Тауар жеткізілімі келісім шарты


Есеналиев Аскат Ералыулы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
Түркістан 2022ж.
Бұл дәріс тезисі Азаматтық құқық саласының «Міндеттемелердің жекелеген түрлері», «Интеллектуалдық меншік құқығы» және «Мұрагерлік құқығы» бөлімдерін қамтиды. Қазақ тілінде Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі бойынша комментарий болмауына және осы кодекстің қазақ тіліндегі мәтініндегі көптеген олқылықтарға байланысты студенттер және өзге қызығушылық білдіретін азаматтарға аталған тақырыптарды игеру қиындау болып келеді. Осы құрал тиісті салада білім алушыларға ыңғайлы, түсінікті әдістермен көмек беру мақсатында дайындалған.
Азаматтық құқық пәні бойынша білім алушылардың басты мақсаттарының бірі - теориялық білімдерді және заңнамалық нормаларын тәжірибеде пайдалана білу. Сондықтан әрбір тараудың немесе тақырыптың соңында нақты тәжірибелік жағдайлар келтірілген.
Дәріс тезисі «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Кеден ісі» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, азаматтық құққы саласында қызмет ететін азаматтарға және өзге қызығушылық білдіретін тұлғаларға арналған.
МАЗМҰНЫ КЕЛІСІМ ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
МҮЛІКТІ МЕНШІККЕ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚҚА БЕРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТҰРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР
МҮЛІКТІ УАҚЫТША ИЕЛЕНУГЕ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Мүліктік жалдау (аренда) шарттары және олардың азаматтық-құқықтық сипаттамасы
ЖҰМЫСТАР ЖАСАУ ТУРАЛЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Жұмыстарды жасау туралы міндеттемелердің нысанасы (пәні, заты) . Мердігерлік шартының жалпы ережелері.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Қызмет көрсету туралы міндеттемелерінің ұғымы мен түрлері.
Өтемелі (ақылы) қызмет көрсету келісім шарты
- МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
1. Келісім шарттық міндеттемелер
Мүлікті меншікке немесе өзге заттық құқыққа беруден туындайтын
міндеттемелер тұралы жалпы түсініктер
Азаматтық құқықтың ерекше бөлімін игеру барысында келісім шарттық міндеттемелердің және келісім шарттардың жеке түрлерін сипаттау қажет болады. Келісім шарттық міндеттемелер сан алуан түрлі келісімдерден туындайды және өз кезегінен: мүлікті немесе мүліктік құққытарды өзге тұлғаларға меншік (оралымды басқару, шаруашылық жүргізу) құқығына беру туралы; мүлікті өзге тұлғаларға уақытша иелену, пайдалану құқығына беру туралы; жұмыстар жасау туралы; қызмет көрсетуден туындайтын міндеттемелерге бөлініп қарастырылады.
Бұл міндеттеме түрлерінің анықтамасын (түсінігін, ұғымын), олардың объектісін (нысанасын, затын, пәнін), өзге шарттық міндеттемелерден айырмашылығын білу; және бұл міндеттемелер түрлерінің пайда болуына келтіретін барлық шарттарды атап, сипаттап өту қажет болады. Келісім шарттардың әр түрін сипаттау кезінде келесі жағдайлар анықталады: тараптардың атаулары; әр шарттың субъектілеріне қойылатын талаптар; нақтылы немесе консенсуалды, ақылы немесе ақысыз, екі тарапты да міндеттейтін немесе бір тарапты міндеттейтін келісім шарт екендігін; мерзімді әлде мерзімсіз бе, және қандай нормативтік құқықтық актілермен реттелетіні анықталады. Осыдан кейін тараптардың құқықтары мен міндеттерінің, олардың жауапкерішілігінің сипаттамасы беріледі.
Студенттердің басты мақсаттарының бірі - теориялық білімдерді және заңнамалық нормаларын тәжірибеде пайдалана білу. Сондықтан әрбір тараудың немесе тақырыптың соңында нақты тәжірибелік жағдайлар келтіріледі.
Мүлікті меншікке немесе өзге заттық құқыққа, яғни шаруашылық жүргізуге, жедел (оралымды) басқаруға беруден туындайтын міндеттемелер сатып алу - сату шартынан, оның түр-түрлерінен және айырбастау, сыйға тарту мен рента шарттарынан туындайды.
Бұл міндеттемелердің маңыздылығы - олардың нәтижесінде көбінде абсолюттік заттық құқық, яғни меншік құқығы бір тұлғадан (тұлғалардан) өзге тұлғаға (тұлғаларға) ауысуында, жаңа меншік иесі пайда болуында, бұрынғы меншік иесінің заттық құқықтары тоқтатылуында.
Қазіргі кезде сатып алу-сату шарты оның көптеп және бөлшектеп (жекелеп) сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, энергиямен жабдықтау, келісім шарт жасасу (контрактация) шарттары сияқты түрлеріне қатысты, тектік ұғым ретінде қаралады. Ал бөлшектеп (жекелеп) сатып алу-сату шартының өз кезегінен келесі түрлері болады: үлгілер бойынша сату, несиеге сату, автоматтар арқылы сату, белгілі бір орынға дейін жеткізіп беру тәсілімен сату және т. б.
- САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ ШАРТЫ БОЙЫНША
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Сатып алу-сату келісім шартының түсінігі.
Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) екінші тарап (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге міндеттенеді.
Келісім шарт тараптары - сатушы мен сатып алушы болады. Олардың орнында әрекет қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға және мемлекет те болуы мүмкін.
Шарттың заты (нысанасы, объектісі) ретінде азаматтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген мүлік (тауар) және мүліктік құқық болады (АК 406-б. 4-т. ) . Айналымы шектеулі мүлік тек арнайы рұқсат (лицензия) бойынша сатылады. Бұл келісім шарт қазіргі кезде бар тауарды беру жөнінде де және болашақта жасалғаннан немесе сатып алғаннан кейін болатын тауарды беру жөнінде (фьючерстік мәміле) де жасалуы мүмкін (АК 407-б. 2-т. ) .
Шарт консенсуалды, екі тарапты міндеттейтін және ақылы болады. Шарттың елеулі жағдайларына тауардың атауы және саны жатады (АК 407-б. 3-т. ) . Сатып алу-сату шарттарының кейбір түрлері ҚР АК 25-ші тарауымен қоса арнайы заңдармен реттеледі, мысалы: ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңымен, «Электр энергетикасы туралы» т. б. заңдармен.
Бұл келісім шарт консенсуалды болғандықтан, тараптардың құқықтары мен міндеттері де олар заң қажет ететін нысанда келісімге келген уақытта пайда болады.
Сатушының міндеттері : тауарды/затты оның барлық құжаттарымен, керек-жарақтарымен, саймандарымен тиісті сапасы мен саныңда, ассортиментінде, қапталған түрінде және үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс сатып алушыға беру болып табылады (АК 408, 413-б. ) . Егер консенсуалды келісім шарт бойынша сатып алушыға меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы тауарды берместен бұрын ауысқан болса, сатушы сол тауарды бергенге дейiн оның нашарлауына жол бермей сақтауға мiндеттi (412-б. ) . Сатушының тауарды беру міндетін орындау уақыты туралы ережелерді ерекше атап өту қажет (АК 410-б. ) . Егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған тұлғаға тауарды берген кезінде міндетін тиісінше орындады деп есептеледі. Егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған тұлғаға берiлуге тиiс болса, сатушының міндеті сатып алушының билiгiне тауар берген кезiнде орындалған болып есептеледi.
Тауар шартта көзделген мерзiмде тиiстi жерде беруге дайын тұрған және сатып алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендiгi туралы хабардар болған кезде тауар сатып алушының билiгiне берiлген болып есептеледi. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде келісім шарт мақсаттары үшiн сәйкестендiрiлмесе тауар берiлуге дайын емес деп танылады. 9
Тауарды жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру жөнiнде сатып алу - сату шартынан сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға жеткiзу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға беру мiндетi орындалған болып есептеледi.
Азаматтық кодекстің 190-бабына сәйкес, иелiктен шығарылған (яғни, сатылған) заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер заңнамада немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi. Егер сатушы заттарды беру мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi мерзiмiн өткiзiп жiберген тарап көтередi.
Бұл жалпы ережелер Азаматтық кодекстің 411-бабында сатып алу - сату келісім шартына қатысты келесідей нақтыланады. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөнiндегi өз мiндетiн атқарды деп есептелетiн кезден бастап сатып алушыға ауысады. Жолда келе жатқан кезде сатылған тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер шартта немесе iскерлiк айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға ауысады. Егер шарт жасасқан кезде сатушы тауардың жоғалтылғанын немесе бүлiнгенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса және бұл туралы сатып алушыға хабарламаса, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушының талап етуi бойынша тауар бірінші тасымалдаушыға өткізілген кезден бастап сатып алушыға ауысатындығы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Сатып алушының міндеттері : тауарды қабылдап алудан және қажет болған жағдайда, ол жөнінде қолхат беруден немесе тауарды қабылдап алу жөнінде акт жасаудан тұрады. Сатып алушының ең негізгі міндеті сатып алу ақысын төлеу болады (АК 439-б. ) . Кейбір жағдайларда сатып алушыға тауарды сақтандыру және сатушыны шарттың тиісті дәрежеде орындалғаны жөнінде ескерту міндеттері жүктеледі.
Ескеретін жағдай: міндеттемелік құқықта бір тараптың құқықтары қарсы тараптын міндеттеріне сәйкес келеді. Мысалы, сатушының тауарды беру міндеті, сатып алушының тауарды тиісті сапа мен санында, барлық саймандарымен және құжаттарымен беруді талап ету құқығына сәйкес келеді және т. б. Сатып алушының тауар ақысын төлеу міндеті сатушының тауардың ақысын толық және тиісті уақытта төлеуді талап ету құқығына сәйкес болады.
Сатушы мен сатып алушының жауапкершілігі, жалпы ереже бойынша, әр тарап өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда туындайды. Олардың жауапкершілігінің негізгі түрлері: шығындарды өтеу және тұраксыздық төлемін (айып, өсім) төлеу. Қазіргі уақытта тұрақсыздық төлемі көбінде келісім шарттың мазмұнында белгіленуі қажет себебі заңда көзделген (заңды айып, өсім) тұрақсыздыө төлемдері өте сирек кездеседі. Сондықтан шарт жасасу кезінде тиісті жауапкершілік шараларын қарастыруды ұмытпау қажет. Заңды айып төлеу - ол тек біреудің ақшаларын заңсыз пайдаланудан туындайтын ақшалай міндеттемелер бойынша қолданылады (ҚР АК-353 б. ) .
Сатып алу-сату келісім шарттарының жалпы ережелерін сипаттап болғаннан кейін шарт ұғымынан бастап, бұл келісім шарттың әр түрінің ерекшеліктеріне тоқтап өту қажет. Сату-сатып алу шарттарының саралану негізі - олардың бір бірінен сату тәсіліне және объектісіне қарай ерекшеленуіне байланысты болады. Сондықтан, сатып алу-сату келісім шарттарының барлық түрлерінің азаматтық-құқықтық сипаттамаларының ерекшеліктеріне мейілінше толық тоқтап өтейік.
Бөлшектеп (жекелеп) сатып алу-сату келісім шарты
Келісімшарт түсінігі. Бөлшектеп (жекелеп) сату шарты бойынша тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді.
Сатып алу-сату келісім шартының осы түрін жетілдіре түсіну үшін «бөлшектеп» сату дегеніміз тұтынушылық мақсатттарда сатуға рұқсат етілетін кез келген заттардың, яғни тауарлардың, бір-бірлеп, жекелеп, аз көлемде, және т. с. с. сатылуы деп білу қажет. «Бөлшектеп» сатудың қарама қарсы түсінігі - ол көптеп сату, көтерме сауда жасау.
Жалпы сату-сатып алу шартына қарағанда бөлшектеп сату келісім шарты жария шарты болып танылады (ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабын қараңыз), ол жөнінде ҚР АК-нің 445-б. 2-тармағында айтылған. Тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т. б. ) беру, сатушы тиістi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулі жағдаяттарының көрсетілгенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған (жариялық) оферта болып танылады. Ал тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлім адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды.
Басқа дәлелдемелермен қоса, бұл келісім шарт бойынша шарттың жасалу фактісін дәлелдеу үшін сатып алушы күәлардың айғақтарына сүйенуіне болады.
Бөлшектеп сату шарты әр түрлі негіздер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: сатып алушымен тауарды белгілі бір мерзімде қабылдап алу шартымен жасалатын шарт; үлгілер немесе каталогтар бойынша сату; тауарды автоматтар арқылы сату; сатып алушыға тауарды жеткізіп беру шартымен сату; 11 несиеге сату; өзіне өзі қызмет көрсетумен сатып алу (орысша - самообслуживание) ; электрондық нысанда сатып алу және т. б.
Бөлшектеп сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеттері - сатып алушыға (тұтынушыға) келісімде көзделген тауарды беру, оның керек-жарақтарын, құжаттарын беру және сонымен қатар сатып алушыға тауар жөнінде барлық мәліметтерді/ақпаратты беру болып танылады (АК 448-б. ) .
Сатып алушының негізгі міндеттері - тауарды қабылдау және оның құнын төлеу.
Тараптардың құқықтары жоғарыда келтірілген міндеттерге сәйкес туындайды.
Сатушы сапасы жарамсыз тауарды айырбастап беру немесе қайтару кезінде «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының нормалары мен ҚР АК-ның 454-бабы нормалары қолданылады. Бірақта тәжірибеде «тауар айырбастауға және қайтаруға жатпайды» деген хабарландырулар ілу арқылы бұл нормаларды сатушылар өрескел бұзуға дейін барады.
Аталған АҚ 454-бабы бойынша сатып алушы әуелі сапасы лайықты тауарды алмастыруға құқылы: Атап айтқанда, сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т. б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.
Сатушыда алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы. Егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.
Алмастырылуға немесе қайтарылуға жатпайтын тауарлардың тiзбесi Қазақстан Республикасы «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабында белгiленген тәртiппен айқындалады. Мұндай тауарларға келесілер жатқызылады:
1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар;
2) іш киім;
3) шұлық-ұйық бұйымдары;
4) жануарлар мен өсімдіктер;
5) метрлеп сатылатын тауарлар, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталар, тоқыма және перделік кенеп мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес материалдары, ленталар, шілтер, таспа, сымдар, баулар, кәбілдер, линолеум, багет, пленка, клеенка.
ҚР АК-ның 455-бабында оған сапасыз тауар сатылған жағдайда, сатып алушының құқығын қорғау шаралары көзделеді.
Сатып алушы тауардан кемшіліктер тауып, оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушының (дайындаушының) тауар сапасын қосымша тексеруі қажет болған кезде тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті. Тауарды (жиынтықтаушы бұйымды) ауыстыру кезінде, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілді мерзім оны тұтынушыға берген күнінен бастап қайта есептеледі.
Егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, сатып алушының келісімі бойынша сатушы (дайындаушы) тауардан табылған кемшіліктерді тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс. Тауардағы кемшіліктер жойылған жағдайда кепілді мерзім тауар пайдаланылмаған мерзім ішіндегі уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт сатып алушы кемшіліктерді жою туралы талаппен жүгінген күннен бастап оның талабы орындалған кезге дейін есептеледі.
Кепілді мерзімі белгіленбеген тауарға қатысты, егер тұтынушы тауардың кемшіліктері тұтынушыға берілгенге дейін пайда болғанын немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшіліктері үшін сатушы (дайындаушы) жауап береді. Сатушы (дайындаушы) сатылған (дайындалған) тауардың кемшіліктері үшін олар жөнінде өзі білмеген жағдайда да жауап береді. Сатушыны (дайындаушыны) жауапкершіліктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келісім жарамсыз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz