Отбасы мүшелерінің өзгеруі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Отбасы дағдарыстарының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу

Орындаған: 4 курс студенті
Мадиева Дина
Жетекші: Калымбетова Э.К.

АЛМАТЫ 2022ж

Отбасы дағдарыстарының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу

Мақсаты: отбасы дағдарыстары және олардың туындау түрлері мен дағдарыстар
барысындағы жас және психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.

Міндеттері:

1. Отбасылық дағдарыстар және олардың түрлері мен мазмұнын сипаттау.
2.Отбасы мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасына ықпал ету, өзара сыйластығы
мен бірін-бірін құрметтеу, баланың отбасындағы өмір сүру деңгейін жақсарту,
отбасы татулығын байыту

3. Отбасына және оның мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек беру.

КІРІСПЕ

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері
экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене
жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің
арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау
жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік –
психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген
отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне
психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен
кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір
әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне
үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен
қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие
екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан
жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының
тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде
меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін
айқындайды.

Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты
қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы
мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі,
балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік,
эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір
– бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ
өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден
өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші
баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте
береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп –
бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала
арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата
– ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта
қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі –
зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі
болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай
ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу
мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған
дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің
өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге
қатысы жоқтай сезінеді.

Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі
қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі — дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін
жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру
салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін
ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше Ұқсастық дағдарысына соқтыруы
мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда
болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы
жылда жыл бойына созылады.

Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық
дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар
үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды
немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады.
Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін
болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда
болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да
қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер
ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда
көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды.
Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің
сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен
байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған
жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата
– ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен
балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық
қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей
бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген
ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін
күшті төзімділік талап етіледі.

Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке
барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы
екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген
ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай
қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.

Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас
дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде
ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу
шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі
ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бір –
бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін
кәсіби іс — әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын
болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса,
онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын
сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын
деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде
болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей
бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.

Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген
10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі
дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық
кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала болашағының қамын
ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін
қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.

Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз — өзіне қол жұмсауға бару дәл осы
кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана қамқаорлығынан
бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен,
ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар
мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын
болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс,
экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің
кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден
кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға
кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген
отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын
алады.

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген
кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу
дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп
қарастырды:

1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );
2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол
апаты,зорлану т.б.)
3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы
қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру,
өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

• Отбасы дағдарыс жағдайы. 
• Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.
• Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы
• Отбасы мүшелерінің өзгеруі.
• Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі
• Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері.
        Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде
авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз
кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік
кезеңдеріне әсіресі балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды.
Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі
болып табылады.

• Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз
қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік –оралды
кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып
ішектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды.Бала бұл
жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық
ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас)
деп аталады, балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді.

• Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксон да өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа
да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір сүрген ортасынының мәдениеті мен
экономикалық деңгейіне байланысты. Әрбір келесі кезеңге сәйкес
дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым
себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған
болып табылады. 

Отбасылық психотерапия

Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған
және отбасы мүшелерінің айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою
мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады.
Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық
қайғырудың күрделілігіне, отбасындағы тұлғааралық қақтығыстың сипатына,
психотерапевтік өзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына
байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2
кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу болып
жалғасын табады. Отбасылық терапия төрт кезеңнен тұрады:
1. Отбасылық келеңсіздіктің себебін анықтау – диагностикалық кезең.
2. Отбасылық қақтығысты жою кезеңі.
3. Отбасылық қатынастарды сыйластық, татулық сезімде қайта құру кезеңі.
4. Отбасы мүшелеріне қолдау көрсету кезеңі.
Диагностикалық кезең. Отбасылық өмірдің диагнозы түсінігінде отбасы
мүшелерінің тұлғалық қасиетін анықтау, қатынастағы бұзылысты анықтау.
Отбасы қатынасына диагностика жүргізу үрдісіне психологпен бірге
психотерапев те қосыла отырып, диагностика нәтижелерін талдау, болжамды
ұсыну және тексеру жатады. Отбасылық диагностиканың өзіндік ерекшелігі – ол
барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапиялық техникалар іріктеліп
отырылады. Екінші ерекшелігі – отбасы мүшелерінің бірінен алынған
ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, отбасы мүшелерін бақылау және сұрау
барысындағы отбасы бала көзімен, отбасы психолог көзімен, шын мәнінде
қандай деген мәселелерді анықтау арқылы алынады.
Отбасындағы қақтығысты жою. Екінші кезеңде психолог отбасы мүшелерімен
бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен себебін
анықтайды. Отбасы мүшелері арасында тепе-тең қарым-қатынасты орнату
нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың теріс эмоционалдық күйлерін
төмендету және жоюға көмектесу. Психолог қақтығысқа қатысушылардың бәріне
бірдей түсінікті тілде сөйлеуге, жақсы сөздермен қарым-қатынас құруға
шақырады. 
Қайта құру кезеңі. Бұл кезең отбасы мүшелерінің қақтығысқа дейінгі
үйлесімді, түсіністік қарым-қатынастарын, мінез-құлықтарын қалыпқа
келтіруге көмектесу, өзара сыйластықтың денсаулыққа, әлеуметтік саулыққа
маңызын ашып көрсетіп, жақын адамдардың бір-біріне деген жылы,
сыйластықтарын ояту. 
Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты рөлдік
мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және
алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын
бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде
қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын әдістер:
1. Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2. Тыңдай білу қабілеті;
3. Сұрақтар қоя білу шеберлігін меңгерту;
4. Қешірімді, қайырымды болу;
5. Кооперация -ерлі-зайыптылардың бір-біріне көмек, бірін-бірі қолдау,
қарым-қатынас және мінез-құлықты ізгілендіру.
6. Ролдерде ойнау.
7. Жанды скульптура жасау.

Отбасына психологиялық кеңес беру

Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда
терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық
кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық
кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара
әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып
табылады. Отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді?
Біріншіден, отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды.
Екіншіден, жағдайды талдауға және отбасын рөлдік өзара әрекет тұрғысынан
қарауды негіз етеді. Үшіншіден, кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын
табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық
кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы,
рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен
тәсілдердің орны болып табылады. 
Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей
бірлікте қарастырылады:
1. Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы
мәселесін айтушы арасында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы
қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сөйлеу
құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары
жатады.
2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және
терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші
нақтылау сұрақтарын қояды, ол: Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?,
Сізге не керек?, Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?
3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім
шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында
жауапкершілік бөлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы, кеңес беруші
отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап
берсе, ал клиент өз белсенділігіне, өзінің рөлдік мінез-құлқын өзгерту
шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан
кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу
кезеңдері (алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте
кездесуді жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты, екі жақ келісімді
орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып өтеді. 
4. Шағымданушыдан мәселені нақтылау және отбасы мүшелерінің
әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға
болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді?
Сіз қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай
пайдаланып едіңіз?
5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз,
табысты аяқталатынына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз бала - келешек отбасының анасы
Отбасылық психотерапия
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
Отбасының психологиялық анықтамасы
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында
Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі
Тәрбиенің эгоцентрикалық стилі
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Әлеуметтік институттар түсінігі
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынастың қалыптасуын анықтау
Пәндер