Мақал - сөздің мәйегі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 4-6

І. Лингвистикадағы «тілдің әлемдік бейнесіне» тарихи аспекті

түрінде жалпы түсінік 7-17

1. 2 Қазіргі кезеңдегі тілдің әлемдік бейнесінің

лингвистикада оқытылуы 18-23

1. 3 Паравербальді әлемдік бейне 24-27

I-ші тарау бойынша қорытынды 28-29

II « Концепт», терминінің мағынасы мен мазмұны 30

2. 1 «Уақыт», терминінің мағынасы мен мазмұны

2. 2 «Уақыт» концептісінің философиялық негіздеріне сипаттама

2. 3 «Мақал-мәтелдер мысалында ағылшын, қазақ, және орыс

тілдеріндегі “уақыт” концептісі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде қазақ тілі халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолдануын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы тіларалық байланыстардың, ағылшын- қазақ, орыс тілдерінің жандануы, дамуы, болашақта дамыған елу елдің қатарына қосылуымыз үшін аса қажет. Осы саланы дамытып өз үлесін қосудың бірден -бір жолы ол өзге елмен жай ғана қатынасып қана қоймай сол елдің мәдениетімен танысып, тілімен, дінін құрметтей білу. Шет тілінің үйренуде көптеген қиыншылытар кездеседі. Соның бірі шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер-фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдік фразеологиялық паремеологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестерінің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Сондықтан мақал -мәтелдердің тіл аралық семантикасын салғастыра зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпы халықтық мәнділіктермен заңдылықтарды және этностық ерекшеліктерді, сондай- ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындауда аса өзекті мәселе болып табылады.

Дегенмен, халықтық ұғым- түсініктермен рухани мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, салааралық байланыстар кең өріс алған, осы кезеңге дейін салыстырыла зерттеліп келді. Алайда, аса салғастырыла зерттелмей, мағлұматтар кеңінен таратылмаған. «Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес қазақ және ағылшын, орыс мақал-мәтелдерін тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру, бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану, олардың семантикалық құрылымындағы ерекшеліктерімен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр.

Соңғы жылдары Тіл білімінде қазақ тілін генетикалық және типологиялық жағынан туыстығы жоқ тілдерімен салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі кеңінен өріс алып келеді. XX ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам-тіл-мәдениет» және «адам-тіл-ойлау» үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашты. Бұған дейінгі салыстырмалы-салғастырмалы түрде жүргізілген зерттеу жұмыстары құрлымдық-мағналық бағытта ғана қарастырылып келсе, бүгінгі таңда антропоцентристік бағыттағы уақыт көшінде әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу еркеше қызығушылық таңытуда.

Тілді ұлттық тарихымен, мәдениетімен, рухани қазнасымен, яғни дүниетаныммен тығыз қарым-қатнаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғаттың шынайы танып білуге жол ашады.

Ұлт мәдениетігнің қай түріне болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суретті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсеттетін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.

Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін және ағылшын тілдерін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер құрлымы әр түрлі тілдері салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі болады. Қазіргі Қазақстан тіл білімінде енді-енді ғана бой көтеріп, кейінгі жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі-қазақ және герман тілдерінің фразиологизмдердін кешенді түрде тіл біліміндегі жаңа бағыттардың ұстанымдарына сүйене отырып зерттеу кейінгі уақытта ғана қолға алына бастағандықтан, әлі де болса шешімін таппай талай мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі-қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің кешенді түрде лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан салғастыра зерттелуі

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қандай да бір тіл болмасын оның фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттық психалогиясын барынша қамтиды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерін жүйелеп салыстыра-салғастыра талдау жүргізіп, баяндау арқылы осы ерекшеліктерді анықтауға деген қызығушылық тудырады. Діні, мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси даму жолдары бөлек ағылышын, орыс және қазақ халықтары тілдеріндегі фразеологиялық теңеулерді салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы олардың бойындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтау осы жұмыстың өзектілігін айқындайды. Үш тілдегі фразеологиялық теңеулерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау қандай да бір мәдениеттану зерттеулер сияқты тарихпен, дәстүрмен, салыстырып отырған лингвомәдени қауымдастықтардың өмір салтының ерекшелігімен танысуды тереңдету, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатнас барысында әр ұлттың ерекшеліктерін, менталитеті, олардың бірін-бірі түсінушілік, ізгіниеттілік пен толеранттылыққа болжау мүмкіндігі де зерттеудің өзектілігін айқындай түседі. Зерттеуде қазақ және ағылшын және орыс тілдері фразеологиялық теңеулер лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан алғаш рет қарастырылу да осы жұмыстың өзектілігіне жатады.

Зерттеу нысаны : туыс емес қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер құрайды. Ағылышын және қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық тенеулерді линвомәдениттану және лингвокогнитивтік тұрғыларынан салыстыра-салғастыра талдап зеттеу.

Зерттеу пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал -мәтелдерді салғастыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және мақал-мәтелдің тілдік ұлттық бейнесін анықтап көрсету.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті . Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ ағылшын мақал -мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтарымен ұлттық сипатын ашу. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

Зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды анықтау және негіздеу; Этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасау, және қысқаша сипаттама беру; Қазақ -ағылшын тілдеріндегі шығу төркіні көмескіленген этномәдени ақпараты бар тілдік орамның шығу төркінін айқындау. Ұлттық сипатты айқындау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Тілдік құрылымы жағынан әр тектес тілдер топтарына жататын қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер негізінде салғастырыла зерттеліп келген. Алайда, мағлұматтар кеңінен зерттеліп, таралмаған. Осы жайтты меңгере отырып олардың қолданыс аясы толығынан қарастырылып, тақырыптық топтары айқындалады. Туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің мазмұн-межесі бір -бірімен толық салыстырыла зерттеледі ұлттық ерекшеліктері айқындалады. ерттеудің нәтижесінде мынандай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін таптты. Құрлымы әр түрлі ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер алғаш рет когнетивтік және лингвомәдениеттану тұрмысын салыстыра-салғастыра қарады;

Ағылшын қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер уәжі этмимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып кешенді түрде зерттейді.

Үш тілдегі фразеологиялық теңеулердің тілдік көлемі айқындалып, тақырыптық жағынан жүйеленіп, ретке келтірілді.

Зерттеудің теориялық маңызы. Салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама өзгенікін біліп, өзіңдікін дұрыс бағалап, тереңіне бойлауға жол ашады. Кейінгі кезде тіл білімінің шектес теориялық ғылымдар тоғысуындағы пайда болған бағыттарына орай, фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік тұрғыдан сипаттау оны этностық дүниетанымның ажырамас бөлігі мен көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары тіл теориясындағы салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистика теорияларын нақтылай түсуге, мәселелерін айқындауға өз деңгейіне сәйкес үлесін қосады. Сонымен қатар қазақ және герман тілдерінің салыстырмалы-салғастырмалы фразеологиясының тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

Зерттеудің практикалық құндылығы . Зерттеудің барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды этнос тарихын, этникалық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвоелтану, этнолингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы, салыстырмалы фразеология бойынша арнайы курстарда, семинарларда теориялық және практикалық материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеуде талдау жасалған тілдік деректерді әр түрлі түсіндірме және тақырыптық екі тілді сөздіктер құрастыруда, ағылшын тілін практикалық тұрғыдан оқытуда қосымша материал ретінде қолдануға болады.

1. Лингвистикадағы «тілдің әлемдік бейнесіне» тарихи аспекті түрінде жалпы түсінік

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр. Осы ретте болашақ мамандарға ағылшын тілін арнайы оқып білу, өзіндік ой қалыптастырудың маңызы зор. Тіл дамыту- қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын терең меңгеру, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.

Тіл - бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы болмасын ол тек тіл арқылы дамиды.

Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту - қазіргі білім саласындағы оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема. Тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра оқыту қажет, өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлініп отыр. Өзге тілді оқушыларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат- сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Қазақ тілін өзге ұлттың өкілдеріне игертуге коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрғандықтан, тіл материалдары болсын, оны игертуге негізделген жаттығулар болсын, сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары болсын түгелдей қазақша сөйлей білуге, өз ойын айта білуге бағытталуы қажет. Қазақ тілін орыс топтарына нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіру, түсіну- бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты- оқушылар белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жету. Оқушыларды осындай деңгейге жеткізу үшін мақал-мәтелдерді оқытып жаттатыруға үйреткен тиімді.

Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.

Мақал-мәтелдің тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Мақал - сөздің мәйегі. Мәйек - бір қазан сүтті ашытатын (ұйтатын) ұйтқы, яғни қысқа да нұсқа айтылатын сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сөздің ұйытқысы. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген - білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері . . . Мақал бейнелі сөз, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан да ол жаттауға, есте сақтауға, пайдалануға оңай. Өйткені, қазақ мақалдарының құрылымы қысқа, өлеңге жуық, онда ұйқас бар, дыбыс үндестігі бар.

Мақал мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы берілгенін байқағандай, әртүрлі элементтерді пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді - деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талпынады. Әдетте, мақалдар жаттап алу үшін ғана бермеймін, әрбір мақалдың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын қатар түсіндіріп отырамын. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талаптанады. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек.

Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыста. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естейді, тындайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамдас сөйлем түрлерін қолдана бермейді. Тіл дамыту жұмыстары грамматикалық зандықтармен байланысты жүргізілуі тиіс.

Тіліді дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды оқушы тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделеді. Мақал-мәтелдер арқылы оқытып дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп, сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту - ең басты жұмыс. Сондықтан оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды.

Оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында мақал-мәтелдер, кеңінен қолданылады. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу оқушының грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді ( мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т. б. грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да оқушының морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізгенде ғана дұрыс нәтиже береді. Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор.

Білім беру тұжырымдамасында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылады. Ағылшын тілінде жүргізілетін білім ошақтарында оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалана отырып, тиімді қолдана білудің маңызы зор - деп білемін. Сондықтан да оқушылар алған білімдерін өз қажеттілігіне ғана пайдаланып қоймай сонымен қатар, өзгелермен де бөліссе ұтымды амал болып табылар еді.

Алла әмірімен түскен Құран кәрімнің Хұжрат сүресінде: «Бір-біріңді танып, ажырата білулерің үшін сендерді әртүрлі ұлтқа, тайпа-тайпаға бөлдік» деп жазылған. "Құран Кәрімдегі аятты және тіл төңірегіндегі сан-салалы, құпиялы, тарихи толғамдарды ой елегінен өткізген адамның мынадай қорытындыға келері хақ: тілдердің әрқилылығы, түріміздің, дініміздің басқа-басқа болуы, Құдай санасымен, қолымен құрастырылып, әдейі жасалған рухани-физиологиялық байлық" (М. Шаханов, "Ұлт анасы - тіл", 2010 ж., 41-бет) - деген әр ұлттың дамуы, тілінің қанаттануы, салт-санасының, руханияттарының сақталуы турасындағы парасат биігінен айтылған баға үлкен жетекшілік қызмет атқарары сөзсіз. Ұлт болып қалу мүмкіндігі ұлт өкілдері өздерін ерекшелейтін рухани құндылықтарын жоғалтып алмағанға дейін ұласады. Бүкіл жер шарындағы 6, 5 млрд. адамның қай-қайсысы да белгілі бір ұлт өкіліне жатады. Қай ұлтты алып қарасаңыз да дәстүрге негізделген тұрмыс-тіршілігі, кәсібі, соның ыңғайындағы тарихы, мәдениеті, өркениеті бар.

Көне грек философиясында адам белгілі бір ұлтқа жатуын сезіну үшін бес түрлі шартқа сай болуы тиіс делінеді:

1-ші ұлтының тілін жақсы білу қажет;

2-ші ұлтының дінін меңгергені жөн;

3-ші ұлтының дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс;

4-ші ұлтының тарихын түгендей алуы абзал;

5-ші ұлты мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білуі парыз.

Осы сипаттар түгел бойынан табылған адам ғана сол ұлттың толық өкілімін, ұрпағымын деуге құқылы. Ежелгі Афина азаматтарына эллан тілінде сөйлей алмайтындармен некеге тұруға заң жүзінде тыйым салынған. Бұл заңды әрбір грек бұлжытпай орындап қана қоймай, ұрпағына насихаттаған.

Ұлт болып ұйысу белгілі бір географиялық ендікті алып жатқан адамдар тобының басқа да тұрмыстық, дүниетанымдық, ең бастысы тілдік бірліктерінен туады. Әр ұлттың ғасырлар бойы сараланған рухани құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа желісін үзбей беріліп отырылуы тиіс. Ал дәл біздің ұлтымыздың өз менін жоғалтып алу себебі, салдары тарих тереңіне шөксе де, әлі де рухани дамуымызға кедергі болуда. Өткел бермес болып көрінген ұлт тағдырындағы түрлі қысылтаяң уақыт та, ұлт рухы алмастай жарқыраған дәуір де уақыт сынды ұлы көшке қарсы тұра алған жоқ. Бүгінгі күнде ертең тарихқа айналғанда, ұрпағымыз бұл кезеңді қаншама дәуірлер ата-бабасы аңсаған тәуелсіздігі бола тұра, қазақы рухтың халқымен қауыша алмаған кезеңі деп жүрмесе . . . Қазақ халқына елдігін нықтап, түрлі жаугершіліктен аман қалып, тарихта ұлт болып қалуы үшін 275 жыл (1456-1731ж. ) уақыт кеткен. Көш көлігі - түйе, мінгені - жылқы, баспанасы - киіз үй болған эпикалық көшпелі өмірдің асыл қалыбында кісілік пен парасат басшылыққа алынған қоғамдағы қазақтар ғажайып асқақ рухты болды. Ат тұяғы баратын жердің бәрімен табиғи байланыста болған халық өр, намысты, текті, жауынгер болып келді. Бұған дәлел - Күлтегін, Білге қаған мен Елтеріс қаған заманы мен көк сүңгілі түріктерге жалғасқан жойқын шайқастар, Шыңғыс ханның қайысқан қолына қарсы аласапыран жорықтар, жайындай аузын ашқан Ресей бодандығына жолбарысша атылған Кенесары, Наурызбай, Исатай-Махамбет, Сырым, Жанғожа, Есет батырлар көтерілістері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал - сөз анасы
Мақалдар мен мәтелдер туралы
Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні туралы
Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Мақал - мәтел мағыналы шығарма
Мұзафар Әлімбаевтің халық ауыз әдебиетін аудару тәжірибесі мен сапасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz