Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... 2

Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 4
I. Заңды тұлға ұғымы ... ... ... 4-6
1.1. Заңды тұлғаның белгілері ... ... ... 7-9
1.2. Заңды тұлғаның органдары ... ... . 10-12
1.3. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері ... ... . 13-14
1.4. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.
... ... .. 15-17

II. Заңды тұлғалардың түрлері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-
19

III. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-21

IV. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы.
... ... ... ... ... ... ... ... .. 22-27

Қорытынды ... ... . 28-29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 30

Кіріспе

Курстық жұмысының өзектілігі: Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен
таңылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.
Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның , оның ішінде әсіресе
мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы жөнінде
бірнеше ілім бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық
қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері
қарлмақ,мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән –мағнасы неле
деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық
теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий
мемлекттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан: мемлекеттік заңды
тұлғпның артында мемлекеттің өзі турады да, шаруаылық қызметтің нақты
саласында тізгінді өзі ұстайды Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар
оғанегер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық қатынаста болуы керек
қой деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов ұжым ілімін алға тартты. Бұл ғалымның айтуы
бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген. а)
мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал ғалым Д.М. Генкин әлеуметтік ақиқат теориясын ұсынады,яғни онда ол
қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой директор
ілімін алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші – директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әлеуметтік байланыстар ілімі,
А.А. Пушкиннің ұйымдастыру ілімі, Е.А.Суховтың мақсатты мүлік тәрізді
ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға
адамдардың қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда
авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға
мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен
(саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен
көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі
танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында
оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек
болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориалық көзқарастар
кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық
субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса,
заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын
мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикциаға жүгінеді,
абстракциалық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға
тартады. Ал немесе ғалым Гирке болса, органикалық теориянынң тұжырымын
ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес
құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теориада) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің
өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.

Курстық жұмысының мақсаты: Заңды тұлғаларды азаматтық құқық
қатынастарында зерттеу.

Курстық жұмысымның міндеттері:

• Заңды тұлға туралы ұғымды анықтау;
• Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдерді (теорияларды) зерттеу;
• Заңды тұлғалардың түрлерін анықтау;
• Заңды тұлғаларды құру ерекшелігін зерттеу;
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуді талдау;
• Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін анықтау;
• Заңды тулғалардың негізгі түрлерін зерттеу.

Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны: Үш тараудан тұратын, яғни кіріспе
бөлімнен, негізгі бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.

Негізгі бөлім.

I. Заңды тұлға ұғымы.

Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-
құқықтық қатынастардың субьектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субьектілері
ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субьект. Заңды
тұлғаның құрылтайшылары оны мүліктік қатынастардың субьектілері ретінде
өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін
заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: “заңды тұлға
құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп
есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар”.¹
Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен
мекемелер зерттеу обьектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің
үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик
А.В.Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне “ұжым
теориясы”² деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың
теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін
соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның “мақсатты мүлік ретіндегі”
анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А.Сухановтың пікірі бойынша, “...осы
заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция)
айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды
тұлғаның мәнін түсіндіретін “мақсатты мүлік” теориясын қостайтын дәлелдер
жеткілікті”.
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған -
жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе – ұжымдық
құрылымдардың құқық субьектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған
құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф.Савиньидің есімімен байланысты. Ол
құқықтың нақ субьектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады.
Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым
өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субьектісінен басқа ештеңе емес, құқық
субьектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері – жеке тұлғалар заңды
тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субьектілері болып қала береді.

Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация
құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың
корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен
практикада мәлім болды: “Корпорация дегеніміз – бұл көрінбейтін,
сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым”.³
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен
байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік
етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субьектісі ретінде, әлде бір
әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға
ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де “нақты” одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра
отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен
міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың
дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде
түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға
мүлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін “заңды тұлға”
деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтық кодексінің 1942 ж.
заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар
жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен,
Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды
әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар
адамдар құрамасы ретінде анықтайды
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің
азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. азаматтық
кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: “Құқықтарды жүзеге
асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес
қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады”.
Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай
анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты
азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.

Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың
ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату
тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы
ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында
баянды етілген: “Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс”.

1.1. Заңды тұлғаның белгілері.

Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде
таныла бермейтінен көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай
белгілердің жиынтығы болуы қажет:
– ұйымдық бірлік;
– мүліктік оқшауланушылық;
– дербес мүліктік жауапкершілік;
– азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды.
Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен
қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп
түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға
ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын
ұжымдық құрылымы – заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті
түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде
капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-
де 70-жылдардың басына қарай 42 000 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің шамамен 9 300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын
компанияларға арналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік
қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат
ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар
байқалады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның
қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды
тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай
шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын
құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын – құрылтайшылар
жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысынасы, қызмет
мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы –
заңды тұлғаның – мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР
АК-ның 103, 104-баптары).

Мүліктік оқшауланушылық. Заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның
дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік
жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К.Толстой “заңды тұлғаның белгісі, бәрінен
бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің
мүліктік оқшауланушлық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес”4 деп
әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол
тіркелген сәттен басталады (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабы).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүлікке
меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік
кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың
мүлкінен оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы – заңды
тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы
немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік. Бұл заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушлығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс
тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-
құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның
құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді.
Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз
ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір еркешеліктер көзделген. Мәселен,
қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетпейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті
жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта
болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-
тармағындағы 2-абзац).
Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің
меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың
кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық
ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке
ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған
қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша қосымша
жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2-
тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету. Заңды тұлғаның өз атынан
мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттерді атқару,
сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың
субьектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып
табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету – заңды тұлғаның басқа
белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына
сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанынан нақ
осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық
атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның
104-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде
фирмалық атауы болуға тиіс. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды
тұлғаның фирмалық пайдалана алады. Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар,
тауарлық белгі, қызмет көрсетеу белгісі секілді дараландыру құралдарын да
пайдалануы мүмкін. Тауарлық белгі дегеніміз – тіркелген ауызша, бейнелік,
көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші
субьектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқаша шаруашылық
субьектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен айыруға
мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы “Тауарлық белгілер, қызмет көрсету
белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атаулары туралы” Заңының
4-бабы 5)
Заңды тұлға дегеніміз – бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу
құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз
міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық
айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.

1.3. Заңды тұлғаның органдары.

Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа
субъектілері алдында арнайы уәкілетсіздік (сенімхатсыз)өз атынан әрекет
етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымлары заңды
тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық
(алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі
және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін,
олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау
түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекеленген
түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес,
заңды түлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші
тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз
өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді
(АК – ның 44-бабынының 4-тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару
әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын
растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық-құқықтарды иелену және өзінің қатысушылар мен
өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты
түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаны мұны істеуге құқықсы жоқ дегенді
білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады. (АК-
ның 5-тарауын қараңыз).
Азаматтық Кодекстің 35 бабына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқықтарға
ие болып, оның қызыметімен байланысты міндеттер атқара алады “Заңды
тұлғаның органы ” ұғымы мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиетте әртүрлі
пікірлер айтылған. Мәселен, М. И. Брагинский “орган оның еркін сыртта
қалыптастырып білдіретін оның бір бөлігі болып табылады” деп есептейді. Нақ
өзінің органдары арқылы заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне
азаматтық міндеттемелер алады.
В.В.Даличскаяның пікірінше, “заңды тұлғаның органдары өзінде бар
өкілеттіктерге сәйкес заңды тұлғаның еркін қалыптастыратын және білдіретін,
оның қызыметін басқаратын оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Заңды тұлғаның органдары – заңды тұлғаның заңнамаларына немесе
құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері”– бұл
В.К.Мукашеваның көзқарасы бойынша.
Әдебиетте заңды тұлғаның органдарын жіктеудің әртүрлі негіздері
ұсынылған. Мысалы, В.В.Дашнская, жоғарыда атап өтілгендей, органдарды
өкілеттіліктер сипаты бойынша, оларға кіретін лауазымды тұлғалар санымен,
өкілеттіліктерді қалыптастыру тәртібі мен оларға ие болу әдісі бойынша,
сондай-ақ қызыметінің мерзімдері бойынша жіктейді:
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттер алуы туралы Азаматтық
Кодекстің 37–бабының мазмұны бірқатар қарсылықтар туғызады. 1998 жылғы 2
наурыздағы Заңымен бірқатар бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізгенін
атап өткен жөн. Мәселен, заңды тұлғаның азаматтық құқықтар алуы және өзіне
міндеттері заңнамалық актілер мен құрылтай құжаттарына сәйкес тек өзінің
органдары арқылы қабылтыны анықталды. Сондай-ақ, баптан бұған дейін
олардыалу және заңды тұлғаның қалыптасушылары мен оның өкілдері арқылы
қабылдау мүмкіндігі қарастырылған тармақ алынып тасталды. Әдетте “заңды
тұлғаның іс-әрекетке қабілеттілігін жүзеге асыруды екі түрін айыну қажет”
екендігі атап көрсетіледі 1–ден, заң тұлғаның азаматтық айналымда, оның
өзге қатысушылармен қарым-қатынасында етуі, яғни әртүлі мәмілелер, шарттар
жасау, заңды тұлғаның құқықтарын қорғау кезінде сотта немесе төрелік сотта
сөз сөйлеу және; 2-ден заңды тұлғаның өзіне қабылдаған міндеттерді атқару
бойынша ішкі шаруалық қызметі. “Сыртқы айналымда” заңды тұлғаны оның
органдары немесе өкілдері білдіреді. Сонымен бірге, мәмілелер, соның ішінде
келісімдер-бұл Азаматтық Кодекстің 7-бабымен көзделген азаматтық құқықтар
мен міндеттердің пайда болу негіздерінің бірі ғана. Демек, заңды тұлғадағы
құқықтар мен міндеттер заңмен жас берілетін өзге де негіздер бойынша пайда
болуы мүмкін. Мәселен, егер 3-ші тұлғаларға заңды тұлғаның жұмысшыларының
еңбек міндеттерін орындау кезінде зиян келтірілсе, зиянның орнын толтыру
бойынша жауапкершілік заңды тұлғаға жүктеледі.
Заңды тұлғаның органдары туралы мәселеде олардың құдыретін анықтап
айыру проблемасы аса манызды болып көрінеді, өйткені, 1-ден, заңды тұлға
ортақ ереже бойынша құрылтай құжаттарымен белгіленгенімен өзінің
өкілеттігін асырумен заңды тұлғаның органы қабылдаған міндеті бойынша 3-ші
тұлғалар алдында жауапты болады, ал екінші жағынан, органың өзініңқұдіретін
бұзуы кейбір жағдайда оның жасаған мәміле жарамсыз деп тануға әкелуі
мүмкін. 1963 жылғы ҚазКСР-нің Азаматтық Кодексте осы секілді жағдайды
келесі түрде реттегенін еске сала кетейік: заңды тұлғаның өзінің қызметінің
белгіленген мақсаттарына қарай қайшы жасалған мәміле жарасыз саналады. Бұл
нормаға түсініктеме бере отырып, Ю.Г.Басин былай деп атап көрсетті: “заңды
тұлғаның органдарының құзыретін бұзатын мәмілелерді жарғыдан тыс деп
есептеу қажет. Жарғыдан тыс мәмілелердің маңызы жоқ”. Біздің пікіріміше
норманың бастапқы және қазіргі редакциясы арасындағы принциптік айырмашылық
жасалған мәмілені жарамсыз деп тануды талап ету құқығы бар тұлғалар тобын
өзгертуден тұрады. Мәселен, 1998 жылғы 2 наурыздағы түзетулерге дейін
мұндай құқыққа:
• заңды тұлғаның өзі;
• оның құрылтайшысы (қатысушысы);
• заңды тұлғаның қызметі үстінен бақылауды немесе қадағалауды жүзеге
асырушы мемлекеттік орган ие болды.
Қазір мұндай талап беру құқығына тек заңды тұлға мүлікінің меншік иесі
болады. Сондықтан Азаматтық Кодекстің 159-бабының 11 тармағын қазіргі
редакцияда сөзбе-сөз түсіндіру шаруашылық серіктестіктердің
қатысушыларына, акционерлік қоғамдардың акционерлеріне талаптар беруге
құқық бермейді.

1.3. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері

Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан
мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің)
мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс
дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес,
оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес
мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін
атқарады.
Өкілдік дегеніміз – бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер
жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның
бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін
Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал
ішіндегі қатынастарды және филиалдар мен негізгі заңды тұлға арасындағы
қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның
лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзыретін, мүлікті
филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін,
филиал қызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың
филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен
есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу филиалдар
мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәйкестігін
тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының
нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы
мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді тұлғаларды айыра білу керек
(АК-ның 94-95-баптарын, мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-49-
баптары).

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу:

• заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және
қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу,
есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
• Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта
ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ
құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан
филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
• Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
• заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға
қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын
ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.

1.4. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы
табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс
қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық
қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар
қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін
құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай
белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір
құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз – бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік
азаматтық құқықтарыд иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару
жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың
субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1-бабы), ол құқық қабілеттігіне ие
болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттіліг мен әрекет қабілеттілігі
олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда
болатындықтан (АК-ның 42-бабының 3-тармағы), заңды тұлғалар үшін бұл
санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабілеттіліг бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты
қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35-бабы) және жарғылық міндеттерді
жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілер негізінде пайда болады.
Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып табылады.
Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінін мазұнын анықтауда ең
алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілердің ауқымы назарда болады.
Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға зағдарға немесе құрылтай
құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай
келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігі рұқсат етілгеннен басқанын бәріне тыйым салынған деген
принципте бейнеленеді.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметінде икемділіктің болуын талап етті, ал заңды тұлғалардың тар өрісті
арнайы құқық қабілеттілігі бүгінгі күннің шындығына сай келе алмады.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі және оған сәйкес
қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігін ұлғайтты.
Алайда объективтік мағынада алғанда заңды тұлғаларға қатысты жалпы немесе
әмбебап құқық қабілеттілік жайында сөз қозғауға болмайды, өйткені заңды
тұлға дегеніміз – бұл белгілі бір мақсаттар үшін ұүрылатын және сондықтан
жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысынан нақты
құқықтар мен міндеттер алатын құқық субъектісі болып табылады. Сондықтан
кез келген заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі арнай сипатта болады. Олардың
кейбіреуінің құқық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай құжаттарында
егжей-тегжейлі көрсетілген. Басқа түрлерінің құқық қабілеттілігі әмбебап
қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мұның ең алдымен, коммерциялық заңды
тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабының 1-тармағы). Олардың құқық
қабілеттілігін тыйым салынғаннан басқанын бәріне рұқсат етілген
принципімен бейнелеугеболады. Алайда кейбір заңды тұлғалардың, ең алдымен,
мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі арнайы сипатта болады.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда
болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында
тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлеріментек лицензия негізінде ғана
айналыса алады. Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет
болтын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен, сол лицензияны алған сәттен
бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-
тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне
байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа
коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым
салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа
ие бола алады және азаматтың міндетті де атқарады.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген.
Оның бәрі де жоғары мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар
қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі-бір қызмет түрін
жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қатынастардың негізгі қатысушыларына қойылатын құқықтық талаптарға саралау жүргізу
ТҰЛҒА ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы ақпарат
Заңды тұлға туралы мәлімет
Заңды тұлғаның түсінігі
Заңды тұлғаны құру тәртіптері
Заңды тұлғаларды құру
Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Заңды тұлғаның жарғысында
Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Пәндер