Қоғамға қауіпті зардаптар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңг., з.ғ.к., профессор
Каирова Н.И.________
______________20__г.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Қылмыстық құқықтағы қылмыстың объективтік жағы
6В04213 - Құқық білім беру бағдарламасы

Орындаған

Қалдыбай З.,
Абилханов Ж.,
Шамғанова А.

Ғылыми жетекші

Тлепина Ш.В.

Ақтөбе, 2021
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
6
1.1
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
6
1.2
Қоғамға қауіпті іс - әрекет және оның түрлері
12
2
Қылмыстың объективтік жағын құрайтын белгілердің жиынтығы
28
2.1
Қылмыстың жасалу уақыты
28
2.2
Қылмыстың жасалу құралы мен қаруы
28
3
Кейбір қылмыс түріне байланысты объектілер сипаты
45
3.1
Жеке адамға қатысты қылмыстар бойынша объект түсінігі
45
3.2
Меншікке қарсы қылмыс объекттінің түсінігі
48

Қорытынды
62

Қолданылған қайнар көздер тізімі
65

КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның өзектілігі. Республикамыздағы қылмыстың ең ауыр қауіпті түрі болып табылатын, ең алдымен қоғамның экономикалық, саяси құқықтық, өнегелі салаларына сұқтанатын сыбайлас жемқорлықтың, ұйымдасқан топпен жасалатын қылмыстың, қоғамдық тәртіпсіздікке, қоғамдық қауіпсіздікке және меншікке қарсы қылмыстардың өсуі тіптен қиындатты. Осы аталған қылмыс мемлекеттік құрылымның осал тұстарын, лайықсыз әрекеттерін біле отырып, оларға өз қызметін ұсынады. Олармен ынтымақтастық жағдайда болуды қалайды. Мәселен, халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қызметімен ақша талап ету мақсатында азаматтарды кепілдікке ұстап алудың кеңінен таралуы тығыз байланысты, террорлық жағдайлары да белгілі. Осылайша сөз қылмысты қол сұғушылардың кейбір санаттарының қоғамдық қауіпінің деңгейінің өсуі, олардың салдарының ауырлығының өсуі, қасақана, ерекше, қауіпті, арнайы бағыттағы қылмыскерлердің үлесінің өсуі туралы болып отыр. Осыған байланысты, кез келген қылмыспен күресудің ғылыми негізделген стратегиясын жүзеге асырудың мәселелері кешенін теориялық жасау маңызы ерекше болып табылады. Осы тұрғыда қоғамға қолайсыз мінез - құлықтың пайда болуы, содан кейін оның нақты жағдайда жүзеге асырылуын анықтаушы жеке сананың теріс қалыптасу мәселелері тек қана теориялық қана емес, сонымен қатар тәжірбиелік те мағынаға ие болады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1995 жылы тамыз айының 30 - жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады.
Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды [1].
Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап - талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр.
Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қояды.
Осыған орай қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң саласы. Осы үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді [2].
Қазіргі кезеңде негізінен Республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Ел дамуының бағдарламалық құжаты - Қазақстан - 2050. Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы атты ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары бағыттары баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.
Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді: Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңістік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет. Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп - қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз - бұл біздің өзімізге, мақсаттары мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты. Қылмыстық істі толық табуымыз үшін қылмыстың элементтерін дұрыс бағалауымыз қажет.
Дипломдық жобаның мақсаты. Дипломдық зерттеудің мақсаты қылмыстарды жасаған адамдарға қатысты күресте және Қазақстандағы абайсыздықта жасалатын қылмыстармен күрес мәселелерін теориялық және практикалық тұрғылардан талаптарын анықтау және талдау арқылы ғылыми бағыттағы және тиімді шараларды ұсыну болып табылады. Зерттеуде жалпы қылмыстылықпен, оның ішінде абайсыздықтағы әрекеттер үшін қолданылатын жазалардың тиімділігін арттыру мәселелері және теориялық және практикалық талаптарға сай келетін ұсыныстарды келтіру мақсат ретінде қойылады.
Тақырыптың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қоямыз:
- Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және оның қылмыстық құқықтық маңызын зерттеу;
- Қылмыстың объективтік жағын құрайтын белгілердің жиынтығын қарастыру;
- Кейбір қылмыс түріне байланысты объектілер сипатын зерттеу.
Дипломның зерттеу объектісі және пәні. Республика өміріндегі қылмысты абайсыздыққа ықпал ету саласындағы мемлекетпен қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің шарты ретінде, сондай-ақ еліміздегі абайсыздықтағы қылмыстар үшін жазалардың тиімділігін арттырудың қылмыстық-құқықтық шараларын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің затын Қазақстан Республикасындағы абайсыздықта жасалатын қылмыстар үшін тағайындалатын жазалардың мәселелерін реттейтін қылмыстық құқық нормаларының жүйесі құрайды. Зерттеудің заты қазіргі жағдайдағы Республикамыздағы қылмыстылықпен күрес тиімділігінің мәселелерін нақтыланған түрде талдау, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының және абайсыздықтағы әрекеттер үшін қолданылатын жазалардың тиімділігі мәселелерін зерттеу тұрғысынан алынған.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздерін. Қылмыстық құқықпен мен криминологиядағы жалпы теориялық концептуалды тұжырымдар, қылмыстық құқықтың социологиялық бағыты құрайды. Сонымен қатар, дипломдық жұмысты орындау барысында қисынды-заңдылық, салыстырмалы бағалау, жүйелі-құрылымдық, нақтылы-әлеуметтік, тарихи-құқықтық және сараптамалық бағалау әдістері кеңінен қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы, ол жұмыста келтірілген шешімдермен ұсыныстарды қылмыстық құықтық зерттеулерді әрі қарай дамытуда, оның ішінде жекелеген қылмыстардың құқықтық сипаттамасын ашу жолында мәселенің қалыптасу негізділігін немесе қылмыстық заңда өмір сүру мүмкіндіктерін ашуда және құқық нормаларын қолдану тиімділігі мәселесі туралы қызметті жетілдіру туралы ой қозғауға, оларды сот-тергеу қызметінде қолдануға оңтайлы бағыттарды анықтауға үлгі бола алады. Демек, кез-келген жекелеген қылмыстардың, оның ішінде абайсызда жасалатын қылмыстардың сипаттамасын толық ашу және оларға жаза тағайындау мәселесін зерттегенде алдағы уақыттарда нормаларды қолдану тиімділігі туралы пікірлер келтірілуі керек.
Зерттеу гипотезасын қалыптастыру. Дипломның теориялық деңгейі ізденушінің Қазақстандағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес мәселелерін кешенді түрде кеңінен қылмыстық-құқықтық және криминологиялық зерттеулерімен сипатталады. Қорғауға ұсынылған ережелер республикадағы қылмысты абайсыздыққа қылмыстық-құқықтық ықпал ету мәселелерін талдау мен зерттеудің логикалық қортындыларынан құралады
Дипломдық жобаның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылысы ондағы зерттелген мәселелердің мазмұнымен анықталады. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және оның қылмыстық құқықтық маңызы

Қылмыстың объективтік жағының түсінігі

Адамның өмір сүруі әрқашанда қандай да бір әрекеттермен, яғни белгілі бір әлеуметтік қатынастарға байланысты табиғи ортаға не қоғамдық ортаға белсенді араласуымен көрінеді. Өзінің белсенділігін білдіре отырып, жеке тұлға қандай да бір оқиғаның пайда болуын тездетуге, қоғам үшін пайдалы, зиянды немесе бейтарап болуы да мүмкін. Басқаша айтқанда, іс - қимылдың әрекет жағы қоршаған ортаға белгілі бір әсер етумен сипатталады. Адам әрекеттерінің ішінде қылмыстық іс - әрекет өзінің қауіпті болуымен ерекшеленеді. Осы қылмыстық іс - әрекеттің сыртқы көрінісі белгілерінің жиынтығын қылмыстың объективтік жағы құрайды [3]. Жалпы мағынада, қылмыстың объективтік жағы бұл сыртқы дүние құбылыстары мен оқиғаларына адамның белсенді араласуы арқылы немесе құқықтық міндеттер жүктелген кезде араласудан бас тарту арқылы адамның да, адамның ойлары, пікірлері қоғамға қауіпті болған күннің өзінде, егер олар арқылы жүзеге асырылмаса қылмыс болып табылмайды.
Мәселен, адамның жасаған іс-әрекеті кез келген жағдайда бір-бірімен байланысты екі көріністен құралады, бірі, іс-әрекеттің сыртқы көріністерінің жиынтығынан құралса, екіншісі, ішкі психикалық көңіл-күй, сезімнің белсенді нышанынан көрініс табады. Осыған орай, адамның сырттан келген әсерді қабылдап оған жауап қайтаратын, яғни рухани күйі, ішкі сезімі өз алдына психофизикалық мінез-құлқыдан тұрады. Психофизикалық бірлік жасалған іс-әрекеттің көрінісінен құралады. Әрбір адам өз іс-әрекетін жүзеге асыру үшін барлық адам бойындағы тылсым күштер арпалысқа түсіп, ішкі және сыртқы сезімнің жиынтығы белгілі іс-әрекетке айналады. Адамның іс-әрекетінің сыртқы көрінісі қылмыстық құқықта қылмыстың объективтік жағын құрайды. Әлбетте, қылмыстың объективтік жағы қылмыс объектісі сияқты қылмыс құрамының объективтік сипаттағы элементтерінің бірі болғанымен одан ауқымдырақ. Ол дегеніміз қылмыстың өзіне тән сыртқы қабылданатын жағы. Ол белгі субъектінің іс-әрекетінен (әрекет немесе әрекетсіздік) басталып, қылмыстың салдарының тууымен аяқталатын оқиғалар мен құбылыстардың ретті дамуы тұрғысынан оның сыртқы жағынан қарастырылатын заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамдық қауіпті және заңға қайшы қол сұғу процесі болып табылады. Қылмыс құрамының төрт нышанының бірі, оның объективтік жағы - қылмыстың сыртқы жағы бола тұрса да, ол тек субъективтік жағымен салыстырғанда ғана "сыртқы", әйтпесе, ол сонымен қоса, қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұғу механизмі үшін ішкі сипаттама болып табылады. Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігін дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың маңызы зор. Қылмыстың объективтік жағының түсінігіне орай, ғалымдар әртүрлі пікірлер ұсынды. Қылмыстық құрамның объективтік жағынан қылмыстық заң нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттің сыртқы көріністерінің жиынтығы жатады. Яғни, қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. И. Реннеберг қылмыстың объективтік жағы бұл қылмыстық қоғамға қауіпті әрекеттен және моральдік саяси қажеттіліктен туындайтын қылмыстық құқықтық нормаларының жиынтығы деп санайды [4].
Сонымен, қылмыстың объективтік жағы дегеніміз - қылмыстық заң нормаларының диспозицияларында бейнеленген, қылмыстың объективті жағының мазмұнын құрайтын белгілердің жиынтығынан құралған қылмыстық әрекеттердің сыртқы көріністерінің жиынтығын айтамыз. Сонымен, адамның іс-әрекеті бір мезгілде субъективті болса, объективті жағынан да көрініс табады, яғни адамның іс-әрекеті физикалық және психикалық өзара біркелкі екі жақтық келісімнен тұратын мәні болып табылады. Қылмыстың объективтік жағының түсініктемесін құрайтын белгілерге көптеген ғалымдар әр бағытта тұжырымдамаларын ұсынды. Мәселен, 1993 жылғы Ресейдің қылмыстық құқық оқулығының жалпы бөлімінде қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жиынтығынан тұратынын көрсеткен. Олар:
1) қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік),
2) қоғамға қауіпті зардап;
3) әрекет пен әрекетсіздік және зардап арасындағы себепті байланыс;
4) қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасалу тәсілі, құралы және қаруы.
Жоғарыда көрсетілген белгілердің бірінші аталған үшеуі міндетті белгілер болса, төртіншісі факультативті белгіні құрайды. Қылмыстың объективтік жағының осы аталған белгілерден құралатынын көптеген ғалымдар дәлелдеген. Қылмыстың объективік жағының мазмұнын құрайтын белгілерге жеке-жеке толық танырлықтай тоқталып өтсек, қылмыстың объективтік жағының ең басты белгісі қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянат пен қол сұғатын және қол сұғу қауіпін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Екінші нышаны, қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып "қоғамға қауіпті зардап", ал қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады. Ал соңғы белгісі, адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бар кеңістікге және уақытта орын алатын нақты көрініс болып табылады. Қылмыстық құқықта кеңістік деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс-әрекет, істелген орын және уақытта қосылады. Кейбір реттерде заң шығарушы нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтағанда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілі бір жағдай да істелетіні туралы да еске алады Демек, мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып саналады. Кез-келген қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілі бір тәсілмен кейбір реттерде нақты құралдармен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылу мүмкін: кісіні өлтіру үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдалану, адамды тұншықтыру, қылқындыру немесе автокөлікпен әдейі қағып кету арқылы да өлтіріледі. Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты қылмыстың істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашатын белгілер қатарына жатады. Сонымен, жоғарыда айтылған белгілердің барлығы да қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады және осы белгілер арқылы объективтік жақтың мазмұны айқындалады. Біздің ойымызша, жоғарыда айқындалған пікір өте орынды, дұрыс айтылған. Өйткені, осыған орай, жасалған қылмыстың сыртқы көрінісі, қылмыстың объективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілердің жиынтығы қылмысты саралаудың негізін құрайды. Әлбетте, жоғарыдағы пікірлерге қарсы айтылған ойлар да жеткілікті. Мәселен, қылмыстың объективтік жағын В.Н. Кудрявцевше үш негізге бөлуге болады: 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 2) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; 3) қоғамдық қауіпті салдар.
Дегенмен, бұл сатылардың бәрі бірдей қылмыс құрамының объективтік жағының негізгі белгілерін құрамайды. Себебі, заң шығарушы әрекетті қылмыстандыру мен қылмысты алдын алу процестерін алмастырып, қылмыстың объективтік жағын қиып, қылмыс құрамы деп заң үшін тек бастапқы кезеңін ғана қалдырады. Яғни бастапқы кезеңді жасаудың өзі-ақ ол қылмыстық әрекеттің заң үшін аяқталды деп есептелетіндігін аңғартады. А.А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті (құқыққа қайшылықты) қылмыстың объективтік жағының белгісі ретінде қарастырады. В.Н. Кудрявцев қылмыстың орнын, уақытын, тәсілін, жағдайын қылмыс белгілері ретінде қабылдамайтын көрсете отырып, олар тек қана іс-әрекетті (әрекет немес әрекетсіздік) сипаттайтын жеке белгілері деп атап көрсетті. П.И. Гришаев қылмыстың объективті жағының міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) жатқызады. Ондай пікірді Қазақ КСР қылмыстық құқық оқулығының авторлары да мақұлдайтынын білдірді. Чехословия ғалымы В. Полячек қылмыстың объективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілерді төмендегідей айқындайды: 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет; 2) қылмыстық құқыққа қайшылық; 3) іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 4) зардап; 5) себепті байланыс.
Демек, қылмыстың объективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілердің жиынтығына байланысты ғалымдар әр түрлі қарама-қайшы пікірлер ұсынуда. Жоғарыда көрсетілген қарсы пікірлердің бағыттары да қайшылық тудырады. Қылмысты саралауға көрсетілген белгілердің маңызы зор, өйткені олар өзара жақын ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға қылмысты дұрыс саралауға мүмкіндік береді. Осы орайда, Б.А. Куриновтың пікірін айтпай кетуге болмас, "қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыс әрекетінің орталығы , яғни қылмыстың сыртқы көрінісі ең бірінші қоғамға қауіпті әрекет пен объективті түрде әділ бағаланады". Адамның іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) кез-келген қылмыстық құрамның міндетті нышаны, яғни қоғамға қауіпті салдар себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, қаруы және құралы қылмыстық құрамның объективтік жағының факультативті белгілері деп аталады, себебі олар қылмыстық заң нормаларын диспозициясында көрсетілген жағдай ғана міндеттілік рөлін атқарады. Кез-келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқықтық нормамен белгіленген қылмыс құрамның белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағы нақты қандай белгілерден тұратынын анықтау өте қажет. Қылмыстық құкықтың Ерекше бөлімінің нақты нормаларын талдағанда жоғарыда көрсетілген қылмыстың объективтік жағының барлық белгілері түгелдей теріліп, нақты нормалардың әр қайсысында кездесе бермейді. Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс-әрекетпен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның өзінде атап көрсетеді.
Мұндай ретте, заң шығарушы объективтік жақтың - уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді. Бір шама қылмыстық құқықтық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап өту мен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (312-бап), қызметтік жалғандық жасау (314-бап). Кейбір жекелеген қылмыстық құқықтық нормаларда қылмыстың істелген орны, уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі, яғни қылмыстың объективтік жағының мазмұнына тән бір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез-келген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілер болып табылады.
Қылмысты саралауда қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың негізгі болып -табылады. Екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы қылмысты саралауда өзара жақын ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады (мысалы, ұрлықты тонаудан, алаяқтықты ұрлықтан және т.б.). Осыған байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элементтері қатарына жатады. Қылмыстың объективтік жағының мәні, біріншіден, қылмыс құрамы шегінде қылмыстық құқықтағы қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады.
Екіншіден, қылмыстың объективтік жағының мәні ол көбінесе, негізгі қылмыстық іс-әрекетті басқа қылмыстардан бөлу шегін ажырату белгісі болып табылады. Мәселен, қылмысты саралау процесінде қылмыстың субъектісі, субъективтік жағы, объектісінің ұқсас қылмыстарды ажыратуда топтық және тікелей белгілері бір-бірімен үйлеседі. Қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес, қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісінің қоғамға қауіптілігіне, қылмыстық заңға қайшылығынан және объективтік жағының белгілерінен өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, қылмыстың объективтік жағының қылмысты
саралаудағы мәні қылмысты тәртіпсіздіктен, теріс-қылықтан ажырату белгісі болып табылады. Ол белгілер:
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптары диспозицияларында көрсетілген арнайы белгілер;
Іс-әрекеттің қайталануы;
Бірнеше реттегі іс-әрекет белгілері;
Жүйеленген іс-әрекеттер;
Зардаптың мөлшерінің ерекшелігі.
Сонымен, қылмыстың объективтік жағы қылмысты саралауда қоғамға қауіпті іс-әрекетті, оның белгілерін дәлме-дәл дұрыс анықтауда маңызы ерекше болып табылады. Біздің ойымызша, қылмыстың объективтік жағына қылмыстың сыртқы көрінісін сиппатайтын мына белгілер жатады:
Белгілі бір объектіге қол сұғатын әрекет немесе әрекетсіздік;
Қоғамға қауіпті зардаптар;
әрекет немесе әрекетсіхздік пен арасындағы себепті байланыс;
қылмыстың жасалу тәсілі, уақыты, орны, жағдайы және қаруы мен құралы;
Бұл объективті белгілер барлық қылмыс құрамдарына тән және олар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде зерттеледі. Жоғарыда аталған қылмыстың объективтік жағының белгілері міндетті және факультативті болып екіге бөлінеді.
Міндетті белгісіне әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы қоғамға қауіпті іс - әрекет жатады. Өйткені, ешбір қылмыс белгілі бір нақты іс - әрекетсіз жасалмайды. Аталған іс - әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабының диспозициясында тікелей көрсетіледі немесе соның мазмұнынан шығады [5].
Қылмыс құрамының объективтік жағының факультативтік белгілеріне: қоғамға қауіпті зардап, әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыс, қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі және құралы жатады. Бұл белгілер кейбір жағдайларда, егер олар ҚК Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетілсе қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісіне айналады.
Қылмыстың объективтік жағының қылмыстық - құқықтық маңызын мынадай бірқатар жағдайлармен сипаттауға болады:
Біріншіден, қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының міндетті элементі болып табылатындықтан қылмыстың жауаптылық негізіне кіреді.
Екіншіден, қылмыс құрамының объективті жағының белгілері көпшілік жағдайларда қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтауға көмектеседі.
Үшіншіден, қылмысты дұрыс саралау үшін қылмыстың объективтік жағының маңызы елеулі.
Төртіншіден, қылмыстың объективтік жағы ұқсас қылмыстарды бір - бірінен ажырату, сонымен бірге қылмыстық әрекетті қылмыс емес әрекеттен ажыратудың бір критерийі болып табылады.
Бесіншіден, сотта жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың объективтік жағының белгілері жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ретінде жасалған қылмысқа сәйкестігі әділ жаза тағайындауға негіз болып табылады.
Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде заңда белгіленген негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамның бұрынғы істеген қылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және қосымша жазаның әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдей ия болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайындайды (58-бап, 1-бөлігі).
Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстарды біреу үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір қылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен қысқартылуы мүмкін [6].
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні зияндылық дәрежесін, қылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайын, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды тұтастай басшылыққа алады. Жаза тағайындауды осы принципті бұлжытпай басшылыққа алу қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны жеке қылмыс істегендерге қарағанда ауырырақ етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық қылмыстары үшін жиынтықтап бірақ тағайындайды. Бұл жерде қылмыстық заң бойынша жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолын немесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза белгіленеді. Сіңіру принципі бойынша сот қылмыстың жиынтығына кіретін әрбір қылмысы үшін біртектес және әртектес жаза түрлерін тағайындағанда жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақтап бірақ тағайындайды. Осындай кезде жаза түрлерінің қатаңдық дәрежесі Қылмыстық кодекстің 369-бабында қандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатының ескеруі қажет. Егер жиынтаққа кіретін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қылмыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды делік. Сіңіру принципі қолданыла отырып оған ақырғы жаза 6 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленеді немесе кінәлінің бір қылмысы үшін сот оған 2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші қылмысы үшін 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.

Қоғамға қауіпті іс - әрекет және оның түрлері

Қылмыстың объективтік жағының белгілерінің саралауға қатысы бар ма, бар болса қылмысты саралаудың қандай ретінде көрініс табады. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік жағының бастапқы кезеңі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), іс-әрекет кез-келген қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып табылады. Бұл белгінің ұғымы мен мазмұны қылмыстық құқық сипаттағы қасиеттер және белгілердің жиынтығымен анықталады. Қылмыстық іс-әрекет қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы, саналы және ерікті, сонымен қатар мазмұны жағынан күрделі және нақты болуы керек. Іс-әрекеттің ағашқы екі белгісі, яғни қоғамға қауіптілік және құқыққа қайшылық ҚР ҚК 9-бабында [7] тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) деп көрсетілген. Қоғамға қауіптілік құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қауіпін туғызу арқылы көрінеді. Белгілі бір іс-әрекетке қылмыстық жауаптылықты бекіту тек қана қоғамға қауіптілік болғанда ғана орынды. Егер де әрекет қоғамға қауіпті болмаса ол қылмыс болып саналмайды және қылмыстық жауаптылық көздемейді. ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес: "'Осы кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызды болмағандықтан қоғамға қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қауіпін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды". Заң әдебиеттерінде, қылмыстық әрекет үшін ең бастысы қоғамдық қауіптілік ретінде орын алатын әлеуметтік сипаттама маңызды деген тұжырымдар кездеседі.
Мәселен, Е. Өміржановтың айтуынша: Дене қозғалысы жағынан әрекет адамның белсенді жүріс - тұрысы арқылы сипатталады. Әдетте ол бірнеше дене қозғалысын құрайды (Мысалы, мылтықпен кісі өлтіру, әуелі оқталып көздеу, сосын мылтықтың шүріппесін басу сияқты бірнеше дене қозғалысынан тұрады). Бірақ қылмыстық әрекет үшін ең бастысы, дене қозғалысы емес, қоғамға қауіптілік ретінде орын алатын әлеуметтік мазмұн". Әрине қылмыстың ең басты белгісі қоғамға қауіптілік: "Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Қоғамға қауіптілік тек қана қылмысқа ғана қатысты белгі емес. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылық та қоғамға зиян тигізуі мүмкін. "Алайда олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі (зиянкестігі) әлдеқайда төмен. Әдетте заң шығарушы қылмыстарды басқа құқық бұзушылықтан ажыратып ҚК Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында қылмыстың іс-әрекеті сипаттайтын зардаптарды көрсетеді". Қылмыстық заңда көрсетілген зардаптың мүлде орын алмауы немесе оның орнына аз мөлшердегі зардаптың туындауы тиісті шарттарға сәйкес әкімшілік тәртіппен жауаптылықты көздейді.
Мысалы, ҚР ҚК 296-бабының [7] 1-бөлігі бойынша "автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе", кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Ал егерде көлік құралын жүргізуші адам жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіретін болса, онда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 468-бабының 2-бөлігімен жауапқа тартылады. "Соттар жаза тағайындаған кезде қателіктер жібереді. Оның себебі кінәлімен жасаған әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесімен сипатына соттың теріс баға беруі болып табылады".
Қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекет саналы түрде жүзеге асырылғанда ғана қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылады. Осы арада сана дегеніміз не? Сана объективтік шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғарғы нысаны, оның дүниеге және өзіне адамның қоғамдық тарихи қызметінің жалпыға бірдей нысандарының жанама түрдегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Нақтылы іс-әрекетті жасаушы адамның санасымен сол іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сонымен қатар, қоғамға қауіптіліктің сипатымен мазмұны қамтылуы тиіс. Адам қандай қоғамдық қатынастарға өзінің қол сұғып отырғанын және қандай зиян тигізу мүмкіндігін ұғынуы қажет. Егер де адам өзінің жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынбаса, ол іс-әрекет қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылмайды.
Адам санасын (саналы түрде ұғынуды) іс-әрекеттің белгісі ретінде анықтай отырып, ҚР ҚК [7] былай деп негіздеуге мүмкіндік береді: Адам өз жасаған әрекетінің тек қана қоғамға қауіптілігін емес, сонымен қатар сол іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын ұғыну қажет. Егер де адам өз жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғына алмаса және істің мән-жайы бойынша ұғынуға мүмкіндігі болмаса, онда жасалған іс-әрекет жазықсыз деп танылады. Сол себептен адам қылмыстық жауаптылыққа да тартылмайды. Бұл жағдай ҚР ҚК 23-бабында жазықсыз зиян келтіру деп анықталған. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес: "Егер әрекет жасаған адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе жәнс істің мән жайы бойынша оларды алдын ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса әрекет жазықсыз жасалған деп танылады". Осы орайда В.Г. Тимейко келесі көзқарасымен толықтай келісуге болады: "Іс-әрекет адам мінез-құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болып табылады. Сондықтан да, адамның ниеті, пікірі, ойы қаншалықты зиянды болғанымен, ол белгілі бір іс-әрекетпен ұштаспаса, ол қылмыстық жауапқа тартылмайды. Іс-әрекет адамның саналы мінез-құлықтың көрінісі. Сондықтан да адамның санасынан тысқары болған кез-келген дене қозғалысы зиянды, залал келтіргені не зиян келтіру қауіпін төндіргеніне қарамастан қылмыстық құқықтық тәртіппен жазаланатын іс-әрекетке жатпайды. Төртінші белгісі, іс-әрекеттің қылмыстық-құқықтық сипаты болуы үшін, ол міндетті түрде ерікті болуы қажет. Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатынының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз [9].
Ерік алға қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық, саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін, адам алдындағы үшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік-саналы әрекеттен туындайды. Мысалы, адамда өзінен-өзі пайда болатын қимылы (жатқанда қозғалу, дене мүшелерінің қимылдауы т.б.) еріксіз қозғалысқа жатады [10]. Мұндай қозғалыстардың ерік-жігерді көрсетуге қатысы жоқ.
Адамның ерікті әрекетті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет: бірінші, алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету: екінші, жолда ұшырайтын кедергі бөгеттерді жеңу; үшіншісі, мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу сонымен қатар, қиындықтарға қарсы тұрып үрейленбеу, қорықпау [11].
Осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады. Ерік пайда болу үшін, ең алдымен оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адамның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тірішілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Адам алдына бір мақсат қояды, ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып отырады. Сондықтан кейбір теориялардың айтатын, адам еркі ішінен шығады, адамның еркінің шығу себебі ол сананың әрекеті ішінен ғана, өзінен пайда болатын психикалық әрекеттердің нәтижесі деу қате пікір. Адам өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, ұғынбаса, іс-әрекет еш уақытта адамның еркін білдірмейді. Қоғамға қауіпті белсенді түрде жасалатын іс-әрекет болсын, енжар нысанындағы әрекетсіздік болсын кінәлінің өз еркі арқылы туындайды. Адам өзінің ерікті мінез-құлқының алдында сол қажеттілікті ұғынады, өзінің іс-әрекетінің мақсатын анықтайды, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі жолдарды белгілейді, оны бағалайды, содан кейін сол бағалаудың нәтижесіне сәйкес әрекет етеді. Осы жағдайларды бағалап өз ниетін саналы ой елегінен өткізіп, адам кейбір ниеттерді жасаудан бас тартып және өзінің іс-әрекеттерін басқа ниеттерге тәуелді етуі мүмкін. Ол өз ішінде белгілі бір ықыласын басып, алыс тұрса да және тікелей ырықсыз қимылмен байланысы болмаса да басқаларын туындатуы мүмкін. Сол уақытта ырықсыз қимыл актісінде, өзіне барлық қозғалыстарды тәуелді ететін ырықсыз қимылдың өзі әрекет етеді. Ерікті актіде субъект өзінің алдына қойған мақсатына сәйкес, іс-әрекетті саналы және жоспарлы түрде орындайды. Адамның ерікті іс-әрекеті, оның басқа әрекеттері секілді себепті қамтамасыз етілген, бірақ бұл себепті қамтамасыз етудің ерекше, өзіне тән сипаты бар, өйткені ол адам санасымен негізделген. Ерік актісінің негізгі мән-жайларының бірі адам объективтік сыртқы ортадан өзін ажыратып сыртқы ортаға өзін қарама-қарсы қояды. Болашақ жүріс-тұрысын әрекет жасамай тұрып ойластырып қол сұғатын объектіні ойша өзгертеді. Субъект пен объективті сыртқы ортаның арасындағы қарама-қайшылық, адамның ерікті жүріс-тұрысында әрекет мақсатымен объектінің арасындағы қарама-қайшылықтық ретінде көрініс тауып іс-әрекет жасаған кезде жойылады.
Адамның ерікті әрекеті дегеніміз оны қоршаған сыртқы ортаға, адамның саналы түрде мақсатқа бағытталып әрекет етуін айтамыз. Көріп отырғанымыздай ерікті әрекетте екі жақ бар: бірінші - объективті, екінші-субъективті. Әрекеттің объективті жағы деп - адамның объективті сыртқы көрінісі жолымен, яғни әрекет немесе әрекетсіздік арқылы әсер етуін айтамыз. Субъективтік жақ әрекеттің анықталған мақсаты мен ниетін көздейді, әрекеттің саналы және ерікті мақсаты деп адамды сол әрекетке анықтаған, соған сәйкес тиісті объективті қозғалысқа өткен және әрекеттің мазмұнына айналған оның ішкі нұсқауын айтамыз. Демек, әрекет объективті және субъективті жақтардың бірлігі болып табылады. "Әрекет етуші субъект өзінің әрекетін ұғынғанда, ол жүріс-тұрысқа айналады. Жүріс-тұрыс қоғамдық акт ретінде әрекет етуші субъектінің өзімен қабылданып және ұғынатын, тұлғаның басқа адамдарға қатынасын білдіретін әрекет болып табылады. Қылмыстық жауаптылық адамның ерікті жүріс-тұрысымен ғана байланысты болуы мүмкін. Адамның еркі болып табылмайтын әрекеттер қылмыстық құқық ынтасымен қамтылуға жатпайды. Оған ең бастысы адамның саналық бақылауынан тыс жататын тікелей физиологиялық әсер етумен жүзеге асырылатын рефлекторлық қозғалыстары жатады. Сонымен қатар тойтарылмайтын күш, орын, алып, адам сыртқы күштің қолындағы еріксіз құралға айналғанда қылмыстық құқық мағынасындағы әрекет туралы айтуға негіз болмайды. Мысалы, адамның қолын ұстап тұрып, іс-құжатқа жалған мәліметтерді енгізуге мәжбүр ету. Бұл жағдайда әрекет етуші тұлға, мәлімет енгізуші адам емес, сол мақсатқа күш қолданушы болып табылады. Біздің ойымызша, адамның әрекетіне оның рефлекторлық дене қозғалысын, сонымен қатар ауырып, сандырақтаған кезіндегі дене қозғалысын жатқызуға болмайды, өйткені олар адам санасына бағынышты емес. Кейбір жағдайда адамның жүріс-тұрысы тойтарылмайтын табиғи күштің әсерінен немесе тойтарылмайтын күштер мәжбүр етудің әсер етуімен жасалса, оның қылмыстық құқықтық маңызы болмайды. Осы жағдайда жасалған әрекет немесе әрекетсіздік, адамның жүріс-тұрысы болып саналмайды, демек ол қылмыс емес, өйткені ол өзінің еркінен тыс іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) етеді.
Мысалы, адам өзіне жүктелген міндетті әрекет етуі мүмкіндігі болмағандықтан (байлаулы жату, еркін әрекет ете алмау) орындай алмайды". Тойтарылмайтын күшке төтенше табиғи жағдайлар (су тасқыны, жер сілкінісі, қатты жел, табиғаттың күрт өзгеріп кетуі басқа да жағдайлар) немесе қоғамдық құбылыстар (әскери әрекеттер, азаматтық соғыс жағдайы) жатады. Тойтарылмайтын күштің әсерінен жасаған адам әрекетінің қылмыстық құқықтық маңызы болмайды. Мәселен, ормандағы өртті сөндіру мақсатымен орман ағашын кесу арқылы өрттің жолын бөгеу қылмыс болып саналмайды. Тойтарылмайтын күш қолдану нәтижесінде, адамның мүлдем өз еркінен тыс жағдайда қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуі қылмыс болып табылмайды. Тойтарылмайтын күш немесе күш қолдану арқылы мәжбүр ету қылмыстық жауаптылықты жоятын жағдайлар деп есептеледі. ҚР ҚК іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар нақтылы аталып көрсетілген. Олар: қажетті корғану (32-бап), қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру (33-бап), аса қажеттілік (34-бап), жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (34-1-бап), орынды тәуекел ету (35-бап), күштеп психикалық мәжбүр ету (36-бап), бұйрықты немесе өкімді орындамау(37-бап), КР ҚК 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес: "Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды". Психиканың мәжбүр етуде әрекет жойылады ма деген сұрақ бірқатар дау тудырады. Кейбір заңгерлердің пікірінше психикалық мәжбүр ету ерікті жүріс-тұрысты жоққа шығарады. Мәселен В.Н. Кудрявцевтің [12] көзқарасы бойынша "Адам еркін басатын психикалық мәжбүр етуде жасалатын қозғалыстарда әрекеттің қылмыстық құқық сапасын жоққа шығару толықтай ақиқатты. Тікелей және нақты өлтіруге қорқытқасын әрекет еткен адам, кейбір жағдайда бөтен біреудің еркін орындаушы ретінде қарастырылуы мүмкін". Писхикалық мәжбүр ету әрекеттің өзін жоққа шығармайды, ол әрекеттің пайдасына күшті ниетті қалыптастырады. Адамның сол күшті ниетке қарма-қарсы тұрып, әрекетті жасамауға мүмкіндігі бар. Психикалық мәжбүр етуде қылмыстық жауаптылықтан босату әрекеттің жоқтығынан емес, аса қажеттілік тәртібі бойынша орын алуы мүмкін. Күштеп және психикалық мәжбүр ету өзінің заңды табиғаты жағынан іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайларға жатады. Психикалық мәжбүр ету іс-әрекеттің бағасына әртүрлі әсер етеді. Қорқыту арқылы психикалық мәжбүр ету тез арада жүзеге асырылуына нақтылы мүмкіндік туса, бұл жағдайда қорқытып психикалық мәжбүр ету бағытталған объектіні адам өмірі, қорқытуды жою үшін зиян келтірген объектімен салыстыру қажет мәжбүр болады.
Мысалы, кассир сейфтегі ақшаны өзіне тікелей мылтық көздеп тұрған қылмыскерге беруге мәжбүр болады. Бұл жерде адам өмірі ақшадан қымбат. Кассир аса қажеттілік жағдайында, яғни қорқыту салдарынан өз еркіне байланысты емес іс-әрекетті істеуге мәжбүр болып отыр. Қылмыстық құқықтық қорғайтын объектілерінің ішінде ең басты орынды меншік емес, жеке тұлға оның өмірі алады. Бұл мысалда кассирдің әрекеті қылмыс болып табылмайды. Кейбір реттерде қорқыту арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет
Қылмысты объекті бойынша саралау
Қылмыстық құқықтағы кінәнің түсінігі және маңызы
Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Пәндер