Қазақ жеріндегі мөрлер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

I. 1. Сфрагистиканың ғылым ретінде дамуы

І. 2. Орыс сфрагистикасының мәселелері.

І. 3. Сфрагистиканың мемлекет тарихын зерттеудегі рөлі

II. бөлім

ІІ. 1. Мөрлердің пайда болуы мен даму тарихы

ІІ. 2. Қазақ жеріндегі мөрлер

ІІ. 3. Ұйым мөрі мен мөртаңбаларын қолдану

III. Қорытынды . . .

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Сфрагистика ғылымыны орыс тарихындағы орнын зерттеудегі қосалқы тарих пәніне ықпалын анықтауға арналған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңдағы тарихта зерттелуі кенже қалған ғылыми зерттеуі аз тақырыптың бірі бұл - қосалқы тарихтың бір бөлімі сфрагистика ғылымы. Біздің заманымызға дейін жеткен көне түрік таңбалары ғұрыптық кешендерінің кейбір бөліктеріне, бітіктастарға, сандықтастарға (барықтарға), атақты бекзат тұлғаларға арналған бәдіздерге, зооморфтық мүсіндерге, балбал-меңгірлерге қашап түсірілген; мұның барлығы аталмыш жәдігерлердің сакральдық әрі семиотикалық мағынасы бар екендігін көрсететіні анық. Сонымен қатар, түрік заманының бірсыпыра таңбалары жартастарға, бұйымдарға, қару-жарақтарға да көркем нақышталғанын айта кету керек.

Көне түрік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатын байырғы түріктердің таңбалары мен символикалық белгілері зерттеушілердің назарын ұдайы аударып келеді. Алайда ұлан-ғайыр Еуразия даласындағы түрік тілді халықтардың таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі мен даму барысы, трансформациясы жайында толыққанды біртұтас ғылыми зерттеу әлі де жасала қойған жоқ.

Тарихи диахрондық тұрғыдан қарағанда, таңба қолданысы қоғамдық құбылыс ретінде бірнеше даму сатыларын өткізгенін аңғаруға болады. Атап айтқанда, тас дәуірінің әр түрлі кезеңдерінде белгілер мен символдар белгілі бір жердің, қастерлі өңірдің, қару-жарақ пен алуан түрлі заттардың айқындаушысы болып келді. Алайда палеолит-неолит дәуірлерінде қоғамдық институттардың дамып жетілмегендігіне, тағы да басқа факторларға байланысты «таңба ұолданысы» болды деп айту, сондай-ақ аталмыш дәуірде таңбалар кеңінен қолданылды деп қарастыру әліде болса жан-жақты талдауды қажет етеді.

Қола дәуірінде символдар мен таңба тектес белгілердің біршама күрделі жүйесі қалыптасқаны аян. Бұлар жылжымайтын және қозғалмалы дүние-мүлік иелерінің айқындаушысы болып, күнтізбелік жүйенің мифтік-салттық кешендерінде кеңінен қолданылды; тіпті табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаның нышандарын бейнеледі. Осы кезеңдерде қоғам өмірінің рухани саласында символдар мен белгілердің сакральдық-магиялық қызметі басымдық етті. Қола дәуірінде Еуразия даласының тұрғындарында «таңба қолданысы» нақты іске аса бастады.

Ежелгі темір дәуіріндегі мемлекеттің экономикалық қатынастарында өндірістің көшпелі шаруашылық тәсілдері кең жайыла бастады, ал қоғамдық қатынастарда мүліктік-дәрежелік айырмашылықтар пайда болды. Демек, мүліктік-дәрежелік айырмашылықтардың күшеюі, қоғамның әлеуметтік құрылысында жайылым жерді кеңейту, қайтадан бөлшектеу, байлықты молайтуды тұрақты көздеген әскери ақсүйектердің одақтастығы басты қызмет атқарғандығы ерекше байқалады. Егер Ордостан Карпат тауы, Қаора теңіздің солтүстігіне дейінгі Еуразияның кең байтақ даласындағы көшпелі мемлекеттердің өзара саяси-әлеуметтік, экономикалық және этномәдени ұқсастықтары болды десек, онда б. з. д. 1-ші мыңжылдық бойы (хұн-сармат деп аталатын дәуірді қамтып) олардың даму кезеңдеріндегі, әр түрлі сатыларындағы өзгерістер мен жаңарулар барысында алуан түрлі таңбалар мен символдар кеңінен қолданылды деуге негіз бар.

Таңба қолданыстың бастапқы сатысында жануарлардың тұяқ-табаны, аспан денелері сияқты түрлері басым болды да кейін одан әрі күрделеніп, кейбіреулері абстракциялық символдарға айналды.

Ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған түрік мемлекеттерінде таңба қолданысының қызметі мен мағынасы ерекше мәртебелі болды. Әсіресе, әкімшілік басқару жүйесінде, сыртұы саяси және де басқа да мемлекеттік істерде бірегей қызмет атқарды.

Көне түріктердің таңбаларына толыққанды талдау жасау үшін барлық деректемелерді топтастырып, жүйелеу, жаңа ізденістер жасау қажет. Көне түріктердің, сондай-ақ қазіргі түркі тілдес халықтардың ен, таңбаларының бір ерекшелігі - олардың белгілі бір заттық бейнелеу атаулары (аспан денелер атаулары - күн, ай, жұлдыз және т. б., мал шаруашылық атаулары - мүйіз, тұяқ, табан, жүген, ер-тұрман және т. б., зат атаулары - қару-жарақ, үй бұйымдары, әшекейлер - садақ, оқ, балта, тарақ, айна, сырға және т. б. ) бар. Таңбалардың семантикалық кеңістігі зор әрі мағыналары аса күрделі.

Осы тұрғыдан келген де, орыс жерінде сыртқы пішіні қарапайым көне түрік таңбаларының ішкі сырын анықтау үшін (әсіресе, ортағасырлық түріктердің таңба қолданыс жүйесін семиотикалық тұрғыдан талдауда) барлығына ортақ әрі оңтайлы әмбебап тәсілді ойластыру керек. Онда бүгінгі методологиялық жетістіктер мен оның айдан-анық кейбір кемшіл тұстарын ескере отырып, жан-жақты сұрыпталған жолдарын қарастырған жөн. Дегенмен әлі де болса зерттелуі кенже қалған, жеткілікті мән бермей отырған мәселелерде баршылық. Бүгінгі күнге дейін Орыс жеріндегі сфрагистика ғылымының даму мен таралуы үдерісі жайлы тарихи талдау толық жасалмағандығы зерттеу тақырыбының өзектілігін білдіреді.

Сфрагистика ғылымының таралуы мен дамуы бірнеше сатылардан өткені бізге белгілі. Олай болса, Сфрагистика ғылымының таралу ерешеліктері мен Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметі тұсындағы елдегі мөрлер тарихына байланысты ахуал тақырыптың көкейкестілігін арттыра түседі.

Зерттеу жұмысының деректік негіздері. Ғылыми жұмыстың деректік негізін мұрағаттық, статистикалық жазба ескерткіштерінің кешенді деректануға негізделген үлкен тобы құрайды. жоғарыда аты аталған деректік қайнар көздермен қатар зерттеу тақырыбына қатысты жазылған ғылыми және ғылыми көпшілік әдебиет, ауыз әдебиеті үлгілерінің жазбаша нұсқаларын игеруге күш салды. Сфрагистиканың зерттеу нысаны мөрлер болып табылғандықтан қосалқы пәндерді құрайды. Ол тарихнаманың маңызы болып табылады, бірақ оның нысаны мөрлердің түпнұсқаларын, авторын және күшін растаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар құжаттардың, жеке сақтаған мөрлер, мемлекеттік билік институттарының тарихы үшін маңызды қайнар көзі болып табылады.

Сфрагистика - мөр туралы ұғым. Оның негізін Мих Гейнекций (1709ж) салса, ал артынша Иоганн Гейманне оны грекше «сфрагистика» деп атады. Соңғы уақыттағы сфрагистика жайлы шығармалар жиынтығы «Abriss der Sphragistik» (Вена, 1884ж) кітабын шығарған Зейлер болып табылады. Қазіргі кезде сфрагистика ұғымымен қатар сигиллография (латынша сигилиум - мөр) ұғымы қолданылуда.

Көне түріктердің еуразиялық құдіретті империясының мәдени жетістіктерінің айқын айғағы -жүздеген үнсіз куәгерлерді Өтүкен-Ханғай, Шивээт қатарлы киелі де қасиетті таулардан, Орхон, Селеңгі, Туыл, Тэс, Қобда сынды өзендер бойынан кездестіруге болады. Сөйтіп әйгілі «қаған» таңбасынан бастап, алуан түрлі таңбалар мен белгілер түсірілген ескерткіштердің Арханғай, Бұлғын, Төв, Баян-Өлгий, тағы да басқа аймақтарда (Хөшө-Цайдам, Могойн шиеэ ус, Бөмбөгөр, Шивээт-улаан, Бичигт улаан хад, Хөл Асгат сынды ғұрыптық кешендерде) кеңінен таралғанын білеміз.

Біздің заманымызға дейін жеткен көне түрік таңбалары ғұрыптық кешендерінің кейбір бөліктеріне, бітіктастарға, сандықтастарға (барықтарға), атақты бекзат тұлғаларға арналған бәдіздерге, зооморфтық мүсіндерге, балбал-меңгірлерге қашап түсірілген; мұның барлығы аталмыш жәдігерлердің сакральдық әрі семиотикалық мағынасы бар екендігін көрсететіні анық. Сонымен қатар, түрік заманының бірсыпыра таңбалары жартастарға, бұйымдарға, қару-жарақтарға да көркем нақышталғанын айта кету керек.

Зерттеудің мақсаты. Орыс сфрагистикасы ғылымының даму жағдайын жан - жақты талдау және саралау болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- Сфрагистиканың ғылым ретінде дамуын талқылау;

- Орыс сфрагистикасының мәселелеріне жан - жақты тоқталу

- Сфрагистиканың мемлекет тарихын зерттеудегі рөлін ашып көрсету;

- Мөрлердің пайда болу тарихын саралау;

- Таңба - тарихи деректер жиынтығы дей отырып, ресей жеріндегі мөрлер тарихына шолу жасау;

- Ұйым мөрі мен мөртаңбаларын қолдану аясына толыққанды баға беру болып табылады;

Зерттеу нысаны: Ерте және орта ғасырлардағы орыс сфрагистикасының тарихына сараптама жасау және Сфрагистика ғылымының қайнар көзі және Мөрлердің шығуы мен олардың түрлеріне сипаттама беру. ХVІ- ХVІІ ғасырлардағы Ресейдегі сфрагистиканың даму тарихына тоқталып өту. Сонымен қатар, ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы Мөрлерге сипаттама жасай отырып, ұйым мөрі мен мөртаңбаларын қолдану аясын талқылау болып табылады.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Зерттеу тақырыбы Ежелгі заманнан бастап ХХ ғасырға дейін орыс жерінде пайда болып, қолданылған Таңба мен мөрлер қарастырылады. Ресей территориясында Мөрлер толыққанды XVІ ғасырдың басына қарай қалыптасты. XVIII-XX ғасырлардағы Патшалық Ресей империясы тұсындағы мөр таңбаларының пайда болуымен оның Ресей жерінде енгізуін қарастырдық.

Зерттеу жұмысының территориялық шеңбері. Тақырыптың алдын ала қойған мақсат - міндеттеріне байланысты зерттеу жұмысының территориялық шеңбері Патшалық Ресей шекаралас аймақтарыдың территориясын қамтиды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мағызы. Зерттеу жұмысында жасалған қорытындылар мен тұжырымдамалар Сфрагистика ғылымының орыс тарихына қатысты деректер Қосалқы тарих ғылымындағы орнын, Патшалық Ресей территориясына сфрагистика ғылымының таралуымен ерекшеліктерін кезеңдерге бөлудің методологиялық - теориялық мәселелерін ғылыми негізде талдауға және оларды жетілдіруге бағытталған. Әрение, нақты талдау тарихнамада тарихи хронология мен оқиғаларды процестерді өзара байланыста, сабақтастықта зерттеуге бірін - бірі толықтыратын теориялық және тәжрибелік материалдарды салыстыруға көмектеседі. Сондықтан зерттеудің қорытындылары мен тұжырымдамалары және ондағы материалдар жоғары оқу орындарында Қосалық тарихы пәні бойынша дәріс оқуға, семинар сабақтарына, арнайы курстар жүргізуге қажет.

Зерттеу жұмысының құрлымы. Алға қойған мақсаты мен міндеттеріне орай зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі екі тарау (әр тарау жеке тараушалардан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады. Кіріспеде жұмыстың маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері зерттеу деңгейі, әдіс тәсілдері, ғылыми жаңалықтары айтылған. Ал бірінші, екінші тарауда Орыс тарихындағы патшалардың мөрлері мен таңбалардың таралу ерекшеліктерін кезеңдерге бөліп қарау мәселеллері қарастырылады. Жұмысқа қорытынды жасалып, методологиялық - теориялық мәселлерді одан әрі зерттеудің басты негізгі бағыттары көрсетілген.

I. Сфрагистиканың ғылым ретінде дамуы.

Сфрагистиканың нумизматика ғылымымен байланыстылығы, тиындарда жиі князьдердің мөрі басылып, егер тиындарда жазу сақталмаған болса, оның қайдан шыққанын білуге болатын еді. Мөрлерді қолдану дәстүрі - өте тереңде. Шығыс халықтары ерте замандардан-ақ мөрлерді цилиндр пішінінде, Вавилон, Египет өңірлерінде қатты түсті заттар арқылы белгілеген. Библияда және көптеген жерлерде мөр ұғымы жайлы дерек бар. Мөр ұзақ уақыт бойы мағынасы зор, ауқымы кең қолтаңба ұғымын алмастырып келді. Көшірме болмас үшін көптеген сақтық шаралары қолданған. Маңызды қағаздарға мөр басуға аса үлкен мәе берілген. Римдіктер секілді германдықтар да табытқа қайтыс болған адаммен бірге өзінің мөрін қоса салып жерлейтін дәстүрлері болған. Корольдер мемлекеттік мөрлерін кейде мойындарына тағып жүрген. VIII ғасырға дейін біржақты үлкен мөрлер қолданыста болса, X ғасырдан бастап оны ығыстырып екі жақты етіп жасаған.

Құжаттарда пайдаланылған мөрлер, әр түрлі мемлекеттік маңызы бар институттарда маңызды орын алады. Мөрге деген қызығушылық XVIII ғасырдан бастау алған. Бірақ ол уақытта зерттеушілердің назарын алдымен акт көздеріндегі мұрағаттарда сақталған негізгі мөрлер қызықтырды. Алғашқы мөрлердің жер бетінде табылуы XIX ғасырмен тұс келеді. Сфрагистика құжаттарының көп мөлшерде табылуы Ежелгі Русьтегі Новгородтық Городище болып есептеледі. Городищте табылған негізгі мөрлер жинағы Советтік сфрагистика ғылымының негізін салушы Н. П. Лихачев есімімен тығыз байланысты. Лихачевтың жинағында шамамен 700-ге жуық жинақ болған. Жинақтың көп бөлігі Новгородтегі және Новгородтық Городищтегі табылғандарға негізделген. Қазіргі таңда сфрагистиканың ірі жинақтары Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда, Москвадағы Мемлекеттік тарихи мұражайда және Новгородтағы өлкетану мұражайында шоғырланған.

Алғашқы мөрлердің біраз бөлігі Н. И. Новиковтың көп томды «Древней Российской Библиогафии» атты туындысында жарық көрген. Басылымда князьдердің келісім грамоталары, ханның жарлықтары, Новгородтық феодалдық Республиканың құжаттары кірген. Мөрлердің көп бөлігі және олардың кескіндері «Мемлекеттік грамоталар мен келісімдердің жинағында» жарыққа шыққан. Сфрагистикада А. Б. Лакиераның «Русская геральдика» атты жұмысы ерекше орын алды. Бұл еңбекте орыс геральдикасының міндеттері, мақсаттарын қарастырып қана қоймай, сонымен қатар бұл жинақта XIX ғасырдағы классификациялауға алғаш қадам жасалды. XIX ғасырда алғашқы мөрлердің альбомы шығады.

Сфрагистика ғылымында Қазан төңкерісінен кейін жарық көргенЛихачевтың еңбегі маңызды орын алады. 1904-1907 жылдары ол Орешниковпен бірігіп 700-дей көне орыс акт мөрлерінен тұратын фототиптік альбом жасады. 1928-1930 жылы Лихачевтың орыс сфрагистикасын негізге ала отырып жасаған Византия және орыс сфрагистикасының тарихынығ жинақтары жарық көрді. Ертедегі мөрлерді зерттеуде X-XV ғасырдағы екі томдық В. Л. Яниннің «Актовые печати Древней Руси X-XV в. в» атты еңбегінің маңызы орасан зор.

Мөрлер әр түрлі: алтыннан, күмістен, қоладан, қалайыдан болды. Мөрлердің пішіндері әр қалыпта, яғни дөңгелек, сопақша, үшбұрышты, төртбұрышты, алтыбұрышты және т. б. Мөрдегі жазудың түсі жұмыстың барысы мен адамның қоғамдығы рөліне байланысты болды. Қызыл түсті мөрмен басу рұқсат етілген мемлекеттік қызметкердің қолында болды. Константинополь ратриархы өзінің грамоталарын әдеттегі қара түсті мөрмен басатын. Көк түсті мөрмен басу XVI және XVII ғғ. сәйкес келеді. Мөрлерде егелеріне берілген эмблемалар суреттелініп, ереже түріндегі жазулар және иемденушінің бейнесі бейнеленетін. Әсіресе эмблемалар мен белгілер әр түрлі болатын. Әр мемлекетте ерекше мемлекеттік мөрлер болған және қазір де бар, яғни олар көлемі бойынша үшке бөлінеді: үлкен, орташа және орташа көлемді. Біріншісі - өте маңызды құжаттарға, заңды актілерге және халықаралық құжаттарға қолданылса, екіншісі және үшіншісі - маңызы жағынан орташа құжаттар үшін пайдаланылды. Кейбір мемлекеттерде қызметкерлердің жеке қолданысы үшін де ерекше жеке мөрлер де болған(Англия, Нидерланды т. б. ) . Мемлекеттік мөрлердің біршама бөлігі әділет министрлігінде, кейін шетел істерінің министрлігінде(Баварияда, Нидерландыда, Швецияда) және мемлекеттік әділет органдарында(Прусия) көп сақталған. Рим папасы отбасылық герб бедерленген мөр пайдаланған, ол папаның грамоталары мен трактаттарында қолданылған. Папаның хатшысында ерекше мөр.

Ресейде алғаш мөрдің аталуы Игорь Святославтың гректермен жүргізген келіссөздерінде кездеседі. 945 жылғы келіссөзден білетініміз, орыс елшілері алтын мөр қолданып, ал қонақтар күміс пайдаланған. 1006 жылы Владимир болгарлар мен орыс көпестерінің арасында еркін сауда қатынастарын жүргізіп, оларға ерекше мөрлер берген. Ең алдымен мөрді тек ұлы князьдер ғана қолданып келіп, кейіннен Русьтің кеңеюіне байланысты мөрді кішігірім княздер де қолдана бастаған. Ресейдің әкімшілік дамуына байланысты мөрді әр қаланың қызметкерлері қолдана алатын болды. Княздердің мөрлері екі типті болды - жеке және арнайы мемлекеттік. Бізге дейін сақталып жеткен ең көне княздық мөр - күміс, алтын жалатылған, бір жағында Иусус Христостың бейнесі бейнеленсе, екінші жағында жыланды таңдандырған Архангел Михаилдың бейнесі. Ол князь Мстислав Владимирович пен оның ұлы Всеволодтың(1125-1132ж) ұсыныс грамотасында көрсетілген.

Кейініректегі князьдердің мөрлерінде ұлы Александр, Николай, Иоанн Предтеч, Симеон және т. б. княздердің бейнелері, әр түрлі эмблемалар мен жазулар кездеседі. XIV-XV ғғ. марасындағы мөрлерде шамамен Византиядан әкелген аңыздық суреттер бейнеленген ежелгі мөрлер бар. Бізге дейін жеткен көне қалалық мөрлердің бірі - 1426 жылы Новгородтық грамотаға қойылған және онда жылқы басты, артында арыстан аяқты, құйрығын көтеріп жүгіріп бара жатқан жануар, басы мен мойнының ортасында арқаны көрініп тұр, айналымында «новгородская печать» деген жазу бар. Кейінірек Новгородтық мөрлерде жолбарыс немесе пантера, екі жақты қыран, аю т. б. бейнеленген. Новгородтық мөрлерден кейін ертеректе жасалған(1510 ж), тырнақтарын жая жүгіріп бара жатқан барыс бейнесі суреттеледі. XV-XVI ғ. тұрғызылған қалалар билеушілерден мөр алып тұрған. Олар өзгеріп және толықтырылып отырды. Патриархтың митрополиттер, архиепископ және епископтардың мөрлерінде әдетте Құдай ананың суреті бейнеленген. Жеке кәсіпкер мен қызметшілердің мөрлерінде жазумен қатар эмблемалар да кездеседі. Мәскеу кезеңінде шығарылған әрбір акттарға патша қолының орнына мемлекеттік мөр қолданылған. Ағымдағы жүргізіліп жатқан заңдарға қарап, Ресейде үш түрлі мемлекеттік мөр болғандығы айтылады. Әрбір мөрлер құжат мазмұнына байланысты үйлесіп отырған. Мөрлерде мемлекеттік елтаңбалар бейнеленген. Аталған мөрлерден басқа, бір жағында қыран, жоғарғы бетінде ұлы Георгий бейнеленген қыран мөрлер болған. Олар біржақты және әдетте мөршінің немесе мемлекеттік мөрлерді сақтаушылардың дуалдарында ілініп тұрған. Олардың көшірмелері шет ел істері министрлігінің мұрағаттарында сақталған, оларда тек Мәскеудің елтаңбасы ғана бейнеленген. XVIII ғасырдан бастап, сонымен қатар күміс мөрлер де қолданыла бастады. Облыстық мөрлердің ішіндегі қызықтысы Кішіресейлік мөр болып тұрады. Оны 1576 жылы Стефан Батори тапқан және онда «иығына қару асынған, басында биік шапка, тұрып тұрған казак бейнеленген» елтаңба болатын. Бұл мөр Кішіресейдің Мәскеу мемлекетіне қосылса да, 1764 жылға дейін де қолданыста болды. 1766 жылдың 21 ақпанында Екатеринаның бұйрығымен кішіресейдің мөрі ретінде, 1722 жылы Кішіресейдің ұжымында қабылданған Ұлы Петрдің мөрі қабылданды. Бұл мөрдің мемлекеттік елтаңбасында Киев мөрі(көк алаңдағы күміс періште), Переяслав мөрі(қызыл алаңдағы күміс сарай), Север мөрі(қызыл алаңдағы алтын қабырға), Чернигор мөрі(көк алаңдағы жалғыз қыран) бейнеленген. 1702 жылға дейін әр түрлі мөрлер қолданыста болса, кейін екі жақты қыран бейнеленген мөрлер қолданысқа енген[ www. google. kz ] .

  1. Қазақстан сфрагистикасының мәселелері.

Қазақстан сфрагистикасына байланысты зерттеулер әлі де болса өз дәрежесінде жүргізілмеген. Бұл саламен арнайы айналысатын мамандар жоқтың қасы.

Ал қазақ даласында мөрлерді қолдану ежелден қалыптасқандығы бізге археология ғылымының зерттеулері нәтижесінде белгілі. Ежелден бері әрбір мемлекеттің мемлекеттілігін білдіретін өзінің нышанын белгілеу қалыптасқан. Бұл нышандар елдің мінезінің, беделінің, рухының, қасиеттерінің символын айқын көрсетулері керек. Ел билеушілерінің байрағы, елтаңбасы, әнұраны және мөрінің болуы осыған дәлел. Соның ішінде ел басқаруда мөрдің маңызы өте жоғары. Билеушілердің мөр пайдаланғандығы жөнінде бізге жазба деректерден де белгілі. Мысалы, қытай тарихшысы Фан Сюанлиннің «Цзин династиясының тарихы» атты шығармасында үйсін тайпасының батыр қолбасшысы Шы Лэнің (IIIғ) императорлық мөрі туралы мағлұмат қалдырған. Ол қара яшмадан жасалған, көлемі төрт бұрышты, тұтқасы тасбақа бейнесінде екені жазылады. Ал «алтын шежіреде» Шыңғыс ханның мөрі туралы сөз етілген, яғни ол алқызыл яшмадан жасалған, оның бетінде «Құдай тағала - аспанда, хақан - жердегі құдірет. Адамзат билеушісінің мөрі» деген атақты жазу болғаны хабарланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы
Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
Үйсіндер тайпасы
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Үйсін мемлекетінің құрылуы
Сфрагистикалық материалдар
Қазақ хандарының негізгі мөрлерінің сипаттамасын қарастыру
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
Мөрлердің пайда болуы және олардың түрлері
Ресейдің дипломатиялық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz