Тұрлықан Қасенұлына 120 жыл



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тұрлықан Қасенұлына 120 жыл

Орындаған: Турарғазинова Арай Бақытқазықызы

Семей, 2022
Асқақ Алтай, Тарбағатай тауларының інісіндей болған Қалба, Құсмұрын, Қандығатай сияқты аласа тау жоталары Шығыс өңірін мекендеген ежелгі Найман елінің ата қонысы екені көпке мәлім. Қасен қажы орнатқан биіктігі 2 жарым метр қара тас әлі күнге дейін тұр. Бай табиғатына қарай бұл жақтың адамдары да кең пейілді, жомарт, үлкен жүректі һәм мейірімді болып туады десек, артық айтқандық емес. Осындай ежелгі ата қонысы Қандығатай өңіріне орналасқан Алжан тауын осы өлкенің тумасы, ақын Тұрлыхан Қасенұлы былайша жырлапты:
- Арқаның бір мүшесі Алжан сері,
Бұлтпенен бой теңескен таудың ері.
Маужырап, буға бөккен қоңыр Алжан,
Құшайын сөзбен сылап, келші бері.
Ерке Алжан, оймен ұшып аралайын,
Жол берсе құз жартасты қойнау, сайың.
Желімен жүрегімнің желбіресін,
Жарыса бетке біткен қарағайың...
... Мәз-мәйрам бауырында елің жиын,
Оларға толып жатыр берген сыйың.
Тіл менен ой жете алып, айтып болмас,
Қызықты қоңыр Алжан сырың қиын, - деп Алжан тауының сиқырлы сырын, бай табиғатын келістіре жырлайды. Бұл ұзақ толғаудан біз үзінді ғана беріп отырмыз.
Ал сонда Тұрлыхан Қасенұлы деген ақын кім еді? Тұрлықан Қасенұлы (1902-1940) - ақын, педагог, публицист. 1940 жылы Қандығатай болысы, Теректі өңірінің №19 ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылы) дүниеге келген. Тұрлыхан ақын ғана емес, ХХ ғасырдың басында ел тағдыры үшін күрескен, Алаш Орда қайраткерлері аралас-құралас болған, оқу-ағарту саласының белді қайраткері, журналист-жазушы. Ұлтымызға зобалаң әкелген ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында халық жауы атанып, елі үшін жанын құрбан еткен тұлғалардың бірі. Ақынныңң әкесі Қасен Қажы екі рет Меккеге барған, оқымысты әрі білімді адам болған. Тұрлықан білімін ауыл молдасынан бастап, рухани нәр алып, кейін ақсүйек мұғалімнен сабағын жалғастырған. 1920 жылы Тұрлықан Семейге келіп, мұғалімдер курсына түседі. Сегіз айлық мүғалім даярлайтын курсты бітіргеннен кейін 1921-1924 жж. Т. Қасенов мектепте жұмыс істейді. 1925 жылы ол Семей педагогикалық техникумына түседі. Семейдегі оқуын аяқтаған соң, жас ұстаз туған ауылына оралып, Шығыс Қазақстанда алғашқы мектептің бірін ашады. Тұрлықан Қасенов араб, латын, орыс жазуын жетік меңгерген. Бүгінгі күні ақынның туған жері - Қапанбұлақ ауылындағы мектепке Тұрлықан Қасеновтың есімі берілген.
Дарынды ағартушы сауатсыздықты жоюға, жаппай оқуды жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан, Аягөз, Көкпекті аудандарында халыққа білім беру ісіне жетекшілік еткен, 1930 жылы Семейде ашылған колхоз жастарының алғашқы мектебінде директор болған. Ол студенттік кезден-ақ қолына қалам алған. Оның шәкірті белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мүхамедханұлы ұстазы туралы: Тұрлықан аға әдебиет пәнінен сабақ бере бастағанда, алдымен әдебиет деген сөздің мағынасын айқындап, ашып түсіндіретін. Көркем әдебиеттің өзіне тән қасиеттерін анықтап, атап ұғындырып, жеріне жеткізіп сипаттап беретін. Көркем әдебиеттің тарауларын айта келіп, ақындық өнерді айрықша атап, Сөздің асылы-өлең дейтін өлеңін нақышына келтіріп жатқа айта жөнелгенде жанымызды жадыратып жіберетін. Менің әдебиет жолына түсуіме игі әсер еткен, көп тағылым алған алғашқы ұстазым - Тұрлықан Қасенұлы болды,-деп еске алады.
Қазақтың әйгілі балуаны, өлеңнің, Еуропаның чемпионы, екі мәрте әлем кубогының иегері, бұрынғы Кеңес Одағының жеті мәрте чемпионы Дәулет Тұрлықановтың атасы Қажымұқан, М.Әуезовтермен таныс болған Тұрлықан Қасенұлы Қазақстан Жазушылар Одағынын Шығыс облыстарындағы бөлімшесін басқарған көзі ашық, зиялы азаматы еді. Оның Жазушылар Одағына қабылдануы туралы 1934 жылғы шілде айындағы Қазақ әдебиеті газетінде жазылған. Ол қазақ әдебиетінің классиктері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтермен де бірге жұмыс істеген. Архив деректеріне сүйенсек, Тұрлықан Қасенұлының сол кездегі ақын-жазушылармен қоян-қолтық араласқан.
Жас ақын асқан шабытпен туындыларын газет, журнал беттерінде жариялап, өз заманын, туған өлкедегі алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхамедханов және Абай мұражайы Семей таңы
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу
Есіл өзені – Приишимское ауылы тұстамасының күнделікті су өтімін есептеу 2013 ж
Массажбен емделетін дерттер
Ең төмен күнкөрiс деңгейi
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Бизнес жоспар: SS-beauty сұлулық студиясы
Пәндер