Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы


Гүлназ Жарылқасынова
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздері
1. 2 Әдебиеттік оқу пәнінде дамыта оқыту технологиясын қолдану
1. 3 Бастауыш сынып оқушылырының әдебиеттік оқу пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ерекшеліктері
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ДАМЫТА ОҚЫТ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту технологиясын оқу-тәрбие барысында қолдану тиімділігі
2. 2 Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды тәжірибе жүзінде қолданудың маңыздылығы
2. 3 Балалардың әдебиеттік оқу пәнінде шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалардың мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы тұлғаның шығармашылық қабілетіне байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашыл жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қоғамдағы қазіргі кездегі қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын кұруда. Осыған орай, коғамның жаңа талап - тілектері мен әлеуметтік сүранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашыл жеке адамды қалыптастыру педагогика, психология ғылымдары кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық басына терең үңіле бермейміз.
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім - тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс - әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кездегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын адамға айналдыру.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетінің дамуын анықтау. Соның негізінде шығармашылық қабілетті дамытуды педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі. Бастауыш сынып оқушыларының жеке адам ретінде даму процесі.
Зерттеу пәні. Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуының бір белгісі - әдебиеттіе оқу пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілеттің дамуы интеллектілі дамуға тәуелді болады, әрі шығармашылық іс-әрекетке деген орнықты мотивация дамиды.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалдарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылады:
- шығармашылық қабілет ұғымдарын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу.
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға негіз болатын - шығармашылық қабілетті бала моделін жасау және шығармашыл жеке адамды тәрбиелеуші шығармашыл ұстазда дамыту мақсатын көздеген әдебиеттік оқу пәнінде дамта оқыту арқылы арнайы оқу-практикалық сабактарын ұйымдастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларының интеллектілі даму деңгейі мен шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментті зерттеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Шығармашылықты зерттеу мәселесіне Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Б. М. Тепловтың іс-әрекеттік ықпал және жеке адамды тұтастай жүйеде қарастыратын тұжырымдамалары, А. М. Матюшкиннің тұжырымдамасы, шығармашылық психологиясында жиі айтылып жүрген Л. Л. Гурова, Д. Б. Богоявленская тағы баскалардың тұлғаның когнитивті және тұлғалық аспектілерін ара қатыстыру тұжырымдамалары, В. В. Давыдов, Н. А. Менчинскаяның проблемалық оқыту тұжырымдамасы, шығармашыл тұлғаның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдар (К. Роджерс, А. Маслоу) негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер - Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, П. Я. Пономарев, П. Торренс, Дж. Гильфорд, Дж. Рензулли, Э. Боно, Н. Н. Палагина, С. М. Жақыпов, Қ. Р. Рақымбеков, С. Қ. Бердібаева, М. О. Резванцева, т. б. жұмыстары болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бір-бірін толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылады: шығармашылық қабілет мәселесі бойынша еліміздегі және шетелдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, зерттеудің ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, шығармашылық қиял мен интеллектінің даму деңгейінің бағалауға арналған анықтаушы әдістері: Равен (А формасындағы) әдістемесі, Д. Векслер әдістемесі, П. Торренс әдістемесі, «Тұлғаның дамуын базалық ұғымдарда зертейтін» идеалды әрекетті бейнелейтін сана ерекшеліктері әдістемесі (Н. И. Непомнящая 1992) шығармашылық қиялдың дамуын бақылау, талдауға байланысты әдістер: психологиялық эксперимент, бақылау, әңгімелесу, анкета.
«Қиялшыл болған жақсы ма?».
Зерттеу жұмысының базасы.
Зерттеу жұмысының құрылымы. курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздері
Шығармашылық - тікелей мағынада - бұл жаңа нәрсені құру. Мұндай мағынада бұл сөзді барлық органикалық процестерде және органикалық емес өмірде қолданылады, не табиғатта туындайтын шығармашылық өнімнің күшін беретін барлық үздіксіз өзгерістерде, барлық жаңаруларда қолданылады. Шығармашылық ұғымы жеке бастау, соған сәйкес адамның іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Ал жалпылама мағынада шығармашылық психикалық актыны білдіретін шартты термин. Біздің санамыздағы мәліметтерді қайта жаңғырту немесе жинақтау барысында теориялық, көркемдік және практикалық іс-әрекеттер аясында жаңа формалы шығармашылықты көрсетеді (ғылыми шығармашылық, поэзиялық шығармашылық, музыкалық шығармашылық, көркемөнер шығармашылығы т. б. ) .
Шығармашылық процесі - жаңа, ерекше нәрсені құру. Оның табиғаты мен механизміне барлық ғасырлардағы ойшылдар зейін бөлген. Шығармашылыққа деген өте терең қызығулар ғасырлар бойы шығармашылық теориясын жасаумен байланысты болды. Көп жағдайда шығармашылықты объективті заңдармен байланыспаған рухани бостандық деп түсінді. Қоғамда шығармашыл адамға деген қажеттілік болмады. Жаңа қоғамдық мәнді құндылықтарды құруды мақсатты тұрғыда нәтижелі жоғарылату идеясы бос әурешілік ретінде қарастырылды.
Шығармашылық психологиясы шет елдерде ХІХ-ХХ ғасырлары қалыптаса бастады. Алғашында ол шығармашылық теориясынан пайда бола бастады. Кейін келе шығармашылық психологиясын жан-жақтан зерттей келе, білімнің қырық құрауына айнала бастады. Ол өзіне философиялық, әлеуметтік, логикалық, этикалық, психологиялық, техникалық және тағы басқа ілімдерді қосты. Шығармашылық психологиясы психологиялық білімдегі аралық-эмпирикалық үлгісіндегі ғылымга айналды.
XX ғасырдың орта шеніне қарай, ғылыми-техникалық революцияга байланысты, әсіресе, ғылым мен техникада шығармашылық іс-әрекетті жүйелі, саналы әдейі басқару қажет екендігі өсті. Әлеуметтік сұраныс үлгісі өзгерді, алайда, эмпирикалық білімнің ескі үлгісі жаңа қажеттілікті қанағаттандыра алмады. Жаңа әрекеттік өзгертуші үлгідегі психологиялық білімді талап өтетін жағдай туындады.
Жеке даралық шығармашылықты зерттей отырып, ұжымдар шығармашылық келешегі, оның. жандануы туралы В. Б. Ломов /1/ өзінің "психологияның әдіснамалық мәселелері" деп аталатын жинағында жазады: "Біздің зерттеулерімізде бірігіп шешкен тапсырмалардың нәтижелерінің тиімділігі жеке даралық шығармашылық іс-әрекетке қараганда жоғары болды". Дегенмен әлеуметтік психологияда бұған қарама-қайшы фактілерде болды. Бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көптеген факторларға байланысты болады: ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілдері, топтың құрылымы. Осы сұрақты қозғай келе, ғылыми шығармашылық ұжымға қатысты В. В. Максимов, Б. А. Фролов, М. Г. Ярошевский былай деп көрсетеді: топтың ең жоғарғы мүмкіншіліктері (материалдық-техникалық жабдықталуы, информациялануы, еңбекті болу, мүмкіншіліктері т. б. ) әрдайым индивидтің мүмкіншілігінен асып кетеді. А. Я. Пономарев /2/ жөне Ч. М. Гаджиевтің бірлескен еңбектері де шығармашылық тапсырмаларды (логикаға, тапқырлыққа арналған тапсырмалар) ұжымдық шешімді зерттеуге арналған.
И. Н. Семенов шығармашылықтағы рефлексияны зерттеумен айналыса отырып, шығармашылық психологиясындағы қазіргі кездегі жаңа бағыттардың бірін жасады. Өзінің "Психологиядағы шығармашылық тапсырмаларды шешудегі рефлексия мәселелері" /3/ деп аталатын монографиясында шығармашылық тапсырмаларды бірлесіп щешу нәтижесі жеке даралыққа қарағанда 2, 4 есе жогары болатынын көрсетеді.
Шығармашылық топтар мен ұжымдарды зерттеуде алға қарай қадам жасауға себеп болған Д. Гельц және Ф. Эндрюс зерттеулері болды. Олар топтың әртүрлі факторларга байланысты болатынын ашып берді: көпшілдік, іске қызығып берілуі, мотивация, топтың және топ мүшелерінің жас ерекшелігі т. б.
А. М. Матюшкин орта және жоғары мектептердегі шығармашылық психологиясының өзекті мәселелерін зерттеді, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту мәселелерімен және маманды жалпы дайындау мәселелерімен айналысты. Д. Б. Богоявленская /4/ шығармашылық процестің негізі - ақыл-ой белсенділігі деп көрсете отырып, оны креативті өріс әдісімен зерттеді. Г. О. Буш еңбегі /5/ өнертапқыштық тапсырмаларды ұжымдық шешудің өдістеріне едәуір толық қазіргі көзқараста шолу жасады. Шолуында, ұжымдық өнертапқыштықтың көптеген әдістеріне сипаттама береді, әдістердің техникасы мен процедурасын терең ашып береді.
Қазіргі уақытта әдебиеттерде шығармашылықтың сипаттамалық және процессуалды сипаттары жиі араласып келеді. Шығармашыл адамдардың мінез бітістерін талдауға болмайды, себебі оның мінез құлқын ілестіріп жүретін іс-әрекеттің табиғатын түсінбестен шығармашыл адамның мінез-қүлқын жан-жақты ашуга болмайды.
А, Осборнның пікірінше, ақыл-ой қабілеттеріне: жаңа нәрсені зерттеу; талдау және бағалау; есте ойды сақтау және қайта жаңғырту; жаңа идеяның туындауы және ойша көріп келу жатады.
Бұл қасиеттер шығармашылық қабілетті құрайды. Аксиомалық тұрғыдан білімді шығармашыл қолданған жағдайда білім өрекетті болады. Алайда, олар оқыту мен тәрбиелеуде ғана дамиды, бірақ, білімдерді меңгеру мен шығармашылық мүмкіншіліктерді дамытуды теңестіруғе болмайды.
Адамда көрінғен шығармашылық қабілет тек нышандармен, тек оқумен ғана анықталмайды, сонымен қатар, қандай да бір деңгейде адамның өзіне де, оның шығармашылық күш жұмсауына да байланысты. Осы соңғы міндетті шешуде шығармашылық қабілеттің дамуын жүзеғе асыратын немесе кедергі жасайтын психолоғиялық факторлардың үлкен мәні бар.
Шығармашылық және парасаттылық бірін-бірі толықтыратын болса, бір-біріне көмектесе алады. Шығармашыл адам жаңа идеяларды жасау кезінде сынды пікірлерді өзіне жібермеу "ережесін" ұстауы қажет. Тек идеяның жеткілікті санын құрғаннан соң ғана, оны қолдануы туралы мәселені қою қажет. Бірінші кезенде сынға салқынқанды болу қажет. Адамның жасы ұлғайған сайын шығармашылығының төмендеуінің бір себебі, жыл өткен сайын адам көптеген көзқарастардың әсеріне бағынғыш келеді. Оқу және тәжірибе нәтижесінде бізде проблеманы шешу кезінде шығармашылыққа кедергі жасайтын ұстамдылық дамиды.
Жаңа шешім табу үшін, біздің ойлауымыз, бұрынғы өткен тәжірибенің шегінен шығу қажет. Бұған шығармашылық ойлаудың топтық формасында кеңінен қолданылатын "бөтен көзқарастар" позициясы көмектеседі. Эксперименттер қателесу қорқынышы шығармашылық қабілетті қаншалықты бұзатынын дәлелдеп көрсетеді. Көптеген талантты адамдардың қателескенін және ең шығармашылық идеялар келемежделгенін естен шығармаған жөн.
Егер біз өзіміздің шығармашылық қабілеттерімізді жүзеге асырмасақ, онда оларды пайдасыз етеміз. Біз оны талан ететін іс-әрекеттер саласында дамытуымызға болады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқушыларды ой-парасаттылық, шығармашылық материалдармен қамтамасыз ету қажет. Бұл шығармашылықтың даму мүмкіншілігін көрсетеді.
Шығармашылықтың дамуы интеллектуалдылық, қарым-қатынас және тапсырмаларды шешуді жүзеге асырады. Бала өзінің бос уақытының көп бөлігін ойынмен өткізеді. Олардың бірқатары шығармашылық қабілеттің дамуына әсер етуі мүмкін. Біздің қалай ойнайтынымыздың да мәні зор. Ойын барысында шығармашылық элементтерді қолдану арқылы кез келген ойын затына шығармашылық танымдық сипатта жүзеге асыру арқылы балалардың ойында шығармашылық қабілетті дамытуға болады. Мысалы, шахматта біз оқулық бойынша немесе шығармашыл тұргыда ойнай аламыз. Көптеген адамдар шахматқа қараганда шашка ойыны едәуір шығармашылық тапсырманы қамтиды деп көрсетеді. Бірнеше адамдардың шығармашылық күштенуін біріктіретін ақыл-ой тапсырмалары өте пайдалы болуы мүмкін.
Шығармашылықтың дамуы әдебиет және өнердің әрқилы түрлерімен (сурет, ән т. б. ) айналысу арқылы жүзеге асады. Шығармашылықтың дамуына оқу сабағы үлкен септігін тигізеді. Бірақ, кез-келген кітап мүны жүзеге асыра бермейді. Балалар қиялының дамуына әсіресе, оқырманның тек көрермен ретінде ғана емес, сондай-ақ кейіпкер ролінде де қатысудағы шығармалардың мәні ерекше. Адамның танымдық іс-әрекетіне түрткі болатын биографияларды, ғылыми-көпшілік журналдарды оқу өте пайдалы.
Шығармашылық қиялдың дамуына жазбаша шығарма жазу үлкен үлесін қосады. Зерттеушілер жазбаша шығарма жазуға қабілет осы бағыттағы ең негізгі көрсеткіштердің бірі екенін көрсетті. Тіпті, біз кәсіби шебер ретінде жазуға тырыспасақ та біздің шығармашылық ойлауымызды дамытатын жанкүйерлік шығарманың әртүрлі формалары болады.
Егер біз шығармашылықты - жаңа нәрсені құру деп түсінсек, онда шығармашылықтың дамуына жаңа нәрсені құруға бағытталған тапсырмалар мен ойындардың мәні зор (аяқталмаған сурет, аяқталмаған ертегі, әңгіме т. б. ) .
Баланың сөз арқылы жеткізетін ойы мен шындықтағы заттар туралы нақты ой сәйкестенбеуі мүмкін. Бүл сөз арқылы берілетін ойлармен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеулер мынаны көрсетеді: тек сөйлеу ғана емес, сондай-ақ оның келешектегі өмірі оның қиялының дамуына да эсер етеді, мұнда мектеп ерекше орын алады. Мектеп баланың әуелі бір нәрсені жасамас бұрын, оны әбден ойлап алуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, балалар қиялының дамуына тек тілдің шыға бастауы ғана емес, оның дамуындағы ең негізгі, әр таранты кезендер де зор әсер етеді.
Қазіргі кездегі психология ғылымының зерттеулері
көрсеткендей, адамның психикалық функциялары мен
қасиеттерінің генезисі - моторлы әрекет (А. В. Запорожец),
қабылдау (А. Н. Леонтьев, В. П. Зинченко, Л. А. Венгер,Ю. В. Гиппенрейтер) эмоция (А. В. Запорожец) мағыналы құрылу (А. Н. Леонтьев) және т. б. проблемалық тапсырмалардың өзіне тән шешімі іштей шешетін продуктивті қиялдың механизмдерімен қамтамасыз етіледі.
Бала үшін жаңа құрылым дамудың әлеуметтік жағдайын береді, дамудың негізгі қайнар көзі ретінде әлеуметтік шындықтан жинақтай отырып жаңашыл, жеке адамның жаңа қасиеттерін меңгеретін дамудың формалары мен жолдарын тұтас және толықтай анықтайтын жаңа құрылым жасайды, әлеуметтік индивидуалға айналады. Жаңа құрылымның дамуы барлық динамикалық өзгерістер үшін бастапқы кезең болып табылады.
Сонымен сананың жалпы барлық қасиеті ретінде продуктивті қиялдың біршама интенсивті қалыптасу кезеңі - мектеп жасына дейінгі балалық шақ болып табылады.
Бала дамуында қиялдың негізгі екі түрі (эмоциялық және танымдық) жүзеге асырылады. Мұнда өртүрлі тапсырмалар мен жүзеге асырудың әртүрлі бағыты болады.
Танымдық қиялдың негізгі міндеті - объективті өмірдің өзіне тән бейнелуі, баланың елесіндегі шындық туралы туындаған қарама-қайшылықты жеңу, өмірдің тұтастай бейнесін толықтыру және нақтылау. Қиялдың көмегімен балалар не адамзат өрекетінің құрылымы мен мағынасын шығармашылық тұрғыда меңгереді, не болмаса, шындықтағы жеке көзқарастардан алшақтай отырып, қандайда бір оқиғаның немесе құбылыстың тұтастай бейнесін құрады.
Эмоциялық қиял - баланың шындықтағы "мен" бейнесінің қалыптасуындағы қарама-қайшылық жагдайлардан туындайды және мұндай жағдайлардан "мен" бейнесінің құрылымдық механизмдерінің бірі болып табылады.
Е. Е. Кравцова /6/ қиял функциясының дамуындагы үш негізгі компоненттерді көрсетіп береді.
- Көрнекілікке сүйену
- Өткен тәжірибені қолдану
- Ерекше ішкі позицияның болуы
Е. Е. Кравцова мәліметтері мынадай қорытынды шығарады: қиялдың ерте көрінген сипаттамасының болуы - бұл функцияның тагы бір ерекшелігін құруға итермелейді, нақтырақ айтсақ, ерте қабылданган білімді өте икемді қолдану, оларды әртүрлі жагдайлар мен шарттарға байланысты шығармашылықты қолдану. Бұл ерекшелікті қиялдың ең негізгі қасиеттерінің бірі - бір заттан бірнеше функцияларды ойша бөліп алу және оны басқа затқа көшіру ептілігі қамтамасыз етуі мүмкін.
Қиялдың әртүрлі теориялық концепцияларының көмегімен қиялдың және шығармашылық қабілеттің қалыптасуының әртүрлі тәсілдерін көрсетуге болады. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу адамның жеке адам ретінде барлық жағынан тәрбиелеудің бірден-бір бөлінбес шарты. Әрине педагогикалық әсер өте ерте кезден басталса, оның мәні зор. Жеке бастық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталган жеке даралық тапсырмалар және ұжымдық ақыл-ой әрекетін ұйымдастыру, психологиялық және педагогикалық мерекелік кештер, шығармашылық ойындар ұйымдастыру едәуір нәтижелі болып есептелінеді.
Қиялды қалыптастыруда іс-әрекеттің көркемдік түрлері, әсіресе өнертапқыштық ерекшелік, біршаға салауатты болып есептелінеді. Кеңестік дәуірдің философы Э. В. Ильенков /7/ былай деп жазады: "өнер формасында адамзат қатынасы мен айнала қоршаган ортаға шығармашылық қажетті кезенді құратын ең құнды қабілет - шығармашылық қиял немесе фантазия дамиды".
Мынаны ерекше айтып кеткен жөн: Э. В. Ильенковтың /7/ айтуы бойынша мұндай жан-жақты қабілеттердің төменгі формада дамуы, балалардың алғашқы бейнелерінің қайнар көзінде шығармашылық қиялдың, интуицияның, фантазия жұмысының жоғары формадағы көркемдік көріпкелділіктің туындау құпиясы жасырынып жатуы ықтимал.
Педагогика және психологиядагы белгілі фактілер қиялдың дамуындағы қажеттілік адамға жалпы және объективті қажеттілік ретінде қабілеттер балалардың жалпы көркемдік көрінулеріне жөне соның ішінде көркемдік шығармашылыққа тырысушылықтарын едәуір толық түсіндіруге болатындығын көрсетеді.
1. 2 Әдебиеттік оқу пәнінде дамыта оқыту технологиясын қолдану
Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л. В. Занков (1901-1977) және Д. Б. Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов) . Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В . Зенков) . Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л. В. Занков) .
Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр. "Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л. Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны - жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д. Б. Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В. Ф. Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е. Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz