Балаларына әкеңнің киімін аттама


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
ТҰЖЫРЫМ
Диплом жұмысының « Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері » атты бірінші бөлімде бастауыш сынып оқушысын тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің бірлігінің тарихи педагогикалық негіздері ашылды.
«Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» атты екінші тарауда отбасы мен мектептің бірлігініңде оқушылардың білім сапасын арттырудың ерекшеліктері ашылды. Сондай-ақ, оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалынды, жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарын нәтижесі шығарылды.
Сондай-ақ, жұмыста жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі беріледі.
Жұмыс 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа посвящается сотрудничеству школы с семьей.
Работа состоит из двух глав, заключения, списка использованных литератур, приложения.
В первой главе «Научно-теоретические основы организации проводимых работ классного руководителя начальной школы с родителями» рассматривается историко-педагогические основы воспитание учащихся начальной школы в сотрудничестве школы с семьей.
Во второй главе «Пути организации проводимых работ классного руководителя начальной школы с родителями» рассматриваются особенности повышения качество образования учащихся в сотрудничестве школы с семьей.
А также даются результаты опытно-экспериментальной работы.
Работа состоит из двух глав, заключения, списка использованных литератур, приложения.
ABSTRACT
Degree work is denoted to methodical service in school.
Work consists of two chapters, conclusions, list of the used literature, exhibits.
In the first chapter "Theorist-pedagogical base to organizations of the methodical work in school" is considered pedagogical principles to organizations of the methodical work in school.
In the second chapter "Way to organizations of the methodical work" are considered system of the methodical service in school and new forms to organizations of the methodical work.
As well as results experienced-experimental work are given.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1 Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері . . . 7
1. 1 Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері . . . 7
1. 2 Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда білім сапасын арттыру бойынша отбасы мен мектептін бірлігінің кұрылымдық жүйесі . . . 23
2 Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жолдары . . . 28
2. 1 Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын дидактикалық талаптар . . . 28
2. 2 Отбасы мен мектептің бірлігінде оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесі . . . 45
Қорытынды . . . 50Пайдаланған әдебиеттер . . . 52
Қосымша . . . 54
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің егемендік алған жылдарында білім беру саласында жүріп жатқан жариялылық пен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.
Қазақстан өз дамуында жаңа серпілістер жасауы қажет, Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында “Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет” деп ерекше атап көрсетті [1] .
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты проблема - әлеуметтік - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып отыр.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына еңгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жас ұрпаққа осы замандағы білім беру міндетін айкын қойғаны белгілі. «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деп атап көрсеткен [2] .
Адамның өмір сүруіне қажетті - білім мен білік негізі мектепте қаланады. Сондықтан, мектеп партасында бәсекеге қабілетті, өз бетімен білім алатын, өмір сүруге икемді, шығармашылыққа бейім, жаңалықка құмар, әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын білімі мен біліктілігі бар тұлғаны қалыптастыру негізгі міндет болып отыр.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында білім беру сапасы күтілетін нәтижеге қол жетуімен анықталған. Бұл көзқарас Үкіметінің ресми қаулылары мен қарарларында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарында да керініс тапқан. Жас ұрпаққа сапалы білім беруге мектеп пен отбасының әрекеттестігі арқылы қол жеткізуге болатыны айқын [3-7] .
Бастауыш мектепте білім сапасын арттыру үшін отбасы мен мектеп бірлігінін маңызы зор. Сондықтан зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты . Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар жүйесін анықтау.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде отбасы мен мектептің байланысы.
Зерттеу пәні . Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың түрлері.
Зерттеудің ғылыми болжамы . Бастауыш мектептің оқушыларының білім сапасы артады, егер:
- Отбасы мен мектептің бірлікте жұмыс жасаса;
- Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар жүйесі анықталса.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың түрлерің анықтау;
- Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын анықтау;
- Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің құрылымдық жүйесін анықтау;
- Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың оқушылардың білім сапасын арттырудың диагностикалық негізде құру жолдарын көрсету;
Зерттеу көздері. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы және зерттеу тақырыбына байланысты озат, алдыңғы қатарлы мектептердің, үлгілі отбасылардың іс-тәжірибесі, психолог, педагог, социолог ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің болжамын тексеру мен міндеттерін шешу мақсатында: философиялық, педагогикалық озық тәжірибелерді теориялық талдау, ҚР бастауыш мектептердің тұғырнамалық әдістемелік құжаттарына шолу, педагогикалық эксперимент жүргізу (сауалнама, тәжірибе сабақтары) және тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін статистикалық өңдеу, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен практикалық маңыздылығы:
- Оқушылардың білім сапасын артуы отбасы мен мектептің бірлігіне тікелей әсер ететіндігі.
- Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналардын бірлігінде оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қазіргі мектепті жаңаша бағытта ұйымдастырудың тиімділігі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделді, қысқаша зерттелгелі отырған мәселенің маңыздылығы сипатталды, зерттеу жұмысының объектісі, пәні, ғылыми болжамы, мақсаты мен міндеттері анықталды.
«Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде бастауыш сынып оқушысын тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің бірлігінің педагогикалық негіздері ашылды.
«Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» атты екінші тарауда отбасы мен мектептің бірлігініңде бастауыш сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жолдары ашылды. Сондай-ақ, оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалынды, жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарын нәтижесі шығарылды.
Қорытындыда бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жолдары бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстару бойынша қажетті ұсыныстар жасалынды.
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш мектепте сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері
«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» деп ұлы педагог М. Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды [8] .
Мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық - мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан саулығының, интеллектуалды потенциалының қамын ойлау - тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі.
Қазіргі кезеңде мектептердің алдында төмендегідей міндеттер тұр:
- Республиканың ақыл-ой әлеуетін қалыптастыруға белсене қатысу, жеке адамның рухани жаңаруына жағдай жасау.
- Жеке тұлғаны саралап оқыту негізінде және факультативтер мен арнайы курстар, пәндерден білім беру барысында ақыл-ойы мен ұлттық сана - сезімі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.
- Дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу.
- Оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттау.
- Жеке адамның өзіне-өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу, т. б. қасиеттерін дамыту.
- Мұғалімнің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға қабілеттелігі мен қызығуын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық білімдерін тереңдетуге және оқу-тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау.
- Жалпы практикалық, философиялық, психологиялық және эстетикалық дайындықты күшейту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық - қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет», - деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Бұл заңда қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар, кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін практикаға қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген [4, 5б. ] .
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалыққа енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын М. В. Кларин, М. М. Поташник, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. зерттеулерінде қарастырған [9, 10, 11, 12, 13, 14] .
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар - озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану алуға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы үрдісті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты казіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқьпу технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемелекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді. Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезенде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдниев, Е. А. Ямбург және т. б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелері мұғалім қауымының игілігіне айналды [15] .
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі - психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалады. Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажеттілік анықталатындығы М. Н. Скаткин және басқа ғалымдар арнайы еңбектерінде атап көрсеткен. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен тәсілдерін игеруге болады [16] .
Жаһандану құбылысы біртұтас азаматтық қоғам, экономикалық және мәдени ғаламдық кеңістіктің қалыптасуына ұласып, елдер арасындағы ғылыми, мәдени, экономикалық және ақпараттық қарым-қатынастар мен өзара пайдалы алмасулардың өрісін кеңейтеді.
Сондықтан білім жүйесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста өздігінше жетілуге қабілетті күрделі ашық жүйе деп қарастыра отырып, синергетикалық көзқарасқа негізделген диалогтің-демократиялық басқаруға көшіру, оқушы тұлғасын толыққанды және басты субъект, басты құндылық есебінде қабылдап, оның ерекшеліктерін ескеріп, ынта-ықыласының сапалы түрде өрістеуіне, еркіндік, шығармашылық орта қалыптастырып, дарыны мен тұлғалық табиғи қабылеттерінің, ішкі мүмкіндіктерінің ашылуына, педагогикалық-психологиялық қолайлы жағдай жасап, өзіндік жан-жақты дамуына, өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталған жаңа тұрпаттағы басқару жүйесін енгізу қажет.
ХХІ ғасырдағы еліміздегі дүбірлі өзгерістер, жаңа серпілістер, қайта жаңғырулар, оның білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. Жаңа білім стандарттарының жасалуы, білім беру мекемелерін жаппай ақпараттандыру, сапалы білім беретін инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру, білім мазмұнын жаңарту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы игі істер - сол өзгерістердің нәтижесі.
«Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңдарында айқындалған еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себепті педагогикалық үрдісті жаңаша басқару әдістерін іздестіру қоғам.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына камқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», -делінген [3, 18] . Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі. Сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 49-шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлкына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, ез балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек алуға құқығы бар» және олар «балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге, балаларды окыту мен тәрбиелеуде білім беру үйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оку орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», - деп [4] жазылып, жас ұрпаққа білім беру процесіне қатысушы субьект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл нұсқау оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігі бүгінгі қоғам талабынан туындап отырғандығын ашып керсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz