Абай Алланы танушы ойшыл


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Философия пәні
Тақырып: Абай философиясындағы құдай және адам болмысы.
Мамандығы: Аспап жасау
Орындаған: Нұрбергенов Қалижан Тобы: Пск-20-1
(Аты-жөні)
Тексерген: т. ғ. к. , Оспанов Тауекель
((ғылыми дәрежесі, атағы, Аты-жөні. ) )
«17» қазан 2021ж.
(Баға) ( қолы)
Алматы 2021
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І. Абай Құнанбаевтың көзқарасының қалыптасуы . . . 4
1. 1. А. Құнанбаевтың туып өскен ортасы, қоғамдық көзқарасының қалыптасуы.
ІІ. Абай философиясындағы құдай және адам болмысы . . . 5
ІІІ. Абай философиясындағы адам мәселесі . . . 6
Қорытынды . . . 7
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 8
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ топырағында Абайға шейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылар деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, пайғамбар хақ» деп мәселені нақты қоймаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. Абай болса, Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім діни қағида, таным гносеологиялық ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Олай болса, Абай да діни ойшыл (философ) . Абай Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», - деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Рас деген заттың құбылыстық мәнін әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем. Заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат келе-келе рас емеске айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де ықтимал. Демек, растың бірақ мәні бар, ол оның растығы. Бұл «рас» ұғымының бір қыры. «Растың» екінші қырына келсек, онда оның растығын тану мәселесіне тірелеміз. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға болады? Онда Алланың барлығына сенуден басқа амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік болмыс ретінде қарастырған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абай философиясындағы құдай және адам болмысы мәселесінің мәнін ашу. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты аталған зерттеу еңбектері және деректерді пайдалана отырып, Абай философиясындағы құдай және адам болмысы мәселесі туралы ой қозғау. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді жүзеге асыру қажет.
- Абай Құнанбаевтың балалық, жастық шағынан бері кезеңдегі қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы;
- Абай философиясындағы құдай және адам болмысы мәселесінің мақсатын айқындау.
1. 1. А. Құнанбаевтың туып өскен ортасы, қоғамдық көзқарасының қалыптасуы.
Абай (Ибраһим) Кұнанбаев (10. 08. 1845 - 06. 07. 1904) - қазақтың ұлы ақыны, философ, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, либералдық ислам өкілі. Абай шығармашылығында философиялық ой толғаныстарға толы көптеген өлеңдерімен қатар ерекше орын алатын 45 ойы аяқталған фрагменттен, нақыл сөзден тұратын Қара сөз атты шығармасын атап өтуіміз қажет. Оның дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М. Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері - оның рухани мұрасының кең ауқымдылығын, тереңділігін көрсетеді. Абайдың осы ой-толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қарастырады. Абайдың бүкіл философиясының квинтэссенциясы, негізгі принципі ретінде "Адам бол!" деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан: "Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз . . . Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан - Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс - Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым) ". Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе - өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.
ІІ. Абай философиясындағы құдай және адам болмысы.
Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты. Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры - адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап - тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық - психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде - философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады. Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден - бір қажеттілігі. Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз - ұрпақтың үнемі ауысып отыруы. «Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек. «Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң, арқалаң. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы, пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты. Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қара сөзі мен өлеңдерінің біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған. Ол қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап, дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздылар адам баласын, деп түйіндейді. Қырық екінші сөзде Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады.
ІІІ. Абай философиясындағы адам мәселесі.
Филсофияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі - философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көретін болсақ, грек ойшылы Протагор: "Барлық заттың өлшемі-адам" деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы : "Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам - данышпан" депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай : "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол" атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті. Абай философиясының бүгінгі күнгі өзектілігін Ел басы Н. Ә. Назарбаевта атап өтеді. Абайды оқи отырып, адам - таза, әділетті, қайырымды болып қалыптасады дейді. Олай болса, Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М. Әуезов Абайдың: "ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады"; - дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар - намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz