Өрт - техникалық сараптама негіздері


Қарағанды Техникалық Университеті
Кафедра: КА және ЕҚ
Курстық жұмыс
Пән: Өрт-техникалық сараптама негіздері.
Тақырыбы: «Панельді бес қабатты үйде өрт шығу себебінің болжамын құру. »
Тексерді: Орындады:
аға оқытушы_ Амиргалина А. Қ. _ Муталяпов Т. Л. __
БЖД-18С
(баға)
(қолы) (күні) (қолы) (күні)
Комиссия мүшелері:
(қолы) (күні)
(қолы) (күні)
Қарағанды 2020
Қарағанды техникалық университеті
«БЕКІТЕМІН»
Факультет__ Тау-кен Каф. меңг. Жолмагамбетов Н. Р.
Кафедра КА ж ЕҚ «___»2020 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
«Өрт-техникалық сараптама негіздері» пәні бойынша
Студент: Муталяпов Т. Л. тобы БЖД-18С
Тақырыбы: « »
Негізгі мәліметтер әдістемелік нұсқау бойынша
Тапсырма берілді « 17 » қырқүйек 2020ж.
Жетекші аға оқытушы Амиргалина А. Қ. қолы
Студент Муталяпов Т. Л. қолы
Мазмұны
Кіріспе
Бүгінгі күні өрт сараптамасы - өрт болған аумақты, бөлек конструкцияларды, материалдар мен өнімдердің жанып кеткен қалдықтарын зерттеуге бағытталған арнайы білім кешені. Өрт болған орынды зерттеу, өрттің пайда болу ошағын, оның себебін, жанудың таралу жолдарын, жанып кеткен қалдықтардың пайдаланылуын, сонымен қатар өрт орнын зерттеу кезінде пайда болатын басқа да мәселелерді шешу үшін қажет.
Қазіргі автоматтандырылған және механизацияланған өмірде адам еңбегі деп азаматтардың, өндіріс ортасы (өмір сүру ортасы) мен машинаның өзара әрекеттесу үрдісін айтамыз. Мұнда машина деп өндірістік қызмет үрдісінде азаматтар қолданатын техникалық құралдар жиынтығы айтылады.
Азамат - өмір сүру ортасы - машина жүйесінде адамның психологиялық және физиологиялық функциясының мобилизациялануы жүреді, мұнда нервтік энергия жұмсалады.
Адам бұл өмірде өз орнын, бағытын таба білу қажет. Және де ол қабылданатын ақпараттарды және өз әрекеттерін бақылап отыруы керек. Бұның барлығы өндіріс жағдайынды және өндіріс экологиясында азамат қауіпсіздігіне көп көңіл аударуды талап етеді - бұл мәселелермен еңбекті қорғау айналысады.
Адам төтенше жағдайларда тыныштық уақытында (апат, катастрофалар) да және соғыс уақытында да бола алады. Осы жағдайларда азаматтар мен объектілерді қорғаумен азаматтық қорғаныс айналысады.
Адам өзінің әрекеттілігін өмір бойы және түрлі қызметтер түрінде байқатады.
Қауіпсіздік - бұл мақсат, ал өмір сүру әрекетінің қауіпсіздігі - бұл құралдары, жолдары және оған жету әдістері. Қауіпсіздік барлық азаматтарға қатысты болады.
1. Бес қабаттық панельдік үйде технологиялық процессті ұйымдастыру.
Көпсекциялы бес қабатты панельді тұрғын үйлердің сериясы, индустриалды тұрғын үй салудың алғашқы серияларының бірі, яғни 60, 70, 80- інші жылдары болған жаппай тұрғын үй құрылысы кезінде салынып, бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келе жатқан үйлердің сериясы. Бұл үйлердің ерекшілігі балкондар тіреуіктерге тіреп орналастырылған, олар фундаменттен соңғы қабатқа дейін барады. Үй 3 подъездден тұрады. Бір қабатта 1, 2 және 3 бөлмелі, жекелеген және аралас санузелді үш, төрт пәтерден болады. Төбенің биіктігі - 2, 60 м. Фасадтың сыртқы қабырғалары вибро-кірпішті 320 мм қалыңдықты (екі кірпішті) үлкен кеуекті кладит бетоннан жасалған. Ішкі қабырғалар - бір кірпішті вибро-кірпішті панельдер. Жабылатын және сыртқы қабырғалар - темір-бетонды панельдер. Ғимарат өлшемдері 58х13 м және биіктігі 15 м. Темір-бетонды және шиферлі жабынысы бар шатырлы, тақтайлы едендер, крагиспен төселген және қабырға бойымен ағаш бордюрлары бар ғимарат; ғимарат периметрі бойынша терезелерге арналған тесікті типті ені 1, 3 м және биіктігі 1, 4 м. Ғимарат қабырғаларының бар периметрі бойынша 1, 5 м интервалмен әдейі тігінен орналасқан вентиляциялы каналдар орналастырылған. Осы каналдардың бөлменің ішінде төбе деңгейінде орналасқан тасымалдау нүктелерінің өлшемі 20х15 см. Лифт және қоқыс құбырлары мұндай үйлерде жоқ. Жылу жүйесі - сулы; жылы және суық сумен қамтамасыздандыру - орталықтандырылған; газқұбыры; ауа тасымалдау - табиғи. Үйдің әр қабатында электр тақтасы қарастырылған, оның ішінде қауіпсіздік патрондары немесе пышақ қосқыштары бар әр пәтерге арналған электр санауыштар орналасқан. Әр подъезд 200 В қыздыру шамдарымен жарықтандырылады. Үй тұрғындары алуан түрлі электрқыздырғыш құрылғыларын, ауа тасымалдағыштарды, электрқозғалтқыштарды, электршәйнектерді, майлы электррадиаторларды, тэндерді, электр плиталарын, тоңазытқыштарды, кір жуғыш машиналарын, микротолқынды пештерді, аудио және видео қондырғыларын, газ плиталарды, компьютерлерді және т. б. қолданады. Бұдан бөлек әрбір пәтер жиһаздандырылған: есіктер, шкафтар, орындықтар, жұмсақ орындықтар, үстелдер, дивандар, кітап қоятын сөрелер, төсектер және т. б.
Осындай үйде болатын өрттің себептері мен оның мүмкін болатын мінездемесін анықтау үшін, үйдің өрт қауіптілігі және өртке төзімділік категориясын білу қажет.
Тұрғын үйдің өрт қауіптілігі және өртке төзімділік категориясын 1 кесте бойынша анықтаймыз.
Конструктивті өрт қауіптілігі мен өртке төзімділік дәрежесі.
Кесте 1.
5
3
1000
1400
5
3
800
1200
5
3
500
900
Тұрғын үй бес қабатты болғандықтан көпқабатты үйлер қатарына жатады, соған байланысты ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі III, ал өрт қауіптілік категориясы С1.
Тұрғын үйде өрттің пайда болу себептері: электр сымдарының қысқа тұйықталуы, газ плитасын абайсыз қолдану, өшпей қалған темекі немесе т. б. күнделікті қолданыстағы объектілерді деп айтуға болады. Өткізілген талдау бойынша көп жағдайларда өрт бір қабатты жеке орналасқан үйлерде пайда болатынын айтуға болады. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін білмегендіктен және оларды сақтамағандықтан, өрттің пайда болу себептерінің негізгісі отты абайсыз қолдану болып табылады. Осы себептен жалпы санынан 40, 6% (7756) өрт пайда болды. Сонымен қатар мас күйінде темекі шегу өрт кезінде адам өліміне әкеледі (жылына 260 адам немесе 51, 9%) . Өрттің жалпы санынан отты абайсыз қолданумен қатар электр құрылғыларын орнату және эксплуатациялау (17, 1%) және пешті жылыту жүйесін (10, 9%) орналастыру кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан өрт шығады. Тұрмыстық электр қыздырғыш құрылғыларды экспуатациялау барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 516 өрт болды.
2. Сараптама жүргізу реті
Авариялар мен өрттердің салдарларын зерттеуді техникалық комиссиялар ұйымдастырады.
Техникалық комиссияның міндеттері:
- құрылыс ғимараттарына от әсерінің параметрлерін зерттеу;
- өрт пен авариялар кезінде және олардан кейін құрылымдардың бұзылу себептерін анықтау;
- құрылыстық құрылымдарға от ықпалының әсерін бағалау және өрт пен авария кезінде ғимараттар мен имараттардың қирауы нәтижесіндегі материалдық шығынды анықтау;
- өрт, авариялардың салдарларын залалсыздандыру бойынша және ұқсас құралдарды ескерту бойынша іс-шараларды жетілдіру.
Жергілікті комиссия ұйымдастырады:
- жарақаттанғандарды құтқару қажет болған кезде қираған құрылымдар мен оның бөліктерін жедел жетілдіру;
- ғимараттар мен имараттарды қарау, құрылыс құрылымдарының қауіпті аймақтарын қоршау, авариялық жұмыстар жүргізу;
- ғимараттар мен құрылыстық құрылымдардың қираған және авариялық бөліктерін куәландыру (өрттен кейінгі құрылыстық құрылымдардың жағдайы туралы актіге) ;
- жалын әсері кезінде құрылыстық құрылымдардың әрекетін сипаттайтын материалдар жмиынтығы және өрттен кейінгі олардың жағдайы (қираған құрылымдардың өзара байланысты орналасуын суретке түсіру, суреттеу және эскиздеу, өрт ошағын, қираған және қатты құртылған құрылымдардың орналасу орындарын орнату, өрт, жүктемелер, атмосфералық және басқа да жағдайлар кезінде құрылымдар жұмысының сипатын анықтау) .
Жұмыс нәтижесін жергілікті комиссия өрт туралы техникалық актымен рәсімдейді. Техникалық актыге өрттен болған шығындар туралы анықтамаларды, құрылымдарды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындар туралы; құрылыс және өрт-техникалық сараптаушылардың қорытындыларын: куәгерлердің сауалдары бар мәліметтер және міндетті тұлғалардың түсініктемелері; өрттен зардап шеккен ғимараттың жағдайы туралы акт, өрт немесе оттың әсерінен құрылымның бұзылуының себептерін алдын-ала зерттеу туралы акт (егер бұл құжаттар комиссияның этапты жұмыстарынан бұрын құрылған болса) жатқызады.
Жеке объектілердiң (өндiрiстiк цехтардың, учаскелердiң, қондырғылардың, қоймалардың, қонақ үйлердiң) өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапкершілiктi ұйым басшысы өз бұйрығымен жауапты адамдар танысқаны туралы қол қойғаннан кейiн анықтайды. Құрылымдық бөлiмшелердегi өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты адамның мiндетiне мыналар кiредi:
1) өндiрiстiң технология процесiндегі өрт қауiпсiздiгiн бiлу және қарамағындағы адамдардан объектiдегi өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуын талап ету;
2) өндiрiстiк және әкiмшiлiк үйлерi мен ғимараттарында, сондай-ақ объект территориясында өртке қарсы тәртiптi қатаң сақтау, шылым шегетiн жерлердi жабдықтау;
3) қарамағындағы адамдарға өртке қарсы нұсқау берiп, өрт-техникалық минимум бойынша сабақ өткiзу. Өртке қарсы нұсқау алмаған адамдарды жұмысқа жiбермеу;
4) қолда бар барлық өрт сөндiретiн алғашқы құралдарды және өрт автоматикасы қондырғыларының дұрыстығын, дайындығын және қайта зарядталуын тұрақты түрде тексерiп тұру, бұл құралдардың орынсыз пайдаланылуына жол бермеу;
5) белгiленген тәртiп бойынша жасалмаған жазба түрiндегi рұхсат қағазсыз мекемеге қарасты объектiлерде дәнекерлеу және басқа да от шығатын жұмыстарға жол бермеу;
6) белгiлi бiр бөлiмшеге бекiтiлiп берiлген территорияны таза ұстау, жүретiн жерлердi, баспалдақтарды және өртке қарсы құралдарға баратын жерлердi үйiндiмен ыбырсытпау, осы территориядағы үйлерге, ғимараттар мен су ағатын жерлерге баратын жолдарды жақсы қалыпта ұстау;
7) рұхсат етiлмеген жерлерде шылым шегуге, от жағуға тыйым салу;
8) жылыту құралдарын, желдеткiштер мен электр жабдықтарын тексерiп, дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
9) мемлекеттiк өрт қадағалау органдарынын келiсiмiнсiз немесе өртке қарсы нормалар мен ережелер талаптарын ұстанбай, үйлер мен өндiрiс орындарында қайта жабдықтап (қайта жоспарлап) құрылыс жүргiзуге жол бермеу;
10) өрт немесе апат (авария) жағдайында дереу өртке қарсы қызметтi шақырып, адамдарды тезiрек эвакуациялап, қолда бар күшпен және құрал-жабдықтармен өрттi сөндiрiп, зардап шеккендерге қажеттi медициналық көмек көрсету керек.
Өрт туралы техникалық актіге мәліметтерді зертханалық жұмыстар, құрылымдар бөлшектері, құрылымдардың тексерілген есептеулері жатқызылуы мүмкін. Өрт туралы техникалық актілерті құру барысында Мемлекеттік өрт басқармасымен ғимаратты жергілікті комиссия мен құрылыс сараптамасымен тексеруден бұрын құрастырылған акт мәліметтерін және өрттің сипаттамасын пайдалануды ұсынады.
Өрт жағдайында орналасқан құрылымның жарамдылығын бағалау және ғимарат бөлімдерінің бұзылу себептерін анықтау үшін құрылыс сараптамаларын пайдалануға жүгінеді. Олар ғылыми-зерттеу институттары мен құрылыс құрылымдарының отқа төзімділігін зерттейтін зертханаларының тәжірибелі мамандары болуы мүмкін.
Құрылыстық сарапшы:
- жеке құрылымдар мен от әсері кезінде және өрттен кейін жалпы ғимараттың жұмысының артықшылықтарын зерттейді;
- ғимараттардың немесе имараттардың құртылған жерлерінің шекараларын анықтайды;
- өрт кезінде құрылымдардың қирау себептерінің сараптамасын жүргізеді;
- қауіпті аймақтың жөнделмейтін құрылымдарының бұзылу себептері мен құрылымдарды әрі қарай пайдалануға қиындық туғызатын себептерді орнатады;
- әр түрлі құрылыстық құрылымдардың, олардың элементтерінің және жеке түйіндерінің кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтайды;
- түйіндердің өрт кезінде және одан кейін ғимарат құрылымының жұмысына әсерін зерттейді;
- өрттен кейін жөнделген темірбетонды құрылымдардың әрі қарай пайдалануға жарамдылығын анықтайды;
- қауіпті аймақтың темірбетонды құрылымдарының пайдалану сипатын қайта қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды жетілдіреді.
Құрылыстық сарапшы оперативті тексеру үрдісінде техникалық комиссия мүшелерімен бірге немесе (сирек) өз бетінше жұмыс істеуі мүмкін.
Ғимаратты бөлшектік тексеру кезінде құрылыстық сарапшы (сараптық топ) техникалық комиссия қойған сұрақтарды шешуде өз бетінше жұмыс істейді.
Ғимарат құрылымының сараптамасын жүргізу уақытын техникалық комиссияны тағайындаған орган анықтайды. Техникалық комиссия өртті зерттеу бойынша жеке сұрақтарын бөлшектік зерттеуге арналған жұмыскерлер комиссиясын ұйымдастыруға және комиссияда жұмыс істеуге жергілікті ұйымдар мен кеңселердің сарапшылары мен өкілдерін қызықтыруға құқығы бар.
Сараптамалардың, зертханалық жұмыстар, сынақтар мен басқа да ғимараттар мен имараттардың құрылыстық құрылымдарына өрт салдарларын зерттеумен байланысты жұмыстардың төлемі мен ұйымдастырылуын, сонымен қатар зерттеу материалдарын рәсімдеуді құрылыстық-монтаждық ұйым немесе кәсіпорын қамтамасыз етеді.
Техникалық комиссия құрған өрт туралы техникалық акт екі апта мерзімінде
комиссияны құраушы органның бекітуіне жіберіледі. Ал бұл орган өрт туралы техникалық бекітілген актті осы актте белгіленген ұсыныстар мен өрттің салдарын жоюға шаралар қолдану үшін қызығушылық танытқан ұйымдарға жібереді.
Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқауда мыналар көрiнiс табуы тиiс:
1) территорияның, үйлер мен ғимараттардың, оның iшiнде эвакуация жолдарының тазалығын талап ету;
2) технологиялык процестердi орындау құрал-жабдықтарды пайдалану өрт қауiптi бар жұмыстарды жүргiзу кезiнде өрт қауiпсiздiгiн оқып-үйрену жөнiндегi шаралар;
3) жарылыс және өрт қауiпi бар заттар мен материалдарды сақтау және жеткiзу тәртiбi мен нормалары;
4) шылым шегетiн, ашық отпен және отпен байланысты жұмыстар жүргізу орны;
5) тұтанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау шығару;
6) бақылау-өлшеу аспаптары (маномертлер, термометрлер) көрсеткiштерiнiң шегінде болуы, ауытқыған жағдайда өрт немесе жарылыс шығуы мүмкiн;
7) өрт жағдайында нысанға қызмет көрсететiн адамдардың iс-қимылы оның iшiнде;
- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру ретi;
- технологиялық құрал-жабдықтарды апаттық тоқтату тәртiбi;
- желдеткiштер мен электр жабдықтарын ағыту тәртiбi;
- өрт сөндiру құралдары мен өрт автоматикасы қондырғыларын қолдану тәртiбi;
- адамдарды, тұтанғыш заттар мен материалдық байлықтарды эвакуациялау тәртiбi;
- ұйымның (бөлiмшелердiң) барлық үй-жайларын қарау және өрт пен жарылыстан қауiпсiз жағдайға келтiру тәртiбi.
Өрт шығуының техникалық себебін дәл анықтау үшін, өрттің басталған орнын дәл анықтау қажет. Өрт ошағының қандай көлемде болғанын елестете де алмай турып, өрттің себебін анықтау қиын, көбінесе мүмкін емес. Өрттің пайда болу себебін және орнын анықтау, оқиға болған жерге уақытылы және сапалы тексеріс жүргізу нәтижесінде пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz