Белгілі оқиғаға байланысты сурет бойынша мазмұндама және бір оқиғаға байланысты сюжетті суреттер бойынша мазмұндама


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«Жазба жұмыстарының түрлері диктант, шығарма, мазмүндама»
(жоба)
Әзірлеген: Ғылымхан Инабат
Нұрбақыт Елдана
Жанасбек Диана
Әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)
Жетекшісі: Беласарова Ж.
Алматы 2021 ж.
Жоба паспорты:
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің 205-топ студенттері, Ғылымхан Инабат, Нұрбақыт Елдана, Жанасбек Диана . Жетекші : Белесарова. Ж. Жетекшілігінде: «жазба жұмыстарының түрлері:диктант шығарма мазиұндама»
Жобаның мақсаты: жазба жұмыстарының түрлері:диктант шығарма мазиұндама бойынша оқушыларға маңыздылығын жете түсіндіру. ;
Жобаның міндеттері:
Жазба жұмысы жайлы мәлімет беру
диктант және жазуда кететін қателіктер;
Шығарма және жазуда кететін қателіктер
Мазмұндаам және жазуда кететін қателіктер
Жобаның теориялық маңызы : Педагогикалық іс-әрекетте орфографияның маңызы және жаттығу жұмыстарын тәжірибелік тұрғыдан ұғыну.
Жобаның әдістемелік маңызы: Қазақ тілінде инновациялық жаңа жазба жұмыстарынының қолданылуына мән беру
Зерттеу көздері: педагогика, әдебиет ғылымдарының классиктерінің еңбектері, оқу бағдарламалары;
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Диктант туралы жалпы түсінік
- Шығарма жайлы жалпы түсінік
- Мазмұндама жайлы жалпы түсінік
- Жазу сауаттылығын қалыптастырудағы жазба жұмыстарының маңыздылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұндама
Болашақ ұстаздардың алдында тұрған міндеттердің бірі- ізденімпаз, еңбек етуді жаны сүйетін, өмірде кездесетін қиындықтарды шеше білетін халқына адал азаматтар тәрбиелеу деп айта аламыз. А. Байтұрсынов 1927-1928 жылдары жарияланған «Жаңа мектеп», «Ана тілінің әдісі туралы» мақалаларында «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» деген ұстанымды ұстай отырып, балалардың тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлген. Сондай-ақ педагог-ғалым Ж. Аймауытұлы «Тәрбиеге жетекші» еңбегінде мектеп ісі, білім беру жүйесі, тәжірибелер алу, дидактика мәселелеріне баса назар аударған. Шебер мұғалім балаға өзінен кіші деп қарамай, оны өзіне тән сана-сезіміне, мінез-құлқына қарай бағалайды. Баланың талантын, өзгелердің ерекшелігін жете түсініп, оқушымен сырлас дос, қамқор жетекші бола алуы- мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Кішкентай адамды тәрбиелеудің шеберлігін игере алуы-мұғалімнің жетістігі.
Оқушының сөздік қорының мол болуы керек екені белгілі. Ал сөздік қордың мол болуы үшін оқушының өз ойын жазбаша түрде көркем жеткізе алуы өте маңызды болып табылады. Мектеп қабырғасында көркем мәтіндермен жұмыс жасауда қолданылатын жазба жұмысының түріне мазмұндама жатады. Мазмұндама жазғызудың оқушыға берер нәтижесі орасан зор. Мысалы, мазмұндама жазу арқылы оқушы мәтінде оқығанын ой елегінен өткізіп, есінде қалған мәліметін өз ойы бойынша қағаз бетіне түсіруге жаттығады. Қазақ тілінде көп кездесетін сөз тіркестері, көркем әдеби сөздер оқушы санасына сіңе бастайды. Мазмұндама жазу барысында мәтінді еске түсіру үшін сөйлемдер мен сөздерді байланыстыра білуді үйренері сөзсіз. Осы жазба жұмысын жазу - оқушының мәтіннің синтаксистік құрылымын игеруіне, сөйлемдерді орынды қолдана білуіне, еске түсіру жүйелерінің дамуына бірден-бір ықпал жасайды.
Оқушы мазмұндаманы оқу барысында оқууудың үш түрін жетік білгені абзал . Олар:көз жүгіртіп оқу, таныса оқу және іздене оқу. Көз жүгіртіп оқу жалпы мәлімет алу барысында қолданылады. Оқудың бұл түрінде оқушының оқу шапшаңдығы минутына 400-500 сөзді құрайды. Мазмұндама мәтінін еске түсіру барысында көз жүгіртіп оқу оқушы үшін тиімді болмақ. Мәтіннің сюжетін жақсы түсіну мақсатында таныса оқу пайдалы, яғни бұл оқу кезінде оқушы мәтін мазмұнының 75%-ын түсінеді. Іздене оқу-мәтінді тереңдете, ой түйе отырып оқу. Іздене оқу -оқушының мәтін мазмұнын қайталауы, теория, практика жүзінде пайдалана алуы, талқылауы үшін тиімді болады.
Мазмұндама мәтінін терең түсіну негіздерін құрайтын әрекеттерге мыналарды жатқызуға болады:
- Автордың тұспалын анықтау;
- Мәтіндік мазмұнды бөлу;
- Ғылыми бөлімді анықтау, талдау, белгілеу;
- Негізгі және қолсалқы ақпараттарды айыру;
- Мәтінді негізгі бөлімдерге бөле отырып, негізгі ойды анықтау;
- Абзац құрамындағы тірек сөздерге назар аудару.
Мазмұндама дегеніміз-берілген мәтіннің мазмұнын оқушының ауызша және жазбаша түрде мазмұндап беруі. Мазмұндама жұмысы мектеп қабырғасында оқу жылының екінші жарты бөлімінде басталып, 2-4 сыныпта күрделене бастайды.
Мазмұндама мәтініндегі сөз мөлшері :
1 сыныптарға -40-50 сөз,
2-сыныптарға-50-60 сөз,
3- сыныптарға -60-80 сөз,
4-сыныптарға -80-90 сөз
5 -сыныптарға -80-100сөз
6-сыныптарға -100-120 сөз
7 -сыныптарға-120-140 сөз
8 -сыныптарға-140-160 сөз
9 -сыныптарға-160-180 сөз болады.
Мазмұндама түрлеріне тоқталар болсақ, оларды былайша жіктеуге болады:дайын мәтін, аяқталмаған мәтін, сурет бойынша берілген мәтін мазмұндамасы.
Дайын мәтiн бойынша берілген мазмұндаманың мынадай түрлері бар:
- Мәтiнге жуық, не болмаса, толық мазмұндау.
- Мәтiн мазмұнының сақтала отырып, баяндау формасының өзгеруі.
- Қысқа баяндау.
- Толық мазмұндау.
Мазмұндаманың бірінші түрі- мәтін мазмұнына жуықтап, толық етіп баяундауда мәтін мазмұны түгел қайталанбай, барлық мәлімет беріледі. Мәтіннің бұл түрінде ой сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкін, керісінше оқушы тарапынан жаңа ой, көркем сөздер тууы әбден мүмкін. Яғни, бірінші оқушы мәтіннің алғашқы нұсқасын сақтап, өзгеріс енгізбестен мәтіннің мазмұнын игерсе, екінші оқушы сөз қолдану, сөйлемдер құрау дағдыларын игере қоймағандықтан автор ойының қайталану салдарына әкеліп соғады.
Белгілі ғалым С. Тілешева мәтіннің мазмұнының дәлме-дәл қайталанбауы мақсатында мұғалімдердің назарына осы жайттарға:мәтін мазмұны қызықты, оқушы назарына тартымды, көркемдік қуаты жоғары болуы, сондай-ақ мазмұндаманы жазғызбастан бұрын мәтінді түсініп оқып, негізгі бөлімдерге бөле отырып, бөліктерге ат қоюды, жоспар жасауға мұқият болуды қадағалау қажеттігін айтқан. Мұғалімнің жұмысы бұл талаптарға сай орындалғанда ғана оқушының жұмысы да шығармашылық жұмысқа сай болатындығын атап өткен.
Мазмұндаманың екінші түрі -мәтін мазмұны сақталып, баяндауының өзгеруі болып саналады. Мәтін мазмұны бірінші жақтан үшінші жаққа, яғни, өткен шақта орындалған мәтінді келер шақта баяндай өзгеруін айтамыз. Мәселен, Аян қалаға тез арада жетпек болды деген сөйлемдегі етістікті өткен шақ формасынан келер шақ формасына өзгертеміз. Яғни, Аян қалаға тез арада жетпекші болады.
Ықшамдап, яғни, қысқарта баяндау. Мазмұндаманың бұл түрінде мәтінде негізгі ойдан шеткері сюжеттер қысқартылып, негізгі оқиға баяндалады. Мазмұндаманың бұл түрін игертуде оқушыға тигізер пайдасы-іс-әрекеттердің негізгі және қосалқы жағын ажырата білуге үйретері анық. Сөздерді таңдап қолдана білуге, тілін ширатуға, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін беруге дағдыландырады.
Мазмұндаманың келесі түрі-баяндаманы толық етіп мазмұндау болып саналады. Бұл қысқарта мазмұндауға қарама-қарсы мәтін . Мәтін мазмұнын жүйелі түрде ашу, жаңа ойлар туғызу, жаңа сюжеттер енгізе білу, оқушының шығармашылық қабілетін толықтай ашуға мақсат қойылады. Бірінші кезекте мұғалім оқушыларға қысқаша мазмұнын баяндай отырып, негізгі ойды анықтап береді. Келесі кезекте оқушы мәтінді өз сөзімен әрлеп, тың оқиғалар ойлап табады. Жаңа оқиғалар қоса отырып, өз ойын дәлелдейді. Бұл оқушының сөздік қорының дамуы мен, таным жүйелерінің кеңеюіне зор ықпал етеді.
Аяқталмаған мәтін арқылы берілген мазмұндаманың мақсаты-оқушылардың әңгімені жалғастыра отырып, өз беттерінше оқиғалар туғызып, мәтінді жақсы нәтижеде, сәтті аяқтауға дағдыландыру. Бұл ретте оқушы мазмұндама мен шығарманы теңдей қолдана білуі керек. Мысалы, бұрын тек дайын мәтін бойынша мазмұндама жазып жүрген болса, ендігі кезекте аяқталмаған оқиғаны өз ойынан оқиға туғызып қорытындылай алуы қажет. Мұғалім оқушының «жігеріне қанат бітіріп», өзіндік қабілетін ашыу маңызды. Жазба жұмыстың бұл түрінде мұғалім «жеңілден ауырға» арқылы, яғни оңай жұмыстан күрделі жұмысқа сатылай өткізуі қажет. Мұғалім жартылай түзілген жоспар, оқиғаның аяқталуына бағдар беретін суреттер жүйесі, аяқталмаған мәтіннің сәтті шығуына сілтеме беретін толық түзілген жоспар негізінде оқушыларға бағыт бере отырып, бұл жұмыстан оң нәтиже ала алады.
Сурет арқылы мазмұндама жаздыру-даяр тұрған мәтінге қосымша әзірленген мәтін мағынасын ашатын сурет болады. Суретті пайдалана отырып жүргізілетін мазмұндаманы екіге бөлуге болады:
Белгілі оқиғаға байланысты сурет бойынша мазмұндама және бір оқиғаға байланысты сюжетті суреттер бойынша мазмұндама;
Белгілі оқиғаға байланысты мазмұндама түрінде тақтаға мұғалім мәтін мазмұнын ашатын суретті іледі. Мысалы, өзен бейнеленген суретті іліп, сұрақ-жауап тәсілі бойынша дайындық жүргізеді.
Суретте не бейнеленген?
Суреттен кімдерді байқадыңдар?
Балалардың көңiл-күйлерi қандай екен?
Олар не істеп жатыр?
Суретке қандай ат қоюға болады?
Қорытындыны қалай жасауға болады?
Осыдан кейін мұғалім суреттке байланысты мәтінді оқиды, оқушылармен келісе отырып, жоспар құрады.
Мысалы:
Жоспардың үлгiсi:
- Өзен жағасы.
- Суға шомылуға келген балалар.
- Ыстық күн.
- Балалардың шаттануы.
- Қорытынды.
Бір оқиғаға байланысты сюжетті суреттер бойынша мазмұндама түрінде мәтiн дайындалады, мәтін мазмұнына байланысты бiрнеше суреттер ілінедi. Мәтiндi негiзгi бөлiктерге бөле отырып, оқушылар мәтін мазмұнынығ негізгі идеясын табуға үйренеді. Бұл мазмұндаманың ерекшелiгi-сөзден сурет, суреттен сөз тудыру қабiлетi қалыптасады. Яғни, оқушылардың логикалық ойлау жүйесінің дамуына ықпал жасайды.
Мазмұндама жұмысында қолданылатын ұғымға антиципация ұғымын жатқызуға болады. Антиципация дегеніміз оқушының мәтіннің мазмұнын тиімді есте сақтауын, игеруін айтамыз. Яғни, мағынасын, фразасын және мәтін элементтерін түсінуді айтамыз. Мәселен, журналда жарияланатын мақалалардың тақырыбының мәнін ашуы. Яғни, әдіс мәтін бөлімінің барлығына көңіл аударуға, толық түсінік алуға және қабылдау шапшаңдығының өсуіне өнімді түрде әсер етеді.
Оқу шапшаңдығына, түсінудің төмендеуіне әсер ететін жағдайға көбінесе зейіннің болмауы жататыны белгілі . Оқушылардың шапшаң оқып үйрену үшін зейіні мәтінге аударылып, жадын жаттықтыруы қажет. Зейінді шоғырландыру үшін Н. Г. Аркадьева-Берлиннің зейін, ес, тез оқу әдістемесі еңбектерінен мәлімет алуға болады.
Мазмұндаманың шартты белгілері деп мыналарды айтамыз:
[] -"apтық, кepексіз "
> -"keңейтy"
= "негізгі oйды білдіpейді "
~ ~ ~ -"жүйе жoқ "
Z -"азатжoл "
Х -"oрынсыз қолданылған сөз"
1, 2, 3 -"cөз тәртібі бұзылған"
С -"cөйлем дұрыc қолданылмаған"
Мазмұндаманы бағалауда мұғалім мыналарға баса назар аударуы қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz