Ақиқат сыйы дидактикалық сарында жазылған шығарма



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Қазақ тілі мен әдебиеті

СӨЖ

Пән атауы: Ақиқат сыйы дастанындағы жұптап суреттеу әдісі
Тақырыбы: Орхон ескерткіштерінің жазылу тарихы

Орындаған: Әлімғожа Дастан
Тексерген: Есиркепова Гүлмимра

ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе.
Әдиб Ахмет ибн Махмуд Йүгінекидің өмір тарихы туралы мәлімет жоқ. Кейбір деректерде қарағанда, ол XII ғасырдың аяғымен, XIII ғасырдың басында өмір сүрсе керек. Ахметтің тумысынан екі көзі көрмеген екен. Бұған Ақиқат сиының 467-468 жолдары дәлел болады:
Көрмеген туа біте Әдиб көзі
Тұрады он төрт баптан осы сөзі...
Зағип Ахмет жарық дүниені көрмесе де, зерделі, қабілетті, білімге құштар болып өседі. Көп ізденіп, мол білім жинайды. Түркі тілдерін, араб тілін жетік меңгеріп, әдеби және жазба тілдерді жаттап өседі. Халық арасында Әдиб Ахмет деген атақты иеленеді. Яғни әдиб дегеніміз(араб тілінен аударғанда) - тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші деген мағынаны береді.
Қазақ совет энциклопедиясында келтірілген деректерде, Ахметтің әкесі Махмұд көзі ашық, білімді кісі болған екен. Өз кезінде ақындық пен шұғылданып, жазу-сызуға жақсы болған.
Әдиб Ахметтің туылған жеріне келетін болсақ, Йүгінек деген жерде туылған көрінеді. Ал ол жер аты Орта Азияның көптеген жерінде кездеседі. В.В.Бартольтің берген мәліметтерінде Йүгінек қыстағы Самарқан жерінде орналасқан. Ал өзбек ғалымы Н.М. Маллаев Югнак деген жер аты Ферғана өлкесі мен Түркістан аймағында да бар деп көрсетеді. Ғалымның бұл айтқан пікірлерін басқа ғалымдарда мақұлдайды. Өзіміздің қазақ ғалымы Р. Бердібаев: Кейбір деректерде ол Түркістан қаласының маңындағы Югнек немесе Жүйнек яғни қазіргі Шымкент облысы Түркістан ауданында туып өскен. деп жазып қалдырған.
Сонау замандағы Түркі ескерткіштерінің көп жазылып, мол таралған уақыты ХІІІ-ХІV ғасырларда еді. Ақиқат сыйының түпнұсқасы біздің заманымызға дейін жетпей жоғалып кеткен. Оның XIV-XV ғасырларда жасалған үш түрлі көшірмесі және үш түрлі үзінділері бар.

Негізгі бөлім!
Ахмед Йүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмет жастайынан ілім - білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан - жақты зерттеп - танып, терең іліміне сай "Әдиб Ахмед" деген құрметті атқа ие болған. Ақыл - ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмет Йүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең - жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, "Һибуат - ул - хақаиқ" ("Ақиқат сыйы") деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда "Ақиқат сыйы" -- Әбунасыр әл - Фараби, Махмуд Қашқари, Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 -- 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
Ақиқат сыйы дастанының мазмұнынан айқындалатын мынадай құндылықтар жүйесі бар.
Біріншіден, Алла тағала - абсолютті құндылық. Өліні тірі, тіріні өлі етеді. Бүкіл құдіреттің иесі ұлы бір Құдай.
Екіншіден, бақыт жолы тек білім арқылы танылады. Құны жоқ бақыр мысқа теңелгенше, білім арқылы жоғары көтеріліп ғалым болуды үндейді.
Үшіншіден, дүние соңында қанша жүгіруге болады? Байлық пен кедейлік тек Алланың ісі. Күллі қатенің басы - дүниеқұмарлық.
Төртіншіден, жомарттық пен сабырлыққа ұмтылу. Алла сабырлылықты сүйеді, өйткені әр қасіреттің соңы қуаныш. Жақсылықты үміт етсең, сабыр ет.
Бесіншіден, қулық - сұмдық, сұмырайлық, жауыздық, арамдық пен қаныпезерлікті біріктіретін залымдықтан сақтану. Ғалымның еңбек етуінен, оқымыстының би билеп, ән шырқауынан, тақуаның сиынуды қойғанынан қорықты. Бейбастықтарды тыятын адамдардың қалмағанын, олардың көбейгенін қынжыла айтты.
Ахмет Йүгінекидің "Ақиқат сыйының" түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмет Йүгінеки мұрасының 14 -- 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі -- 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбдін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі -- 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя - София кітапханасы қорында сақтаулы; 2 - нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр - Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя -- София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; "Ақиқат сыйының" үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың ақырында, немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ - Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты "Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі" деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар.
Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. "Барлық нәрсе бір Алланың еркінде" екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: "Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің" немесе "Өліні тірі, тіріні өлі етеді". Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе -- тірі, ал пайдасыздық -- бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені "білімдінің өзі өлуі" мүмкін, бірақ "аты өлмейді". Ахмед Иүгінеки үшін білім -- көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да "білім арқылы тануға" болады. "Бақыт жолы білім арқылы білінеді". Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні -- сөз. Тіл -- жаратушымен байланыстырушы құрал, адам "күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді". Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты.
Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдиб Ахмет Махмудұлы Йугнәки. Дастанның қолжазба нұсқалары. Зерттелуі
Ахмет Иүгінеки
Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Орта ғасырдағы түркі шешендігі – қазақ шешендік өнерінің бастауы
Әль-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер