Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі


ЖОСПАР
Кіріспе
І. Б. Күлеев шығармашылығының ұлттық негіздері
1. 1. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыт, ағымдар
1. 2. Б. Күлеевтің әдеби және қоғамдық қызметі
ІІ. Б. Күлеев және халық әдебиеті
2. 1. Б. Күлеев поэзиясындағы халық әдебиеті дәстүрлері
2. 2. Б. Күлеев поэзиясының мифтік арқауы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамдық өміріне өзіндік үлес қосқан ақын - Бернияз Күлеевтің өмірі мен шығармашылығы турасында әңгіме қозғар болсақ, ол 1899 жылы бұрынғы Ақтөбе губерниясы, Бөрте облысы деп аталатын аймақтың 5-ауылында дүниеге келген. Б. Күлеевтің өмірі мен шығармашылығы турасындағы негізгі деректерді М. Жұмабаевтың 1923 жылы «Тілші» газетінің 20 наурыздағы №28 санына жариялаған «Бернияз Күлеев» деген мақаласынан алуға болады. Бұл мақалаға қарағанда, Б. Күлеев бен М. Жұмабаев арасында тек шығармашылық, рухани байланыс қана емес, азаматтық, достық қатынастардың болғанын көруге болады. Мақала «29-январьда Қазанда жас ақынымыз Бернияз Күлеев өзін-өзі атып, дүниеден қайтты. Жиырма-ақ жаста екен» /1. 3/ деген сөйлемнен басталады. Бірақ Б. Күлеев 1923 жылы 24 жасында қайтыс болған. Бұл мақалада Мағжан Бернияздың қазақ қоғамдық өміріне қосқан елеулі үлестері - «Ұшқын» газетінің бір мүшесі болғандығы, Қазақстан елді ағарту комиссариаты қызметімен Орынборда, Қазанда қызмет істеуі, сол жақта жүріп, көміліп жатқан ұлттық құндылықтар - ақындар мұраларын жарыққа шығаруға мол үлес қосқандығы жайында айтады. Ғалым С. Жәмбековтің зерттеуінде Б. Күлеевтің өмірі турасында мынадай дерек келтірілінеді: «1920 жылы Қазақ АССР халық ағарту комиссариаты өзінің уәкілеттілігімен Бернияз Күлеевті Қазан қаласына көркем әдебиет шығармалары мен оқу құралдарын бастырып шығарушы өкіл ретінде жібереді. Ақын Қазан қаласында тұрып өзінің замандас ақындарымен қатар ауыз әдебиеті үлгілерін де жинап бастырып отырған. Сол жылдары Бернияздың тікелей басшылығымен Абай, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Сәкен шығармалар жинағының басылғанын атаған жөн. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэмалар жинағын алғаш 1922 жылы Б. Күлеев бастырып шығарған» /2. 13/. Бұдан біз Б. Күлеевтің халық ағарту саласы, соның ішінде ақын-жазушылар мұрасын жинап бастыруда мол еңбек еткенін көреміз.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ өлеңінің көгіне жарқ етіп көрініп, ерте сөнген талантты ақын Бернияз Күлеевтің лирикасы мифологиямен, ұлттық фольклормен, өмір, қоршаған орта туралы халықтық танымдармен тығыз ұштасып жататындығы оның өзіндік бір ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшелік XX ғасырдың басындағы қазақ лирикасының алтын қорына қосылатын қомақты үлес болып табылады. Лириканы ұлттық таныммен байланыстырып отыратын ерекшеліктер қазіргі әдебиетте көрініс беріп жатса, оның бастауын осыдан бір ғасырдай бұрын Бернияз ақын бастап кеткен. Б. Күлеевтің өлеңдеріндегі осындай ерекшелік, өмір, табиғат, махаббат, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі, ұлттық мінез қырлары арнайы зерттеуді қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бернияз Күлеевтің шығармаларын жинап құрастыруда ғалым Кәрібай Шәменов пен ақынның жиен қарындасы, ЖенПИ-дің оқытушысы Мәдина Бегімбетова көп еңбек сіңірген. Әсіресе Б. Күлеев мұрасын зерттеп-зерделеуде ғалым К. Шәменовтің үлесі өте зор. Ақынның өлеңдері «ХХ ғасырдың қазақ әдебиеті» (1983), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1985), «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1994) секілді хрестоматияларда, газет беттерінде («Егемен Қазақстан», «Ақтөбе») жарияланды.
Б. Күлеев турасындағы ең үлкен бір жаңалық - 2000 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша таңдамалы шығармалары, яғни оның жаңадан табылған, бұрын-соңды жарияланбаған өлеңдері қайта өңделіп, текстологиясы жасалған ең маңызды деген өлеңдері, аудармалары, поэмалары жарық көреді.
Ақын шығармашылығының зерттеліп-зерделенуіне келетін болсақ, алғаш рет Бернияз туралы азды-көпті мағлұмат тастаған Мағжан Жұмабаевты айтуымызға болады. Ал шығармашылығын зерттеуші ретінде К. Шәменовті, Ы. Дүйсенбаевты, Т. Кәкішевті, Б. Кенжебаевты, Ә. Дербісәлинді айтуымызға болады. Аты аталып отырған ғалымдар Б. Күлеевтің тек шығармашылығына ғана қатысты емес, сонымен бірге оның өміріне, қоғамдық-саяси ғұмырына қатысты көп деген ізденістер әкелді. Айта кетсек, ғалым Б. Кенжебаев және А. Еспембетовтер Қазан қаласындағы архив материалдарынан оның сол қалада қазақ жастарының басын біріктіруге бағытталған ұйым ашқандығы, сол кезде жүректе жалын атқан ынтық сезімдеріне, бірінсіз бірі тұра алмайтын ғашықтық күйлеріне тосқауыл болған З. Ахметова атты медицина саласы бойынша оқып жүрген татар қызымен танысқандығы туралы ақпарат береді. Ал оның әлі күнге дейін өлімінің неден болғанын шеше алмай келе жатқан біздің сауалымызға жергілікті ғалым-жазушы Ғалым Ахмедовтың 1999 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Бернияздың өлімі туралы» атты мақаласы жауап береді. Оның пікірінше, Бернияз Күлеев татардың дәулетті адамының қызы З. Ахметоваға ғашық болып, қыздың ата-анасы қазаққа қызын беруден бас тартқанына байланысты ақынның жалдап тұратын пәтерінде екі ғашық бір-бірін мылтықпен атып өлтіреді. Осы кезден бастап татар жерінде «Наган» деген мұңлы ән туып, оның әлі де ел арасында айтылатынын айта кетіп, шумақтарын мысал ретінде келтіріп кетеді. Ақын шығармашылығының негізгі зерттеу деректері осындай
Зерттеудің нысаны: XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Бернияз Күлеевтің өмірі мен шығармашылық жолын қазіргі әдебиеттану мінберінен бағалап зерттеу диссертациялық еңбектің негізгі нысаны болып табылады.
Зерттеудің дерек көздері: Зерттеу жұмысының негізгі дерек көзі деп М. Жұмабаевтың мақаласын (“Тілші” газеті, 20. 03. 1923. №28. ) /3/ XX ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары (Алматы, 1963) /4/, «Үш ғасыр жырлайды» . Жинақ (Алматы, 1963) /5/ “Айтшы, ақ қайың”өлеңдер жинағы. (Алматы:жазушы, 1985) /6/, Ғ. Ахмедовтың “Бернияздың өлімі туралы” (қазақ әдебиетінің газеті. 1999) /7/ мақаласын айтамыз. Сондай-ақ Қ. Шәменовтің, Ы. Дүйсенбаевтың, Т. Кәкішевтің, Б. Кенжебаевтың, Ә. Дербісәлиннің әр жылдары жарияланған жекелеген мақалалары ақын шығармашылығын әрқырынан танытар дереккөздер болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы ретінде зерттеу барысында қол жеткізген мынадай нәтижелерді атауға болады:
- Ақынның шығармашылық мұрасы магистрлік диссертация түрінде тұңғыш рет зерттелінді;
- Б. Күлеевтің поэзиясының эстетикалық қырлары мен танымдық сырлары жан-жақты талданады;
- Ақынның мифтік түсінік - танымдарды поэзияда қолдану шеберлігі сарапталады;
- Ақынның бұрын зерттелмеген қоғамдық, әлеуметтік еңбектері мен қоғамдық өмірге көзқарастары қазақ және шығыс ақындары шығармаларымен салыстырылады; .
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қазақ әдебиеті тарихына, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне байланысты жазылған жеке монографиялар мен ұжымдық зерттеу еңбектері құрайды.
Зерттеудің мақсат-міндеттері. Зерттеудің мақсаты лирик ақын Бернияз Күлеевтің шығармашылық жолы мен әдеби мұрасын зерттеу, жаңаша зерделеу, басқа ақындармен шығармашылық қатысын анықтау болып табылады. Осы мақсатта Б. Күлеевтің лирикаларын жан-жақты қарастыра келіп, оның шығармашылық лабораториясын жете зерттеу үшін басқа ақындардың өлеңдерімен салыстыра зерттеу, сол заманғы әлеумет өмірімен, қоғам тіршілігімен, адамдардың дүние танымымен байланысты қарау міндеттері күн тәртібіне қойылады. Б. Күлеевтің лирикаларының мифпен, табиғатпен байланысы, ақынға әсер еткен өз ұлтының танымдары мен әдебиеті, сондай-ақ оның шығыс әдебиетіне қатысын зерттеу де басты міндеттердің бірі болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Б. Күлеев лирикаларында халық әдебиеті дәстүрлерінің орын алу себептері;
- Б. Күлеев шығармашылығында эпостық сюжеттердің, ғұрыптық фольклор үлгілерінің, мифтік наным-сенімдердің қолданысы;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеудің теориялық тұжырымдарын қазақ поэзиясы туралы жүргізілетін ғылыми жұмыстарға пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу еңбекті орындауда талдау, тарихи салыстырмалы, кешенді, объективті-аналитикалық талдаулар мен жүйелеу әдістері қолданылды.
I Бөлім. Б. Күлеев шығармашылығының ұлттық негіздері
- XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыт, ағымдар.
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі 1900-1940 жылдар аралығындағы мерзімді қамтиды. Бұл кезең жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып табылады. Мұның басты үш себебі бар. Біріншіден, жазба әдебиетінің мейлінше өркен жайған дәуірі, екіншіден, әдеби ағымдар мен бағыттардын кезеңі, үшіншіден, әдеби жанрлардың әр саласында әдеби - көркемдік ізденістердің белең алған тұсы. Сондықтан да осы 1900-1940 жылдар аралығындағы әдеби - көркем шығармалар мен көрнекті ақын - жазушылардың шығармаларын жан-жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануғы, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындауға, бұрынғы - кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады. 1900-1940 жылдар әдебиетән шартты түрде іштей екі кезеңге бөлуге болады: 1900-1920 жылдар Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920-1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі.
Сентиментализм әуелі Англиядан - ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» басталды да, кейін Франция (Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Шиллер), Ресейге (Карамзин, жас Жуковский ауысты) .
Орыс әдебиетінде сентиментализмнің ең көрнекті өкілі Н. М. Карамзин болды. Карамзиннің «Бейшара Лиза» атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипат - өзгешеліктерін айқын көруге болады. Жазушы өз еңбегімен күнелткен кедей қызын жан ашырлық сезіммен суреттеп, оның жан дүниесінің нәзіктілігін, тереңдігін бейнелейді. /8. 297-298/
XX ғасыр басындағы қазақ қаламгерлері бұл әдіске айрықша назар аударған. Осы дәуір әдебиеті туралы жиырмасыншы жылдары жазылған ойларында М. Әуезов қазақ әдебиеті дәстүрлі жолын өзгертетін жаңалықтың бірі ретінде сезімшілдікті яғни сентиментализм ағымын атайды. «Бұл жылдардың жаңалығы - әдебиеттің беті өзгермесе де, түрі көбейе бастады. Аз уақыт шығып тұрсада ғылыми, әдеби журнал болып «Абай» журналы азын-аулақ түр шығарады. Өзгерістің алғашқы жылдарындағы әдебиет қалпы осы болды. Жазба әдебиеттің Абайдан бергі дәуірін алғанда, жолын өзгертетін жаңалық соңғы жылдарда туып келеді. Қазақ әдебиетінің бұл күнге шейін жүріп келген жолына қарағанда жаңа дәуірі, жаңа үлгінің туатын кезі жеткендей. Жазба әдебиеттің жаңадан түбір тауып, ауданын кеңейтіп келесі өрнекті дәуірге қарай аяқ басуы осы белгілерден басталса керек. Қазақ әдебиетінің бұл дәуірі буыны бекіп, қатарға кірерлік әдебиет болғандығын көрсететін сезімшілдік, сыршылдық-романтизм дәуірі болады. » /9. 232-233/
Қазақ әдебиетіндегі сентиментализм туралы ойларын Мағжан туралы баяндамасында және «Әдебиет мәселесі» аталатын мақаласында т. б. Ж. Аймауытов та айтады. Жиырмасыншы жылдарда қазақ әдебиетіндегі сентиментализм бағыты туралы әдеби сынды оны жақтаушылар да, мүлде жоққа шығарушылар да болған.
«Қазақ әдебиеті қазіргі күйректік (сентиментализм), санашылдық (идеализим) Қазақ әдебиеті сынының тарихында әлі еленбей келе жатқан сыншылардың бірі - Жәкен Сәрсенбіұлы. Жәкен шын сыншы екенін «Ақжолдың» 558, 561 - сандарында жарияланған теориялық мақаласында тұр-ау деуге болады. Мұның ішінде реализмді заманға үлесі бар десек те, анық танытты. Сарындамалық (романтизм), нағыздық (риализм) көп изімнен құралған қазақтың салт -санасы, тұрмысы мен әзірге қайшы келуі анық. Соның үшін романтизм мен сентиментализмді әдебиетте қолданбай отыруға әзірше мүмкін емес. Сентиментализм онша ұзаққа созылуы екіталай. Бірақ қазақтың қазіргі тұрымысында романтизмкөпке шейін әдебиетке кіреді. Түбінде реализм романтизмді жеңуі мүмкін. Оған әлі күн ілігері, түрлі жағдай керек. Сол себепті қазіргі әдебиетте көбірек романтизм қуаттырақ шығуы мүмкін» (№561) деген пікірі ойымызыд нақтылай түссе, екінші жағынан, проблема ішіне кіріп, романтизм әдісінің әзірге жетекші роль атқару мүмкіндігін өз түсінігімен дәлелдеуге тырысуы, түбінде реализмнің қуаттырақ шығатынына, негізгі бағытқа айналатындығына шүбә келтірмейтінін білдіреді.
«Қазақ әдебиеті қазір сиырдың бүйрегіндегі құранды: күйректік (сентиментализм), санашылдық (идеализм) ), сарындамалық (романтизм) нағыздық (реализм) - бәрі бар. Реализм заманға қабысқанымен, күншығыс қанды қазақ табиғаты, жалпы тұрмысы жеке реализмді көтермейді. Ал романтизм мен ментиментализмнен қол үзуге болмайды» деп қисындауы онша келісе қоймайды. /10. 238-241/
Сентиментализмнің басты тұлғасы табиғи адам болды. Жазушы сентименталистердің пікірінше, адам туылғаннан табиғи сезімталдыққа ие. Сезімталдық деңгей адамның дәрежесін және басқа да іс-әрекетінің маңызын айқындайды. Адам тіршілігіндегі бақытқа жетудің негізгі мақсаты екі жағдаймен байланысты. Яғни, адамның табиғи дамуының бастауы мен қоршаған табиғи ортамен байланысуы арқылы ішкі жан-дүниесінің үндестігін табу болды. Ал, өркениет бұл үндестікке қарама-қарсы жағдай туғызды. Адамның табиғилығына кері әсер етті. Адам қаншалықты әлеуметтік ортамен байланысса, ол сонша бөлектене түсті. Міне, осыдан сентименталистердің негізгі идеясы көрінді. Сентименталистер прогресстің жаңашылдығын қабылдамай, қоғамдық дамудың жағдайы пессимистік тұрғыдан қарады. Олар үшін «тарих», «мемлекет», «қоғам», «білім» атты ұғымдар қайшылықты мағына берді.
Классицистерге қарағанда сентименталистер тарихи өткеніне қарамай, күнделікті туындайтын әсерлерден нәр алды. Сентименталистік әдебиеттің басты қаһарманы қарапайым адам болды. Яғни бұл адам үшінші деңгейден, тіпті өте төменгі таптан болса да өзінің ішкі жан дүниесінің байлығымен кімнен болса да жоғары тұрады. Осыдан келіп таптық және басқа да әр түрлі демократиялық негіздер анықталды. Сентименталистердің адамның ішкі әлеміне үңілуі арқылы адам бойындағы қарама-қайшылықтарды да қамтуы байқалды. Олар персонаждың мінезінде біржақтылыққа бой бермеді. Сентименталистік қаһарман бойында қайырымды істермен бірге жат әрекеттер, адамдылықпен бірге төмен іс-әрекеттер қатар жүріп, бір жақты бағалануға келмеді. Өйткені адамның бойында табиғатынан жақсылығы мен жамандығы қатар көрініп, түбінде табиғилығы көрінетіндігі ескерілді. Өзіндік жетілуге мән бере отырып, сентименталистердің прогресске деген пессимистік көзқарасы барлығында да сақтала берді.
Шығармалары табиғатына орай ағартушы, ақын жазушылар бұрын ескішіл, феодалшыл, діншіл, кітаби ақындар деп бағаланып, аталып келді. Бұл мүлде әбес.
- Әлгі айтқан, бұлар өз кезінде өздерінің алдындағыларға, өз замандастарына қарағанда озық, ілгерішіл, жаңашыл болды. Жаңаны (жаңа идеяны) ағатушылық идеясын жақтады.
Белгілі бір кезеңде өмір сүрген ақын, жазушы, қайраткерлерді бүгінгі күннің талаптарымен салыстырып, олар пәленді істемеді деп бағаламай, олар өз замандарында өздерінен бұрынғыларға қарағанда нендей жаңалық жасады, соған қарай бағаланатын тарихи заңдылықты әсте естен шығаруға болмайды.
ә) «Кітаби» деген атау ертеде христиан діндарлары арасында діни кітап «Інжіл» ережелерін бұлжытпай орындауды жақтаған, уағыздаған, адамдар жөнінде қолданылған. Оны біздің XX ғасыр басындағы ақындарымыз жөнінде қолдану мүлде орынсыз.
Кітаби ақын жазушы деген атау біздің ғалымдарымыз бұл топқа жатқызып жүрген ақын жазушылардың не идеялық көзқарастарын, не көркем әдебиеттік бағыт әдісін аңғартпайды, кәсібін, кітап бастырып шығарумен айналысқанын ғана аңғартады.
Ал кітап бастырып шығарған ақын жазушылардың имперализм жағдайында, күрес көтеріліс, аласапыран төңкеріс дәуірінде, яғни буржуазиялық идеология мен пролетарлық идеология саралнағн, шайқасқа түскен заманда әр түрлі саяси идеялық көзқарастарда,, әр түрлі көркем әдебиеттік бағытта болуы ықтимал. Түрлі саяси жолайрықта әрқилы бағыт бағдар ұстауы әркімнің өз ісі, кім-кімнің де дүниетанымынан туар тарихи қалауы, тарихи заңдылық.
Екінші топ ақын жазушылар әлеумет қайраткерлері ретінде әдебиет майданына 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық демократтық, асылында, халықтық көтеріліс, төңкеріс елімізде сонан кейінгі болған саяси әлеуметтік жағдайдың нәтижесінде шықты.
Сонымен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ұлы дәуірдің: Ілгерілеулер, күрес, көтерілістер, сұрапыл соғыстар, қиян кескі төңкерістер дәуірінің әдебиеті. Күрделі, көп қырлы әдебиет. Оны, қазақ ақын жазушыларын саяси, әдеби бағыттарына қарай мынадай топтарға бөлген жөн: 1) ағартушы ақын жазушылар, 2) ағартушы - демократ ақын - жазушылар, 3) демократтық-төңкерісшіл халық жырлары.
Қазақтың XX ғасыр басындағы азды-көпті өлең жазып, кітап бастырып, халық арасында атағы шыққан, шығармаларында ағартушылық бағыт, көзқарас ұстаған ақын жазушылар: Ақмола Мұхамедияров, ӘбубәкірКердері, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді Жәңгіров, Жаяу Мұса Байжанов, Мұсабек Байзақов тағы басқалары.
Кітап шығарып, газет, журналдарға өлең, жыр, әңгіме, мақала жазып көбірек көрінген, жалпы алғанда ағартушы-демократтық бағытта болған ақын-жазушыларға: Мұхаметжан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әріп Тәңірбергенов, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Бернияз Күлеев, Бекет Өтетілеуов, Әкірам Ғалымов тағы басқалар жатады. /11. 198-200/. Осы үш бағыттағы ағымға қоса сал серілерінің сөз өнерімен байланыстылығын танытатын бір топ ақындар шығармаларын алып қарағанда, көрінетін әдебиеттегі сентиментализмнің дамуына үлес қосқан қазақ ақындарының бір топ шығармаларын айту ләзім.
Алайда Бернияз Күлеевтің шығармашылығының бәрі бірдей сентименталистік күйде емес, оның елдің болашағын көксеп реалистік бағытта жазылған лирикалары да жетерлік. Мәселен, халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып, оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылуын көксеп:
. . . Өнер білім бізге де қонар ма,
Жемісіне ішім-сыртым толар ма?, - деп жырлауы осыны аңғартады.
Одан әрі Бернияз өзінің «Бостандық күнінде» атты өлеңінде:
Жарық күн туды,
Жер жүзін жуды,
Көктен нұрлар төгіліп.
Ежелгі, ескі
Ортадан кетті
Етек-жеңі сөгіліп.
Міне, хақтың бергені -
Көздің жасын көргені.
Бостандық күні
Шығатын үні
Қалғандарың келіп тұр.
Бұлт бетін ашқан,
Көктен нұр шашқан
Күнді көзім көріп тұр.
Жүрек жұлқып шарқ ұрып,
Шыдатпайды талпынып.
Қосылып жұртпен,
Үлгілі ұлтпен,
Біз де алға басалық, /13. 226/ - деп қазақ даласында бостандық таңы атқандығын жырлайды. Бұл өлең бұрынғы сентименталдық сезімдерден ада, шын мәніндегі реалистік туынды десе де болады. Ақынның бұлайша жыр толғауға себеп болып тұрған нәрсе сол кезеңдегі Ресейден басталып, қазақ даласын шарпыған революциялық толқулар еді, патшалық биліктің ығысып, бостандық таңының атуының белгісі еді.
Ақын өмір сүрген дәуір ел өмірінде аса маңызды оқиғалар орын алған күрделі дәуір болатын. Бұл дәуірде әсіресе қаламгерлер, қазақтың озық ойлы зиялы жұртшылығы қарап қалмады, заманға үн қосып отырды, солардың қасында Бернияз Күлеевте болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz