сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қызмет атқарады. Ұлттық
сақтандыру ассоциациялары өкілеттегі халықаралық келісөздерде, ақпарат
құралдарында сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін қорғайды.
Ұлыбританияда британдық сақтандырушылар ассоцациясының мүшелері 450
сақтандыру компаниясы болып табылады.
Аймақтық сақтандыру нарығы бір-бірімен интергарациялық байланыста
болатын кейбір аймақтардағы ұлттық сақтандыру нарықтарын, сақтандыру
ұйымдарын біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарықта Солтүстік Америка нарығын
жатқызуға болады (АҚШ, Канада, Мексика – еркін сату аймағы туралы
келісімшартқа қол қойған мемлекеттер). Терең интеграциялық прцестер Еуропа
Одағының сақтандыру нарығында, Еуропа Одағының сақтандыру
нарығында−Бірыңғай Еуропа жалпы бағдарламасын қалыптасумен байланысты
жүргізілуде. Еуропа Одағын ұлттық сақтандыру заңнамасымен үйлестіруді
қарастырады.
Халықаралық сақтандыру нарығы – аймақтар мен мемлекеттер арасындағы
сақтандыру қызметтерін айырбастау (экспорт және импорт) жүйесі. Бұл нарық
арқылы ірі тәуекелдерді сақтандыру – ұлттық және аймақтық нарықтары
арасында қайта сақтандыру немесе брокерлер арқылы бөлінеді.
Ақырғы екі он жылдықта сақтандыру компаниялары әлемдік сақтандыру
нарығын дамытуда, оны кеңейту мақсатында тәуекелдерді диверсификациялау,
сақтандыру портфелін қалыптастыру және тұрақтандыруды негізге алады.
Әлемдік сақтандыру нарығы құрылымының өзгеруінің негізгі себептері:
-Сақтандыру бизнесін одан әрі шоғырландыру және ірі халықаралық
сақтандыру компанияларының рөлін арттыру;
-Мемлекеттің әлеуметтік саясатының және демографиялық өзгерістерінің
нәтижесінде жеке сақтандырудың әр түрлерінің және өмірді сақтандыру
үлесінің жалпы сақтандыру қызметін тұтыну құрылымының өсуі;
-Сақтандыру бұқаралық тұтыну қызметтері бойынша сұраныстың
толықтығына байланысты сақтандыру сыйақыларының түсімінде АҚШ және
Еуропаның дамыған сақтандыру нарықтарының үлесін азайту;
Ірі сақтандырушылардың қызметінде тәуекелді басқару құралы ретінде
өзін-өзі сақтандыру ролін көтеру.

1.2 Сақтандыру нарығын құқықтық реттеу механизмдері

Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар арқылы
көруге болады.
1. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнен,осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Осы Заңмен тiкелей реттелген қатынастарды қоспағанда,
сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актiлерiнiң қолданылатын аясына
жататын қатынастар осы актiлермен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта
осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
Осы Заңмен реттелетiн қатынастар:
1. Осы Заң кәсiпкерлiк қызмет түрi ретiнде сақтандыруды жүзеге
асырудың негiзгi ережелерiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын,
сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату
ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы
қызметiнiң талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттiк реттеу мiндеттерiн
және сақтандыру қызметiн қадағалауды қамтамасыз ету принциптерiн
белгiлейдi.
2. Қаржы нарықпен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi органның) және
(немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық
Банк) осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлерi сақтандыру
рыногының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003
жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Заңы [1]
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11- III және 20 желтоқсандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жалпы сипаттамасы
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру
Сақтандыру ұйымдардағы қаржылық менеджмент
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
Жылжымайтын мүлік
Жылжымайтын мүлік түрлері және оны бағалау
Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Пәндер