МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Бөлім. Балалардың тілін дамыту диагностикасы

Тақырып: Бала тілінің даму деңгейін зерттеу жұмыстары (Бала тілінің даму деңгейінің индикаторлық көрсеткіштері)

Үйге тапсырма:

1. Ересек және даярлық топ балалардың тілінің даму деңгейін зерттеудің "Сөйлеуді дамыту" "Көркем әдебиет", "сауат ашу негіздері" бөлімі бойынша тапсырмалар жасау (тапсырма, критерий)

Сілтеме:

1. "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы" бағдарламалары мен ҚР МЖМББС

2. А. М. Бородич "Методика развития речи детей" (89-107 беттер)

3. В. К. Лоторева "Методика развития речи детей дошкольного возраста» (4-25, 26-46 беттер) .

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 12. 08. 2016 №499 бұйрық

5. А. И. Максаков, Г. А. Тумакова "Учите играя", Г. С. Швейко "Игры и упражнения для развития речи"

6. В. В. Гербова, А. И. Маскаковтың "Занятия по развитя речи средней группы"

7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша

8. А. Б. Бакраденова. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту теориясы мен әдістемесі - Алматы, Эверо, 2018 -352 б

9. К. Метербаева, А. Искакова Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі/Оқу құралы-Астана. Фолиант, 2017-184 б. (120-131 беттер)

10. К. М. Метербаева. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру әдістемесі 5-7 жас: оқу құралы. - Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013 - 95 бет

11. З. К. Мустафина, В. С. Торемуратова, А. С. Маметекова, С. С. Быстрова. Сөйлеудің даму негіздері: Оқу құралы-Нұр-Сұлтан: «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2019

12. Ж. К. Бисембаева. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі: оқу әдістемелік құрал- Қостанай: У. Султангазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, 2019. - 81 б.

Дәріс:

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ҚАДАҒАЛАУ БОЙЫНША ДИАГНОСТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, республиканың мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарындағы балалардың даму деңгейлеріне мониторинг жүргізудің біріңғай жүйесі енгізілді.

Индикаторлар - білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері.

Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады.

Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады.

Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша мониторингтің біріңғай тәсілін қамтамасыз ету.

Әдістемелік ұсынымдар келесі міндеттердің шешілуіне ықпал етеді: - мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызметтің сапасын арттыруға бағытталған ақпаратты жинау және өңдеу; - Үлгілік оқу бағдарламасы талаптарын ескеріп, мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін табу; - білім беру процесін жеке және топтық жоспарлау.

Әдістемелік ұсынымдар келесі бөлімдерден тұрады:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері»,

«Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін есептеу әдістемесі».

Күтілетін нәтиже : мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылаудың ортақ тәсілі мектепке дейнгі білім беру сапасы туралы мәліметті алуға, балалардың жетістіктерінің динамикасын бағалауға, балалармен алдағы жұмысты жоспарлауды қамтамасыз етеді.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стнадарты талаптарын;

- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын;

- Бақылу парға мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі;

- мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін;

- баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін өлшеу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, өнімді әрекет түрлерін;

- мектепке дейінгі жастағы баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін есептеу әдістерін;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажет.

Мониторингтің субъектісі мектеп жасына дейінгі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. Мониторингтің объектісі балалардың жасы мен «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкес олардың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттері.

Стандарт талаптары бала дамының 3 деңгейі болуын қарастырады және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылады:

1) 1-деңгей - бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;

2) 2-деңгей - бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;

3) 3-деңгей - бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше шығармашылықпен қолданады.

Мониторинг нәтижелерін алу әдістері:

- балаларды бақылау;

- әңгілелесу;

- бала әрекетінің өнімдерін талдау;

- диагностикалық жағдаяттар.

Жетекші әдіс - бақылау, ол балаға табиғи жағдаятта, күнделікті өмірде жүргізіледі. Диагностиканы жүргізу кезеңдері: жылына 3 рет

- оқу жылының басында, ортасында және соңында:

- бастапқы - қыркүйек;

- аралық - қаңтар;

- қорытынды - мамыр.

Мониторинг жүргізу ерте жас тобынан басталады.

Бастапқы бақылау индикаторлары

Бақылау парақтарында берілген (1 қосымша) .

Аралық (2 қосымша) және қорытынды (3 қосымша) диагностиканың индикаторлары аталған топ үшін Үлгілік бағдарламада анықталған жартыжылдық бойынша күтілетін нәтижелер болып табылады.

Басқа топтар (сыныптар) үшін Бастапқы бақылаудың индикаторлары алдыңғы жас топтарының күтілетін нәтижелері (II жартыжылдық) болып табылады.

Педагог баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі бойынша диагностика нәтижелерін Бақылау парағына енгізеді.

Аралық бақылау І жартыжылдық қорытындысы бойынша жүргізіледі, ол әр баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейінің динамикасын анықтайды.

Қорытынды бақылау ІІ жартыжылдық соңында өткізіледі, ол Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында анықталған балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейіне сәйкестілігін айқындауға мүмкіндік береді.

Әр диагностика нәтижелерін педагог Бақылау парағында білім беру саласы бойынша толтырады.

Содан соң топ (сынып) бойынша Жиынтық есеп жасалады (4 қосымша), ол білім беру ұйымы бойынша Жиынтық есеп жасау үшін әдіскерге (оқу-тәрбие ісінің меңгерушісіне) беріледі (5 қосымша) . Бақылау парағында алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады (6 қосымша) .

Баланың жеке даму картасы баланың мектепке дейінгі ұйымда және мектепалды даярлық сыныбында болатын барлық уақытына жүргізіледі.

Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімін диагностиканың қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады.

Баланың жеке даму картасының «Қорытынды» бөлімінде диагностиканың әр кезеңінен кейін баламен жеке түзету жұмысын жүргізу үшін педагогикалық процесстің міндеттері мен мазмұнын айқындайды.

Мониторинг нәтижелері келесі білім беру міндеттерін шешу үшін ғана қолданыла алады: - баланы қолдау, оның білім траекториясын құру немесе оның даму ерекшелігін кәсіби түзету үшін білім беруді даралау (жеке тұлғалық бағыт қағидасын іске асыру) ; -

балалар тобымен жұмысты белсендендіру.

6 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша индикаторлар жүйесі баланың жасына сәйкес әр білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелерден тұрады.

Индикаторлар көрсеткіштер ретінде дискрипторлар түрінде кодпен берілген. Мысалы, «3-4. Ш. 3. » Алғашқы жолдағы "3-4" сандары баланың жасын білдіреді, яғни бала 3-4 жаста. Бас әріппен берілген «Ш» дегеніміз - «Шығармашылық» білім беру саласын білдіреді.

Келесі "3" саны «Шығармашылық» білім саласының үшінші бағандағы күтілетін нәтижені білдіреді. Стандартпен белгіленген деңгейлер Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес:

- III деңгей - "жоғары";

- ІІ деңгей - "орташа";

- I деңгей - "төмен" деп баламаланған.

Бақылау парағына білім беру саласының дескрипторының тұсына біліктер мен дағдылардың деңгейі қойылады, олар қосылып, "Жалпы саны" бағанына енгізіледі. Алынған сома дескрипторлар санына бөлінеді де "Орташа деңгей" бағанына қойылады.

Біліктер мен дағдылардың даму деңгейінің көрсеткіштері алынған орта деңгей негізінде анықталады және «Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі» бағанына енгізіледі. Егер орташа деңгей толық санды көрсетсе, онда сол сан «Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі» бағанына автоматты түрде көшіріледі.

Егер баланың орташа деңгейі толық емес санды құраса, мысалы, 2, 5 кем болса, онда бұл жағдайда II деңгей, егер 2, 5 асатын болса - онда III деңгей қойылады.

Егер тура 2, 5 болса - онда педагог баланың қай деңгейге жеткенін өзі шешеді. Бақылау парағындағы «Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі» көрсеткіштері бағаны негізінде педагог әрбір баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін топтың (сыныптың) Жиынтық есебін жасайды.

7 Әрбір баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі Жиынтық есепте барлық білім беру салаларының деңгейлері қосу арқылы анықталып, алынған сома білім беру салалары санына бөлінеді. Біліктер мен дағдылардың даму деңгейін есептеу Бақылау парағы сияқты жүргізіледі.

Диагностика нәтижелері бойынша педагог балалардың үлесін есептейді:

- I даму деңгейі (төмен деңгейге баламалы), %;

- ІІ даму деңгейі (орташа деңгейге баламалы) ;

- III даму деңгейі (жоғары деңгейге баламалы) .

Төмен, орташа және жоғары деңгейдегі балалардың үлесін есептеу үшін келесі белгілер қолданылады.

А - барлық бала саны; Б - төмен деңгейдегі бала саны (I деңгей) ; В - орташа деңгейдегі бала саны (II деңгей) ; Г - жоғары деңгейдегі бала саны (III деңгей) ; Балалардың % (пайыздық) үлесін анықтау үшін мысалы, төмен деңгейдегі балалар санын топтағы (сынып) барлық бала санына бөліп, 100 көбейту қажет немесе Б:А*100. Сондай-ақ орташа және жоғары деңгейдегі бала саны да осылайша есептеледі.

Осылайша, баланың қалыптасқан білік пен дағдыларының даму деңгейі мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін құрайды:

1) физикалық жағынан дамыған;

2) білімқұмарлық;

3) белсенді;

4) эмоционалды елгезек;

5) ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас құралдары пен тәсілдерді меңгерген;

6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат жайында алғашқы түсінігі бар;

7) мектепте оқу үшін қажетті біліктер мен дағдыларын меңгерген.

Мектепке дейінгі жастағы баланың даму мониторингі оның әртүрлі кезеңдегі даму динамикасын тіркеуге, жеке дамуына сауатты педагогикалық қолдау көрсетуге және онымен әрі қарай жұмысты түзетуге ықпал етеді.

Ескерту: дескрипторларды ашып жазу :

2-3
-
баланың жасы
2-3: Д
-: -
баланың жасы: Денсаулық
2-3: К
-: -
баланың жасы: Коммуникация
2-3: Т
-: -
баланың жасы: Таным
2-3: Ш
-: -
баланың жасы: Шығармашылық
2-3: Ә
-: -
баланың жасы: Әлеумет
2-3: «1, 2, 3 және т. б. »
-: -
баланың жасы: жарты жыл бойынша күтілетін нәтижелер


Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салалары бойынша меңгеру индикаторлары (аралық бақылау)

БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас)
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): «Денсаулық» білім беру саласы
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Дене шынықтыру
: 2-3-Д. 1
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;
: 2-3-Д. 2
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): негізгі қимылдардың түрлерін игерген;
: 2-3-Д. 3
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): спорттық жаттығуларды орындаудың алғашқы техникасы туралы түсініктерге ие;
: 2-3-Д. 4
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын меңгерген;
: 2-3-Д. 5
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және сақтайды.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): «Коммуникация» білім беру саласы
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас):

сөйлеуді дамыту;

көркем әдебиет.

:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Сөйлеуді дамыту
: 2-3-К. 1
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
: 2-3-К. 2
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді; зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады;
: 2-3-К. 3
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді;
: 2-3-К. 4
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Көркем әдебиет
: 2-3-К. 5
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген;
: 2-3-К. 6
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
: 2-3-К. 7
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-күй таныта біледі;
: 2-3-К. 8
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдайды;
: 2-3-К. 9
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): «Таным» білім беру саласы
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас):

сенсорика;

құрастыру;

жаратылыстану.

:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Сенсорика
: 2-3-Т. 1
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;
: 2-3-Т. 2
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген;
: 2-3-Т. 3
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;
: 2-3-Т. 4
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Құрастыру
: 2-3-Т. 5
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік) құрастыра алады;
: 2-3-Т. 6
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;
: 2-3-Т. 7
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;
: 2-3-Т. 8
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Жаратылыстану
: 2-3-Т. 9
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады;
: 2-3-Т. 10
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;
: 2-3-Т. 11
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;
: 2-3-Т. 12
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): «Шығармашылық» білім беру саласы
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас):

сурет салу;

мүсіндеу;

аппликация;

музыка.

:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Сурет салу
: 2-3-Ш. 1
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелей алады;
: 2-3-Ш. 2
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен) ;
: 2-3-Ш. 3
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): түстерді ажыратады және дұрыс атайды;
: 2-3-Ш. 4
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Мүсіндеу
: 2-3-Ш. 5
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;
: 2-3-Ш. 6
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;
: 2-3-Ш. 7
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгерген (үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады) ;
: 2-3-Ш. 8
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Аппликация
: 2-3-Ш. 9
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй, қар адамы) құрастырады және орналастырады;
: 2-3-Ш. 10
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;
: 2-3-Ш. 11
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): орындалған жұмысқа қуанады.
:
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): Музыка
: 2-3-Ш. 12
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады;
: 2-3-Ш. 13
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл- күйін білдіреді;
: 2-3-Ш. 14
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды) ;
: 2-3-Ш. 15
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): қимылдарын музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады) ;
: 2-3-Ш. 16
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;
: 2-3-Ш. 17
БІРІНШІ КІШІ ТОП (2-3 жас): кейбір музыкалық аспаптарды атайды (барабан, бубен, сылдырмақ) .

Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салалары бойынша меңгеру индикаторлары (Қорытынды бақылау)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-катынасын ұйымдастырудағы психологиялық тренингтердің ролі
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін қарастыру
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz