Экологиялық мониторингтің міндеті


КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: «Экологиялық мониторингтің міндеті»
Тобы: БЖиООС 19-1к
Орындаған: Башен А. Ғ.
Тексерген: Омирзакова Э. Ж.
Алматы, 2022 жыл
Мазмұны :
I. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ластаушы заттар
2. Экологиялық мониторинг сатысы
3. Экологиялық мониторингтің міндеті
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) - қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:
- жағдайды бақылау;
- бағалау;
Мониторингтің басты мақсаты-қоршаған табиғи ортаның жай-күйін және оның ластану деңгейін бақылау. Кәсіпорында немесе ұйымда экологиялық мониторинг жүргізудің мақсаты-қоршаған ортаға зиянды әсер ету көздерін анықтау.
Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттері антропогендік әсер ету көздері мен факторларын, табиғи ортаның жай-күйі мен онда болып жатқан процестерді бақылау, табиғи ортаның нақты жай-күйін бағалау, оның серпіні мен болашақтағы жай-күйін болжау болып табылады.
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970 жылы құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:
- қоршаған ортаның жай күшінің халықаралық мониторигі мен бағалауын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу.
- мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрсету
-атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату.
Химиялық мониторинг - атмосфераның, жауын-шашынның жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түрдің тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе.
Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с ) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп кеседі. )
Ластаушы заттар
- Химиялық мониторинг, физикалық мониторингке тікелей қатысы бар ластаушы қоқыс болып табылады. Қоқыс қоршаған табиғи ортаны ластаумен қатар химиялық реакция әрекеті жүзеге асып қоршаған ортаны ластап қоймай тіршілік дүниесіне ауру таратуына ықпал етеді. Осының алдын алу мақсатында қалалық көлемде қоқысты жойумен қатар оны пайдаға жарату жодары қарастырылған. Осы негізде коптегензауыттар жұмыс жасауда. Қоқыс жәшіктерін сорттау мақсатында оның ішінде пластикалық, шыны әйнек тәріздес, қағаш яғни жанғыш түрде келетін және аралас қоқыстарды сорттау мақсатында жәшіктер жасап шығарылған. Оның мақсаты сортталған қоқысты жоюмен қатар пайдаға жарату принциімен жұмыс жасауболып табылады.
- Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ ластануы т. с ) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Су тасқыны, болуы салдары
- қысты күні жиналған қардың еруі нәтижесінде
- алдын алу кезіндегі бөгеттердің дұрыс жасалмауы
- жауын шашынның жиі жаууы
Алдын алу үшін Казгидромен РМК ауа райын болжау пункттері ескертіп ерте дайындық жасау жүргізіледі.
Жер сілкінуі
Таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды немесе литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады. Осының негізі үлкен апаттарға әкеледі.
Атмосфералық ауаның ластануы
Табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, ) және антропогенд і (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) негіздеріне тікелей қатысты.
Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар химиялық ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттері салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы,
- энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті жарық, ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т. б.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т. б. жатады .
Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100 жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді.
Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.
Қара металлургия.
Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4, 5 кг шаң, 2, 7 кг күкіртті газ, 0, 5-0, 1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, сияқты қосылыстар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т. б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға тарайды.
Табиғи факторлардың әсері
Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, қысымның, ылғалдықтың өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі, қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін яғни тұрақтылық шегінен шыққанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырады. Табиғи факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидромстеорологиялық сейсмикалық, ионсфераның және басқалар) жүйелер жүргізеді.
Биосфераның абиотикалық құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында кезекті экожүйелерде болатын өзгеістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экожүйе мониторингтің информациялық жүйесі жасалады.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізіг міндеттері:
- антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау.
- антропогендік әсер факторларын бақылау.
- антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау.
- табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау.
- антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдаған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
Жалпы алғанда, экологиялық мониторинг процесін схемамен ұсынуға болады: қоршаған орта (немесе қоршаған ортаның нақты объектісі) -мониторингтің әртүрлі ішкі жүйелерінің параметрлерін өлшеу ақпаратты жинау және беру деректерді өңдеу және ұсыну (жалпыланған бағалауды қалыптастыру), болжау.
Экологиялық мониторинг сатысы
- жағдайды бақылау
- бағалау және болатын өзгерістерді болжау.
Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттың жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді. Атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық) топырақтық, климаттық мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық, күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. б.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсер факторларының мониторингі- әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингрединктік мониторинг) түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерінің (электр магнитті сәулелену күн радиациясы, шу діріл) мониторингі.
Ластағыш көздердің мониторингі- нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланысты сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды.
- ғаламдық (биосфера) - халықаралық ынтымақтастық негізінде жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремальды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру.
- базалық (фондық) - жалпы биосфералық, абиғи құбылыстарды бақылау
- ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдық арқылы жүргізетін мониторинг.
- аймақтық - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау.
- жерггілікті (локальды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу.
Экологиялық мониторингтің міндеті
Базалық мониторинг
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz