Беттік активті заттардың классификациясы


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Беттік активті заттардың классификациясы
2. 2. Фармацияда беттік активті заттарды қолдану.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Беттік белсенді заттардың дүниежүзілік өндірісі үнемі өсіп келеді және жалпы шығарудағы иондық емес және катиондық заттардың үлесі үнемі өсіп отырады. Мақсатына және химиялық құрамына байланысты беттік белсенді заттар қатты заттар (бөліктер, түйіршіктер, ұнтақтар), сұйық және жартылай сұйық заттар (пасталар, гельдер) түрінде шығарылады. Табиғи жағдайда оңай биологиялық тұрғыдан ыдырайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, сызықты молекулалық құрылымы бар беттік-белсенді заттар өндірісіне көбірек көңіл бөлінуде.
Беттік белсенді заттар - өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада және күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. Беттік белсенді заттарды тұтынудың маңызды бағыттары: фармацевтикалық технология, сабындар мен жуғыш заттар, бояулар мен лактар өндірісі. Беттік белсенді заттар химиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық, тамақ өнеркәсібінің көптеген технологиялық процестерінде қолданылады.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Беттік активті заттардың классификациясы
Беттік активті заттар (БАЗ) - еріген кезде фазалардың бөліну шекарасындағы беттік керілуді төмендете алатын қабілеті бар заттарды айтады. БАЗ-ға молекула құрылысы симметриялы емес, полярлы және полярлы емес топтары бар органикалық қосылыстар жатады.
Беттік активті заттар -OH, -COOH, - N -CHO - функционалды топтарының полярлы қасиеттері болады. Бұл топтардың бәрі гидратацияға ұшырайды және гидрофильді болып табылады. БАЗ-молекуласының полярля емес бөлігін гидрофобты көмірсутектер тізбегі немесе радикалдар түзеді.
Беттік активті заттар - фаза (орта) бөлімінің бетінде оның бос энергиясын (беттік керілуді) төмендетіп, жинақталуға қабілетті заттар.
Беттік активті заттардың қолданылуы:
- Ауыл шаруашылығында (зиянкестерге қарсы)
- Жуғыш заттар, көбіктендіргіш ретінде
- Эмульсия, көбік, суспензияларды тұрақтандырғыш ретінде
- Мұнай алуда
- Полимерлік материалдарды өндіруде
- Тамақ өнімдерінің құрамына кіреді
- Парфюмерлік өнеркәсібте
- Медициналық өндірітерде
БАЗ-дың заманауи, ғылыми классификациясы:
- Анионактивті
- Катионактивті
- Бейионогенді
- Амфолитті
Анионактивті БАЗ
Гидрофобды көмірсутекті бөлігімен байланысқан теріс ионға және қарсы ион - катионға диссоцияланады.
Анионды БАЗ-дар өздерінің жақсы жуғыштық қасиетіне, техникалық көрсеткіштеріне және арзандығына байланысты СЖЗ кеңінен қолд. СЖЗ өндірісінде натрийдің , алкилсульфонаттары, алкилсульфаттары қолданылады. АБАЗ-дарды алудың негізгі тәсілдеріне майлы спирттерді сульфаттау; алкилбензолдарды, олефиндерді және т. б. Көмірсутектерді күкірт қышқылымен, олеуммен ( әртүрлі мөлшерде) сульфирлеп, сілті ерітінділерімен бейтараптау жатады.
Құрылысы бойынша 3 топқа бөлінеді:
- Жоғары май қышқылдары (карбон қышқылдары) және олардың тұздары RCOONa;
- алкилсульфаттар а) R-CH2-OSO3Na
- Басқа гидрофильді топтары бар бар БАЗ - фосфаттар, фосфонаттар, тиосульфаттар, сульфамидтер және т. б.
Катионды заттар
Суда оң зарядталған гидрофобты бөлшек және теріс қарсы ион түзеді. Олар негізгі 3 топқа бөлінеді:
1) аминдер
2) Төртіншілік аммоний тұздары (ТАТ)
3) Басқа азотты негіздер - изониазиндер, гидрозиндер, гетероциклды (пиридинді) негіздер.
Олар негізінде бактерицидті әсер көрсетеді, жуғыш қасиеті төмен, сондықтан олардың қолданыс аясы - медицина, текстиль өндірісі, флотация, коррозия ингибиторлары. Ең маңызды дезинфекциялаушы және дерматологиялық заттар болып жалпы формуласы төмендегідей ТАТ саналады

Бұл жерде R - С 8 - С 18
Мысалы ЦТАБ
(цетилтриметиламмоний бромиді)
Шет елдерде - цефизол, оникс, рокколь, цетримид, церигель тауарлық аттарымен шығарылады. Олар хирургияда стерилизациялау, дезинфекциялау үшін қолданылады. 1:3500 - 1:95000 сұйылту жағдайында стрептококк және басқа бактерияларға қарсы бактерицидтік әсер көрсетеді.
Бейионогенді БАЗ
Бейионогенді БАЗ суда диссоциацияланбайды. Олардың ерігіштігін эфирлік және ОН-топтарының болуы қамтамасыз етеді. Көбінесе полиэтиленгликоль қалдықтары. Олардың ерігіштігі сутектік байланыстар пайда болуымен түсіндіріледі (Неволин) :
Жылжымалы сутегісі бар қосылыстар - қышқылдар, спирттер, фенолдар, нафтолдар, амидтер, аминдер және т. б. этиленоксидпен бейионогенді БАЗ түзеді:
ROH + nCH 2 CH 2 O → RO (C 2 H 4 O) n H
1 : 2
RCONH 2 + nCH 2 CH 2 O → RCONH(C 2 H 4 O) n H
1 : 2
Амфолитті БАЗ
Негіздік және қышқылдық топтары бар, сол себептен катионды және анионды активтілікті көрсетеді.
Мысалы: [С 12 H 25 NHC 2 H 4 NHC 2 H 4 NH 2 CH 2 COOH] + Cl -
ДАГ-Додецилди(аминоэтил) глицингидрохлориді
Фармацияда беттік активті заттарды қолдану.
Беттік активті зат т ар эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, еріткіштер ретінде сұйық және жұмсақ дәрілік формаларды өндіруде маңызды орын алды.
Оларды медициналық мақсатта пайдалану үшін бірқатар талаптарды қояды:
- Биологиялық зиянсыз, уытты емес болуы керек;
- Аллергиялық реакциялар туғызбауы керек;
- Дәрілік формаға қажетті қасиеттерді беруі керек;
- Қажетті фармакологиялық әсердің пайда болуына ықпал етуі керек;
- Зарарсыздандыруға төтеп беру,
- экономикалық тұрғыдан тиімді.
Фармациядағы анионды беттік белсенді заттардан сабын - сілтілі және сілтілі жер металдарымен жоғары карбон қышқылдарының тұздары қолданылады. Сабындар 1-ші және 2-ші эмульгаторлар, еріткіштер, тұрақтандырғыштар және жақпа мен кремдер ретінде қызмет етеді.
Катионды беттік белсенді заттар - аммоний, сульфоний және фосфоний негіздерінің тұздары дәріханада бактерицидті және дезинфекциялық құрал ретінде қолданылады.
Фармацияда иондық емес беттік белсенді заттардан бірінші типтегі эмульгаторлар, гормондардың ерітінділері, майлар, витаминдер, антибиотиктер, плурониктер (витаминдер, антибиотиктер, сусабындар және тіс пасталарының ерітінділері) қолданылады.
ІІІ Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz