Саяси мәдениет үлгілері
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Саяси мәдениет ұғымының пайда болуы.
2.2. Саяси мәдениет және оның жіктелуі
2.3. Саяси мәдениет үлгілері
2.4. Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Саясат пен мәдениеттің арақатынасы қандай деген сұраққа мән беретін болсақ, олардың негізіндегі біршама бірлігі мен өзара ұқсастығын байқауға болады. Ол екеуі де билік етудің маңызды өлшемі ретінде әрекет етеді. Мәдениеттің билікті атқару тәсіліне әсер ететіні белгілі, ал оның дамуы саяси өзгерістерге тәуелді. Мәдениеттің саясатқа әсер етуінің негізгі саласы ретінде адамдардың саяси өмірге қатынасуына мүмкіндік беретін әлеуметтендіру, құндылықтар жүйесін жасау мен оны практикаға енгізу, сондай-ақ жүріс тұрыс үлгілерін, саяси институттар мен әлеуметтік жүйелерді қалыптастыруын айтуға болады. Осы екі құбылыстар өздерінің әрекет ету салаларына қарай бөлінеді.
Саясаттың мәні билікті дамыту мен өзгерту болса, мәдениеттің мәні тұлғаны дамыту мен өзгерту. Саясат, адамдар өмірінің бірлестігін сақтаушы және олардың әлеуметтік тамырларын нығайтушы ерекше байланыс жүйесі. Саясат тек мемлекеттің ғана емес, ол жалпы тұтастай қоғам қарамағындағы ең маңызды материалдық, ақпараттық, рухани және басқа да ресурстарды қайта бөліп-тарату механизмі. Қоғам саясаттың арқасында топтық мүдделерге жетудің, бірін-бірі қырып-жою сияқты тұрпайы амалдарынан арылтты. Адамдар саясат арқылы өз мүдделерін жалпы әлеуметтік мүдделермен келістіре отырып бәсекелестік күрестерді белгілі бір тәртіп бойынша жүргізу мүмкіншілігіне қол жеткізді.
Екі ұғымның өзіндік ерекшеліктері мен сәйкес еместігін ескере отырып, олардың бірлігі саяси өмірді реттеу тәсілінің тарихи дамуға тәуелділігінен, адамның іс әрекеті нәтижесінде пайда болатынын көрсететін саяси мәдениет ұғымынан көрінеді.

Саяси мәдениет құбылысы саяси зерттеу обьектiсi ретiнде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш рет саяси мәдениет ұғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгiзген ХVIІІ ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы-философы Иоганн Гердер (1744-1803ж.ж.) болып табылады. Бiрақ, бұдан саяси мәдениет туралы оған дейін ешқандай ой-пiкiрлер болмаған деген түсiнiк қалыптаспауы тиiс. Атап айтсақ, антикалық ойшылдар Платон Мемлекет, Заңдар, Аристотель Саясат деген еңбектерiнде, кейiнiрек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңiл бөлген. Олар тәрбиеленген дәстүрі, әлеуметтiк, саяси тәжiрибесі әртүрлі адамдардың бiрдей жағдайда сезiнуі, жауап қайтаруы, әрекеті әртүрлі болатындығын байқаған. Оның себебiн бiлгiлерi келген, оған жауап iздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгiлеп, оның негiзгi пiкiрлерiн жасауға М. Вебер, Э. Дюргейм, Т. Парсонс сияқты батыстың iрi ғалымдары да үлкен үлес қосты. Бiрақ, саясаттану ғылымының ұғымдық жүйесiне саяси мәдениет ұғымын американ ғалымдары Г. Алмонд пен С. Верба ХХ ғасырдың 60-шы жылдары енгiздi.
Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық, институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2) бағдарлық,тұрғындардың саяси обьектiге бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бұл бағдарлар өзiне танымдық, көңiл-күйлiк, бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси мәдениет құбылысы сипаттайды.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей байланысты. Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам анықтамасы бар.
Бұл осы түсiнiктiң өте күрделi екендiгiн көрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi де бар. Олардың бiрiне анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегi белсендiлiк. Кейбiр анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бөлек қаралады. Кейде саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бөлiмi деп қарайды.
Г. Алмонд пен С. Вербаның кемшiлiктердi ескере отырып, саяси мәдениетке жаңа анықтама берген поляк саясаттанушысы Ежи Йозеф Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет - ол үкiмет пен азаматтар арасына қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мiнез-құлықтардың жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады:
а) саясат туралы түсiнiк, оған құштарлығы;
б) саяси оқиғаларды бағалай бiлу;
в) саяси мақсаттың сезiмдiк жағы, мысалы, отанды сүю, оның жауларына өшпендiлiк;
г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгiлерi.
Ал, ғалым Е.С. Шестопал саяси мәдениетке анықтама бере отырып, оны төрт топқа бөледi:
1 Психологиялық, саяси мәдениет - саясат объектiсiне бағыт берушi жүйе;
2 Жалпыкөлемдiкбойынша саяси мәдениет - жеке адамның саяси мiнез-құлқының құрылымы;
3 Объективтiк анықтама бойынша саяси мәдениет - жеке адамның тежеуiшi;
4 Эвристикалық бағыт саяси мәдениет сараптау мақсатында қолданылады деп санады.
С.А. Оболенский пікірі бойынша саяси мәдениет түсiнiгiне үш негiзде анықтама берiлген. Оның ойынша:
1) А.Г. Агаев, А.И. Арнольдов, Ф.М. Бурлацкий, А.А. Галкин, С.К. Рябов бұл саяси категорияны саяси қызмет, құндылық, принцип және тарихи тәжiрибе ретiнде сараптаған.
2) Ю.Ф. Ожигова, Ю.Т. Тихонов, Р.Г. Яновский адамның саяси дамуы мен белсендiлiгi және саяси тәжiрибесiн қолдана бiлу деңгейi деп есептеген.
3) Мына ғалымдар Е.М. Бабасов, Г.О. Белов, М.Т. Иовчук, Н.М. Кейзеров, Я.Н. Коган саяси мәдениет - адам күшiнiң формасы мен әдiстерi негiзiнде түсiндiргiсi келген.
Ағылшын саясаттанушылары Р. Карр мен М. Бернштейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтiк тәжiрибе, адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауы да кiредi дейдi. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтiк топтардың саяси iс-әрекеттерiндегi тәсiлдердi, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерiнiң қазыналары жатады.
Кеңес өкiметi кезiнде бұл пiкiрге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек деп есептедi. Бiрақ, бұл көзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси мәдениеттен саяси iс-әрекет пайда болады. Екiншiден, егер адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауын саяси мәдениеттен бөлiп алсақ, оның iс-әрекеттiк жағы ескерiлмей қалады. Ал, қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерiмен бiрге нақтылы iс-әрекеттiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сондықтан бiз саяси мәдениетке саяси санамен қатар iс-әрекеттер де кiредi деп есептеймiз.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси мәдениеттi әртүрлi бағыттарда қарастырылған:
1 Г. Алмонд, С. Верба, Б. Дивайн, Б. Краснов - саяси құндылықтық бағдар негiзiнде қарастыра отырып, оны рухани құбылыстар жиынтығы дейдi;
2 С . Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси мәдениет деп түсiндiредi;
3 Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi;
4 Дж. Плейно саяси мәдениеттi iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiлерiнiң жиынтығы ретiнде қарастырады;
5 У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет тәсiлi дейдi;
6 Барлығынан гөрi саяси мәдениетке дәлме-дәл анықтама берген Роберт Такер саяси мәдениет - қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет үлгiлерiн қамтушы. Мұнда индивид санасы мен iс-әрекетi және әртүрлi қауымдастық топтар мен ұлттар да қамтылады.
Қоғамдағы саяси мәдениет адамдар санасы мен iс-әрекетiн ғана емес, саяси институттар әрекетiнiң мазмұнына да тiкелей ықпал етедi. Қоғамда саяси жүйенің бір элементі ретінде саяси мәдениет: қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын; тұрғындардың әртүрлі қабаттарының бірлігін; билеуші элитаның әлеуметтік базасының беріктігін; қабылданған саяси басқарушылық шешімдерге тұрғындар реакциясын байқау мүмкіндігін; сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін өндіруді қамтамасыз етеді
2.2. Саяси мәдениет және оның жіктелуі
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.
Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды.
Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды "жасау", тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни адамның биологиялық жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам).
Сәйкесінше, мақсаты адамды, оның жеке тұлғалық, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту болатын қызмет тәсілі, формасы және нәтижесі түпкілікті мәдени мазмұнға ие болады. Бұл процесте адамның өзін дамытуы үшін жасалған қызмет жүйелері мәдениетке жатады.
Сонымен біз мәдениетті адамның табиғатты түрлендіруінің (барлық түрлерде) саналы қызметі, және де материалдық және рухани сфераларда іске асырылған осы қызметтің нәтижесі ретінде түсінеміз.
Мәдениет - бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениетті оның жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті бөлу. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарастар бар.
Мәдениеттің нақты таратушысына сәйкес әр түрлі субмәдениеттер бөлініп көрсетіледі. Субмәдениеттерге дифференциация қоғамда әр түрлі таптардың, топтардың болуына байланысты болады. Осы фактордың ролі қазір азайған, бірақ қалған. Қоғамның кедей, маргинал топтарының мәдениеті өте төмен болады, ол білімнен жеке бас гигенасына дейінгі бар сферада байқалады. Жоғары топтағы адамдардың қоғам элитасының мәдениеті жалпы жоғарғы деңгеймен, кейбір сыртқы түрлерімен ерекшеленеді: қатаң этикет, таңдамалы мәнерлер, ерекше кішіпейілділік, ежелгі (аристократтық) дәстүрлерді сақтау.
Орташа топтар мен таптар қазір бұқаралық мәдениет деп аталатын ең көп тараған, басым мәдениетті тарататындар болып саналады. Олардың жалпы деңгейі жоғары емес, орташа болып табылады. Сонымен қатар бұл топқа барлық мәдениеттің жаңаруының негізгі көзі болып табылатын, зерде мен шығармашылық потенциалдың жоғарғы деңгейін таратушы ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның негізгі бөлігі жатады.
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгiлер мен ережелерге байланысты әр елдiң саяси мәдениетi өзгешеленедi, ерекшеленедi. Ал, оларды анықтау үшiн ең алдымен, кең мағынадағы эмпирикалық зерттеулер жүргiзу керек, содан соң ғана салыстырмалы-саяси талдау арқылы ерекшелiктерiн сипаттауға болады.
Соңғы кезеңдерде саяси мәдениеттi дамыған, не дамымаған ел деп екiге бөлу арқылы олардың деңгейiн анықтау саясаттанушылардың арасында кең тарай бастады. Бұл жiктеудiң өлшемi көбiнесе мемлекеттiң жалпы даму деңгейiмен байланыстырылады. Мәселен, АҚШ, Германия, Франция, Англия дамыған саяси мәдениеттерге ие десе, көптеген елдердi оған жатқызбайды.
Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерi бар: тоталитарлы, авторитарлы және либералды- демократиялық.
Тоталитарлық қоғамның кезiнде мемлекеттiк билiк барынша тұтастанып, қоғам мүшелерi қатаң бақылауға алынады. Фашистiк және коммунистiк типтегi тоталитарлы қоғамдар көсем (лидер) басқаратын саяси билiктi әмбебаптандырады. Тоталитарлық үрдiстер экономикалық қатынастардағы шаруашылық субъектiлер этатизациялануын сипаттайды. Бұл жердегi негiзгi аргумент-тиiмдiлiктi арттыру. Бұл мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi.
Авторитарлық (өктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде өзiнiң тарихи ататегi - автократия мен тираниядан сапалы түрде айырмашылықтарға ие болған. Өйткенi ежелгi заманда билiктi аздаған адамдар көп емес кiсiлердiң мүддесiне орай жүргiзсе, қазiргi авторитарлық көпшiлiктiң атынан топ күйiнде билiктi жүргiзедi. Сөйтiп, деспоттық принциптерiне сүйенген қоғам бiрте-бiрте ендi халықты алдап-сұлдап (манипуляция) билiк жүргiзуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz