МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«КЕЛІСІЛДІ»
« »
кафедрасының меңгерушісі
.
/қолы/ /Аты-жөні, тегі. /
«» 20__ж.
БЕКІТЕМІН
ЖООКБББ бастығы
__ С. Б. Байжанова __
/қолы/ /Аты-жөні, тегі. /
«»20__ж.
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Тараз 20__ж.
МАЗМҰНЫ
- Университет тарихы және даму стратегиясы
2. 2 «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының
тарихы және даму стратегиясы
- кафедрасының тарихы және даму стратегиясы
- Педагогикалық практика мазмұны
- Магистрант - практиканттардың міндеті
- Оқыту әдістері мен тәсілдері
- Дәріс сабағын ұйымдастыру
- Тәжірибелік сабақты ұйымдастыру
- Тәрбие сағатын ұйымдастыру
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
1. 02. 2021
10. 00-11. 15
ZOOM
Мұғалім
Пәні:
Дәріс тақырыбы:
Тобы:
Пәні:
Дәріс тақырыбы: «»
Тобы:
3. 02. 2021
11. 30-12. 45
ZOOM
Пәні:
Дәріс
тақырыбы:
Тобы:
9. 02. 2021
14. 30-15. 45
ZOOM
Пәні:
Дәріс тақырыбы:
Тобы:
12. 02. 2021
13. 00-14. 15
ZOOM
Пәні:
Дәріс тақырыбы
Тобы:
17. 02. 2021
10. 00-11. 15
ZOOM
Пәні
Дәріс тақырыбы:
Тобы:
15. 03. 2021
10. 00-11. 15
ZOOM
Пәні:
Дәріс тақырыбы:
Тобы:
01. 03. 2021
10. 00-11. 15
ZOOM
М. О.
Оқу орнының жетекшісі
/қолы/ /Ф. А. Ә. /
М. О.
ЖООКББ деканы
/қолы/ /Ф. А. Ә. /
М. О.
Кафедра меңгерушісі
/қолы/ /Ф. А. Ә. /
КІРІСПЕ
Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы - философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия - педагогикаға танымның жалпы бағыт - бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс - тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады. Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу - тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу - тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы) ; 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу - тəрбие іс - əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу - тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т. б.
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі - жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті ; екіншісі - іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория . Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі - жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті ; екіншісі - іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория . Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Қазіргі педагогика 3 түрлі саладан тұрады: педагогика тарихы; педагогика (мектептке дейінгі, орта мектеп, кәсіби мамандандырылған білім, жоғары мектеп, кәсіптік әскери, салыстырмалы, т. б. ) және білім әдісі.
Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасы - тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру - озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс - əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп - төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс - əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) - педагогикалық іс - əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;
- жаңалау - тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік) жəне реттеу - түзетулер енгізу (коррекциялық) - ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу - тəрбие ісіне болған əсер - ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс - əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу - түзетулерді іске асыру.
- М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ
1. 1 Практиканың мақсаты мен міндеттері
Магистратурадағы педагогикалық практиканың негізгі мақсаты - адамгершілік мәдениеті жоғары педагог - зерттеушінің тұлғасын, жоғарғы мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың қазіргі технологияларын жақсы меңгерген тұлғаны және оның білім саласындағы инновациялық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру болып табылады.
Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға теориялық негіз болады.
Педагогикалық практика кезінде студенттерді психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға жəне олармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйренеді. Магистрант - педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп іс- тəжірибесінде алғаш қолданады, оны іс-жүзіне асырады.
Педагогикалық практиканың міндеттері:
Оқытудың тəрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны өмірмен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыру, оқушының жүйелі түрде ой еңбегі мен мінезін тəрбиелейді. Студенттердің сабаққа деген белсенділігін арттыруда, берілетін мазмұны мен оны ұйымдастырудың əдіс-тəсілдерін жəне құралдарын (оқулық, кітаппен жұмыс істей білу дағдыны, диафильм, компьютер, эпидоскоп жəне т. б. ) пайдалана білу шешуші рөл атқарады. Бұл орайда практикант-магистрант жеке тұлға дамуының мынадай негізгі белгілерін (дербестігін, шығармашылық іс-əрекетін, диалектикалық ойлау жəне т. б. ) байқап, оқушылармен жеке-дара жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен, сайып келгенде оқытудың негізгі үш функциясын:
1) Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру) ;
2) Тəрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру) ;
3) Дамытушылық (тұлғаның таным қасиеттерін арттыру) . Педагогикалық практика кезінде студенттер өз мамандығы бойынша пəн мұғалімі жəне бір сыныптың сынып жетекшісі міндетін басшылыққа алып жұмыс істейді. Педагогикалық практиканың ерекшелігі жоғары оқу орнында алған теориялық білім негіздерінің мектеп тəжірибесінде жүзеге асуы, мағынасының тереңдеуі жəне магистранттың өз бетінше жұмыс істеуінің жоғарылауы.
- қазіргі педагогқа тән жаңа талаптарды меңгеру;
- ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғам қайраткері ретінде ЖОО оқытушыларының сан қырлы жұмыстарымен танысу;
- болашақ ЖОО оқытушыларының кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру (рухани-адамгершілік құндылықтар, педагогикалық ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас мәдениеті, әдеп және т. б. ) ;
- педагогикалық шеберлік және педагогикалық шығармышылық жағдайы ретіндегі кәсіби зерттеу мәдениетін дамыту;
- кәсіби педагогикалық ептіліктерін дамыту;
- ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру.
М. Х. Дулати атындағы ТарӨУ магистранттарын дайындау төменгі негізде іске асырылады:
- 2002 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен;
- Қ. Р. МЖБС - 2012 Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру;
- Қ. Р. БҒМ 2011 жылғы «Кредиттік технология негізінде магистратурада білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулары.
- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС - ТӘЖІРИБЕ ӨТІЛЕТІН ОРЫНҒА СИПАТТАМА
2. 1 Университет тарихы және даму стратегиясы
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті - еліміздегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі.
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор м. а., экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы.
Тараз өңірлік университеті заманауи отандық және халықаралық талаптарға сәйкес жан-жақты, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.
Тараз өңірлік университеті 60 мамандық бойынша бакалавриат, 39 мамандық бойынша магистратура және 3 мамандық бойынша pһd-докторантура мамандарын дайындайды. Жоғары оқу орны мамандық дайындаудың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының иегері болып табылады. Тараз мемлекеттік университетінде бүгінгі таңда 15 мыңға жуық студенттер білім алады.
Тараз өңірлік университетінің басты ерекшеліктерінің бірі профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық деңгейінің жоғарылығында. Бүгінде Тараз өңірлік университетінде 610 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 40 ғылым докторы, профессорлар, 257 ғылым кандидаты, 262 магистр, 19 phd докторы қызмет етеді.
Университет 2012-2013 жылдары ұлттық рейтинг бойынша да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. 2013 жылы университет мамандықтардың барлық түрлері бойынша мемлекеттік аттестациядан табысты өтті.
Соңғы 5 жылда университет аймақ пен республикағақажетті 13000-нан астаммамандайындады. Бітірушілердіңсапасы мен . 2008-2012 86%-дан жоғарыболды.
. Ғылымарқылыбілім беру - .
Университетте зерттеу жұмыстары қолданбалы және фунтаментальды зерттеулердің 14 ғылыми бағыттары бойынша жүргізіледі.
Тараз өңірлік университетінде ғылыми зерттеу шеңберінде халықаралық қауымдастық мәселесіне аса көңіл бөлінген. Тараз мемлекеттік университетінің алыс және жақын шет елдердің ғылым-білім орталықтарымен байланыстары ұлғайып келеді. Тараз өңірлік университетінде алғаш рет Польшаның Люблян политехникалық университетімен бірлесіп қосдипломды білім беру жүйесі ендірілді.
Тараз өңірлік университеті білім беру үрдісі және ғылыми зерттеулермен қатар аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады. Әр түрлі категориядағы жастар саясатының мәселелерін зерттеумен айналысатын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүйелі жұмыс істейді.
Тараз өңірлік университетінің ғылыми-әдістемелік, мәдени-ақпараттық, материалдық-техникалық және кадрлық-педагогикалық әлеуеті мен қорлары университет 2020 жылға қарай, Жамбыл өңіріндегі заманауи білім беру ғылыми-ақпараттық, мәдени және ғылыми-зияткерлік орталыққа айналады деген тұжырым жасауға толық мүмкіндік береді.
2010 жылдың наурыз айында Болон үдерісіне қатысушы елдердің білім беру Министрлерінің ІІ Болон Форумында (Венгрияның Будапешт және Австрияның Вена қалаларында) Қазақстан Болон декларациясына қосылып, Болон процесінің 47-ші мүше мемлекеті болды.
Болон декларациясының негізгі мақсаттары: европалық ЖОО білім беру жүйесінің айқындылығы және диплом мен ғылым дәрежесінің теңгерілуі, ЖОО жүйесінде көп деңгейлі білімнің нақтылануы, білім сапасын бағалаудың бірізділігі және студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын арттыру болып табылады.
Экономикадағы білімнің қарқынды өсуі, ақпараттық-технологиядағы, еңбек нарығындағы ауқымды өзгерістер, сонымен бірге әлеуметтік-саяси жағдай мамандар алдына жаңа талаптар қояды. Ал маман моделінің келбеті - қай салада даярланғандығы мен оның ерекше сапалылығына байланысты. Модель білім мазмұнын құруға негіз болады және оны оқу үдерісінде жүзеге асырады. Еңбек нарығының еркіндігінен бәсекелестік ортада отандық мамандар сыртта болса, шетелдік мамандар біздің елде еңбек етуде. Бұл жағдай екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, шетелдік жұмысшы күшінің жыл сайын ұлғаюы. Екіншіден, көптеген Қазақстан азаматтары шетел университеттерінде жоғары білім алып, елге оралады. Бұл жағдай мамандарды даярлайтын отандық жүйеге шетелдік ЖОО арасында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жоғары талап қояды.
Сондықтан отандық ЖОО-ның институционалды аккредиттеу мен білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттеуден өту үрдісін іске қосу қажет. ЖОО-ң республикалық және халықаралық деңгейдегі имиджі мен жан-жақты танылуы өте маңызды. Осыған байланысты ЖОО отандық және әлемдік рейтингтерге жүйелі түрде қатысуы қажет.
Қазақстанның экономикалық даму жолдарын М. Х. Дулати атындағы ТарӨУ, сияқты ірі ғылыми - оқу орталықтарынсыз елестетумүмкін емес. Бұл университет 1988 жылы үш ірі жоғарғы оқу орындарының негізінде құрылған:
М. Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті (ТарӨУ), Жамбыл гидромелиоративтік құрылыстық институты (ЖГМСИ), Жамбылдық жеңіл және тамақ өнеркәсіп технологиялық институты (ЖТИЛП) .
Біздің жоғарғы оқу орнының тарихы дәстүрлерімен, дарынды адамдарымен және қызықты оқиғаларымен бай. Жоғарғы оқу орнының алдында қойылған тапсырмалардың ең маңызды шарттарының бірі маманды - оқытушылық құрамының ғылыми педагогикалық дайындығының жоғарғы ішінде 50 ғылым докторы, профессорлар және 400 астам ғылым кандидаты, доценттер немесе жалпы оқытушылардың шамамен 50% құрайды.
2004 жылы Тараз Өңірлік Университет Педагогикалық институттан бөлініп шықты. ТарӨУде ғылыми - зерттеу және оқу зертханалары, кабинеттері қазіргі заманғы құрал - жабдықтармен, компьютерлік техникалармен жабдықталған.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты қазіргі әлемде университеттердің миссиясы мен құрылымдары өзгеруде. Жалпы қоғамда және білім беру жүйесінде университет көшбасшыға айналады. Халықаралық ортада, отанында, өз аймағында ЖОО өз миссиясын айқын білу қажет. Халықаралық білім беру жүйесінің қазігі қарқынды дамуына байланысты стратегиялық мақсат, міндеттер, негізгі индикаторлармен көрсеткіштер арқылы М. Х. Дулати атындағы ТарӨУ-дің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы жасалды, 2010 жылы 30 қыркүйекте университеттің Ғылыми кеңесінде бағдарламалық құжат қаралып, бекітілген.
2011 жылдан 2013 жылға дейін университет қызметінің нәтижелері Даму стратегиясында қабылданып, оның мүмкіндіктері қаралды.
Стратегиялық құжаттың алғашқы басылымын қабылдағаннан бері елімізде экономика және білім саласында көптеген өзгерістер болды. Айқын жаңа мақсаттар мен белгілі жаңа бағыттанудың дамуы ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол -болашаққа бастар жол» жолдауында қазақстандық қоғамның дамуы айқын көрсетілген. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам » бағдарламалық еңбегі, ҚР «Ғылым туралы» заңында, агроөндірістегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес 2020» кешенді саланы дамыту бағдарламасы және басқа директивті құжаттарда көрсетіледі.
Жаңа жағдайға байланысты және біздің университеттің мемлекеттік аттестациядан өту нәтижесіне байланысты, сонымен бірге ұжымның 3 жылдық іс-тәжірибесінен даму стратегиясында ұсынған құжаттарды айқындаудың қажеттілігі туындайды. Бұл жұмысты іске асыру мақсатында ректор М. Н. Сарыбековтің 20. 05. 2013 ж. №198 бұйрығына сәйкес, университетте басшылығымен 14 адамнан құралған редакциялық ұжым құрылды. Университеттің даму стратегиясының алғашқы нұсқасын жасауда, жаңартуда және толықтыруда редакция ұжымы мүшелері, құрылым басшылары көп еңбек етті. Жаңартылған нұсқада университет миссиясы өзгертілмеді. Университеттің даму стратегиясының екінші нұсқасы оның басты ерекшелігі болып саналатын, бұрын қабылданған стратегиялық бағыттың қызметіне «Білім беру үдерісін кешенді ақпараттандыру» сияқты қосымша қажетті бағытпен толықтырылды. Даму стратегиясының барлық бөлімдері қайта өңделіп, университетте көптілді білім беру жүйесінің сапалылығы, саяси имиджге сәйкестігі дуальді білім беру элементтерінің болуы халықаралық рейтингіге қатысу, білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредитациядан өтудің және т. б сандық және сапалық көрсеткіштері қалыптасты.
Даму стратегиясының екінші басылымында бірнеше нақты сандық көрсеткіштердің ара жігі университеттің қаржылық мүмкіндіктері арқылы жойылған. Редакциялық ұжым мүшелері мен құрылымдық бөлім басшылары толықтай іс-шаралар, сапалық көрсеткіштер бойынша бірнеше нақты ұсыныстармен ескертпелер енгізді. Даму стратегиясын орындау барысында бірнеше сандық көрсеткіштер мониторинг есебінен нақтыланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz