Білім беру орталықтарындағы көзі нашар көретін студенттер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

№___ хаттама __ 2020 ж.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс

Кафедрасының меңгерушісі

cоц. ғ. д., профессорГ. С. Абдирайымова

«Білім беру орталығында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік бейімделуі (ҚазҰУ мысалында) » тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша

Орындаған Т. С. Әнуарбек

Ғылыми жетекші С. А. Амитов.

cоциол. ғ. д., проф

Норма бақылаушы Н. .

Алматы 2020

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әнуарбек Т. С.

БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНДА КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІ (ҚАЗУҰ МЫСАЛЫНДА)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 5B090500 - «Әлеуметтік жұмыс»

Алматы 2020

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: «Білім беру орталығында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік бейімделуі (ҚазҰУ мысалында) ».

Зерттеу объектісі: Білім беру орталықтарындағы көзі нашар көретін студенттер

Зерттеу пәні: Білім беру орталығында көзі нашар көретін стденттердің әлеуметтік бейімделу технологиялары.

Жұмыстың мақсаты: ҚазҰУ мысалында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік бейімделуі үшін жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың технологияларын жүзеге асыру ерекшеліктері мен механизмдерін сараптау.

Жұмыстың міндеттері:

  • әлеуметтік бейімделу ұғымының мәні мен мазмұнын көзі нашар көретін студенттердің мәселелері негізінде теориялық айқындау;
  • көру қабілеті бұзылған студенттердің әлеуметтік сипаттамалары мен бейімделу әлеуметінің өзара байланысын сипаттау;
  • Көру қабілеті бұзылған студенттерге жоғары білім берудің отандық және шет елдік тәжірибелер жүйесін кешенді талдау;
  • ЖОО жағдайында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік жағдайын әлеуметтанулық талдау жолдары мен тәсілдерін анықтау.

Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

Жұмыстың көлемі: бет

Жұмыстағы кестелер (суреттер) саны: кесте, сурет.

Пайдаланылған әдебиеттер саны : .

Қолданылған әдістер: жалпы ғылыми әдістер, көру қабілеті бұзылған студенттердің әлеуметтік бейімделу мәселелерін зерттеуде статистикалық зерттеу әдістері, кешенді талдау әдісі.

Түйін сөздер: көру қабілеті нашар студенттер, әлеуметтік бейімделу, білім беру орталықтары, әлеуметтік көмек.

РЕФЕРАТ

Наименование работы: Социальная адаптация слабовидящих студентов в образовательном центре (на примере КазНУ)

Объект исследования: студенты со слабым зрением в образовательных центрах

Предмет исследования: технологии социальной адаптации для слабовидящих людей в центре образования.

Цель работы: Анализ особенностей и механизмов реализации технологий социальной работы для социальной адаптации студентов со слабым зрением на примере Казну.

Задачи работы:

  • теоретическое определение сущности и содержания понятия социальной адаптации на основе проблем незрячих студентов;
  • описание взаимосвязи социума адаптации и социальных характеристик студентов с нарушениями зрения;
  • комплексный анализ системы отечественного и зарубежного опыта высшего образования для студентов с нарушением зрения;
  • определение способов и методов социологического анализа социального положения студентов со слабым зрением в условиях вуза.

Строение работы: дипломная работа состоит из введения, двух глав, заключения, библиографического списка и приложения.

Объем работы: страниц.

Количество таблиц (рисунков) в работе: таблиц, рисуноков.

Количество использованных литератур: .

Использованные методы: общие научные методы, методы статистического исследования в исследовании проблем социальной адаптации студентов с нарушением зрения, методы комплексного анализа.

Ключевые слова: студенты с нарушениями зрения, социальная адаптация, образовательные центры, социальная помощь.

ABSTRACT

Name of work: Social adaptation of visually impaired students in an educational center (for example, KazNU) .

The object of study: visually impaired students in educational centers.

Subject of research: technologies of social adaptation for visually impaired people in the center of education .

Objective: Analysis of features and mechanisms of implementation of social work technologies for social adaptation of students with low vision on the example of KazNU.

Objectives of work:

  • theoretical definition of the essence and content of the concept of social adaptation based on the problems of blind students;
  • description of the relationship between the adaptation society and the social characteristics of visually impaired students;
  • comprehensive analysis of the system of domestic and foreign experience of higher education for students with visual impairment;
  • determination of methods and methods of sociological analysis of the social situation of students with poor eyesight in the conditions of higher education.

The structure of work: the thesis consists of an introduction, two chapters, conclusion, bibliography and Appendix.

Scope of work: pages.

Number of tables (pictures) in the work: tables, pictures

Number of references:

Used methods: General scientific methods, methods of statistical research in the study of problems of social adaptation of students with visual impairment, methods of complex analysis.

Key Words: students with visual impairments, social adaptation, educational centers, social assistance.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

І. КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ЖҮЙЕСІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 Әлеуметтік бейімделу ұғымының негізгі түсініктемелері және оларды ЖОО-да көзі нашар көретін студенттердің бейімделу мәселелері контекстінде талдау. 6

1. 2 Жоғары оқу орны жағдайында көру қабілеті бұзылған студенттердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары мен бейімделу әлеуетінің өзара байланысы (шетелдік тәжірибе) . . . 21

ІІ. КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОО-ДА ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ

2. 1 ЖОО жағдайында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік жағдайын әлеуметтанулық талдау (ҚазҰУ мысалында) . . . . 46.

2. 2 ЖОО оқитын көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік бейімделуіне бағытталған авторлық бағдарлама . . . 64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79

ҚОСЫМШАЛАР . . . 85

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі заман дамуының қағидалы жаңа үрдістері және жалпы ұлттық мүдделері жоғары оқу орнындарындағы барлығына теңдей мүмкіндіктер мен құқықтармен қамтамасыз ету басты приоритетболып отыр. Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуының әлеуметтік-экономикалық және cаяси жағдайлары ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне негіз жасай отыра, еліміздегі инклюзивті білім беру мәселесін, яғни болашақ еліміздің кәсіби мамандар дайындығына және тұтас білім беру саясатына ықпалын тигізді. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады [1] .

Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Осы орайда, көзі нашар көретін студенттердің жоғары оқу орындарында әлеуметтік бейімделу мәселе өте өзекті мәселе болып отыр.

Тақырыптың ғылыми маңыздылыңының тарихи дамуы, өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т. б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде тәлімгерлердің жоғары оқу орнында білім алуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар жастарды әлеуметтік бейім ең негізгі приоритет болып саналған еді. Нәтижеснде, аталмыш елдерде қазіргі таңда дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру, еліміздің ЖОО да белсенді түрде қолға алынып келінуде. Себебі, Қазақстанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алу және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты бірнеше өзекті мәселелер бар. Статистикалық деректер бойынша 2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе жалпы бала санының 2, 8%-ы балалар бар. Соның ішінде, жоғары, кәсіби білім беру орталықтарындағы көз жанарында шектеулігі бар тәлімгерлердің әлеуметтанулық, психологиялық, әлеуметтік жұмыстық тұрғыдан алған қоғамға бейімделуінде өзекті проблема. Оның ішінде мектеп жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2, 8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін жоғары жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570- ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта - 88 адам, 3- топта 466 адам бар. Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы No26 қаулысына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын - 0, 5%) [2] . Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар. Сондықтан елімізде, қазіргі таңда ерекше көңіл бөлуді талап ететін білім алушыларға қажетті мемлекеттік саясат жасалғанымен, аталмыш саясатты жоғары оқу орнында жүзеге асыру мәселесі негізделмегендіктен білім беру орталығында көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік бейімделуі мәселесін зерттеу өте өзекті ғылыми ізденіс болып отыр. Осы орайда, ғылыми жұмысымыздың маңыздылығы да айқындала түседі. Яғни, білім беру орындарында көзі нашар көретін студенттерді ортаға сіңістіре алу, бейімдей алу өте маңызды қадам.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі қоғамда егер қандай да бір адамдар тобына қатысты дискриминациялау бар болса толыққанды деп есептелмейді, . Мысалы, А. Д. Уорд пікірінше, «кез-келген, әділеттілікке және адам құқықтарын сақтауда халықаралық ережелерге ұмтылатын мемлекет, барлық балаларға, студенттерге қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, білім беруде заңдарды басшылыққа алуы керек [3] . Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қатысты, мұндай мемлекет оларға жас ерекшеліктеріне сай білім алу мүмкіндігін іске асыру міндетті. Инклюзивті білім беру тұрақты даму, қоғамдағы қалыптылық, күрделеніп келетін қоғамда адамның әлеуметтенуінің негізі болуы тиіс. Адамдардың әлеуметтену мен бейімделу мүмкіндіктері өмірлік жағдайлар мен жеке тұлғалық қасиеттерге тәуелді емес, олар білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Сол себебті, жоғары оқу орнындағы көзі нашар көретін студенттердің болуы әдетте қоғамға үлкен жауапкершілік сыйлайды. Инклюзивті білім берудің теориялық негізі деп әлеуметтік үйрету психологиялық теорияларын санауға болады (А. Бандура, Р. Сирс, К. Халл В. Скиннер, У. Бронфенбреннер, және т. б. ) . Отандық ғалымдар батыстық интеграциялау модельдерін сипаттайтын әлеуметтік үйрету теорияларына қарсы іс-әрекеттік бағытқа негізделеді. Бұл бағыттың мағынасы - ерекше қажеттілікті қажет ететін студенттерді нақты мақсатқа жетуге бағытталған біріккен іс-әрекеттерді орындау барысында құрдастарының ортасына (ойын немес оқу, қарым-қатынас немесе танымдық іс-әрекеттер) қосумен анықталады. Ойын немесе оқу кеңістігінде түрлі психофизикалық деңгейлі балалардың іс-әрекетінің мақсаттары мен себептері әртүрлі болуы мүмкін. Осы контексте көру бойынша мүгедектерге жоғары кәсіптік білім беру мәселесі қазіргі уақытта әлеуметтік және ғылыми тұрғыдан да айқын өзектілікке ие болып отыр. Сонымен қатар, ол жоғары кәсіптік білім алуға өзінің ажырамас құқығын іске асыру кезінде көру қабілеті бұзылған тұлғалар елеулі қиындықтарға тап болады Жас ерекшелігіне сай негізгі іс-әрекет түріне бағытталу, жоғары психикалық қызметтері қалыптасуындағы сезімталдық кезеңдерін ескеру, балаларға тән іс-әрекет түрлерінің уақытылы қалыптасуы мен жасерекшелік психикалық жаңа құрылымдар арасындағы байланыстарды түсіну - арнайы дайындалған маманға ерекше білімді қажет ететін балаларды мақсатты оқыту мен тәрбиелеуді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен, егер батыс теоретиктері бір қызметтің қалыптасып, басқасының дамуы іске асырылмауы жағдайындағы «іс-әрекеттің жетілуі» жайлы айтса, отандық мектептің өкілдері қалыптастырушы мүмкіндігі шамамен шексіз тұлғаның жеке тұлғасының дамуына байланысты жүйелі, іс-әрекеттік бағытқа сүйенеді. Білім беру орталықтарында, ерекше жағдайды қажет ететін студенттерді әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік интеграция, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ғылымда келесідей авторлардың аса құнды ғылыми зерттеулері белгілі: А. И. Зотов, А. Г. Литвак, Л. И. Солнцева С. Розе-Акерман, Б. Вайсброд, Л. Саламон, Х. К. Анхайер, А. Эверс, Г. В. Никулина, И. Н. Зарубина, В. К. Рогушин, СЮ. Котова. Тек қана арнайы білім беру ұйымдарында ғана емес, сонымен қатар жалпы, жоғары білім беру ұйымдарында әр балаға оның қандай да бір ауытқулардың болуына қарамастан құндылықты қатынасты қайта ойлау жағдайында түрлі типті ұйымдарда, түрлі санатты балалармен шығармашылық тұрғыда жұмыс жасау, әлеуметтік интеграциялау мәселесі көптеген шетел және отандық зерттеушілер өз еңбектерінде көрсетеді. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу, әлеуметтік бейімдеу мәселелері шетелдік ғалым зерттеушілер B. M. Allen, P. Lacey, M. Welch, Д. И. Азбукин, Г. С. Акиева, И. М. Бобла, Е. Л. Гончарова, А. И. Живина, Х. С. Замский, А. И. Иваницкий, В. Карвялис, Г. М. Кортова, А. И. Минасян, Н. С. Морозова, Н. М. Назарова, Е. Г. Речицкая және т. б. өз жұмыстарында зерттеп, тоқталды. Отандық ғалымдардан В. В. Боброва [4], Р. К. Луцкина [5], З. А. Мовкебаева Ж. И. Намазбаева, К. К. Өмірбекова, А. К. Рсалдинова, Р. А. Сулейменова А. К. Сатова және т. б өз еңбектерінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мамандарды дайындауды қарастырды. Зерттеушілер (В. В. Воронкова, С. Д. Забрамная, В. З. Кантор, Е. А. Медведева, Н. Д. Шматко) мәселеге әлеуметтанулық жұмыс тұрғысынан зерттеді. Аталған авторлардың зерттеген проблемаларының барлығы дерлік мәселенің жекелеген аспектілерін ғана қарастырған немесе ғылыми зерттеліну аясы өте тар деңгейде қалып қойған. Нақтыланған кэйс стади жасалмаған, ЖОО дағы көзі нашар көретін студенттердің әлеуметтік интеграциялануы тұрғысынан. Сондықтан, қазіргі таңда әлеуметтік жұмыс ғылымында, білім беру орталықтарындағы көзі нашар көретін студенттерді әлеуметтік бейімдеу мәселесін арнайы кэйс стади үлгісінде зерттеу қазірге дейін ешбір орталықта толық ғылыми түрде зерттелінбеген тақырып болғандықтан, аталмыш студенттік дипломдық жұмысымда аталмыш мәселені ҚазҰУ мысалында кеңінен зерттеймін деп шештім.

Зерттеу жұмысының мақсаты: әлеуметтік жұмыс тұрғысынан білім беруді жаңарту жағдайында жоғары оқу орындағы көзі нашар көретін студенттерді әлеуметтік бейімдеу мәселесінің ғылыми тетіктерін анықтау. Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеу жұмысының міндеттері алға қойылды:

  • «ерекше жағдаятты талап ететін студенттерде әлеуметтік білім беруді жаңарту жағдайында, көзі нашар көретін студенттерді әлеуметтік бейімдеу» ұғымының п әлеуметтік категория ретінде мәнін анықтау;
  • инклюзивті білім беруді жаңартудың саяси, әлеуметтік- экономикалық алғышарттарын сипаттау;
  • білім беру орталықтарында ерекше қолдауды қажет ететін балаларды әлеуметтік бейімдеу мәселесінің шетелдік және отандық тәжірибесін сараптау;
  • білім беру институттарында инклюзивті процестерді ендірі бойынша шетелдік тәжірибеге-бағдарланған модель жасау;
  • ҚазҰУ мысалында көзі нашар көретін студенттерді қолдау, әлеуметтік интеграциялар мәселесін кэйс стади әдісі ретінде әлеуметтік талдау жүргізу.

Зерттеу объектісі: жоғары оқу орнында оқу жағдайына көру қабілеті нашар студенттердің бейімделу үрдісі .

Зерттеу пәні: ЖОО-да оқыту жағдайында көру қабілеті бұзылған студенттердің бейімделу әлеуетінің әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары .

Жұмыстың әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдеби көздерді теориялық талдау, сауалнама жүргізу әдісі, тестілеу әдісі, айқындаушы эксперимент, эксперименталды деректерді статистикалық өңдеу әдістері. Жұмыс соңында авторлық бағдарлама жасалынады,

Жұмыстың ақпараттық базасы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің және де өңірлік әкімшіліктердің, ұйымдардың мәліметтері мен ресми құжаттары, инклюзивті білім беру, әлеуметтік интеграцияларға бағытталған дүниежүзілік ғылыми орталықтардың жарияланымдары мен мұрағаты. Әл Фараби атындағы кітапхананың қоры және электронды кітаптар жиынтығы. Сонымен қатар, тақырыпқа бағалау жүргізуге қатысты отандық, шетелдік оқу құралдары, газет-журналдардағы мақалалар мен веб-ресурс көздері.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы: Әлеуметтік білім беруді жаңарту жағдайында жұмыс атқаруға мамандар дайындығының тәжірибеге-бағдарланған моделінің жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік жұмыс мамандықтарда дамуында бұзушылықтары бар студенттермен жұмыс жасау кезіндегі барлық рөл мен функциялар жиынтығын орындау үшін мамандар дайындығының қажетті дәрежесін қамтамасыз етуге бағдарланған қызметтік сипаттамаларын анықтау. Көруі нашар студенттерді ЖОО-да оқыту жағдайына бейімделу процесінің әлеуметтік-психологиялық детерминациясының мәні туралы түсініктерді талдай отырып, тифлопсихология үшін жаңа дифференциалды мәліметтерді алу. Көру бұзылысының әр түрлі тереңдігі бар студенттердің бейімделу әлеуеті туралы, ЖОО-да оқыту жағдайына бейімделу субъектісі ретінде студент жасына өзекті зағип және нашар көретіндердің тұлғалық ерекшеліктерін кешенді анықтау, жоғары оқу орнында оқыту жағдайына көру қабілетінің тереңдігі бар тұлғалардың бейімделу факторларының әсерінің эксперименталды сипаттамасы, сондай-ақ көру қабілеті бойынша мүгедек студенттерді психологиялық қолдаудың диагностикалық базасын қалыптастыру.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелері бойынша нашар көретін студенттерге жоғары оқу орталықтарында кәсіби маман ретінде шыңдалуға көмектесу: зерттеу материалдары көруі нашар студенттерге психологиялық көмек көрсетудің өзекті бағыттарын анықтауға септігін тигізу, көзі нашар көретін студенттерді жоғары оқу орындарының интеграцияланған оқыту жағдайында әлеуметтік-психологиялық микро және макро орталарға интеграциялауға мүмкіндік береді;

Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І. КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ЖҮЙЕСІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .

1. 1 ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОО-ДА КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КОНТЕКСТІНДЕ ТАЛДАУ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық ресурс түсінігі
Ә.І.Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеудегі еңбектеріне тарихи-педагогикалық және теориялық талдау жасау және оларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
Информатика сабақтарының білім сапасын көтерудегі телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері
Оралман студенттердің құндылықтарын зерттеу әдістері мен мәселелері
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҰСЫНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Көру қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының оқыту жағдайлары
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудің жағдайлары
Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы білім беру тарихын жүйелеудегі Ә.Сембаевтың еңбегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz