Өртті болдырмау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Фармацевттердің құқықтары мен міндеттері

2. 2. Фармацевттың еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар:

2. 3. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті

2. 4. Өртке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар

2. 5. Адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе

Қазақстанда сұранысқа ие мамандар тізімінде “Фармацевт” мамандығы басқа медициналық мамандықтар қатарына қарағанда неғұрлым сұранысқа ие ондыққа кіреді.

Фармацевт деген кім? Фармацевт (гректің pharmakeutes сөзінен шыққан, емдік заттарды, дәрілерді дайындаушы) - фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқы бар, жоғары немесе арнайы фармацевтикалық білімі бар маман.

Фармацевтің міндетіне халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, дәрілік препараттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға сұранысты айқындау, сол немесе өзге дәрілік препараттарға қажеттілікті айқындау және дәрілік заттардың қорын толықтыруды жүзеге асыру кіреді.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Фармацевттердің құқықтары мен міндеттері

Дайын дәрілік түрлерді өндірісте шығаратын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарға тоқталмас бұрын дәрілік заттарды әзірлеу кезіндегі талаптар жайлы айтып кетсек,

Жаңа дәрілік затты әзірлеу кезінде:
1) оның адам организміне әсері кезінде тиімділік пен сапаға әсер ететін әлеуетті қауіптерді тиісті бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілуі тиіс;
2) дайын дәрілік заттың адам организміне зиянды әсерін азайту бойынша шешімнің оңтайлы жолдары таңдалуы тиіс.

Қазақстан Республикасында 2008ж. «ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің беделі туралы кодексі» жасалды, ол 2009 жылы «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 182 бабына енгізілді.

Бұл бапта фармацевттың кәсіби қызметіндегі міндеттері мен құқықтарымен танысамыз.

Фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері:

1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология қағидаттарын басшылыққа алуға;

2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;

3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге;

4) халық арасында медициналық білімді және саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз, оның ішінде әрбір бес жыл сайын біліктілігін арттырудан өту арқылы дамытуға және арттыруға;

7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.

Фармацевттердің кәсіби қызметіндегі негізгі тапсырмалары.

  • Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асырады.
  • Тауарларды қабылдауға, оларды сақтау орындарына орналастыруға қатысады, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды физика-химиялық қасиеттеріне және сақтау ережелеріне сәйкес сақтау шарттарын қамтамасыз етеді.
  • Дәрілік заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау және сату кезеңдерінде олардың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
  • А және Б тізімдеріндегі дәрілік заттардың бір реттік және тәуліктік дозаларын бақылайды, препараттың жалпы салмағы мен көлемін және оның жекелеген ингредиенттерін салмақ, көлем және тамшылар бойынша есептейді. Дәрілік заттардың сақтау мерзімін бақылау.
  • Жұмыс орнында фармацевтикалық тәртіп пен санитарлық-гигиеналық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын орындайды.
  • Кәсіби қарым-қатынастың моральдық нормаларына сақтайды.
  • Еңбекті ұтымды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
  • Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, оларды қолдану және үйде сақтау туралы халық арасында санитариялық-ағарту және ақпараттық жұмыстар жүргізеді.
  • Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Фармацевттың еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар:

76. Асептикалық жағдайларда жұмыс істейтін персонал жұмыс алдында (асептикалық блок шлюзында) орындалатын өндірістік операцияларға (дайындау, бақылау, өлшеп-орау) сәйкес түгі жоқ матадан жасалған стерильді санитариялық киім киеді.
77. Асептикалық жағдайларда жұмыс уақытында мыналарға жол берілмейді: косметиканы пайдалану және аэрозолдық дезодоранттарды қолдану, сағаттар мен әшекей бұйымдарын тағу.
78. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің қызметкерлеріне екі жиын санитариялық киім мен санитариялық аяқ киім беріледі.
79. Дәрілік түрлерді дайындаумен, өлшеп-ораумен және бақылаумен айналысатын персоналға ауысым алдында жеке қолдануы үшін таза сүлгілер беріледі.
80. Дәрілік түрлерді дайындаумен, өлшеп-ораумен, бақылаумен өткізумен, дайын өніммен жанасатын дәрілік ыдысты өңдеумен айналысатын уақытша жұмыс істеушілерді қоса алғанда персонал белгіленген тәртіпке сәйкес алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтеді, белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшалары болады.
81. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің қызмет көрсететін персоналы үшін санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда киім ілетін орындар жұмыс істеушілердің саны бойынша жеке және санитариялық киімді, аяқ киімді және бас киімді бөлек сақтауды қамтамасыз ететін жабылатын шкафтармен жабдықталады.

17. Фармацевтикалық әзірлеу сатысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені мыналарды қамтиды:
1) рецептураға жаңа активті затты енгізу кезінде дайын дәрілік түрге оның қауіпсіздігі, үйлесімділігі және фармакологиялық тиімділігі дәлелденуі тиіс;
2) егер дәрілік заттың рецептурасына жаңа көмекші заттар енгізу қажет болса, оның таза зат күйіндегі және дайын дәрілік түрдегі құрамындағы қауіпсіздігі дәлелденуі тиіс;
3) жаңа көмекші заттар дәрілік заттың фармакокинетикасының көрсеткіштерін төмендетпеуі тиіс;
4) әзірленетін дәрілік препараттың мөлшері, енгізу тәсілі мен дәрілік түрі кері әсерлердің, мөлшерлердің үйлесімсіздігіне, енгізу тәсілдеріне және адамның физиологиялық өлшемдері бар дәрілік түрге байланысты асқынулар мен улағыш әсерлерінің пайда болу қаупін болдырмауы тиіс;
5) дәрілік субстанцияларды, эксципиенттерді, дайын дәрілік түрлерді өндіру технологиясы фармацевтикалық үйлесімсіздік қаупін, микробтарды, вирустарды және пирогендерді болдырмауды ескере отырып, приондық қауіпсіздіктің нормативтен жоғары өңделуі тиіс.
18. Дәрілік затты әзірлеу үдерісі бекітілуі тиіс, бұл үдеріс нәтижесінде адам үшін қауіпсіздік талаптарына толық жауап беретін өнім дайындалатын, сенімділіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін құжат түрінде рәсімделген дәлелдерді қалыптастыруды көздейді.
19. Бекіту үдерісі хаттаманы әзірлеу, сынамалардың сынамаларды кеңейтілген және жиі алу, бір серияның шеңберінде бірыңғай белгілеуге аса көңіл бөле отырып, сынақтарды жоспарлау, кемінде үш серияда дәрілік заттың сапасын жүйелі арттыру, барлық ауытқуларды талдау, негіздемесі бар зерттеу туралы есеп, жаңа дәрілік заттың мүмкіндігін көрсетуді қамтиды.
20. Дәрілік затты әзірлеу кезінде түзетуші іс-шараларды бағалау, бақылау, хабарлау, шолу және енгізудің жүйелі үдерісі болып табылатын дәрілік заттарды әзірлеу рәсімін тиісінше басқару іске асырылуы тиіс.

6. Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу үдерісінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

2. 2. Кәсіпорында өртке қарсы және еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 23 маусымдағы
№ 439 бұйрығымен
бекітілген

"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті

Осы "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Азаматтық қорғау туралы " 2014 жылғы 11 сәуірдегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.

Объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі:

1) өртті болдырмау жүйесін;

2) өртке қарсы қорғау жүйесін;

3) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін қамтиды.

Өртті болдырмау, өртке қарсы қорғау жүйелерінің және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенінің құрамы мен функционалдық сипаттамалары объектінің функционалдық мақсатымен айқындалады және осы Техникалық регламентпен белгіленеді. Егер осы Техникалық регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде, оның ішінде міндетті негізде құрылыс нормалары және ерікті негізде ережелер жинақтары, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар орындалса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.

Өртті болдырмау жүйесіне қойылатын талаптар

9. Өртті болдырмау:

1) жанғыш ортаның;

2) жанғыш ортада тұтану көздерінің түзілуін болдырмау арқылы қол жеткізіледі.

10. Жанғыш ортаның түзілу жағдайларын болдырмау мынадай бір немесе бірнеше тәсілдермен қамтамасыз етілуі тиіс:

1) жанбайтын заттар мен материалдарды қолдану;

2) жанғыш заттар мен материалдардың салмағын және (немесе) көлемін шектеу;

3) жанғыш заттар мен материалдарды, сондай-ақ бір-бірімен өзара әрекеті жанғыш ортаның пайда болуына алып келетін материалдарды орналастырудың аса қауіпсіз тәсілдерін пайдалану;

4) жанғыш ортаны тұтану көзінен (оқшауланған бөліктерді, камераларды, кабиналарды қолдану) оқшаулау;

5) тотықтырғыш және (немесе) жанғыш заттар ортасында қауіпсіз концентрациясын ұстап тұру;

6) жалынның таралуы болмайтын ортаның температурасын және қысымын ұстап тұру;

7) жанғыш заттармен жұмыс істеуге байланысты технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру;

8) жанғыш заттарды үй-жай немесе құрылғы көлеміне шығуын болдырмайтын, үй-жайда жанғыш ортаның пайда болуын болдырмайтын өндірістік жабдықтарды қорғау құрылғысын қолдану;

Өртке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар

12. Адамдарды жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүлкін өрттің қауіпті факторының әсерінен қорғау және (немесе) оның салдарын шектеуге мынадай бір немесе бірнеше тәсілмен қол жеткізіледі:

1) көлемдік-жоспарлық шешімдерді және ошақтан тыс өрттің таралуын шектеуді қамтамасыз ететін құралдарды қолдану;

2) өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау талаптарын қанағаттандыратын эвакуациялық жолдарды құру;

3) өртті анықтау, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру мен эвакуациялауды басқару жүйесін құру (өрт сигнализациясы қондырғысы мен жүйесі) ;

4) өрттің қауіпті факторларының әсерінен адамдарды түтінге қарсы қорғау жүйесін (оның ішінде түтінге қарсы) және жеке қорғау құралдарын қолдану;

5) құрылыстардың талап етілетін отқа төзімділігі дәрежесіне және оның құрылыс өрт қауіпсіздігі класына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында құрылыс конструкциядарының беткі қабаттарының (әрлеу, қаптама және оттан қорғау құралдары) өрт қауіпсіздігін шектеумен негізгі құрылыс конструкциядарын қолдану;

6) құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектерін арттыру үшін оттан қорғау құрамдарын (оның ішінде антипирендерді және оттан қорғау бояуларын) және құрылыс материалдарын (қаптамаларды) қолдану;

7) өртке қауіпті сұйықтықтарды авариялық төгу және жанғыш газдарды аппаратурадан авариялық отау құрылғысы;

8) жарылысқа қарсы қорғау жүйелерінің технологиялық жабдығына орнату;

9) өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдану;

10) өрт сөндірудің автоматты және (немесе) автономды қондырғыларын қолдану.

Әрбір ғимарат пен құрылыстың өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін эвакуациялық жолдарын көлемдік-жоспарлық шешімі және конструктивтік орындалуы болуы тиіс.

14. Адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін:

1) эвакуация жолдары мен эвакуациялық шығуларының қажетті саны, өлшемдері және тиісті құрылыстық орындалуы белгіленуі;

2) эвакуация жолдары бойынша және эвакуациялық шығулар арқылы адамдардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілуі;

3) адамдарды құлақтандыру және олардың эвакуация жолдары бойынша қозғалысты басқару (оның ішінде жарық көрсеткіштерін, дыбыстық және сөйлеу құлақтандыруларды пайдалана отырып) ұйымдастырылуы тиіс.

16. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары (өзін-өзі құтқарғыштар) ғимараттың сыртына немесе өрт қауіпсіз аймаққа эвакуациялау үшін қажетті уақыт ішінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

17. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен (өзін-өзі құтқарғыштармен) 28 м асатын биіктікте орналасқан, функционалдық өрт қауіптілігі Ф1. 2, Ф1. 5 және Ф4. 3 кіші сыныпты ғимараттардың үй-жайларындағы адамдар қамтамасыз етіледі.

Жеке қорғау құралдарының (өзін-өзі құтқарғыштардың) саны жобалық құжаттамада көзделген, өрттен қорғауға жататын адамдардың санына сәйкес келуі тиіс. Жеке қорғау құралдары техникалық құжаттаманың талаптарын ескере отырып, желдету ойықтары бар пломбыланған, арнайы бөлінген шкафтарға орналастырылады. Жеке қорғау құралдарын (өзін-өзі құтқарғыштарды) орналастыру орындары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес нұсқағыштармен белгіленуі тиіс.

21. Ғимараттар мен құрылыстарда ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігінің талап етілетін дәрежесіне және олардың конструктивтік өрт қауіптілігі сыныбына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен негізгі құрылыс конструкциялары қолданылуы тиіс.

22. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі және өрт қауіптілігі сыныбы олардың конструктивтік шешімдерінің, тиісті құрылыс материалдарын қолдану, сондай-ақ оттан қорғау құралдарын пайдалану есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.

24. Өрттің өрт ошағы шегінен тыс таралуын шектеу мынадай тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен қамтамасыз етілуі тиіс:

1) өртке қарсы бөгеттер салу;

2) өрт бөліктерін және секцияларын салу, сондай-ақ мен құрылыстардың қабаттарын шектеу;

3) өрт кезінде қондырғылар мен кәріздерді апаттық ажырату және қайта қосу құрылғыларын қолдану;

4) өрт кезінде сұйықтықтардың төгілуі мен ағуының алдын алатын немесе шектейтін құралдарды қолдану;

5) жабдықта отты бөгейтін құрылғыларды қолдану;

6) өрт сөндіру қондырғыларын қолдану.

Өндірістік объектілерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

211. Өндірістік объектілер аумақтарының бас жоспарларын жобалау және белдемдеу кезінде осы Техникалық регламенттің талаптары сақталуы тиіс.

212. Өндірістік объектілерді жобалаған кезде, олардың аумақтарын белдемдеу орналастырылатын ғимараттар мен құрылыстардың қолданылу белгісі бойынша технологиялық байланыстар және өрт қауіпсіздігі талаптары ескеріліп қарастырылуы керек. Белдемдеу жобалық құжаттаманың өзіндік бөлімі болып табылатын өндірістік объектілердің бас жоспарларында бейнеленуі тиіс.

213. Өндірістік объектінің аумағы қолданылу белгісі бойынша мынадай аумақтарға бөлінеді:

1) зауыт алдындағы (кәсіпорынның қоршауы немесе шартты шекарасы шектерінде) ;

2) өндірістік;

3) қосалқы;

4) қоймалық.

214. Бөлімшенің өндірістік объектісінің аумағында осы бөлімшелердің өрт сөндіру техникасын және жеке құрамды орналастыру үшін, өрт сөндіру депосының өртке қарсы қызметін құру кезінде жалпы қолданыстағы жолдармен қиылысатын жер учаскелерінде орналасуы керек.

215. Объектілерді күзету жөніндегі өрт сөндіру деполарын орналастыру орындары қызмет көрсету радиустарының шегінде орнатылатын қолданыстағы өрт сөндіру деполарын (бекеттерін) ескере отырып, кәсіпорынның қызмет көрсету радиусы есебінен алынуы тиіс.

216. Өрт сөндіру деполарынан шығу жолдары одан шығатын өрт сөндіру автомобильдері негізгі көлік ағынын қиып өтпейтіндей болып орналастырылуы керек.

217. Өлшемі 5 га артық алаңдары болатын өндірістік объектілерде, сондай-ақ I және II санатты мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларында кемінде екі кіру жолы болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртке қарсы жүйе жайлы ақпарат
Қатты жел жағдайында өртті сөндіру ерекшеліктері
Өрт қауіпсіздк шаралары
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
Өрт қауіпсіздік негіздері туралы
Жер асты өрттерін өшірудің ерекше жағдайлары
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі негіздері туралы ақпарат
Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz