АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАСЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 КІРМЕ СӨЗДЕР ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1. 1 Тілдегі кірме сөздерді теориялық-әдіснамалық зерттеу негіздері

1. 2 Ағылшын тіліндегі кірме сөздердің пайда болу себептері мен жасалу жолдары

1. 3 Англицизмдер теориялық зерттеудің нысаны ретінде

2 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ

2. 1 Англицизмдердің қазақша аудармалары мен қолданылу аясы

2. 2 Англицизмдерді бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану ерекшеліктері

2. 3

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жаңа ғасыр, жаһандану дәуірі ғылыми-технологиялық өзгерістерден бөлек, дамушы елдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне, тіл білімінің салаларына біршама өзгерістер алып келді. Бүгінде әлемдік тілге айналған ағылшын тілінің қолданылу аясы барған сайын кеңеюде. Қазақ-ағылшын тіл қатынастарына лингвист мамандардың басым көңіл бөлуінің себебі де осында. Ақпараттар желісінің артуы, экономикалық, нарықтық даму, халықаралық, ұлтаралық қатынастардың күшеюі сынды көптеген факторлар тілімізге шет тілден енген сөздер - “кірме сөздер” ағымының артуына әсер етті. Ағылшын тіліндегі кірме сөздердің қазақ тілінде пайдаланылуы “англицизмдердің” пайда болуымен сипатталады.

Әлемнің барлық елдерінде жаһандық немесе ұлтаралық өзгерістерге байланысты белгілі бір уақыт көлемінде кірме сөздер қолданысқа енеді.

Қазақ тіліне ежелгі тарихи кезеңдерден бері жаппай енген кірме сөздер көп кездеседі. Бұл туралы тілтанушы ғалым Кәкен Ахановтың айтуынша, қазақ тілінде кірме сөздер болмаса, тіл байлығы болмас еді.

Ағылшын тілі әлемді тіл ретінде бүгінде қоғамның барлық салаларында жаппай қолданылады. Заманауи мамандық атауларынан бастап, бұқаралық ақпарат құралдарында, білім саласындағы ғылыми атауларда, қарапайым әлеуметтік өмірде ағылшын тілінен енген кірме сөздер жиі қолданылады. Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің қазақ тіліндегі аудармаларындағы туындайтын мәселелерді ескере келе, жұмыстың өзектілігі осы факторларға негізделген:

  1. Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің қазақ тіліне жаппай ену себептері мен қажеттілігін анықтаудың лингвистикалық маңыздылығы;
  2. қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздердің қазақша аудармаларын талдау, ерекшеліктерін салыстыру мен тиімділігін зерттеудің қажеттілігі;
  3. қазақ тілінде ағылшын тілінен енген кірме сөздердің орнын алмастыратын тиімді нұсқалардың болмау себептерін анықтаған зерттеу жұмыстарының болмауы.

Дипломдық жұмыстың объектісі: ағылшын тілінен енген кірме сөздер және олардың қазақ тіліндегі аудармалары

Дипломдық жұмыстың пәні: кірме сөздерді теориялық зерттеу және кірме сөздер мен олардың қазақ тіліндегі аудармаларының қолданылу ерекшеліктері мен айырмашылықтары

Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазақ тіліне кірме сөздердің ену себептері мен жолдарын анықтай отыра, англицизмдердің пайдалану ерекшеліктерін, қолданылу аясын анықтау

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Кірме сөздердің лингвистика саласындағы ғылыми-теориялық негізі мен орнын анықтау;
  • Кірме сөздердің қазақ тілінде пайда болу жолдары мен түрлеріне талдау жасау;
  • Кірме сөздердің семантикасындағы тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесу ерекшеліктерін айқындау;
  • Ағылшын тіліндегі кірме сөздердің қазақша аудармаларын қалыптастырудың аударма ісіндегі ғылыми-тәжірибелік жолдарын анықтау;
  • Ағылшын тіліндегі кірме сөздердің пайдалану ерекшеліктерін әлеуметтік-қоғамдық қажеттіліктер мен мысалдар арқылы қарастыру.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Жұмыстың құрылымы екі негізгі бөлімді қамтиды. Біріншісі - теориялық, екінші бөлімі - тәжірибелік. Теориялық бөлім кірме сөздердің теориялық анықтамасы, олардың қазақ тілінде пайда болуы, әр елден енген кірме сөздердің түрлері, ерекшеліктері, ғылым, қоғам өміріндегі қолданыс аясы тақырыбындағы зерттеулерден тұрады, сондай-ақ кірме сөздердің семантикасындағы тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесу ерекшеліктері қарастырылған.

Тәжірибелік бөлім кірме сөздерді аударуда қолданылатын амал-тәсілдер, ағылшын тіліндегі кірме сөздердің тілдік қасиеттерін сипаттау, салыстыру, англицизмдердің пайдалану ерекшеліктерін талдау жұмыстарынан тұрады. Сонымен қоса, англицизмдер мен қазақша аудармаларының игерілу деңгейін анықтап, тәжірибеде қолданылу тиімділігі бойынша сараптама жасалған.

Жұмыстың әдістемелік-методологиялық негіздері. Шетелдік зерттеушілерден кірме сөздер және англицизмдерге қатысты еңбек жазып, пікір қалдырған неміс ғалымы Теодор Адорно, американдық лингвист Уриель Вайнрайх, француз лингвисті Пол Гилберт, швед тілтанушысы И. М. Берман.

Кеңестік және орыс зерттеуші ғалымдарынан кірме сөздер мен ағылшын тіліндегі кірме сөздерге зерттеу жасағандарға Аристова Валентина Михайловна, лексикология және семантика салаларының зерттеуші лингвист Леонид Петрович Крысин, англицизмдерді зерттеуші М. А. Брейтер, филология ғылымдарының докторы Ваулина Светлана Сергеевна, лингвист Иван Александрович Бодуэн де Куртенэнің еңбектері жатады.

Кірме сөздердің мағыналық ерекшеліктерін, қазақ тіліндегі аудармаларын анықтауда отандық лингвист мамандар Ахмеди Ысқақовтың “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, Сүлейменова Элеонора Дюсеновнаның “Тіл білімі сөздігі”, А. Салқынбай мен Е. Абақанның “Лингвистикалық түсіндірме сөздігі”, Н. С. Арапова, С. К. Ахметова, О. С. Ахманова, Д. К. Хачатурянның еңбектері қарастырылады.

Жұмыстың зерттеу әдістері: қазақ тіліне енген кірме сөздерге сараптама жасай отыра, ағылшын тіліндегі кірме сөздердің қазақша аудармаларын әлеуметтік-лингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Әр түрлі әлеуметтік және ғылыми салаларда ағылшын тіліндегі кірме сөздерді және қазақша аудармаларын лингвистикалық бақылау әдісі, статистикалық, салыстыру, әлеуметтік сауалнама тәсілдері арқылы зерттеу жүргізілді.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының теориялық маңызы толыққанды зерттеліп, фактілермен тұжырымдалуында. Англицизмдер мен олардың қазақша аудармалары ағылшын, қазақ тілді білім алушыларға және арнайы курстарда оқу құралы ретінде қолдануға болады. Жұмыс орта мамандандырылған немесе жоғарғы оқу орындарының филология, аударма ісі факультеттерінің студенттеріне көмек ретінде ұсынылады. Сонымен қатар, бұл материалды заманауи өмірде жиі сөз қолданысында жүрген англицизмдердің аудармаларын зерттеуге қызығушылық танытушылар және лингвистикада, яғни тіл білімі сынды пәндерді игерушілер пайдалана алады.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КІРМЕ СӨЗДЕР ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1. 1 Тілдегі кірме сөздерді теориялық-әдіснамалық зерттеу негіздері

Тұрақты даму қазіргі әлемдегі әлеуметтік процестердің ұтымды қозғалысының басты критерийіне айналып келеді. Тұрақты даму шарттарының бірі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы болып табылады. Көпэтникалық мемлекетте тіл саясаты этникалық топтардың үйлесімді қатар өмір сүруіне және этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауға ықпал етуі тиіс. Этностың өзгеруі мен дамуы әлеуметтік-экономикалық және басқа да процестерге байланысты әрқашанда тілде көрініс табады және ол сол уақыттың дәуірі, кезеңі, нышаны және ізі ретінде қалады.

Қазіргі уақытта қазақ тілі өзінің сөздік қорын тек өзінің ішкі мүмкіндіктерінің есебінен ғана емес, басқа тілдермен қарым-қатынас жасау есебінен де үйреніп, жетілдіріп келеді. Қазақстан Республикасы бірқатар елдермен тығыз байланыста бұрыннан дамып келеді. Сондай-ақ, достық қарым-қатынас ана тілінде сөз байлығынан, кірме сөздердің сөздік қорға енуінен байқалады.

Әр ұлттың сөздігі - оның сан ғасырлық өмірі, іс-әрекеті мен ақыл-ойының тілдідегі көрінісі. Сөздер халықтың қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады. Сөз - адамдардың объективті шындықты, заттар мен құбылыстарды, мінез-құлықты, сан мен сапаны ажырата білу қабілетінің көрінісі.

Ғылыми негізде кірме сөздер туралы А. Мей, Баудуин де Куртенай, Ф. Соссиур, А. А. Потебня, Л. В. Щерба және басқалар жан-жақты зерттеді. Арутюнова, И. Р. Галперина, Е. Б. Черкасский, В. А. Звегинцева, В. М. Алпатов, Ю. В. Рождественский, А. Е. Карлинский және басқалары осы тақырыпта терең зерттеу жұмыстарымен айналысты. Олардың жұмысына жасалған талдау бір тілдің екінші тілге әсер ету деңгейі тек тілдік факторға ғана емес, сонымен қатар өзара әрекеттесетін тілдердің жақындығының дәрежесіне де байланысты екенін көрсетеді. Зерттеушілерді кірме сөздердің көздері мен мерзімі, пайда болуының тарихи себептері мен шарттары қызықтырды.

«Шет тілдер сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» кірме сөздерінің түрлері жаңа ұғымдардың атауына сәйкес келеді. Кірме сөздердің ең алғашқы тұлғалары, дыбыстық пікірлердің қай-қайсысы болмасын, олармен достық қарым-қатынаста болу, ертеден болған тұрмыстық және тарихи қатынастар, тіл табысу және де өзге де факторлардың әсерінен тілге сіңісіп кетеді. Мысалы, біздегі “заң” сөзі - орыс тілінің “закон” сөзімен қатар қолданылады. Шын мәнісінде, заң деген қазақ тіліне сіңісіп кеткен сөз қытайдың лексемасы болып табылады. [1, 88б. ]

Көптеген сыртқы жағдайларға байланысты тілге «жаңа сөздер» енеді. «Жаңа сөздер» дегеніміз - жаңа зат есімдер, жаңа ұғымдар, жаңа тіркестер, мағыналарын өзгерткен немесе қосымша семантикалық нюанстарға ие болған ескі сөздер, сонымен қатар осы тілде жиі қолданылатын шетелдік сөздер. Оларды жаңа тілдік бірліктер деп те атайды. Тілдегі «жаңалық» ұғымын білдіретін құбылыстар екі түрде қарастырылады: біреуі - лексикологиялық бірліктер: жаңа сөздер, тіркестер, жаңа морфологиялық құрылымдар, екіншісі - жаңа грамматикалық әдістер.

Адамдардың әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірі неғұрлым күрделі болса, олардың тілінің сөздік қоры да молаяды деп есептеледі. [2, 123б. ] . Жаңа сөздер оларды қолдану негізінде бөлек танылуы керек: б) әр түрлі мамандар мен кәсіпкерлер қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында ә) ғылым, экономика, өнеркәсіп, өнер және т. б. Сонымен қатар әр түрлі жабдықтар мен қызмет түрлері, дизайн, инжиниринг және осы бағыттардағы жұмыстардың атауларында қолданылады. Алдыңғы топтағы жаңа сөздерді зерттеушілер көптеген салаларда орыс және еуропа тілдерінде зерттеді.

А. Қ. Омарова және А. С. Шыныбекова «Қазақ тілі» атты ғылыми жұмыстарында кірме сөздерге қатысты анықтамалар ұсынған және мысалдар келтірілген. Кірме сөздер - дыбысталуы және басқа тілге қатысты мағынасы бар сөздер. Бұл қазақ тілінің өз сөздері емес, басқа тілдердің әсерінен құрылған немесе енгізілген сөздер. Мұндай тілдік бірліктер біржақты емес, екіжақты болады. Түркі және басқа тілдер арасындағы сөз алмасу - ежелден келе жатқан қарым-қатынастың әсерінен туындаған. Мысалы, араб-парсы тілдеріндегі кірме сөздер: ас, намыс, ар-ождан, бейбітшілік, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай, күш, хабар, әйел, баға, азамат, аң, кітап, дәптер және т. б. [3, 9б. ]

Араб-иран тілінен қазақ тіліне аударылған жалпы сөздікке осы тілдердің немесе Орталық Азия халықтарының, соның ішінде тәжік және өзбек тілдерінің арасындағы тікелей байланыс әсер етті. Араб-иран сөздері қазақ тіліне, негізінен орта ғасырларда ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне байланысты Орта Азияның атақты классиктерінің шығармаларының арқасында енген. XI ғасырдағы Махмут Қашқари сөздігінде көне түркі сөздері бар. Қашқари еңбектерінде «Демек, түрік тілін үйрену қажеттілігі өмір талабы мен ақыл-ойдың ауқымымен дәлелденді. Мен түріктердің, түрікмендердің, оғыздардың, жігілдердің, ягмалардың және қырғыздардың сөздері мен сөйлеу заңдылықтарын зерттедім және оларды қажет болған жағдайда қолдандым» деп жазылған. Көне араб алфавиті ежелгі түркі тілдеріне араб-иран сөздерінің енуіне ықпал етті. Ол кезде қазақ даласында әртүрлі түркі тілдерін қолданған ұйғыр тілі 24 әріптен тұратын алфавитті қолданған. Олардың да ортақ тілі болды. Сахара және дала халықтарының тілдері де өз тілдермен сөз алмасты. Кiшi тайпалар, ябаку, татарлар мен басмылдар да өзіндік тiлге ие болды. Алайда олар түркі тілін бұрыннан игерген. Олардың ішінде қырғыз, қыпшақ, оғыз, тохсиф, чигил, оргак және жарук тайпалары тек түрік тілінде сөйлеп келген.

Кірме сөздерді ғылыми тұрғыда қарастыру барысында мынадай ұғымдар қалыптасады: ксенизм, варваризм, бөгде сөз, экзотизм, эфемеризм, интернационализм . Бұл кірме сөздермен қатар жүретін ұғымдар болып есептеледі.

Ксенизм гректің “бөтен” деген сөзінен шыққан, өзге тілдің немесе ұлттың тұрмысын білдіретін сөздер болып табылады (мысалы, афгани - Ауғанстан валютасы) . Эфемеризм гректің “біркүндік” деген сөзінен шыққан, жаңа сөздер ұғымын, белгілі бір өтпелі кезеңді білдіреді. Көп жағдайда бұл сөздер уақытша саяси салаларды атауда, тез өзгеріске ұшырайтын сән индустриясында кеңінен қолданылады. Варваризмдер ежелгі тарихи кезеңдерден белігілі “жат жерлік” деген ұғымнан құралған. Бұл өз тілінде тілдік баламасы, ұғымдық атауы бола тұра, өзге тілдің сөздерін қолдануды білдіреді. Экзотизмдер өзге халық тұрмысының ұғымдары мен құбылыстарын білдіреді. Басқа варваризмдерден айырмашылығы, экзотизмнің тұрақты этникалық бірлестігінің арқасында толық сіңірілмейді және әдетте тілдің лексикасының бөлігінде қалады. Сонымен қатар, мұндай сөздер көбінесе жаңа тілдің нормаларға өзгертілуі немесе бұрмалануы мүмкін, әсіресе егер олар суши немесе комикс сөздері сияқты үшінші тіл арқылы өткен болса. Локализмдер, диалектизмдер және этнографизмдер экзотизмге жақын, олар кіші этникалық топтың өмір шындығын үлкенірек адамдардың бөлігі ретінде сипаттайды. Экзотизмдер ретінде валюта, киноиндустрия бірліктері, тағам, сусын атаулары есептеледі. сыртқы пішіні, айтылуында еш айырмашылық жоқ. Бұл халықтар достығы мен ынтымақтастығын насихаттайтын идеологиялық ұғым. Интернационализмнің әртүрлі нұсқалары бар: атап айтқанда, марксизмдегі пролетарлық интернационализм эксплуататорларға қарсы күресте әр түрлі елдердің пролетарларының ынтымағын білдіреді. Біздің уақытта бұл термин жаһанданудың балама нұсқасын ұсынуға тырысып, солшыл идеологияны да білдіреді. Кірме сөздердің ажырамас бөлігі ретінде олар ғылым, медицина, техника, өнер салаларында жиі кездеседі.

Әйгілі ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың пікірінше, халық кірме сөздердің енуінен қорықпау керек, кірме сөздер сөздік қорды дамытатын тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. [4, 36б. ]

Х. Досмұхаметов кірме сөздерді «шетелдік сөздер» деп атап, мына мысалдарды келтірген: қала, молда, шілде, әрекет, кінә, әділеттілік, бейбітшілік, дұспан, өмір, ар-ождан, құрбан, әкім, аспан, жау, құндылық, өркендеу, бала, дастархан, сабын, Бедек, Асан, Үсен, Сәмеке, Шайбақ, Сидақ, Мәмбет, әдемі, әзіл, ұят, байлық, апат, есеп, тізбек, несібе, серт. Сол сияқты Х. Досмұхамедұлы: «Біздің тілге жат сөздер екі жақтан шыққан. Солардың бірі - араб сөздері, парсы сөздері, Ордада оқыған адамдардың сөз байламы», - деп, кірме сөздердің қазақ тілінің сөздік құрамына енуіне қарсы болған.

Л. З. Рүстемов араб-парсы сөздерінің қазақ тіліне ену кезеңдерін шартты түрде бөледі. а) XV ғасырға дейін б) XV ғасырдан Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін. Сонымен бірге, мәтінде келтірілген 10237 сөзден тұратын араб-парсы сөздерінің саны 1517, яғни 14, 9% құрайды.

Тілдер өмір сүреді, дамиды және өзгеруі немесе даму барысында бұзылуы мүмкін. Басқа тілден аударылған сөздердің жаңа кейіпке енуі әсіресе маңызды. Кірме сөздер сөздер фонетикалық, грамматикалық және семантикалық өзгерістерге ұшырайды, қабылдаушы тілдің заңдылықтарының әсерінен. Кейбір сөздер тілге толығымен сіңеді, ал басқалары шет тілі мәртебесін сақтайды. Қабылдаушы тілде жоқ нәрсені қарастырғанда, оларды түсіндіру үшін осы сөздердің нақты сипаттамалары мен айырмашылықтары көрсетілген. Қазақ тіліндегі кірме сөздердің түсіндірме сөздіктері олардың бастапқы және негізгі мағыналарын көрсетеді. Алайда, соңғы 10 жыл ішінде шет тілдерінен алынған сөздердің санының артуына байланысты олардың көпшілігі сөздіктерде жоқ. XIX ғасырдағы орыс тілтанушысы А. А. Потебня оның қай тілден және қай тілден шыққанын емес, басқа тілден шыққан сөздің нәтижесінде не пайда болғанын сұрау керек деп айтқан. [5]

Қазақ тіліне шет тілден енген сөздерді зерттеушілердің бірі А. Т. Исламова «Шетел сөздерінің белгілері мен деректері» атты зерттеу еңбегінде қазақ терминологиясына енген кірме сөздерді келесі түрлерге бөлуге болатындығын айтады: 1) материалдар; 2) калька сөздер; 3) аралас сөзжасамдар (көп мағыналы және күрделі сөздер) . [6, 12б. ] .

Транслитерация дегеніміз - шет тіліндегі сөздерді жазу кезінде ана тілінің әріптерін қолдану. Мұнда сөздер енгізуші тілдің заңдылықтарына сәйкес оқылады. Мысалы: пиар, веб, провайдер, мотель. Ал калькалар дегеніміз бұл шетелдік сөздерді енгізуші тілдегі сөздерге тікелей аудару. Семантикалық қосындылар дегеніміз - шетелдік сөздердің бастапқы мағынасындағы өзгерістер және олардың жаңа мағыналарды меңгеруі. Мысалы: блокбастер сөзінің мағынасы: 1. жылжымайтын мүлікпен айналысатын кәсіп иесі; 2. танымал фильм. Ағылшын тіліндегі сөздің бастапқы мағынасы - «блокбастер».

Көптеген зерттеушілер «кірме сөздер» терминін ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қолданған, алайда кейбір зерттеушілердің іздеу мен бақылауы әр түрлі нәтижелерді ұсынады. Көптеген лингвистер, солардың ішінде Б. Әбілқасымов пен Б. Момынова өз еңбектерінде басқа тілден сөздерді қағазға түсіру арқылы тілге енгізу оларды қабылдаушы тілдің сөздік қорын толықтырады және байытады деп атап өтеді. [7, 8]

Егер лексикалық жүйе бұған жағдай жасаса, кірме сөздер оңай құрылады. Шетелдік сөздікті енгізу ежелгі сөздің түсініксіздігін жою үрдісінің нәтижесі болуы мүмкін. Көбінесе сөздердің енгізілу себептері ретінде кейбір семантикалық ерекшеліктерді шектеуге, оларды әр түрлі сөздерге байланыстыруға әкелетін тұжырымдаманы нақтылауға әсер етеді (репортаж - негізінен әңгіме, хобби - қызығушылық) . Осылайша, тілдегі қолданыстағы сөз бен сөзжасам олардың семантикалық ұғымдарымен бөліседі, ал бұл ұғымдар бір-біріне сәйкес келуі мүмкін болса да, олар толығымен сәйкес келмейді. Шетел сөзін тілге енгізу себептерін ескере отырып, келесі ережені ескерген жөн: егер жалпы мағынасы мен қайталануына негізделген кірме сөздер бірнеше лексикалық жолдарда құрылса және олар осы қатардағы сөздер сияқты көрінсе, оларды қолдану әлдеқайда оңай. Мысалы, ортақ элементі бар сөздер: -мен: джентельмен, спортсмен, бизнесмен және т. б. Бұл тізім біртіндеп осыған ұқсас сөздермен толықтырыла бастады: джазмен, бармен, рекордсмен.

Л. П. Крысин өзінің « Иноязычные слова в современном русском языке » атты кітабында «лексикалық аударма» және «кірме сөздер» терминдері бір-біріне ұқсас еместігін айтады. «Лексикалық ауысу» тек «бір тілден екінші тілге ауысу» белгісімен анықталады және «кірме сөздер» терминін түсіндіру кезінде сөздің қызметі, оның ішінде шет тіліндегі сөздер, жүйеде әртүрлі лексикалық элементтерге сәйкестігі, тілде пайда болу жиілігі т. б ескерілуі маңызды.

Л. П. Крысиннің еңбектеріне сүйенсек, сөздерді қабылдаушы тілдердің жүйесіне енгізу үшін келесі шарттар қажет:

  • енгізуші тілге шетелдік сөздің фонетикалық және графикалық тәсілдермен ұсынылуы;
  • шет тілдегі енуші сөздердің грамматикалық сыныптармен және категориялармен байланысы;
  • шетелдік сөздің фонетикалық ерекшеліктерінің сәйкестенуі;
  • грамматикалық дағдылар;
  • сөзжасам қабілеттілігі;
  • шетелдік сөздің семантикалық ерекшелігі: мағынасын анықтау, қолданыстағы сөздердің мағыналарын және шет сөзімен қалыптасқан сөздердің құрылымын ажырату. [9, 56б. ] .

Американдық лингвист Эйнар Хауген сөздерді шет тілінде қабылдауды сипаттауда көптеген авторлар шет тілінен бір сөз алған кезде олар сөйлейтін тілге бейімделуге жақын екенін айтады. Мысалы, Л. П. Крисин сөзді шет тілінен қабылдау процесін әртүрлі элементтердің бір тілден екінші тілге енуі ретінде түсінеді. Автор «әр түрлі элементтер» деп аталатындар - бұл тілдің негізгі құрылымдары: фонетика, лексика, және т. б. Біз жаңа сөздер мен ұғымдарды енгізу сөзді басқа тілдің сөздігінен қабылдау деп түсінеміз. Кез-келген тілде, әдеби тілде болсын, терминологиялық жүйеде болсын сөз алмасу тарихи құбылыс.

Ресейлік ғалым Маковский халықаралық терминдердің бар екендігіне күмән келтіреді. Француз зерттеушісі Марион Кассула халықаралық терминдер деп экономикасы, ғылымы және білімі басым елдің тілінің үстемдігі нәтижесінде пайда болған кірме сөздерді есептеп жүргенімізді айтады. Осы түсініктемелерден шығатын қорытындылардың бірі - халықаралық терминдердің атауы шартты болып табылады. Халықаралық терминдерге түп-төркіні грек және латын сөздерінен шыққан кірме сөздерді жатқызамыз. [10]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терминология және медициналық терминдер
Роман мазмұнының көркемдік–әдеби маңызы
Арабша - қазақша құқық терминдері
АУДАРМАШЫ - КӨПТІЛДІ ТҰЛҒА
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Абай жолы роман-эпопеясы қазақ ұлтының мәдени,тарихи,тілдік- әлемдік бейнесі
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихы мен ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz