ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...6
2 СӨЗДІК ӘДІСТЕР НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1 Оқытудың сөздік әдісі дегеніміз ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2 сөздік әдістеріның байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерг айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамыту, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал ету.
Міндеттері:
1. Оқыту әдістерінің маңызын анықтау
2. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
3. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі [2, 196-бет].
Оқыту әдістері - оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады.
Педагогикалық практикада оқыту әдістерінің жинақталған мол қорын байқауға болады. Оқыту әдістерінің бірнеше топтарын ақпаратты қабылдау мен дидактикалық міндеттерді шешуге байланысты жіктеуге болады. Кеңінен тараған оқыту әдістері ретінде оқу-танымдық іс-әрекет құрылымына негізделген студенттердің танымдық іс-әрекеттерін арттыра түсетін мынандай әдістерді атауға болады: сөздік, көрнекілік, практикалық, репродуктивті және ізденістік, индуктивті және дедуктивті әдістер, өзіндік жұмыс әдістері, сонымен қатар педагогиканы оқытудағы бақылау мен өзін-өзі бақылау әдістері.
Ұсынылып отырған оқыту әдістерінің жіктемесін тұтас деп атауға болады, себебі олар студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттырудың барлық құрылымдық элементтерін есепке алады (оның ұйымдастырылуы, ынталандыруы, бақылауы). Бұлардың жиынтығында қабылдау, ұғыну, практикада қолдану секілді танымдық іс-әрекеттің түрлері тұтасымен көрініс тапқан.
Әдістердің әрбір негізгі тобы өз ішінде бірнеше топтарға жіктелуі мүмкін. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен аталған үдерістің өзі оқу материалын, жаңа ақпаратты беру, қабылдау, ұғу, есте сақтау және алынған білім мен ақпаратты практика жүзінде қолдана білуге негізделгендіктен, оқыту әдістерінің бірінші тобына ақпаратты есту, сөзбен жеткізетін сөздік әдістерін (әңгіме, дәріс, сұхбат және т.б.); оқу материалын көру арқылы беретін көрнекілік әдістерін (иллюстрация, демонстрация және т.б.); оқу ақпаратын тактильді, кинестетикалық түрде жеткізетін практикалық әдістерін (жаттығу, зертханалық тәжірибе, еңбек әрекеті және т.б.) жатқызуға болады.
Оқыту әдістерінің ішінде оқу материалын ұғу мен қисындық тұрғыдан меңгеруді ұйымдастыруды міндетті ететін әдістер де бар. Сондықтан студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырушы әдістер ретінде индуктивті және дедуктивті, репродуктивті және проблемалық-ізденістік әдістерін ерекше атап өткен жөн.
Білімді қабылдау, ұғу, қолдана білу оқытушының тікелей басқаруымен және де студенттің өзіндік жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан келіп өзіндік жұмыс әдістерін ажыратуға болады, өйткені қалған оқыту әдістері оқытушының жетекшілігімен жүзеге асады. Білім нәтижесі бақылау мен өзін-өзі бақылау әдістері дұрыс таңдалынып алынғанда неғұрлым нәтижелі болмақ. Белгілі бір жағдайға байланысты бір-біріне сай келетін, бір-бірін толықтыра түсетін әдістерді үйлесімді етіп таңдап, қолданған жөн.
Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден,екі бөлімнен қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I.Оқытудың сөздік әдісіне шолу
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Оқыту әдістері мен тәсілдері ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпы алғанда әдіс (метод) -- methodos деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері -- оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен әдіс бірге дидактикада оқыту тәсілдері ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл -- элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін. [1,59]
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
:: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
:: мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
:: оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
:: жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.[3,54-59]
Оқыту әдістері -- күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Окыту әдістері арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту формалары бейнеленеді. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші кызметтерді атқарады. Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге асырылады, яғни бұл -- үйретуші функцияның байқалуы, оқушылардың даму деңгейі мен қарқыны қамтамасыз етіледі -- дамыту функциясы, сол сияқты тәрбие нәтижелерінің анықталуы -- тәрбиелік функцияның жүзеге асырылуы болып табылады. Әдістер мүғалім үшін оқушыларды оқуға үмтылдырушы құрал ретінде қолданылады, ал кейде танымдық іс-әрекетті ынталандыру қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы релін атқаруы.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен практикасында колданылатын оқыту әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана білуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор. Сондыктан оқыту әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін қарастырайық. Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі. Ең алғашкы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді. Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды. Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады);
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады);
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден алады).
Оқыту әдісінің мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы. Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс - жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін мақсат - мазмұн - форма - оқыту әдісінің құралдары көрсетеді.[4,34]

1.2 Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі.
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.[3,48]
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.

II.СӨЗДІК ӘДІСТЕР НЕГІЗІ
2.1 Оқытудың сөздік әдісі дегеніміз
Сөздік әдістер - бұл көркем шығармаларды әңгімелеу, оқу, жаттау, мазмұндау, көрнекілік материалға сүйенбей әңгімелеу. Барлық сөздік әдісте көрнекілік тәсілдер қолданылады: заттарды, ойыншықтарды, картиналарды көрсету, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты иллюстрацияларды қарау.
Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың алатын білім көзі, мұғалімнің немесе оқушылардың сөзі болып табылады. Оқушылар тек пассивті тыңдаушы ғана емес тыңдау барысында олардың ойлау әрекеті дамиды. Сөздік әдістерге, сұрақ-жауап сұхбат, түсіндіру немесе баяндау, мұғалімнің әңгімесі, мектеп лекциялары, пікірталасты жатады. Сұрақ-жауап әдісі. Әдістің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту. Алға қойған мәселені, сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің әдістемелық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді, ойлау қабілеттері артады. Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырьш, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің жетекшілігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады. Сұрақ-жауап әдістерін жинақтап қорыту сабактарында, жаңа білімді бұрынғы өтіп кеткен тақырыптармен байланыстыруы өте тиімді. Бірнеше ұқсас объектілер мен құбылыстарды оқу кезінде, сұрақ-жауап әдісін индуктивті түрде құрастыруға болады. Индуктивті әдісте жеке фактілерді таңдай отырып, бағыттаушы сұрақтар арқылы оқушыларды жалпы қорытынды жасауға дағдыландырады. Дедуктивті сабақты жүргізу барысында мұғалім оқушыларға бұрыннан белгілі жалпы ережелерді, көзқарастарды пікірлерді, түсініктерді айта келіп, одан жеке-жеке таңдау арқылы қорытынды жасайды. Сұхбат түрінде өткізілетін сабақ өте тиімді. Қазіргі педагогика ғылымдарының көзқарасы бойынша, бұл әдіспен өткізілетін сабақтардың тиімділігі төмендегідей мәселелерді шешуге болатынына байланысты.[12]
1. Оқушылар сабақта белсенді іс-әрекет жасайды, қатысады
2. Жаңа оқу материалының мазмұнымен танысады
3. Білімді жүйеге келтіріп, бекітеді
Сұхбаттың барлық түрлерін қолдануда негізгі рольді мұғалімнің сұрақтары атқарады. Сұрақтар жаңа сабақтың мазмұнына сәйкес қойылып, оқушылардың зейінін мәселелерге аударатындай болуы тиіс. Оқушылардың бұрынғы, алдағы алған білімдері мен олардың жеке өмірден алған тәжірибелеріне негізделеді. Сабақ барысында мұғалімнің қойылған сұрақтары біртіндеп күрделенеді. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін жоғарылатьш, өзбетінше алған білімдерін белсенді түрде қолдана білуге жетелейді. Өсімдіктану, жануартану пәндерін өту барысында сұрақтарды біртіндеп күрделендіру жолдарының мысалы:
Мүшелер жүйесінің, мүшенің құрлысын сипаттау
-Әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің екі мүшесінің құрлысын салыстыру;
-Мүшелердің құрлысының дамуы барысында салыстыру (тұқым, өскін-өркен және бүршік, гүл және жеміс);
-Мүшенің құрлысы мен қызметін қарастыру;
-Орта және ағзаның, мүшенің қызметтерін құрастыру;
-Әр түрлі мүшелердің қызметтерін салыстыру;
-Ағзаның дамуын сипаттау;
- Екі ағзаның дамуын бір-біріне салыстырмалы түрде сипаттау;
-Экономикалық, морфологиялық, систематикалық белгілерін салыстыру;
-Жануарларды немесе өсімдіктерді жүйелеу;
-Биоценоздарды өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне байланысты топтарға бөлу т.б.
Оқушылардың ақыл-ойын дамытуда мұғалімнің сәйекстендіріп, біртіндеп күрделендіріп қойған сұрақтарының мазмұнына сай оқушылар күрделі логикалық мақсаттарды шешеді. Сұрақ-жауап әдісімен мазмұндау әдістерін қолдану барысында оқушылардың зейіні ұзақ уақыт талмайды, себебі күрделі мәселелер сұрақ арқылы бөліктермен беріліп оның қабылдау деңгейі үнемі тексеріліп отырады. Бірақ бұл әдісті жиі қолдану оқушылардың білімінің бөлшектеніп, өз ойын байланыстырып жеткізе алуға үйретпейді.[5,67]
Әңгіме әдісі-биология сабақтарында жаңа тақырыптың мазмұнынан сай табиғат құбылыстарын, кездейсоқ жағдайларды, тарихи жаңалықтардың ашылуы жайлы, атақты жаратылыстану ғылымдарына еңбегі сіңген ғалымдардың өмір жолы мен ашқан жаңалықтары, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің шығу тарихын баяндау барысында қолданылады. Баяндау алға қойған мақсатқа байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Кіріспе баяндау, қорытынды баяндау, әңгіме түрінде баяндау. Әңгіме әдісінде педагогикадағы сөздік кәрнекілік немесе образдық - көрнекілік қолданылады. Мұғалімнің әңгімесі белгілі сюжет бойынша құрылады. Кіріспе баяндау әдісі оқушыларды жаңа тақырыптың мазмұнын түсініп қабылдауға дайындау үшін қолданылса, қортынды баяндау мазмұнының белгілі бір бөлігінің қорытындылап түсіндіру үшін, біртұтас көріністі бейнелей отырып оқушылардың сезімін терең ояту, күрделі ойларды логикалық жүйемен жеткізу болып табылады. Әңгіме түрінде баяндау алдын-ала құрылған жоспар бойынша оқу материалының мазмұнын баяндау. Жаңа сабақты баяндауға мұғалім алдын-ала жоспар түзіп, алдына қойған мақсатқа жету үшін әдіс-әрекеттерді таңдап алады. Мұғалімнің әңгімесі оқушыларда терең әсер қалдыратындай болу керек. Бұл әдіс төменгі сыныптың оқушыларының зейінін тез шаршатады, сондықтан әңгімелеудің уақыты 10-15 минуттан аспайды. 6-7 сынып оқушыларының назары көрсетілген уақыттан артыққа шыдамайды. Әңгімеден түсіндіру әдісінің айырмашылығы-сабақтың мазмұнын нақты фактілермен, дәлелдемелермен және қортындылармен ашады. Сабақ нақты мазмұндалады, ал практикалық сабақ барысында түсіндіру әдісі, нұсқау беру сипатына көшеді.
Мектеп лекциялары. Орта буын оқушыларды оқытуда қолданылмайды. Жоғары сынып сабақтарында мұғалім сабақ кезіндегі лекцияның барысында оқушыларға сұрақ койып жауап алады, үйге тапсырма береді. Мұғалім лекцияның жоспарын түзгеннен соң, сабақ барысында оның мазмұнын логикалық жүйеде рет-ретімен мазмұндайды. Басты проблеманы ашу барысында фактілерді, мысалдарды, нақты пайдалану, оқушылармен тығыз байланыста, ойлау әрекеттерін басқара білу, терминдерді көрсетіп мәнін түсіндіру, көрнекіліктерді пайдалану лекцияның мазмұнын аша түседі..
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Сөздік әдіс арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
:: сөздердің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
:: сөздіктің дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
:: ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
:: сөздіктің жүйелілігі болуы керек;
:: сөздің әсерлілігі;
:: тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
:: мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Сөздік әдісі түсіндіру, әңгімелеусу арқылы жүргізіледі.
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру - оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Сөздік әдісінің артықшылықтары:
:: ес пен тілді дамытуы;
:: оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
:: оқушылардың білімінің белгілі болуы;
:: жақсы диагностикалық құрап;
:: үлкен тәрбиелік күші бар.
Сөздік әдісінің кемшілігі:
:: уақыттың көп кетуі;
:: қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Сөздік жұмыстарын жүргізу арқылы тыңдаушылардың айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым әрекеттерін қалыптастырып, қазақша қарым-қатынас жасауға үйретудің алғашқы баспалдақтары қаланды.
Мәтіннің соңында берілген сөздік сол мәтін бойынша жасалған актив сөздік деп саналады. Ал барлық мәтіндер жүйесінің соңында берілген сөздік - мәтіндер бойынша және тыңдаушының күнделікті қолдануына қажетті деп саналған белсенді сөздік қор жасауға керек сөздерден құралады.
Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі тыңдаушылардың:
- жеке сөздің мағынасын танып-білуін;
- сөздің қандай құрамнан тұратынын талдап тануын;
- сөздің қай табына жататынын айырып тануын;
- сөздің келесі сөзбен тіркесу мүмкіндігін танып-білуін;
- сөздің сөйлем мүшесі, абзац мүшесі, мәтін мүшесі болу синтаксистік қызметін түсінуін мүмкін ететін әдістерден тұрады.
Сөздікпен жұмыс жасау барысында оқытушы бірнеше әдістемелік алгоритмдерді басшылыққа ұстайды:
1) мәтін соңындағы қысқа сөздіктегі сөздердің әрқайсысының мағынасы бойынша комментарий беріп өтеді;
2) сөздіктегі сөздердің түсіндірме сөздіктегі мағыналық әртүрлі реңктерін көрсетеді;
3) тыңдаушы танысқан сөз мәтіннің ішінде бірден тани алуы үшін оның құрамы мен мазмұнына ерекше назар салатын бір

2.2 сөздік әдістеріның байланысы
Сөздік тәсілге -- сөйлеу үлгісі, қайталап айту, түсіндіру, нұсқау беру, балалар сөйлеуін бағалау және сұрақ жатады.
Сөйлеу үлгісі - балалар еліктеу үшін, алдын-ала дұрыс ойластырылған педагогтың сөйлеу әрекеті. Үлгі мазмұны және формасы бойынша түсінікті болу керек. Оны нық, қатты және асықпай айту керек. Үлгі еліктеу үшін берілетін болғандықтан ол балалардың сөйлеу әрекетіне дейін ұсынылады. Бірақ кейде ересек топтарда үлгіні балалардың сөйлеуінен кейін қолдануға болады, бірақ бұл кезде ол еліктеу үшін емес, салыстыру және түзету үшін қызмет етеді.
Қайталап айту - есте сақтау мақсатымен бір сөз элементін бірнеше рет қайталау. Практикада қайталаудың көптеген нұсқалары қолданылады: педагогтың артынан, басқа балалардан кейін, тәрбиеші мен балалардың бірігіп қайталауы, хормен.
Түсіндіру - кейбір құбылыстар мен әрекет амалдарының мәнін ашу. Дидактикалық ойындардағы әрекеттерді және ережелерді түсініру үшін, сөздің мәнін ашу үшін сонымен қатар затты зерттеу және бақылау процесінде кең түрде қолданады.
Нұсқау беру - арнайы нәтижеге жету үшін балаларға әрекет амалдарын түсіндіру. Оқытуға, ұйымдастыруға және тәртіпке арналған нұсқау беру түрлері бар.
Балалар сөйлеуін бағалау - сөйлеу әрекетінің сапалы орындалуын сипаттайтын баланың сөйлеуін талқылау. Баға қалыптастыру сипатында ғана емес, оқыту сипатында болу керек. Бағалауда сөйлеудің барлық жағымды жақтары ескеріледі, ал кейбір қателіктер үлгі және басқа да әдістемелік амалдардың көмегімен түзетіледі.
Сұрақ - жауапты талап етеді. Сұрақтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі репродуктивті -- кім? не? қандай? қайда? қалай? және құбылыстар арасында байланыстар мен қарым-қатынастар орнатуды талап ететін ізденушілік -- неге? қалай ұқсайды? Болады. Қосымша сұрақтар - жетекші және сыбырлап айту сипатында болады. Педагог сұрақтарды әдістемелік дұрыс қоюды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы мектепте математикалық білім беру
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Жоғарғы мектеп дидактикасы. Әдіс, әдістеме, әдіснама, тәсіл ұғымдары
Жоғарғы мектеп дидактикасы
Тәжірибе алмасу
Тұтас педагогикалық процесс
Оқытудың белсенді әдістері ұғымы
Пәндер