Өмірбойы асырауда ұстау шарты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика , басқару және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

БӨЖ

Орындаған: Сәрсенбек А.
Қабылдаған: Тұрлыбеков Қ.
Тобы: ЗҚТ-012

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Рента шарты туралы түсінік
2. Тұрақты рента шарты
3. Ғұмырлық рента шарты
4. Өмірбойы асырауда ұстау шарты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе: Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн.Рента шартының нысаны Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс, ал рентаны төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру көзделетiн шарт та мемлекеттiк тiркелуден өтуге тиiс.Рента төлеу үшiн мүлiктi иелiктен айыру Рента төлеу үшiн иелiктен айырылатын мүлiктi рента алушы рента төлеушiнiң меншiгiне ақы төлетiп немесе тегiн беруi мүмкiн. Рента шартында мүлiктi ақы төлетiп беру көзделген жағдайларда тараптардың беру және төлеу жөнiндегi қатынастарына сатып алу-сату шарты туралы ережелер (осы Кодекстiң 25-тарауы), ал мұндай мүлiк тегiн берiлетiн жағдайларда, егер осы тараудың ережелерiнде өзгеше белгiленбесе және шарттың мәнiне қайшы келмесе, сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 27-тарауы).
Қозғалмайтын мүлiкке рента жүктеу
1. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады. 2. Рента жүктелiп берiлген, осы баптың 1-тармағында аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады (осы Кодекстiң 357-бабы).
Рентаның төленуiн қамтамасыз ету
1. Жер учаскесi немесе басқа да қозғалмайтын мүлiк құқығы рента төлейтiн етiп берiлген кезде рента алушы рента төлеушiнiң мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн осы мүлiктi кепiлге беру құқығын алады. 2. Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (осы Кодекстiң 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелi рента алушының пайдасына сақтандыру мiндетiн белгiлейтiн талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлiктi рента төлейтiн етiп берудi көздейтiн шарттың елеулi талабы болып табылады. 3. Рента төлеушi осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ рента алушы жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы. Рента төлеудiң мерзiмiн кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
1. Рента шарты туралы түсінік.
Рента қарым - қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын пайда болды. Аталған шарттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл таруда оларды қарауға артықшылық беріледі. И.Грешников рентаның тұрақтанған түсінігін берген: Рента сөздің кең мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Мысалы, егін шаруашылығында, табысты өңделетін жер учаскелері құнарлы топырағын және орналасқан жерін пайдаланаып табыс табады. Жылжымайтын мүлікің, кәсіпорындарындың иелері үшін ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және кәсіпорындардың қасиеттері келеді. Рента қарым - қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын пайда болды. Онда рентаға рента шартын 517 - 539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді. Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптын (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл - мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген. Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады. Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып - алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар. Рента шартының ерекшелігі - мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей жіберілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 519 - бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты (25 - тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі) немесе сыйға тарту шарты (ҚР АК 27 тарау) туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың мәнісіне қайшы болмауы керек. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін. Біздің көзқарасымыз бойынша, рентанаың тағы да бір нақты ерекшелігі рента төлеуші рента алушыға (мүліктің алғашқы иесіне) мүліктің жетіспеушілігі, бұзылғандығы туралы сатып алу - сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу - сату қатынастары үшін белгіленген нормаларды барынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланған негізінен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебі бұл шарт орындалуына кедергі жасайды. Сатып алу - сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауырпалығы болмауына өз мүдделігі бар болып келеді. Егер ауыртпалығы сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар мәселесі реттелмеген. Сондықтан біз белгілеп отырған сұрақтарға көзқарастар әртүрлі болуы мүмкін. Рента шарты экономикалық ренталық қатығыстарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексінің нормалары рента - меншік иесі туралы үйреншікті болып келетін көзқарасты жоққа шығарады (біз нақты рента шарты туралы айтып келеміз). Рента алушыда тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап етуге міндеттемелік құқығы бар болады. Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейді. Тек ғұмырлық рента төленуі үшін пәтер, тұрғын үй және өзге де мүлік иеліктен тегін шығарылса және рента төлеушісі рента жағдайларын елеулі бұзса бұл міндеттемелік құқық пайда болады (ҚР АК 533 - бабы 2 - тармақ). Осыған қатысты экономикалық мағынада бәрібір бұрынғы меншік иесі өз мүмкіншіліктерін сақтай береді деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншік құқығы заңды түрде өзге субъектіге рәсімделетін болғасын бұл дәлелдеуіміз тұрақсыз болып шығады. Рента төлеушісі өзіне меншіктің ауыртпалықтарын жүктеуге келісуі үшін салмақты себептер қажет. Жаңа меншік иесі рентаны алғашқы меншік иесімен бөлісуге мәжбүр болғанына қарамастан, ол ұтста да болады. Жаңа меншік иесі өз бетімен де рантье болып шығады. Экономикалық ренталық қатынастар мүлікті жалдау шартымен де нәтижелі қамтылуы мүмкін. Мүліктің жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшеліктері, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкіншілік береді (аренда шарттарын жасасу негізінде). Бірақ заңгер рента шартына кәсіпкерлік емес қатынастарды реттейтін ретінде қарайтынын ұмытпауымыз керек (ҚР АК 523 - бабы 1 тармағы., 530 бабы 1 тармағы), рента осы себептен кәсіпкерлік пен беретін құқықтық нысан болып бағалуны мүмкін.. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды. Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Сөйтіп меншік иесі табысты бір рет қана болса да бірақ аса қауіпсіз таба алады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының жағдайын ескере отырып, рента қатынастарының және заем қатынастарының заңды нысандарын айқын ажырату керек. Болмаса тәжірибеде осыған қатысты қателесулер орын алып келеді. Кейде заңгерлер бұны түсіне тұра немесе түсінбей - ақ олардың ажыратылысын ескермейді, бұл жағдайды ескермеу заңды бұрмалауға әкліп соқтырады, мемлекетіміздің қаржы жүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін, жалпылама мүдделерді жария бұзады. Жалпылама рентада оларды бөліп шығару мәжбүрлі қажетті болып келетін дербес, элементтер бар ма деген сұрақты қою орынды болады. Рента шарты институтының жаңалығы осыны талап етеді. Ал бұл мәселеге арналған зерттеулер өте жеткіліксіз. Өз кезегінде рента шарты бұл оларды жасау, әсіресе орындау кезінде даулы сұрақ көбі туындайтын азаматтық құқықтық шарттардың бірі. Мәміле екі жақты болып келетін жағдайда оның мақсаты күредлі болып келеді. Рента төлеушісі үшін рента шарты бойынша негізгі қажетті нәтиже бұл арқылы немесе ақысыз негізде ренталық табысты келтіру мүмкін мүлікті алу. Осы себептен ол мүліктің құны едәуір болып келеді. Сөйте тұра ол мүліктің бұрынғы иесіне артық жоғары рентаны бас тартқысы келеді. Осы нәтижені рента төлеушінің теріс нәтижесі қылып белгілеуге болады. Рента алушы тым аз емес ренталық төлемдерді алғысы келеді. Рента шарты қазіргі азаматтқы құқықта оларға реалдық мінезі берілген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен міндеттер пайда болуы үшін мүлік рента төлеушіге берілуі керек. Рента шарты бір жақты шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен кейін жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай міндеттеме жүктелмейді. Рента төлеуші рентаны сатып алу құқықтарына ие болады, бірақ бұл құқық негізгілердің қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып алу - сату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкін, бірақ рента шарты рента төлеугісі үшін жоғары тәуекелді болғасын, оларды қолдану мүмкіншілігі бірталай шектеледі.
Рента шартын және өсиетті қоспағанда ерекше бөлімінің нормалары өзге мәмілелерге оларды нотариатты нысанда жасау бойынша талаптарды қарастырмайды. Егер рента төлеу үшін қозғалмайтын мүлік иеліктен шығарылса, онда нотариалдық куәландырудан басқа рента шартын мемлекеттік тіркеуден өткізілуі тиіс. Бұндай талаптар рента шартының жоғарыда қарастырылған ерекшеліктеріне негізделеді. Тараптардың шынайы еркі туралы дау - дамайлар туындауы мүмкін. Мысалы, рента төлеуші мүлік бағасын бөліп төлеймін деп болжағаны анықталуы мүмкін. Нотариат қызметіне тараптардың нақты мақсатын анықтау жатады, ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын және мәнін түсіндіруге міндетті (Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңының 35 бабы). Рента шартының заңды құрылымының күрделігін ескертін болсақ, бұның мәнін келісетіндер үшін аз емес екенін таныимыз. Тараптар рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлікке) рента ауырпаылқ тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса, онда рета шарты төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса онда рента шарты бойынша оның міндеттемелері мүлікті иемденушіге өтеді. Бұл заңнамалық шешім Ген негізінде рента төлеушінің де рента алушының да мүдделерін ескереді. Болашақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір бойы асырауда ұстау шартының құқықтық реттелуінің мәселелері: теория және тәжірибелік мәселелері
Рента шартының ерекшелігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Рента шартының жалпы ұғымы мен нысаны
РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ
Рента шарты туралы ұғым
Рента шартының түсінігі мен түрлері
Рента шартының түрлері
Тұрақты рента шарты
Рента шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Пәндер